Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН МАТЕРИАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР



АЗАҚ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

ГП ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ

 

БЕКІТЕМІН

ОӘЖ проректоры, э.ғ.к. __________А.С.Дайрабаева

«_____» _________ 2012 ж.

 

 

АЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандықтар: 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит»

 

Оқу түрі- күндізгі

Пән коды – К (R) Үа 1104

Кредит саны- 3

Курс- І

Семестр- ІІ

Тәжірибелік сабақ –45 сағат

Межелік бақылау саны- 2

ОбжСӨЖ - 25 сағат

СӨЖ – 65 сағат

Емтихан - 2 семестр

Еңбек сыйымдылығы -135 сағат

 

 

СЕМЕЙ-2012


Растырушы: аға оқытушы, қазақ тілі және әд.магистрі Қ.М.Атақбаева

 

ГП және құқық» кафедрасының мәжілісінде талқыланған

Хаттама №___ «___»_____________2012 ж

 

«ӘГП және құқық» каф.меңг., с.ғ.к. : ____________ А.А.Бухаева

 

 

ҚазҚЭА ОӘС мәжілісінде талқыланған және бекітілген

 

Хаттама №__«___ »______ 2012 жыл

 

ОӘС төрайымы, э.ғ.к._________________________А.С.Дайрабаева

 

 

 


  1. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

 

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты:

* Студенттердің мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеруі үшін және сабақтың сапасын арттыру мақсатында мультимедиялық-интерактивті және де лингафондық сыныптарды пайдалану.

* Мемлекеттік тілдің маңызын арттыру, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи білуге машықтандыру.

*Қазақ тілін оқып үйренуші орыс тілді студенттерге сөйлеу тілін жетілдіру үшін қалыптасқан тілдік ортаның ыңғайлы да, тұрақты екенін ескере келе, сөйлеу тілін өз беттерімен көбірек ізденіп, оқып үйрену керектігін айтқан жөн.

* Студент қазақ тілінде айтылған ой-пікірді түсініп, дұрыс жауап бере алуы керек.

*Әр студент болашақ маман ретінде мемлекеттік тілді оқып үйренуде өз мүмкіндігіне қарай үйрену талабын, тілегін қажеттілік ұғымына жеткізгені абзал.

* Өз мамандықтарына (қаржы, есеп және аудит) қатысты терминдермен танысу.

Пәнді оқып – үйрену міндеті: Тіл үйренушіге қойылатын талаптың негізі - студент оқытушы берген аз-кемді материалды қажеттілік тұрғысынан өз бетімен дамытып, сөйлеуді үйренуі шарт. Мемлекеттік тілді үйренумен қатар, болашақ маман ретінде өз саласын да қазақ тілінің қолдану аясының мүмкіндігін қалыптастыру. Қазақ тілінің синтаксис бөлімін игере білуі шарт. Өз мамандығына қатысты (қаржы, есеп және аудит) терминдер жүйесін дұрыс пайдалана білуі шарт.

Академия қабырғасында оқу жүйесінің бірінші сатысында қазақ тілін оқып-үйрену үшін тілді меңгеруге байланысты төмендегідей құрылым жүйе бар:

* ауызша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады;

* жазу және оқу – түсініп тыңдаумен лексикалық, грамматикалық материалдары, түрлі жаттығуларды жазбаша орындау және аударма жасау, оқу арқылы қалыптасады.

ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Пәннің еңбек сыйымдылығы 135 сағат, оның ішінде:

Пәнді оқыту бойынша күндізгі бөлім студенттері үшін дәрісханада өткізілетін сабаққа 45 сағат және ОбжСӨЖ – 25 сағат, студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) 65 сағат бөлінген. Сабақ түрі бойынша дәрісханалық уақыттың бөлінуі күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген.

ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Жұмыс түрі Жұмысты орындауға арналған дайындықтың мазмұны
Тәжірибелік сабақтарға қатысу Жаңа лексико-грамматикалық тақырыпты меңгеру.
Тіл дамыту. Ой дамыту.
Тақырыптың толық ашылуы. Сұрақтарға толық жауап беру.
Грамматикалық талдау жұмыстарына дайындық.
Мәтінмен жұмысқа дайындық.
Теориялық сұрақтар бойынша дайындық.
Лексико-грамматикалық тақырыптарға қатысты берілген тапсырмаларды орындау.
ОбжСӨЖ Лингафонды пайдалана отырып диктант жазу. Ойын элементтерін қолдана отырып, өткен тақырыпты бекіту. Блиц-тест, глоссарий, презентация, талдау жұмыстары.
Межелік бақылау тапсырмаларын тапсыру Межелік бақылау жұмысы сұрақтарын құрастыру. Білім сынағы (коллоквиум) сұрақтарын әзірлеу. Өткен тақырыптарға шолу жасау.
Емтихан Қорытынды бақылау жұмысы сұрақтарын әзірлеу. Семестрде өткен барлық лексико-грамматикалық тақырыптарға шолу.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН МАТЕРИАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР

Кешен «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша оқыту жоспарына және мемлекеттік білім беру стандартына сай пәннің оқыту бағдарламасынан тұрады.

Оқу-әдістемелік материалдарды меңгертудің кезеңдік сипаттамасы:

ОӘК-де тәжірибелік сабақ бойынша оқу-әдістемелік материалдар пәннің бағдарламасына және курсты оқыту кезеңіне сай курстың әр бөлімі бойынша жекелей берілген.

Тәжірибелік сабақтарға дайындық бойынша оқу-әдістемелік материалдары, қарастырылатын тақырыптардың жоспарлары, өздік жұмысқа арналған тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, грамматикалық талдау жұмысына арналған тапсырмалар, қысқаша мәтіндер, аударма жұмысына арналған мәтіндер, сөйлем құрастыруға негізделген тапсырмалар, тақырып бойынша қысқаша теориялық және оқу-әдістемелік материалдар, дидактикалық жаттығу жұмыстары, өзіндік тексеруге бағытталған жаттығу жұмыстары қамтылады.

Жаттығу, талдау, мәтіндермен жұмысты орындау студенттерге теориялық материалды терең меңгеруге, алынған білімдерін тәжірибеде іске асыруға, пән шеңберіндегі дағдылар мен білімдерін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, кешенде «Қазақ тілі» пәнінің барлық бөлімдері бойынша материалды меңгеру деңгейін тексеруге негізделген тест тапсырмалары ұсынылған. Өз білім деңгейін тексеруге арналған тапсырманы орындамас бұрын студенттің әр тақырып бойынша әдебиеттерді оқығаны абзал. Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдібиеттердің жалпы тізімі кешеннің жеке бөлімінде ұсынылды. Сонымен қатар, тәжірибелік сабақта әр тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Пәнді меңгеру үдерісінде төменде ұсынылған (негізгі және қосымша) әдебиеттерді қарастыру керек.

 


Просмотров 951

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!