Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ндірістік есептерді компьютермен модельдеудегі



ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ ЖӘНЕ

АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРДЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы

Мамандық: 6Д080600– Аграрлық техника және технологиялар

(Докторантура PhD)

 

 

Кредиттер саны: 3

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2014


 

 

«Технологиялық үдерістерді және аграрлық техникаларды математикалық модельдеу» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы 6D080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығы, ҚР МЖМСБ-2010 типтік оқу жоспары негізінде даярланды.

 

 

Құрастырушылар: Құлмұханбет Ахметұлы Ахметов, т.ғ.к., профессор

Рафхат Ахметұлы Асаев, т.ғ.к., доцент

 

 

«Технологиялық үдерістерді және аграрлық техникаларды математикалық модельдеу» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Жаратылыстану пәндері және ақпараттық технологиялар» кафедрасының отырысында талқыланды, № ... хаттама, «...» .... 2014 жыл.

 

Кафедра меңгерушісі ____________ Л.Т. Әлдібаева

 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Инженерлік» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды, № ... хаттама, «...» .... 2014 жыл.

 

ОӘК төрағасы____________М.Т. Жетпейсов

 

 

Мазмұны

Түсініктеме жазба................................................................................
Кіріспе ......................................................................................
Негізгі бөлім ..........................................................................................
  3.1 Өндірістік есептерді компьютермен модельдеудегі алғашқы түсініктер...........................................................................  
  3.2 Компьютерде сызықтық модельдер................................................
  3.3 Өндіріс бағдарламаларын оңтайлау модельдері және қорларды оңтайлы қолдану..............................................................  
  3.4 Компьютерде бүтін санды және сызықтық емес модельдер........
  3.5 Компьютерде транспорттық және транспорттық типтес есептерді модельдеу……………………………………….  
  3.6 Компьютерде агроөнеркәсіп кешенінің маңызды есептерін шығару әдістері...............................................................  
  3.7 Кішігірім ауыл шаруашылық кәсіпорындарында аграрлық техникаларды оңтайлы қолдану...................................  
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың тақырыптары..............
Докторанттардың өзбетінше орындайтын офистік сабақтарының тақырыптары............................................................  
Докторанттардың өзіндік жұмыстары үшін тапсырмалар тақырыптары...............................................................  
Әдебиеттер .............................................................................................

 

 

Түсініктеме жазба

Пәннің өзектілігі.Бүгінгі кезде кез-келген іс-әрекеттерде математиканы кеңінен қолдану ешкімді де таңқалдырмайды. Өзінің ертеден жемісін берген, техникалық және экономикалық ғылымдарда ғана емес, бұл әдіс қазіргі кезде елімізде даму үстіндегі әртүрлі өндірісті жоспарлау және басқару тәсілдерінде, атап айтсақ, менеджментте, басқару шешімдерін қабылдауда, әлеуметтік-экономикалық болжауда және т.б. қолданбалы басқару ғылымдарында кеңінен қолдануда. Мысалға, «Математикалық модельдеу» пәні қолданбалы ғылым ретінде халық шаруашылығы, оның ішінде ауыл шаруашылығының техникалық және экономикалық бағыттағы мамандарын дайындау ісінде ертеден қалыптасқан болып есептелінеді. Қазіргі кезде «Математикалық модельдеу» пәні техникалық бағыттағы мамандарды дайындауда, өзінің шешетін есептерінің бағытына байланысты, математикалық аппараттары әртүрлі қолданбалы әдістерден тұратын, өзбетінше мақсаттары мен міндеттері қалыптасқан бірнеше пәндер (математикалық программалау, стохастикалық программалау, кейіптік модельдеу, сандық әдістер және т.б.) кешені екені белгілі. Өкінішке орай, әзірше бұл мәселе бойынша республикамызда аграрлық бағыттағы жоғары оқу орындарында айтарлықтай жетістікке жетпегенімізді атап өткен жөн. Себебі, Мемлекеттік стандарттық білім беру бағдарламасында осы аталған қолданбалы математикалық әдістердің бірде бірін оқыту қарастырылмайды. Осы жерде, жоғарыда аталған математикалық әдістердің ішіндегі замануй менеджментінде, көп қолданыс тапқан математикалық программалау (детерминиялды есептерді шешетін) әдістері екенін атап өтейік.

