![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Сілекей безінің ісіктәрізді аурулары
Сілекей безінің ісік тәрізді ауруларына сілекей безінің лимфоэпителийлік зақымдары, сиалоз бен онкоцитоз жатады. Бұл аурулар жасы толысқан адамдарда дамиды, сирек кездеседі.
ЕРІН, ТІЛ ЖЄНЕ АУЫЗ ЌУЫСЫНДАЃЫ Ж¦МСАЌ ТІНДЕРДІЊ АУРУЛАРЫ Бұл аурулардың даму тегі әр қилы: кейбіреуі тума болса, енді біреуі жүре пайда болады. Соңғы топқа жататын аурулардың біразы тума кемістіктен өрістейді Бұл аурулар тобы дистрофия, қабыну, ісік ‰дерісін негізделеді. Бұл топқа хейлит, глоссит, стоматит, ісікалдылық үдерістер мен ісіктер жатады.
Хейлит Хейлит- еріннің қабынуы. Көбінесе астынғы ерін қабынады. Хейлит кейде дербес дамып, енді бірде онымен қоса тіл мен ауыз қуысының шырышты қабықшасы да қабынады.Ағымына қарай,ол жедел, созылмалы және созылмалы қайталамалы хейлитке жіктеледі. Оның мынадай клиника-морфологиялық нысандары бар: эксфолияциялы, гландулалы, контактілік, метеорологиялық, актиниттік және Манганотти хейлиті. Эксфолияциялы хейллит қызыл ерінді ғана қамтып, эпителий сыдырылады. Єдетте, созылмалы ағымды. Жедел экссудатты үдеріс қосарланса, еріннің тамырларын қан кернеп, тіні су сіңіп ісініп, үсті қабыршықтанады. Гландулалы хейлит гетеротопиялы кіші бездерге немесе тума қалың ерінге инфекция әсер еткенде дамиды. Контактілі (аллергиялық) хейлит түрлі заттар аллерген ретінде тікелей қызыл ерінге әсер еткенде өрістейді. Ол - сезімталдық артуының жедел нысанына негізделген иммундық қабыну («Иммунпатологиялық үдерістерді» қара). Метеорологиялық және актиниттік хейлит - суықтың, жоғары ылғалдылықтың, желдің немесе УК сәуленің әсерінен туындайтын қабыну үдерісі. Манганотти хейлитінің ерекше көңіл қоярлықтай мәні бар. Ол көбіне жасы 50-ден асқан ер адамдарда дамып, астынғы ерінді зақымдайды. Ерін тым қызарып, оның орта тұсында эрозиялар мен қанды қабыршық пайда болады. Сол себепті, Манганотти хейлитін абразиялы хейлит деп те атайды. Ол - ракалдылық үдеріс.
Глоссит Глоссит- тілдіің қабынуы; сирек байқалады. Глосит те, хейлит сияқты дербес ауру ретінде немесе ауыз қуысының шырышты қабықшасындағы зақымдармен бірге дамиды. Ағымына қарай, ол да жедел, созылмалы, созылмалы қайталамалы болады. Клиника-морфологиялық тұрғыдан, глоссит: десквамациялы (эксфолияциялы) және ромбы тәрізді глоссит деп 2 нысанѓа бөлінеді. Десквамациялық (эксфолияциялы) глоссит сирек байқалады; кейбір отбасына тән. Тілдің эпителийі сыдырылған жердің бейнесі үнемі өзгеріп отырады («географиялық тіл»). Кейде тіл қатпарлы болады. Ромбы тәрізді глоссит - созылмалы ауру. Тілдің бүртіктері толық немесе жартылай жойылып, кей жерлеріне жаңа бүртіктер өсіп, ромбы тәрізді немесе сопақша пішінді құрылымдар қалытасады; әдетте, бұндай өзгеріске тілдің жүлгелі бүрлерінің алдынғы жағындағы орталық сызықтың маңы ұшырайды («орталыѓы индурациялы глоссит»). Себебі белгісіз. Кейбір зерттеушілер глосситтің бұл нысанын аномалияға жатқызады; ауыз қуысындағы микрофлораның әсері де жоққа шығарылмайды.
