Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бағалап марапаттау:(3 мин)



Ашық сабақтың жоспары.

 

Күні: Пәнаты: Биология Сыныбы: 9

 

Сабақтың тақырыбы:«Тапқыр болсаң, талас жоқ».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Өтілген «XI тарау. Эволюциялық процестің механизімдері» -бойынша нақтылы интеллектуалды сайыс арқылы оқушылардың естеріне түсіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс.

 

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, көрнекілік, сұрақ - жауап, сөздік.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, плакаттар, слайд.

 

Пән аралық байланыс: тарих, география.

 

Сабақтың құрылымы:

Йымдастыру:( 3 мин).

«Тапқыр болсаң талас жоқ»

І кезең:(10 мин).

ІІ кезең:(15 мин).

ІІІ кезең:(9 мин).

Орытындылау:(5 мин).

Бағалап марапаттау:(3 мин).

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Жеңілдіктер: 1) Кітаптан қарау мүмкіндігі, 2) Сыныптағы ұстаздардан сұрау мүмкіндігі.

І кезең(10 мин). Бұл кезең «4 таңба, 1 сөз»- атты логикалық сұрақтар арқылы топтар бағаланады (1 дұрыс жауап – 1 ұпайға тең).

Популяция Дәлелдемелер

Өзгергіштік Бейімділік рең

Эволюция Түр түзілу

 

ІІ кезең(15 мин). «Ойшылдар» -«Популяция,Эволюция,Генетика»- сөздері арқылы әрбір топ өздеріне тиесілі сөздерді өздері ойдан құрастырып, сол сөзге анықтама беруі тиіс. (топ шешімі бойынша бірғана оқушы жауап беруі тиіс, сыбырлаған жағдайда жауап жоққа шығарылады).

Мысалы:

П-опуляция – сөзді тауып, анықтамасымен бірге айтып береді.

О-

П-

У-

Л-

Я-

Ц-

И-

Я-

(Әтбір табылған дұрыс жауапқа – ХІ тарау бойынша 2 ұпай, жалпы биология бойынша 1 ұпай, табылмаған жағдайда 0 ұпай).

 

ІІІ кезең(9 мин). «Жүйріктің жүйрігі» -деп аталатын бұл кезеңде топ басшылары сайысады, сайыс барысында әрбір топ жетекшілері он сұраққа лезде жауап берулері тиіс (10 сұрақ – 10 ұпайға тең және бір топ жетекшілерінің әрқайсысына үш минуттан уақыт беріледі).

І топ жетекшісіне арналған сұрақтар.

1) ?????????????- географиялық оқшаулануға байланысты болады. (Географиялық түр түзілу).

2) ?????????????- ашық жерлерде тіршілік ететін организімдердің жауыннан қорғану белгілері.(Жасырушы рең)

3) ???????????–улы, жағымсыз иіс бөлетін және көбінесе шағатын жәндіктерге тән белгі. (Сақтандырушы рең)

4) ??????????- туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілу процесі.(Макро эволюция).

5) ??????????- тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі. (Табиғи сұрыптау)

6) Эволюция теориясы қай жылы Чарльз Дарвин және кіммн бірге ұсынылды? (1858 ж. Альфред Рассел Уоллеспен).

7) Түр ішілік күрес дегеніміз не? (түрлер ішіндегі күрес).

8) Популяцияларда гендер жиілігінің бағытталмаған, кездейсоқ озгерістерді қалай аталады?(Гендер дейфі)

9) Популяциялық толқындарды алғаш байқап ғылымға енгізген орыс ғалымы? (Четвериков).

10) Қар барысының мекен ортасы және бейімділік белгілерін айтып бер? (Мекені тау, суыққа бейімделген).

 

ІІ топ жетекшісіне арналған сұрақтар.

1) ??????????????– түр аймағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен тікелей байланысты.(Экологиялық түр түзілу).

2) ???????????деп-организімдердің тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене жамылғыларының кез келген реңін айтамыз. (ҚОРҒАНЫШ РЕҢ) .

3) ???????????– түрлі түсті жолақты ашық реңіне және айбат шегуіне байланысты(Қауіп төндіруші рең).

4) ????????????????? - түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы (биологиялық прогрес).

5) ?????????????????– дегеніміз организмнің генотипінің өзгеруіне байланысты болатын, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік(Мутациялық өзгергіштік).

6) Осы жылда Ч.Дарвиннің негізгі еңбегі Жарық көрді, қай жылы, қандай еңбегі?(1859 «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы».

7) Түр аралық күрс дегеніміз не екен? (екі түрдің арасында жүретін күрес)

8) Популяциялардың сан мөлшерінің бірде артып, бірде кеміп отыруы не деп аталады? (популяциялық толқындар).

9) Гендер дрейфін алғаш ашқан шетелдік генетиктері? (Райт пен Фишер).

10) Арқардың мекен ортасы және бейімділік белгілерін айтып бер?(жар тастар, биіктікке бейімделген).

 

ІІІ топ жетекшісіне арналған сұрақтар.

1) ????????????? - пайда болған түр бастапқы түрдн байланысын үзіп, олармн шағылысуы тоқтайды (Түр түзілу).

2) ??????????– дене жамылғылары жолақты немесе теңбілді болып келеді. (Бөлшектену реңі)

3) ???????????- қорғана алмайтын жәндіктерде байқалатын мимикрия (грекше mimiros – еліктегіш) жатады. (Еліктеуші рең).

4) ????????- бейімділіктің төмендуі, даралар санының азаюы, аймақтың тарылуын( Биологиялық регрес).

5) ?????????-Тұқым қуаламайтын жән тұқым қуалайтын өзгргіштердің айырмашылығы неде?( өзгргіштердің ұрпаққа берілу-берілмеуінде)

6) «Бигль кмсімен жасалған саяхат» атты еңбктің авторы және қажылдарда ашты?(Ч.Дарвин 1845ж).

7) Қоршаған орта жағдайларымен күрес дегененіміз? (тіршілігін сақтап қалу үшін организімдерде әртүрлі белгілердің қоршаған ортаға бейімделуі).

8) Түр аймағында тау, өзен, көл, шөл сияқты кедергілердің әсерінен даралардың түр аймағынан бөлініп қалуын қалай атаймыз? (оқшаулану).

9) Гендер дрейфін алғаш ашқан орыс генетиктері? (Дубинин мен Ромашов).

10) Көртышқканның мекен ортасы және бейімділік белгілерін айтып бер?(жер астында, көзі жойылып жер қазуға бейімделген).

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.

2. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.

3. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

4. http://kk.wikipedia

5. https://www.google.kz

 


Просмотров 725

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!