Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ІІ. Тақырып: Гигиеналық индексті анықтау



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

 

ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫНЫ ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»

Пән: Балалар жасындағы стоматология

Кафедра: Балалар және хирургиялық стоматология

Курс - 4

Семестр - 8

 

Құрастырушы:

м.ғ.д._______________ Жаналина Б.С.

 

 

Ақтөбе, 2014

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№1 хаттама, 29.08. 2014ж.

Кафедра жетекшісі ______________Жаналина Б.С.

 


І. Тақырып: Ауыз қуысын тексеру

1. Мақсаты: студенттерді ауыз қуысын тексеру дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:Ауыз қуысын тексеру дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:Стандартталған науқас.

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындалмады 0-0,1 Жартылай орындалды 0,2-0,3 Орындалды 0,4-0,5
Аурумен байланысты шағымын жинау      
Ауру анамнезі: басталуы, ұзақтығы, медициналық көмек көрсетілді ме      
Өмір анамнезі: жүктілік, босану, басынан кешірген аурулары, инфекциялық аурулары, аллергиялық анамнез, жағымсыз әдеттер      
Жалпы статусты баяндау: есі, тері жамылғысының түсі, температура, пульс, тыныс алу жиілігі, АҚ      
Жергілікті статус: беттің симметриялығы, тері жамылғысының түсі, лимфа түйіндері, сілекей бездерінің, самай-төменгі жақ буындарының жағдайы. Ауыз ашылуы. Ауыз қуысы кіреберісінің жағдайы: жоғарғы және төменгі еріннің үзбелері, кіреберіс тереңдігі, құлақмаңы сілекей безі өзегінің жағдайы. Тістесу, тістердің жағдайы. Меншікті ауыз қуысының жағдайы: тіласты валигі, тілдің үзбесі, тілдің қозғалысы, тілдің сезімталдығы және беткейі, жақасты және тіласты сілекей безі өзектерінің жағдайы      
Алғашқы диагноз қою      
Қосымша тексеру әдістерін жүргізу:жалпы қан және зәр анализі, ЭОД, рентгенография түрлері, МРТ, КТ      
Клиникалық диагнозды нақтылау.      

ІІ. Тақырып: Гигиеналық индексті анықтау

1. Мақсаты: Студенттерді гигиеналық индексті анықтауға үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже:Гигиеналық индексті анықтау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:Стандартталған науқас.

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орын-мады 0-0,1 Жартылай орын-ды 0,2-0,3 Орындалды 0,4-0,5
Ауыз қуысы гигиена индексін анықтау үшін құралдар мен материалдарды таңдау: лоток, пинцет, стоматологиялық айна, люголь ерітіндісі, мақталы валиктер және тампондар.      
Индексті анықтау үшін ерітіндіні дайындау: флаконда люголь ерітіндісін таңдайды және оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен ұстай отырып, өзіне қатысты оңнан солға бұра отырып, флаконның қақпағын ашады. Қақпақты сыртқы жағымен төмен қояды және люголь ерітіндісін мензуркаға құяды.      
Тістердің вестибулярлық беткейлерін бояуға дайындау:оң қолға пинцет алады және мақталы тампонды ұстайды, сол қолға стоматологиялық айна алып, төменгі ерінді тартады және төменгі ерін мен фронтальды тістер аймағында қызылиек арасында мақталы тампонды салады. Тістердің тілдік беткейлерін бояуға дайындау:Оң қолға пинцет алады және басқа мақталы тампонды ұстайды, сол қолға стоматологиялық айна алып, тілді ығыстырады және тіл мен фронтальды тістер аймағында қызылиек арасында мақталы тампонды салады.      
Тістерді бояу: оң қолға кисточка алып, люголь ерітіндісі бар мензуркаға батырады және ерітіндіні кисточкамен тістердің вестибулярлы беткейіне қызылиек жиегінен тістердің кескіш жиегіне дейін жағады.      
Тістерді бояу нәтижелерін бағалау: төменгі жақ алты фронтальды тістердің вестибулярлы беткейінің боялу зонасын анықтайды: боялудың болмауы - 1 балл; тіс сауыты беткейінің ¼ боялуы - 2 балл; тіс сауыты беткейінің ½ боялуы – 3 балл; тіс сауыты беткейінің ¾ боялуы - 4 балл, тіс сауытының барлық беткейінің боялуы – 5 балл      
Бояу нәтижелерін стоматологиялық науқастың амбулаторлы картасына енгізу.      
Формула бойынша боялу нәтижесіне есептеу жүргізу: гигиеналық индекс=әрбір тістің мәндерінің қосындысы бөлінген 6. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын бағалау критерийлері: 1,0-1,5 - жақсы; 1,6-2,0 – қанағаттанарлық; 2,1-2,5 – қанағаттанарлықсыз; 2,6-3,4 – нашар; 3,5-5,0 – өте нашар.      
Жұмысты аяқтау: оң қолға пинцет алып, стерильді тампонды ұстайды және алты тістің вестибулярлы беткейінен люголь ерітіндісінің қалдықтарын сүртеді, пинцетпен мақталы тампонды тілдік жағынан, содан кейін вестибулярлы жағынан алып тастайды және ауыз қуысын антисептикпен шаяды.      