Демек, кез-келген жоғары білімді маман өз кәсібі аймағында менеджер болып саналатынын ескерсек, бүгiнгi кезде докторант PhD-ің жаңа ақпараттыққұжырыныңтехникалық және әдіснамалық негiзi, оның жұмыс құралы болып есептелетiн, керектi компьютерлік программа құрылымдарымен қамтамасыздандырған – компьютер, сонымен қатар математикалық программалау әдiстері мен математикалық модельдер кешенi болмақ және ол өзекті мәселе.

Қарастырылып отырған «Технологиялық үрдістерді және аграрлық техникаларды математикалық модельдеу» атты пән осы өзекті мәселені шешуге арналған. Пәнді оқу барысында «Аграрлық техникалар және технологиялар»мамандығының PhD докторанты аграрлық технологиялар аймағында жүргізілген өзiнiң ғылыми зерттеу жұмысында ұтымды ғылыми тұжырымдар қабылдау үшін ақпараттық технологиялар аясында қандай математикалық әдiстердi қалай қолдануы және өндірістік есептердің шешім нәтижелері бойынша экономикалық-математикалық талдауларды қалай жүргізу керектігі туралы оқып, үйренеді және тәжірибе қалыптастырады.

 

 

Кіріспе

Тәжірибелік жағдайда оңтайлы жоспар құрудың шаруашылыққа онша қажеттігі жоқ бола тұрса да, социалистік жоспарлы экономика талаптарына байланысты ауыл шаруашылық өндірісін кәсіпорындар деңгейінде оңтайлас-тыратын экономикалық-математикалық модельдер жүйесі қалыптастырыл-ғаны белгілі. Социализм заманында өндірістің құрамдары және дамуы жөнінде көптеген көрсеткіштер туралы тапсырыстарды жоғарғы ұйымдар анықтады да, ал оңтайлы жоспарлау өте саяз, аз мөлшерлі, тек кейбір технологиялық үрдістерді оңтайластыратын есептерді шешумен шек-телді. Мысалға, мұндай есептерге азық рациондарын және азық қоспаларын оңтайластыру, минералды тыңайтқыштарды бөліп тарату үрдісінің оңтайлы жоспарын құру, машино-тракторлық парк құрамын оңтайластыру және осыларға ұқсас тағы басқа да есептерді жатқызуға болады.

Қазіргі кезде қоғамымыздың нарық жағдайына, яғни жаңа экономикалық қарым-қатынасқа өтуіне байланысты, ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін оңтайластыру есептерін қайтадан жүргізу керектігі туындалды және оған үлкен қызығушылық пайда болды. Бірақ, социалистік экономика принциптері бойынша қалыптасқан бұрынғы экономикалық-математикалық модельдерде бірқатар кемшіліктер болатыны сөзсіз.

Барлық ауыл шаруашылығы деңгейінде қарастырылған немесе өсімдік шаруашылығы құрамын, немесе ауыл шаруашылық техникалары паркі құрамын оңтайластыру есептері бойынша құрылған бұрынға экономикалық-математикалық модельдерде қорлардың жылдық көлемдегі сомасы есепке алынады. Өсімдік шаруашылығы жұмыстары толығымен маханикаландыру қарастырылатын болса, есептің осылай қойылуы жылдың кейбір маусымдарында техниканың жетіспеуіне, ал қысқы және күзгі маусымдарда техниканың қолданылмай, босқа тұратын жағдайына әкеледі. Сондықтан, мұндай есептердің шешім нәтижесі, маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарының толық дәйектелінген жоспары бойынша анықталған әртүрлі техникалардың керекті санын көрсететін, шаруашылықта бар техника қорларын есепке алған өндіріс құрамы болуға тиіс.

