![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Арсылық, тартымдылық және салыстыру
Егер пікірсайысшы ұсынған аргументтің қолдауы қатты мықты болмаса да, оған жеткілікті қарсылық болмаған жағдайда төреші тарапынан қабылдануы тиіс. Егер ұсынылған аргумент ойында қатты маңызды нүкте болмаса, ойыншылар уақытты тиімді пайдаланып маңызды нүктелерге қарсылық білдергені дұрыс. Алайда пікірсайысшылар ешқашан да ұсынылған аргументке деген қарсылық (ол қатты мықты болмаған жағдайдың өзінде де) төреші тарапынан олар үшін болмайтынын ескерген жөн. Егер ұсынылған кейс керемет аргументтерден тұратын болса, онда оған басқа команда тарапынан қарсылық болуға міндетті.
Қарсылық аргументтің шындыққа жанаспайтынын, релевантты емес екенін дәлелдейтін, саыстырмалы тұрғыда маңыздылығы төмен екенін көрсететін, жеткіліксіз, адекватты емес екенін дәлелдейтін кез-келген дүние болуы мүмкін. Қарсылықты раунд кезінде қарсылық деп айту міндетті емес, қарсылық спикердің сөзінің басында да, ортасында да, аяғында да болуы мүмкін.
Команданың жүктемесін не анықтайды? Алдыңда ескертілгендей жақсы дәлелденген, алайда ойынға қатысы жоқ аргументтен еш пайда жоқ. Командалардың ойынға алып келген үлесін анықтау үшін, командаларға артылатын жүктемені байқай білу керек. Осы жүктемені екі жолмен анықтауға болады.
Ең алдымен, жүктеме тақырып арқылы беріліп тұруы мүмкін. Мысалы: «БП үлкен эпидемиялық ауру кезінде вакцинацияны жасауда заң тыңдайтын азаматтарға маңыздылық қояды» тақырып кезінде үкімет тарапы улкен эпидемия кезінде заң тыңдайтын азаматтарға маңыздылық беруін дәлелдеу керек. Үкіметтің ойын бағыты кез келген кезде маңыдылық беру туралы (тіпті эпидемия кезінде болмаса да) немесе заң таңдайтын азаматтардан басқа азаматтарға вакциния қабылдатпау жайлы болып кетпеу керек. Оппозиция тарапы заңға бағынатын азаматтардың кез келген уақытта маңыздылыққа ие болуына емес, олардың эпидемия кезіндегі маңыздылыққа ие болмауын дәлелдеуге тырысу керек.
Екіншіден, жүктеме белгілі бер аргументке байланысты болуы мүмкін. Мысалы: «БП адам өлтіру ішкі саясатта легитимді құрал деп есептейді» тақырыбында оппозиция лидері адам өлтіру халықаралық құқыққа қарсы іс-әрекет екенін айта алады. Осы аргументті дебатқа релевантты қылу үшін оппозиия лидері заңға қарсы іс-әрекеттер легитимді жол емес екенін дәлелдеп беруі керек.
Тақырыптардың түрлері Тақырыптарды командаларға жүктелетін жүктемеге байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады (“Бұл палата ... жасайды “, “ Бұл палата ... деп есептейді”, “ Бұл палата … қолдайды”). Төрешілер осындай сөздерді бірден бір тақырыптың ішінде қолданбайды, себебі ойыншыларға тақырыптың түрін түсіну оңай болу үшін. Біз сіздерге төмендегідей ақыл-кеңес береміз: ● “Бұл палата ...А... жасайды” тақырыбы көбінесе үкімет А заңын ұсынады жайыңда әңгіме қозғалады – сол заңды еңгізу үшін дәлелденетін аргументтер топтамасы. Осындай дебаттың орталық сұрағы – осы А заңын енгізу керек па, жоқ па? Үкімет тарапы осы заңдылықты еңгізген жөн екенін және болашақта жақсы болатынын дәлелдесе, оппозиция тарапы осы заңнан жаман жағдай қалыптасатынын дәлелдеуге тырысады. Бұл дебат үкімет тарапы институт (әдетте мемлекет) осындай іс-әрекеттерді жасап жатқандығы немесе шын өмірде осындай жағдай қалыптасып жатқандығы жайлы болмау керек. Сәйкесінше, оппозиция «бұндай заң мемлекет қабылдай алмайды» немесе «саясаткерлер ешқашанда олай жасамайды» деп қарсылық айта алмайды. Пікірсайысшылар мемлекет немесе саясаткер ретінде осы заң жайлы әңгіме айту керек, заң шың өмірде қабылданус мүмкін ба, жоқ па емес. ● “Бұл палата ...