Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар



Лекция материалдарын игеру үшін есептік сипаттағы ақпарат көздерін – бұл бухгалтерлік, статистикалық және оперативті есеп құжаттарын қамтитын барлық мәліметтер, сонымен қатар барлық есептілік түрлері, бастапқы есептік құжаттамаларды түсініп оқуға көңіл бөлу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005

2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003

4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005

5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004

6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

1. Кәсіпорындағы аналитикалық зерттеу ұйымдастырушылық кезеңдері қандай?

2. Шаруашылық қызметін талдау функциялары қандай?

3. Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізгі міндеттері қандай?

4. Қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлері қандай?

ТАҚЫРЫП 2 – Қаржылық талдаудың әдістері

Мақсаты: Кәсіпорынның қаржылық талдаудың әдістері және олардың жіктелуін қарастыру.

Мазмұны

1. Қаржылық талдау әдістері түрлері

2. Қаржылық талдау әдістері жіктелуі.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:тікелей талдау; көлденең талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі, экспресс-талдау әдісі және т.б.

Қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлері: тікелей (вертикальды) талдау; көлденең (горизонтальды) талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі.

1) Тікелей талдау – бұл көрсеткіштердің абсолютті және қатысты айырмашылықтарын анықтау.

2) Көлденең талдау – қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау немесе қорытынды көрсеткішке бөлек статьялардың үлес салмағын анықтау.

Тікелей және көлденең талдау бірін-бірі толықтырып отырады.

3) Тренді талдау – бұл есептің әрбір позициясының алдыңғы жылдар көрсеткіштер қатарымен салыстырылуы. Бұл жерде біздің мақсатымыз көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын немесе трендті анықтау (базисті жылдың деңгейімен бірқатар жылдарды салыстырамыз және де көрсеткіштердің барлығы базисті деңгейге 100% деп алынады).

4) Салыстырмалы талдау – бұл кәсіпорынның көрсеткіштерін бәсекелестер көрсеткіштерімен немесе орташа-салалық көрсеткіштермен салыстыру.

5) Факторлық талдау – бұл стохастикалық әдістер арқылы нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерін талдау.

6) Коэффициенттер қатысты көрсеткіштер болып табылады, оларды есептеу кезінде, көрсеткіштің біреуін бірге теңейді, ал екіншісін бірге қатыстылығымен көрсетеді.

4. Аналитикалық жұмыс екі-модульді құрылым негізінде жүргізіледі:

- қаржылық есептің экспресс-талдауы;

- қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.

Экспресс-талдаудың мақсаты – шаруашылық субъектісінің дамуының динамикасы мен қаржылық жағдайына баға беру.

Экспресс-талдау үш сатыда жүргізіледі:

1) дайындау; дайындық;

2) қаржылық есепті алдын-ала шолу;

3) есепті талдау және экономикалық оқып-тану.

Талдау жүргізуде қолданылатын ақпарат сапасы мен мазмұны, құрамы шаруашылық қызметті талдау әреттілігін қамтамасыз етуде шешуші рөль атқарады. Талдау тек экономикалық мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқа да ақпаратты кеңінен қолданады. Шаруашылық қызметті талдауға қажетті мәліметтердің барлық көздері жоспарлы, есептік және есептік емесболып бөлінеді.

Жоспарлы көздергекәсіпорында өңделетін барлық жоспар типтері жатқызылады(перспективті, ағымдық, оперативті, шаруашылық есептік тапсырмалар, технологиялық карталар), сонымен қатар нормативтік материалдар, сметалар, баға көрсеткіштер, жобалық ғимараттар және т.б.

Орытынды

Қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлері: тікелей талдау; көлденең талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Лекция материалдарын игеру үшін қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлерін: тікелей талдау; көлденең талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісін толық игере алуы қажет. .



Просмотров 2215

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!