Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Пульпаныњ салдарлыќ (реактивтік) µзгерістері



Әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен пульпада қан‑ және лимфаайналымы бұзылады, атрофия, дистрофия, некроз, кальциноз өрістеп, дентиклилер мен кисталар да қалыптасады.

Қан‑ және лимфаайналымы жергілікті және жалпы себептерден бұзылады. Пульпада қаназдық пен толыққандылық та, тромбоз бен эмболия да, су сіңіп ісіну мен қан кету үдерістері де байқалады. Қан кетсе, кейде пульпит дамиды.

Атрофия пульпаның жасушаларынан басталады. Алдымен одонтобластылар кішірейіп, азаяды, кейін пульпоциттер де азаяды. Жасушалар азайғанда, пульпаның дәнекер тіндік негізі тор тәрізденіп, шорланып, айқындала түседі (торланып семген пульпа).

Дистрофия одонтобластыларды шарпиды, көбіне оның гидропиялы нысаны өрістеп, кейде майлы дистрофия да орын алады. Пульпаның коллаген талшықтары мукоидты және фибриноидты ісінуі де мүмкін.

Іріңді пульпит дамып, тіс қуысы бітеу болса, пульпаны некроз да шарпиды. Кариестік қуыспен ұштасқан пульпаға анаэробтық шіріткіш бактериялар түссе, гангрена өрістейді. Семген пульпадан кейде амилоидты ұсақ денешіктер ұшырасады.

Кальциноз (петрификат) жиі байқалады. Кальций тұздарының тұнбасы көп болса, пульпада зат алмасу үдерісі бұзылып, тістің қатты тіндеріне кері әсерін тигізіп, кариесті асқындыра түседі.

Дентиклилер ‑ жұмырлау сопақша құрылымдар. Олар бірде пульпаның өзінде жайғасса, енді бірде дентинге жабысып, тіс қуысының қабырғасында орналасады немесе дентиннің ішінде болады (интрастицийлік дентиклилер). Дентиклидің өте жетілген және шала жетілген түрлері бар. Өте жетілген дентиклиді одонтобластылар түзеді, олар шектейтін жаңа дентин тәрізді. Шала жетілген дентиклилер дәнекер тін кальцинозға ұшырағанда дамып, тіс сауытының ұлпасы семген жерлерінде қалыптасады. Дентиклилер ‑ көбіне созылмалы пульпит пен пародонт ауруларының салдары. Ал, пульпалық киста әр түрлі патологиялық үдерістерден дамиды.

 

 

Пульпит

Пульпит‑ тіс ұлпасының қабынуы.

Этиологиясыменпатогенезі. Пульпиттің себептері әр түрлі, бірақ инфекция басты орын алады. Кейбір пульпит асептикалық жағдайда дамуы мүмкін. Пульпит ‑ көбінесе орташа және терең кариестің зардабы, өйткені микробтармен олардың уы (токсині) пульпаға кеңейген дентиндік өзекшелер немесе кариестік қуыстың түбіндегі жұмсарған дентиннің жіңішке жолағы мен тесілген жағы арќылы өтеді. Периодонтит пен оның қызылиекте патологиялық қалташа қалыптастырған нысаны асқынса, инфекция тіс түбінің ұшындағы тесік арқылы да, сепсис пен сырќаттардыњ бірен-саранында лимфогендік немесе гемотогендік жолмен де өтуі мүмкін. Пульпит тіс жарақатынан немесе ол ќатты қызғанда (тісті жасанды сауыт кигізу үшін өңдегенде), сәулелер мен декомпрессия сияқты физикалық факторлар әсер еткенде де дамиды.Т істі емдеу (бітеу) үшін қолданылатын дәрі‑дәрмектер мен басқа химялық заттар да пульпитке себеп болады. Пульпиттің даму қарқыны мен сипатына микробтар (стрептококк пен лактобактериялар, кейде стафилококтар) мен олардың уының ерекшеліктері де, организмнің жергілікті және жалпы сезімталдық күйі де (сенсибилизация) өз әсерін тигізеді.

