Главная
Обратная связь
Дисциплины:
Архитектура (936) Биология (6393) География (744) История (25) Компьютеры (1497) Кулинария (2184) Культура (3938) Литература (5778) Математика (5918) Медицина (9278) Механика (2776) Образование (13883) Политика (26404) Правоведение (321) Психология (56518) Религия (1833) Социология (23400) Спорт (2350) Строительство (17942) Технология (5741) Транспорт (14634) Физика (1043) Философия (440) Финансы (17336) Химия (4931) Экология (6055) Экономика (9200) Электроника (7621)
|
тапсырушының іс - әрекетін балдық бағалау критерилері
Машықтық дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан
Тапсырушының іс - әрекетін балдық бағалау критерилері
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
|
| Латексті қолғап киді. Жарақаттанған қолын тексеріп, қан кету ошағын анықтады.
|
| Жарақаттан жоғары дәке салды. Бұраманы орта бөлігінен екі қолымен тартып, қолдың астына салды.
|
| Созылған күйінде бұраманы бір айналдырып салып, артынан қан тоқтағанша 2-3 рет орады. Бұраманың айқасып теріні қысып қалмауын қадағалады. Бұраманың ұшын түймесіне бекітті.
|
| Бұраманың бір айналымының астына бұрама салған күн мен уақыт көрсетілген хат орналастырды.
|
| Жарақат бетін өңдеді, асептикалық таңу салды, аналгетик екті. Жарақаттанған қолды жылы орап қойды.
|
Кезең бойынша максималды балл - 4
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут
2 - КЕЗЕҢ
Машықтық дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс - әрекетін балдық бағалау критерилері
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
|
| Латексті қолғап киді. Пациентті өзіне қаратып отырғызды, тыныштандырды және жасалатын іс - әрекетті дұрыс түсіндірді.
|
| Жарақаттанған жерді ашып қарап, білек сынғанына көз жеткізді. Шендеуіш қою алдында науқасқа тері астына немесе бұлшық етіне наркотикалық емес жансыздандыратын дәрілік затты екті.
|
| Крамер шендеуішін алды: ұзындығы 80см. ені 8см. Пациенттің әуелі жарақаттанбаған білегіне саусақтың ұшынан шынтақ буынына дейін өлшеп алды. Шендеуішті алып шынтақ буыны тұсынан болжап тік бұрыштап майыстырып алды (900). Шендеуішті дұрыс дайындағанын тексеру үшін, шендеуішті сау қолына қойып, қолын және білегін салып көрді.
|
| Жарақаттанған қолды ортаңғы физиологиялық қалыпқа келтірді (қолды шынтақ тұсында бүгіп, супинация мен пронация арасындағы қалыпта шендеуішке орналастырды).
|
| Дайындалған шендеуішке қол мен білекті жатқызды. Шендеуішті қолдың артқы тұсынан саусақтан иыққа дейін орнықтырды. Шығыңқы сүйек бөлшектерінің тұсына (сүйектің айдаршақ өсінділері) мақтадан қорғаныш қойды.
|
| Шендеуішті қойғанда екі буынды бекітті: сынықтан жоғары және сынықтан төмен буындар. Шендеуішті білекке саусақтың ұшынан иық буынына дейін бинтпен орап бекітті. Қолтық астына мақтадан жастықша қойды. Қол ыңғайлы бекітілу үшін орамал мен мойнына қолын асып қойды.
|
Кезең бойынша максималды балл - 4
Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут
3 - КЕЗЕҢ
Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
№
| Әрбір қадамды бағалау критерилері
|
| Латексті қолғап кигеннен соң, студент пациенттің жанына жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта орналасады
|
| Пациенттің жағдайын бағалайды:
-есі жоқ;
-тынысы жоқ;
-ұйқы артериясында пульс анықталмайды;
- көз қарашығы кеңейген;
|
| Пациентті қатты, тегіс жерге арқасымен жатқызады. (Еденге жатқызып көмек көрсету құтқарушыға өте ыңғайлы. Құтқаруышының тізесі пациент жанына болуы шарт).
|
| Реанимация шараларын жүрек тұсына соққы беруден бастайды. Семсер тәрізді өсіндіні тауып, оның төске қиылысқан жерінен екі саусаққа жоғары жерге 1-2 рет соққы береді. Соққының күші қатты немесе жай болмауы тиіс. Ұйқы артериясы ырғағын тексереді.
