Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жай түрі; - салмақталған түрі



Топаралық шашыранды дегеніміз жеке топтық орташа шаманың жалпы жиынтықты орташа шамадан ауытқуы.

Топішілік шашыранды деп әрбір топ бойынша кездейсоқ себептердің тигізген әсерінен оның өзгергендігін анықтауды айтады. Оны есептеу үшін алдымен әрбір топ бойынша топтық шашыранды , одан кейін осы көрсеткіштермен орташа топішілік шашыранды есептелінеді.}

 

Дәріс №7. Ішінара бақылау

 

Ішінара бақылау әдісі және оның негіздері.

{ Қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестерді, өзгерістерді статистикалық зерттеуде тексерілуге алынатын жиынтық бірліктер қамту дәрежесіне қарай жаппай және жартылай болып бөлінеді және де оның өзі зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды, жиынтықтың негізгі бөлігі болып бөлінеді.

Статистикалық ішінара бақылау дегеніміз жалпы жиынтық бірліктерін зерттеуде кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын ала іріктелініп алынған кейбір бөліктері. Одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштерге толығымен таратуға қолдануға болады. Егер де бақылау қорытындысын барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, ол ішінара бақылауға жатқызылмайды, оны жай зерттеу деп атаймыз. Ішінара бақылаудың басқа зерттеулермен салыстыруда келесідей өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге болады:

1. Ішінара бақылау жүргізу кезінде жалпы жиынтықтың барлық бірліктері үшін іріктеуге алыну мүмкіндіктері ортақ және олардың кез келген жеке бөліктері кездейсоқ зерттеуге алынады.

2. Ішінара бақылау жүргізу алдындағы негізгі мәселе – оның көлмінің жалпы жиынтық бірліктері үлестік мөлшерін анықтау болып табылады.

Ішінара бақылау дұрыс ұйымдастырылуы үшін және алға қойған міндеттерді толықтай орындау үшін келесідей принциптер мен жұмыстарға көңіл бөлінуі керек:

  1. Бақылаудың мақсаты мен маңызын анықтау.
  2. Бақылаудың бағдарламасын жасау және жиналған мәліметтерді өңдеу.
  3. Бақылауды ұйымдастырудың мәселелерін шешу.
  4. Іріктеуге алынатын бірліктердің үлесі мен тәсілін анықтау.
  5. Жалпы жиынтық бірлікетрін зерттеуде іріктеп алу.
  6. Бақылау көрсеткіштерін есептеу және мәліметтерге қорытынды жасау.
  7. Іріктеуде жіберілетін қатені есептеу.
  8. Бақылаудан кейінгі қорытынды көрсеткіштерінің жалпы жиынтық бірліктерге жақындығын, яғни таратпалылығын анықтау.

Статистикада ішінара бақылау жүргізуде екі жиынтық бірліктері жалпы және ішінара болып бірге қолданылады. Зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтығының барлығын негізгі немесе жалпы жиынтық деп аталады, ал жалпы жиынтықтың ішінен тексеруге іріктеліп алынған бөлігін ішінара жиынтық бірліктері деп атайды. Ішінара бақылауды жаппай бақылаумен салыстырғанда оның келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:

1. Бақылау жүргізу кезінде мәліметтерді жинау, өңдеу және қорытындылаудың азаюына байланысты жұмысшы күшімен материалдық және қаржы ресурстары өңделеді.

2. Бақылау қысқа мерзім ішінде кең көлемде жүргізілсе, қорытынды көрсеткіштер жедел түрде алынады.

3. Жаппай бақылау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, яғни өнімдер сапаларын тексеру кезінде олардың бүлініп немесе пайдаға аспай қалуына байланысты қолданылады.

4. Ішінара бақылау әдісін қолдана отырып жаппай бақылаудың көрсеткіштерін тексеруге болады.

5. Ішінара бақылау кезінде қате аз кетеді және есептелген қорытынды көрсеткіштер нақтырақ, дәлірек болады.}

&&&

$$$002-007-002$3.2.7.2 2. Ішінара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері.

{ Жалпы жиынтықтар мен ішінара бақылауда алынатын жиынтық бірліктерін іріктеп алу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Бақылауда іріктеліп алынған жиынтық бірліктерінің зерттеуге екінші рет қатысатындығы немесе қатыспайтындығына байланысты қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеу әдістері болып екіге бөлінеді. Егер жалпы жиынтықтармен іріктелініп алынған бірліктер тексеріліп, зерттелгеннен кейін қайтадан жалпы жиынтыққа қосылып, келесі бақылау кезінде екінші рет тексеруге қатысатын болса, ол қайта іріктеудеп аталады. Егер жалпы жиынтықтармен бір рет іріктелініп алынған бірліктер зерттеуден кейін қайтадан жалпы жиынтықтарға қосылмайтын болса, ол қайталанбайтын іріктеу деп аталады.

Сериялы іріктеу тәсілдерінде жалпы жиынтық бірліктерін іріктеп алу кездейсоқ жекедара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әр серияның, топтың бірліктері жаппай бақылауға толықтай алынады және оның қорытынды көрсеткіштері жалпы жиынтық қатар аталады.

Құрама іріктеу қайта немесе қайталанбайтын іріктеу әдісі бойынша жүргізіледі. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін есептеу әр түрлі тәсілмен, яғни іріктеу сатылылығына байланысты есептелінеді. Осыған орай іріктеу бір сатылы және көп сатылы болып бөлінеді. Бір сатылы іріктеу кезінде іріктеуге алынған бірліктер сол мезетте зерттеліп, қорытындылары жасалады, ал көп фазалық іріктеуде бақылауға алынған бірліктердің барлығынан қажетті мәліметтердің қысқа түрде алынуын, одан кейін оның бөліктерін кеңейтілген бағдарлама бойынша қосымша көрсеткіштер жинастырылады.

Ішінара бақылау кезінде іріктеуге алынған бірліктердің сандық көлемі жиырмадан аспайтын болса, ол шағын іріктеуге жатқызылады. Мезеттік бақылау кезінде барлық жиынтық бірліктері толығымен қатысады, бірақ белгілі бір уақыт мезеті бойынша ғана қажетті мәліметтер жинастырылады.}

&&&

$$$002-007-099$3.2.7. 3. Әр түрлі іріктеуде жіберілетін қателер

{Қате дегеніміз нақты факты мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздік, айырмашылық. Оның өзі тіркеу қатесі, репрезентативті және өкілдікті болып бөлінеді.

Тіркеу қатесі құбылыстар мен процестерге әсер ететін себептерді дұрыс анықтамау салдарынан туады.

Репрезентативті қате ішінара бақылауда алынған сипаттамалар мен жалпы жиынтықтық сипаттамалар арасындағы айырмашылық. Бұл қате жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі қате жалпы жиынтық бірліктерін кездейсоқ іріктеу принциптері дұрыс жүргізілмегенде пайда болады. Кездейсоқ қате ішінара бақылау мен жалпы жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық.

Ішінара бақылаудан алынған көрсеткіштер мен жалпы жиынтықтың нақты көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орташа қатемен өлшенеді. Статистикада ішінара іріктеудің орташа қатесін µ әріпімен белгілейміз және оның шамасы жалпы жиынтықтағы өзгерменің дәрежесі ішінара бақылауға алынған бірліктердің мөлшеріне тығыз байланысты. Сонымен қатар орташа қате, қайталанатын және қайталанбайтын іріктеу әдістерінің қолданылуымен байланысты.}

 



Просмотров 1902

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!