А... деп есептейді” тақырыбы көбінесе үкімет тарапынан қандай да бір іс-әрекетті талап етпейді, бұл тақырыпта А тұжырымдамасының шынайы екенін дәлелдеу қажет, ал оппозиция оның дұрыс емес екендігіне төрешінің көзін жеткізу керек. Мысалы: ” Бұл палата әлемде барлық адамдар минимум өмір сүруге құқылы деп есептейді”. Кейде кейбір осындай тақырыптағы қарарлар белгілі бір іс-әрекет жайлы болуы да мүмкін: “ Бұл палата [субъект А] жасау керек [іс-әрекет Б] деп есептейді.” ● “Бұл палата ...А... қолдайды” тақырыбы да үкімет тарапынан белгілі бір іс-әрекетті талап етпейді. Оның орнына үкімет символдық, саясат арқылы, материалдық немесе басқаша жолмен адамды, топты, институтты, істі, құндылықты немесе А тұжырымдамасын қолдау керектігін дәлелдеу керек. Оппозиция Аны қолдамау керектігін дәлелдейді. ● «Бұл Палата [A] ретінде [Б] болады» ерекше түрге жатады. Бұндай тақырыпта А субъекті ретінде бір қимыл жасау керек. Төрт команда да А субъекті ретінде ойнайды. Мысалы, егер тақырып “Бұл палата Турция мемлекеті ретінде Сирияға масштабтық соғыс ашады” болса, раунд Турция интервенция мемлекеті ретінде ойнатылады. Бұндай раундта Турция мемлекетінің позициясын таңдап, соған байланысты аргументтар келтірілу керек. Раундта аргуметтер А субъектіне негізделеді және спикер Турция араласу керек себебі бұл американдық бизнеске жақсы деген тұжырым айта алмайды, айту үшін бұл Турцияға қандай әсер алып келетінін дәлелдеу керек.
Дебаттағы оппозиция Сонымен, үкімет ұсынысты неге қабылдау керек немесе өз ойы неге дұрыс екенін көрсететін аргументтерін ұсынады. Ал Оппозиция мүшелері не істеу қажет? Нақты шаралар туралы пікірталаста Оппозиция неге осы шараны істемеу керек екенін, яғни бұл ұсынысқа тиімдірек альтернатива бар екенін көрсетуге тиіс. Сондықтан, Үкімет қандай дефиниция беретінін таңдай алса, Оппозиция статус квоны қорғау мақсатында екі жолдын біреуін таңдай алады: альтернативті шешу жолын қорғау немесе Үкімет берген қарардағы ешбір шараны істемеу. (Әрине, екінші жолды таңдаған жағдайда команда толық әрекетсіздікті ұсынбайды, тек неге осы қарарды қабылдау мемлекеттін ситуациясын ушықтырытанын көрсетеді)
Контр-ұсыныс
Егер Оппозиция ұснылған қарардан бас тарту себептерін көрсетіп жатса, контр-ұсынысты енгізу легитимді болып саналады. Үкіметтін іс-шарасына нақты альтернативаны көрсетуге оппозиция міндетті емес. Алайда, егер оппозиция қаласа, Үкіметтін ұсынысына балама әрекеттерді қорғауға мүмкіндік бар. Бұл “контр-ұсыныс” немесе “контр-пропозиция” деп аталады. Егер Үкімет жағынан тек Премьер-министр дефиниция енгізуге құқылы болса, Оппозиция үстелдерінде тек Оппозиция Лидері альтернативті моделді көрсете алады. Альтернативті метод үкіметтін механизмімен қатарлас жұмыс істелуі мүмкін, бірақ бұл төрешіні сендіруде көп пайда әкелмейді, өйткені екі механизмді де бірдей қабылдауға болады. Сондықтан, өз моделін ұсынған Оппозиция неге бұл модель жақсы екенін түсіндіргеннен бөлек, неге бұл моделді Үкіметтің моделінін орнына қабылдау қажет екенін көрсеткені жөн.
![]() |