Сонымен, бүгінгі таңда алдынала өндірістің нақтылы бір үрдісін немесе оның бір бөлігін математикалық модельдеу арқылы бір тұжырымға келмейінше, аймақты, регионды, өндірістік кешенді немесе кәсіпорындарын басқаруға байланысты, оның ішінде қорларды бөлу, ұтымды даму нұсқасын таңдау, нарық конъюнктурасын зерттеу, болжау, жоспарлау және т.б. жөнінде бірде-бір маңызды шешімдер қабылданбайды.

Демек, “Технологиялық үрдістерді және аграрлық техникаларды математикалық модельдеу” курсын оқып үйрену өте өзекті мәселе. Өндірісте оңтайлы шешімдер қабылдауға экономикалық-математикалық әдістер және компьютерлік техниканы кеңінен енгізу қарастырылуына байланысты, аталған оқу курсы қазіргі кезде халық шаруашылық мамандары үшін ерекше маңызды. Курсты оқу нәтижесінде, ондағы әдістемелерді тек аграрлық экономикада қолдануды базалық тиянақты дағдыға айналдырумен шектелмей, сонымен қатар өзіңіздің біліміңізді, ой жүйеңізді, деңгейіңізді, көзқарасыңызды және мәдениетіңізді жоғары деңгейде қалыптастырасыз.

«Технологиялық үрдістерді және аграрлық техникаларды математикалық модельдеу» курсы доктарантураның бірінші курсында оқытылады және докторанттарды ауыл шаруашылығында математикалық модельдеу мәселелерінің теориялық сұрақтарымен, сонымен қатар модельдерді құру және оларды шешу жөнінде тәжірибелік әдістерімен таныстыру, қойылған есептің алынған нәтижелерін экономикалық-математикалық талдау қарастырылады. Курста агроинженерлік объектілерді және үрдістерді математикалық модельдеу сұрақтары оқытылады. Алдынала оқушының өзбетінше творчестволық іс-әрекеттік тәжірибесін қалыптастыру және оны терең білуге тәрбиелеу мақсатта, тәжірибелік сабақтарда туылған сұрақтарды талқылау қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және диссертациялық жұмысты дайындауда пәнді оқып-зерделеу барысында алынған білім пайдалы болуы сөзсіз.

Аталған пәнді оқып-зерделеу, кезкелген жоғары оқу орындарында өтетін жоғары математика курсы көлемінен тыс, арнайы математикалық дайындық қажет етпейді. Дегенменде, компьютерде жұмыс жасау негізімен оқушы жалпы таныс, кем дегенде онда ол деректерді енгізіп және түзетулер жүргізу, формулаларды құрастыру, функцияларды қолдану және жұмысшы бетті қалыптастыру, сонымен қатар басқа да қарапайым әрекеттерді жасай алады деп есептеледі. Компьютерде жасалатын аталған әрекеттер кезкелген бағыттағы жоғары оқу орындарында информатика пәнінде өткен, оқушының қалыптасқан дағдысына айналған, оның қарапайым базалық тәжірибесі болуға тиіс.

Пәннің мақсаты.Математикалық программалау әдістерін және компьютерде модельдеу тәсілдерін оқытып-үйрету, оқушыны (PhD докторанты) өзінің кәсіптік іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді және компьютерді қолдануды, өндірісте, ғылымда және бизнесте жаңа жұмыс құралы – компьютер арқылы дәйекті (оңтайлы) шешімдер қабылдауға дағдыландыру.

Пәннің міндеттері. Агротехнологиялық өндірістік есептерді формалдау (реттеу) және математикалық модельдерді құру тәжірибесін қалыптастыру; оңтайлы шешудің негізгі әдістерін меңгеру; компьютер мүмкіндіктерін қолданып, есептеулер нәтижелерін талдап, мағналы түсіндіріп, алынған білімді ғылыми жұмыстарда қолдана білу; оңтайлы шешім қабылдай алу.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

ндірістік есептерді компьютермен модельдеудегі

Алғашқы түсініктер

Кіріспе. Модель және модельдеу туралы негізгі түсінік. Агротехноло-гиялық есептерді шығару үшін математикалық әдістердің маңызы және ролі. Агротехнологиялық есептерді шығаруда оңтайлы шешім деген не, оңтайлау есептерінің жіктелу принциптері.



Просмотров 979

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!