Стоматит Стоматит- ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы; жиі байқалады. Ұрттың, ауыз түбінің, таңдайдың қатты және жұмсақ бөлімдерінің шырышты қабықшасы дербес те, қызылиекпен, тілмен, кейде ерінмен бірге де зақымдалады. Стоматит дербес ауру ретінде де, басқа аурулардың бейнесі немесе салдары ретінде де дамиды. Дербес ауру ретінде ол бірнеше клиника-морфологиялық нысанѓа жіктеледі. Себебіне сүйене отырып, стоматитті мына топтарға жіктеуге болады: 1. Жараќаттыќ (механикалық; химиялық, оның ішінде дәрі-дәрмектік; сәулелік, т.б.); 2. Инфекция (вирустық; бактериялық; оның ішінде туберкулездік, сифилистік, микоздық, т.б.) ; 3. Аллергиялық; 4. Экзогендік (кәсіптік) улардың әсерінен дамитын стоматит; 5. Єр түрлі соматикалық аурулардан және зат алмасу үдерісімен байланысты аурулардан (эндокриндік, асқорыту және жүрек-тамыр жүйелерінің аурулары, ревматизмдік аурулар, гипо- және гипервитаминоздар, т.б.) дамитын стоматит; 6. Дерматоздық стоматиттер (күлдіреуік, Дюрингтің герпес тәрізді дерматиті, қызыл түсті жайпақ теміретке, т.б.). Қабыну ‰дерісініњ сипатынақарай, стоматит: катарлы, катарлы-десквамациялы, катарлы-ойық жаралы, гангреналы, везикулалы, күлдіреуікті, афталы, паракератозды және гиперкератозды болады.
Ісікалдылықүдерістер Жоғарыда сипатталған аурулардыњ (хейлиттің, глоситтің, стоматиттің) созылмалы ағымды нысандарын ісікалдылық үдерістер тобына жатқызуға, яғни кейде ісікке айналатын ауру деп есептеуге болады. Ісікалдылық үдерістерге лейкоплакия, еріннің шектеулі гиперкератозы мен кератоакантомасы, Мэнганотти хейлиті жатады. Лейкоплакия(грекше: leucos - ақ; французша: plaque - жұқа табақша) -ауыз қуысының шырышты қабықшасының ұзақ уақыт зақымдалып, дистрофияға ұшырауы; созылмалы ағымды. Шырышты қабықшада алдымен ақ дақ пайда болып, кейін түйнекке (бляшка) айналады. Дақ пен түйнек көбіне тілдің, кейде ауыз қуысының шырышты қабықшасының әр жерінде қалыптасады. Түйнек, әдетте, шырышты қабықшаның үстін томпайтыңқырап тұрады; үсті бұдырлау, жарықшақты. Көбінесе жас шамасы 30-50-лердегіде дамып, ер адамдарда әйелдерден бірнеше есе жиірек байқалады. Даму себебі мыналар: шырышты қабықшаны темекі шегіп немесе оны шайнап ұзақ уақыт тітіркендіру, протезбен немесе каристі тіспен ұзақ жарақаттау (жергілікті факторлар); инфекциялық созылмалы ойық жаралар мен витамин А-ның тапшылығы (жалпы факторлар). Лейкоплакияның 2 нысаны бар: жайпақ лейкоплакия және сүйелді лейкоплакия. Жайпақ лейкоплакия дамыса, көпқабатты жайпақ эпителий қалыңдайды, өйткені оның базал мембранасы мен түйіршікті қабаттары өсіп, паракератоз бен акантоз орын алады. Акантозды жолақтар дермаға терең жайылып, олардың төңірегіне жұмыр жасушалар шоғырланады. Лейкоплакия сүйелді болса, эпителийдің негізінен базал қабаты көбейіп, қалыңдайды. Сондықтан да түйнектердің үсті бұдырлы болады. Дермаға едәуір лимфоциттер мен плазмалы жасушалар жиналады. Лейкоплакия көп жылға созылады. Сүйелді нысаны карциномаға жиі ұласатындықтан (50%-дайы), лейкоплакия ракалдылық аурулар тобына жатқызылады.
Ісіктер Ауыз қуысының ісіктері де эпителийлік, мезенхималық және меланин түзетін тіндерден, шеткі жүйкелік жүйеден туындайды, тератомалар да байқалады. Олар қатерсіз де, қатерлі де болады («Ісіктерді» қара). Басты ерекшелігі - өмір үшін маңызды үдерістер (таѓамды шайнау, жұту, тынысалу) бұзылып, бетте косметикалық ақаулар қалыптасады.
МАЗМ¦НЫ
Шінші басылымына алѓы сµз ИНФЕКЦИЯЛЫЌ АУРУЛАР Вирустыќ аурулар Вирустыќ респирациялы жедел инфекциялар Грипп Парагрипп Респирациялы синцитийлік инфекция Аденовирустыќ инфекция Шешек Ќ±тыру ЖИТС (СПИД) – В.В. Серов
Риккетсиоздар Эпидемиялы бµртпе с‰зек Спорадикалы бµртпе с‰зек Ку-ќалтырауы
![]() |