![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Махмұт Қашқари-тұңғыш түркі филологы
М.Қашқари -түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның толық аты жөні:Махмұт ибнул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. Он бірінші ғасырда өмір сүрген ғалымның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Қашқари Талас,Шу өзендерінің бойындағы Баласағұн,Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашқари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырғанын оқырманға ескерте кеткіміз келеді. Алғаш Қашқар қаласында, сосын-Бұхара,Нишапур,Самарқан,Мерв және Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып, үйренгені-түркі рулары мен тайпаларының тілері, фольклоры,этнография әдет-ғұрпы, наным-сенімі.Махмұт Қашқари осы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы-Жетісу, Мауераннахр,Хорезм,ал екінші жағы -Еділ,Жайық,Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекендеген ұлан-ғайыр өлкені аралап шығады. Соның нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп, «Түркі тілдерінің жинағы» атты еңбегінің кіріспесінде былай деп жазады: «...Мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең әдемі әңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан-аяқ аралап шықтым. Түрік,түркмен ,оғыз,шығыл, йағма, қырғыздардың сөздерін және қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым.Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір кіші-гірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім. Сонымен, олардың әрқайсысының тілі менің көңілімде ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп, әбден тәртіпке келтіріп,жүйелеп шықтым. Бұл мәңгілік жәдігерік уа таусылмас -түгесілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып , осы кітаты түзіп шықтым да, оған «Диуани лұғат ат-түрік» - «Түрік тілдернің диуаны» деген ант бердім» Махмұт Қашқари, «Диуани лұғат ат-түрік»-энциклопедиялық сөздігіндегі көркем сөз үлгілері Түрік тілдерінің сөздігі» Махмұд Қашқари жинаған түрік мақал-мәтелдері 1.Көсеуі ұзын болса қолы күймес. 2.Ағашыңды ұзын кес, Теміріңді қысқа кес. 3.Тау тауға қосылмас, Адам адамға қосылар 4.Адам аласы ішінде Жылқы аласы сыртында 5.Аш не демес Тоқ не жемес 6.Құс тұзаққа жем үшін түсер 7.Бөрі көршісін жемес 8.Адамның қадірі тіршілігінде 9.Далада бөрі ұлыса, үйдегі иттің бауыры солқылдар Жалғыз қаздың үні шықпас 10.Көкке түкірсе жүзіне түсер 11. Түйе мінген қой арасында жасырынбас 12. Ауылда лақ туса, арықта оты өнер 13. Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер 14. Ауыз жесе, көз ұялар 15.Аурудың өсиет ізгілік болар 16.Еңбекқордың ерні мойлы, жалқаудың басы қанды 17.Жартаста шөп болмас Айнатазда ар болмас 18.Ауылда лақ туса Арықта рты өнер. 19.Құзда қар ерімес Қойда май ерімес. 20.Жауды елемесе басқа шығар. 21.Түлкі өз ініне үрсе қотыр болар 22. Қонақ келсе құт келер. 23. Сергештің еті ем болар, Ешкінің еті жем болар. 24. Әдептің басы тіл. 25.Бес саусақ бірдей емес. 26.Екі бура сүйкенсе, Ортасында сона шаншылар. 27.Құрғақ қасық ауыз жыртар. Бәйіттері 1. Жеткіз менің сөзімді білімді адамдарға, Тай ат болса енесі артына алаңдарма. 2.Көз жасы бұлақ болып ақты Аққу, қаз жүзуге оған келіп жатты 3.Кеште бұлт болса –әйелі ұл тапқандай қуанады. Күзде күнде күн жауса дихандар мұңаяды, 4.Парасатпен жалықпастан үйренсен эор білімді , Көрсетесің дандансымай сынақта асыл сырыңды. 5.Азық берсең мүсәпір алғыстаған, Ренжітсең ондайды қарғыс саған 6.Жаз болса жылқы ойнақтап жарысады, Үйіріп кісінесіп табысады. 7.Айламен алаңдатты көрікті елді, Достықтың адамшылық шартын бұзып. 8.Көктем күн табиғатты идіреді, Тасқын су салындыны үйдіреді. 9.Батырлар қарсыласып аямайды, Жан салып майдандасып аялайды. 10.Бөрідей шулап жыласты, Өзекті өртеп мұң ащы. Хазалдары 1.Қауымын жардың өзімен, Нәр алып нәзік сөзімен, Мөлдір қара көзімен, Қуат алғам жаныма. 2.Батыр шықты әр түсті, Өш алуды айтысты. Сақалдарын тартысты, Кеуделерде көк жанып. 3.Ізіңнің санап тізбегін, Бақытым сені іздедім Үмітімді үзбедім, Көзімнен ағып қанды жас. 4.Әкім осы асқынған, Өз еліне қас қылған, Жасызықсызды басқа ұрған, Отыр енді бүкшиіп. 5.Жасыл жайлау жасыл-ды, Тұман түсіп ашылды Жылқы үйездеп қасыңды Құлын-тайы кісінеп. 6.Құлан қырда жосылды Архар- құлжа қосылды. Жайлап жазың төсіңді Ойнаңтайты оркиіп. 7. Өз құнын малмен төлеуге Болсын деп ісі елуге Тенемей оны селеуге Тұтқынның бірін босаттым. 8.Ұйқыдан енді оянды Ісіне дұшпан өкініп Ел болуға ой алды Алған соң біз бекініп. 9.Қар мұз түгел еріді Ағу-судың ерігі. Ақ бұлттың желігі- Қайың боп көкте жүзеді. 10.Ту тігілді шатырға Дабыл қакты батырда. Жау айналып пақырға Тұтқындылар қашқаны.
![]() |