Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азақстан Республикасының Парламенті



Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.

1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.

Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.

Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.

Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары:

Ө.Байгелдi (1995-1999);

О.Әбдiкәрiмов (1999-2004);

Н.Ә. Әбіқаев (2004-2007);

Қ.К.Тоқаев (2007-2011);

Қ.Ә.Мәмиев (2011-2013);

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (2013 жылдан бастап).

Парламент Мәжiлiсiнiң төрағалары:

М.Оспанов (1995-1999);

Ж.Тұяқбай (1999-2004);

О.Мұхамеджанов (2004-2007);

А.Мусин (2007-2008);

О.Мұхамеджанов (2008-2012);

Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (2012 жылдан бастап).

Сот билігінің ұғымы.

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған.

 



Просмотров 1490

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!