ІІІ. Тақырып:Кешенді пародонтальды индексті анықтау (КПИ).

1. Мақсаты: студенттерге кешенді пародонтальды индексті анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:кешенді пародонтальды индексті анықтау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма сатыларының критерийлері Орын далмады 0-0,1 Жартылай орындалды 0,2-0,3 Орындалды 0,4-0,5
Ауыз қуысы гигиена индексін анықтау үшін құралдар мен материалдарды таңдау: лоток, пинцет, стоматологиялық айна, зонд, түймелі зонд, мақталы валиктер және тампондары.      
КПИ анықтау үшін ауыз қуысын дайындау: алты тіс аймағында17/16, 11, 26/27, 31, 37/36, 46/47 түймелі зондтың көмегімен визуальды қызылиекті зерттейді. Сау пародонт – 0 балл.      
Тіс қағын анықтау – 1 балл. Оң қолға түймелі зондты алып, стоматологиялық айнамен 17/16, 11, 26/27, 31, 37/36, 46/47 тістер аймағында ерінді тартады, тіс қағының болуын анықтайды.      
Қанағыштықты анықтау – 2 балл. Сол қолға стоматологиялық айнаны алып, жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға түймелі зондты алады және оны қызылиектің маргинальды жиегіне және қызылиек емізікшесіне енгізеді. Қанағыштықтың болуы - 2 балл, болмауы - 0 балл.      
Тіс тасын анықтау - 3 балл.Сол қолға стоматологиялық айнаны алып, жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға стоматологиялық зондты алады және оның ұшын қызылиектің маргинальды жиегі астына және тістің мойыналды аймағына енгізеді. Қызылиекүсті- және асты тасының болуы 3 баллға, болмауы - 0 баллға бағаланады.      
Патологиялық қалтаны анықтау – 4 балл. Сол қолға стоматологиялық айнаны алады және жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға түймелі зондты алады және оны маргинальды қызылиек астына енгізеді. 3 мм және жоғары қалтаның тереңдігі болған кезде 4 баллға, 3 мм-ден төмен тереңдік кезінде - 0 баллға бағаланады.      
Тістердің қозғалғыштығын анықтау - 5 балл. Сол қолға стоматологиялық айна алады және жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға пинцет алады және онымен тісті ұстайды. Тісті қозғалтуды вестибулярлы және тілдік, содан кейін бүйір бағыттарда жүргізеді. Қозғалғыштықтың болуы - 5 балл, болмауы - 0 балл.      
Алынған нәтижелерді стоматологиялық науқастың амбулаторлы картасына енгізу. Формула бойынша алынған нәтижені есептеу: Индекс= әр тіс көрсеткішінің суммасы/тексерілген тістер саны Кешенді пародонтальды индексті бағалау критерийлерін анықтау: 0,1-1,0 – ауруға қауіп; 1,1-2,0 – жеңіл түрі; 2,1-3,5 – орташа ауырлықтағы ауру; 3,6-5,0 – ауыр түрі.      

ІV. Тақырып:Қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау.

 

1. Мақсаты: студенттерге қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)



Просмотров 1571

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!