Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Оқушылардың үйірмеге қатысуы туралы мәлімет



Мінездеме

Жақаш Гүлзия Жанболатқызы 1995 жылы 20-желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келген. 2013 жылы мектеп бітіріп, сол жылдан бері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып жатыр.

Жақаш Г.Ж. 16.01. күні келіп мектеппен, мектептің ішкі тәртібімен және өзіне жүктелген 7 «Б» сынып оқушыларымен, тәрбие сағаттарының жоспарларымен танысты. Сараман кезінде Гүлзия 7 «Б» сыныбының барлық сабағына қатысты. Оқушылардың күнделіктерін тексеріп, сыныптан тыс шараларға дайындықтарына көмектесті. Машықкер студент 7 «Б» сыныбына «Отбасы – тәрбие бастауы», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» атты тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттарын талапқа сай орындап, оқушыларды қызықтыра білді. Берілген тапсырмаларды уақытында және жауапкершілікпен орындай білді.

Жақаш Г.Ж. алдағы уақытта да өз білімін жетілдіріп, ізденімпаз және жаңашыл да ұлағатты ұстаз болсын деген тілек білдіреміз.

 

 

Пән мұғалімі:Гумарова А. Н.

Сынып жетекшісі:Мажитов Қ.Х.

 

 

Б» сыныбына мінездеме

Сыныпта 18 оқушы бар. Оның ішінде 6 ұл, 8 11 қыз. Сынып жетекшісі: Мажитов Қайырбек Хабибуллович. Былтырғы жылмен салыстырғанда сынып құрамында өзгеріс бар, 3 оқушы қосылды. Олар: Тлекова Гүлдана, Шарафиева Гаухар, Мұратбай Улпан. 1 оқушы (Сарсенгалиев Д. ) НЗМ-не, 1 оқушы ( Мустафин Б) №10 ОЖББМ, 1 оқушы (Арстаналиев А) №19 ОЖББМ мектебіне ауысты. Сыныптың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы, өзара тату.

Сынып оқушыларының әлеуметтік құрамы жалпы жақсы. Әлеуметтік тіркеуде тұрған 3 оқушы ( Рамазанов Заманбек, Турегалиева Аружан, Шарафиева Гаухар (көп балалы отбасы). Бұл оқушылардың сыныппен қарым - қатынасы жақсы, сабақ үлгерімдері де қалыпты.

Жалпы сыныптың танымдық бағыттары жоғары, мектепшілік тәрбиелік шараларда белсенділіктері жақсы. Сабақ үлгерімдері өте жақсы оқушылар бар, атап өтсек: Габдуллина Зарина, Исмаил Алижан. Сабаққа белсенді қатысатын оқушылар мына оқушылар: Хайрушева Бақытша, Ерболатова Дильназ, Шарафиева Гаухар, Тлекова Гүлдана, Мұратбай Ұлпан, Сисенов Айса. Мектептен тыс және де мектеп ішінде ұйымдастырылған үйірмелерге оқушылар белсене қатысады.

Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті жоғары. Сабақ үстіндегі белсенділіктері жақсы, сабақ үстінде оқушылардың қарым - қатынасы жақсы, топтаса жұмыс жасай алады. Бір-біріне сабақта көмектесіп отырады. Ұлдардың, қыздардың арасында ауызбіршілік жақсы қалыптасқан. Ешқандай кикілжің болған емес. Сабақтағы қарым қатынастары жақсы. Ұлдар мен қыздардың арасындағы қарым - қатынас жақсы қалыптасқан. Жалпы сыныпта дарынды оқушылар көп, болашақта сыныптың білім сапасы көтеріліп, бір отбасындай тату болады деп сенім білдіре аламын.

 

 

Мінездеме беруші машықкер студент: Жақаш Г.Ж.

Сынып жетекшісі:Мажитов Қ.Х.

 

 

М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп – лицейінің 7 «Б» сынып оқушысы Ерболатова Дильназ Ерболатқызына

 

 

Мінездеме

 

 

Ерболатова Дильназ Ерболатқызы 2003 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келді. Ол сабырлы, мейірімі мол, мінезі ашық, тіл алғыш, сыпайы, сыныптағы басқа оқушылармен өте жақсы қарым – қатынаста. Тәртібі үлгілі. Сабағы жақсы, оқу екпіндісі, барлық пәндерден 1 – ші сыныптан бері тек 4(төрт) пен 5(бес) деген баға алады. Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих сабақтарын сүйіп оқиды. Сурет салғанды ұнатады, болашақта суретші болуды армандайды. Барлық сыныпаралық, мектепішілік, коғамдық шараларға белсене қатысады және ұйымдастырады. Сыныпта сынып басшысының көмекшісі,сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Дильназ толық отбасында тәрбиеленіп жатыр. Оқушы жалпы білім деңгейі жоғары, көп кітап оқығанды ұнатады, өз ойын ашық жеткізе алады. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындайды. Ол сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан – жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор, үлкендерге құрмет көрсетеді. Алдағы уақытта Дильназды елінің жақсы азаматшасы болып өсетініне сенімдімін.

 

Мінездеме беруші машықкер студент: Жақаш Г.Ж.

 

Оқушының аты – жөні Үйірменің атауы Жетекшісі Түрі: ақылы/ақысыз Мекен – жайы Уақыты
Габдуллина Зарина Зарифқызы волейбол - - № 27 -
Досалиева Наргиза Канабековна - - - - -
Ерболатова Дильназ Ерболатқызы - - - - -
Исмаил Алижан Елжанұлы волейбол - - № 27 -
Кенжебаева Аэлита Алибекқызы Қобыз Анаргүл Сағынқызы Ақылы С.Сейфуллин атындағы #11 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты -
Мектепова Анель Муратовна - - - - -
Мендигулов Мақсат Мержасұланұлы Жеңіл атлетика Сергей Викторович Ақысыз Стадион «Атоян» -
Мендиярова Гаухар Сериковна - - - - -
Мусагалиев Аслан Рахимжанович Айкидо Асан Молдағалиев Ақылы   18:30-20:00
Муратбай Улпан Бекжанқызы - - - - -
Рамазанов Заманбек Мұратович волейбол - - № 27 -
Сисенов Айса Кенжебайұлы волейбол - - № 27 -
Турегалиева Аружан Амановна - - - - -
Ташимова Фатима Нурлановна Ағылшын   Ақылы Азаулы #4 үй 20:00-22:00
Тлекова Гүлдана Берикқызы волейбол - - № 27 -
Хайрашев Данияр Ақылбекұлы - - - - -
Хайрушева Бақытша волейбол - - № 27 -
Шарафиева Гаухар Айдаровна     волейбол - - № 27 -

Оқушылардың үйірмеге қатысуы туралы мәлімет


Просмотров 4709

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!