|
| Ұйқы артериясы ырғағы жоқ болса, жүрекке жанама массажды жүргізеді: қолыңды төске дұрыс орналастыр, бірінші қолдың алақан негізін төстің ортаңғы бөлігіне қой, екінші алақанның негізін оның үстіне орналастыр, саусақтарты жұдырыққа түй немесе түзу ұста. Шынтақ буынын бүкпей, иықтарыңды алақанның тұсында түзу ұста. Кеудені басуды қолдардың күшімен емес, дененің жоғарғы бөлігінің салмағымен жүзеге асыр. Тереңдігі 5-6см. 30 рет басады , 2 рет дем береді. Дауыстап 1,2,3...30- деп санайды (минутына 100 реттен кем емес).
|
| Тыныс жолдарын төменгі жақты көтеріп, басты шалқайту арқылы ашады. Төменгі жақты екі саусақпен көтеріп, екінші қолдың алақанын маңдайға қойып, басты артқа шалқайтады. Мұрынды қысып, пациенттің аузын толық қамтып аузымен 2 рет дем береді. Дем бергенде пациенттің кеуде қуысының көтерілуін қадағалайды. (30:2 қатынаста)
|
| Жүргізілген шаралардың нәтижелілігін дұрыс бағалады:
· ұйқы артериясында ырғақтың пайда болуы;
· тынысының пайда болуы;
· қарашықтың тарылуы;
|
Кезең бойынша максималды балл - 4
Тапсырмаға берілген уақыт -7 минут
4 - КЕЗЕҢ
Машықтық дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс - әрекетін балдық бағалау критерилері
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
|
| Қысып тұрған киімді босатып, таза ауа кіруіне жағдай жасады.
|
| Шұғыл жедел жәрдемді шақырды.
|
| Науқастың басын төмен түсіріп немесе аяғын көтеріп жатқызды.
|
| Бетіне мұздай су шашты. Бетін шапалақпен соқты.
|
| Мүсәтір спиртінің ыдысын ашты. Мүсәтір спиртін иіскетті, самайды суға малынған дәкемен сүртті.
|
| Пульсті тексерді, АҚ өлшеді.
|
Кезең бойынша максималды балл - 4
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут
5- КЕЗЕҢ
Машықтық дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан
тапсырушының іс - әрекетін балдық бағалау критерилері
№
| Әр қадамды бағалау критерилері
|
| Пациентпен жақсы қарым-қатынас орнатты. Пациентке жасалатын шараның мақсатымен жүргізу жолын түсіндірді, дәрілік зат туралы хабардарлығын анықтады, келісімін алды.
|
| Бетперде киді, қолын жұмысқа дайындады, латексті қолғап киді.
|
| Дәрілік затты алып, атауын мұқият оқып, сақтау мерзімін, дозасын қарады.
|
| Ампуланың мойнын спиртке малынған тампонмен өңдеді, кескішпен жонды, қайта өңдеді. Ампуланы ашты. Манипуляциялық столға ұқыпты қойды.
|
| Қалтаны ашып, шприцты жинады. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алды.
|
| Шприцтің конусынан инесін шешті. Шприцтің конусына бұлшық етке егу үшін залалсыздандырылған инені кигізіп, сағат тілімен бекітіп, инеден 1-2 ғана тамшы дәрілік затты ағыза отырып, ауаны шығарды, иненің қалпақшасын кигізді. Шприцті залалсыздырылған лотокқа қойды.
|
| Науқасты ішімен жатқызды. Бұлшық етке егу үшін орнын анықтады. Егу аймағын пальпациялап, теріні 2 рет әртүрлі тампондармен өңдеді. Тампондарды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа тастады.
|
| Егу аймағының терісін сол қолының саусақтарымен тартты. Инені тік бұрыш астына 5-6 см тереңдікке енгізді. Оң қолдың бірінші саусағымен поршеньді басып, дәрілік затты екті.
|
| Спиртке малынған залалсызданған тампонды егу орнына қойды, иненің конюлясынан ұстап тұрып, жылдам қимылмен инені тез тартып алды. Тампонды тері бетінен алмай, 1-2 минут ұстап тұрды.
|
Кезең бойынша максималды балл - 4
Тапсырмаға берілген уақыт – 6 минут
|