Пульпит тұйық қуыста өрбиді, сондықтан оның бірқатар ерекшеліктері бар ‑ тістің ұлпасында қанайналымы күрт бұзылып, веналарына қан іркіліп, стаз дамиды. Өйткені пульпа қабынғанда, оның тіні ісініп, тістің түбіндегі тар өзек пен ұшындағы тар тесік арқылы қан мен лимфаның айналымы күрт қиындайда. Қанайналым бұзылғандықтан, пульпаның құрамындағы элементтердің тіршілігіне қолайсыз жағдай туады, дистрофия өршіп, тіпті кейде некрозға ұласады. Бұл, әсіресе, жедел пульпитке тән.

Патологиялық анатомиясы. Дамыған жеріне қарай, пульпит: тіс сауытының пульпитіне және түгел қамтыған пульпит пен түбірлік пульпитке жіктеледі. Ағымы тұрғысынан, ол жедел пульпитке, созылмалы пульпитке және созылмалы қайталамалы пульпитке бөлінеді.

Жедел пульпит даму барысында бірнеше кезеңнен өтеді. Алғашқы кезде ұлпаның кариестік қуысқа жақын жері ұйымалы қабынады (ұйымалы пульпит). Ұлпаның микроциркуляциялық арнасының, әсіресе, веналық бөлімін қан кернеп, тіні су сіңіп ісініп, ұйымалы сұйықтық қалыптасып, оған шамалап бірядролы және көпядролы лейкоциттер араласады. Кейде эритроциттер диапедезі байқалып, қанды дақтар пайда болады. Жүйкелік талшықтарын дистрофия шарпиды. Бұл сипатты пульпит бірнеше сағатқа созылады. Кейін ќан тамырларынан нейтрофилдер шығып, алдымен венулалардың маңына шоғырланады, пульпадаѓы жүйкелік талшықтарда дистрофия өршіп, миелині ыдырап, олар бөлшектенеді. Ақырында ошақты немесе диффузды (шашыранды) іріңді пульпит орын алады. Ошақты іріңді пульпиттің барысында ұлпаның тіні жидіп, шектеле іріңдеп, іріңді қуысқа, ‑ іріңдікке (абсцесс) айналады. Диффузды іріңді пульпит кезінде ұлпаның тіс сауытындағы бөлімі мен түбірлік бөлімі де іріңдейді (флегмона). Ұлпа бозғылт тартып, бүкіл құрамы ауыр зақымдалады.

Ұлпаның қуысы кариестік ќуыспен ұштасып, оған ауыздаѓы анаэробтық бактериялар түссе, кейде гангреналы пульпит дамиды. Ұлпа бозғылт қара реңді, сасық иісті қойыртпаққа айналады. Микроскоппен зерттегенде, құрылымы толық бұзылып, кейде түйіршіктелген өлексе байқалады, оның құрамына май қышқылдарының кристалдары мен микробтар араласады. Үдеріс тістің түбіріндегі ұлпаға жайылса, апикстік (түбір ұшы) периодонтит өрбуі де мүмкін. Жедел пульпиттің жалпы мерзімі 5-6 тєулік.

Созылмалы пульпит көбінесе біртіндеп, дербес түрде дамиды, бірақ жедел пульпиттен де туындайды. Морфологиялық бейнесіне қарай, ол гангреналы пульпитке, грануляциялық (гипертрофиялық) пульпитке және фиброзды созылмалы пульпитке бөлінеді.

Гангреналы пульпит кейде тіс ұлпасының біраз жері өлексеге айналған жедел пульпиттен туындайды. Ұлпаның жойылмаған бөлігі ұйымалы қабынып, өлекселі жерлері грануляциялық тінмен шектеледі.

Грануляциялық (гипертрофиялық) пульпиттіњ негізі - созылмалы ағымды пролиферациялы қабыну. Грануляциялыќ тін тістің ішін толық жайлап, кейде тіпті тіс қуысымен жалғасқан кариестік қуысқа да жайылып кетеді. Ондайда пульпалық полип қалыптасады. Полип жұмсақ, қызғылт түсті, қанағыш. Оның беті жаралы болады немесе қызылиектің эпителиймен жабылады. Макрофагтардың әсерінен дентиннің кей жерлері ойыстана (лакуналы) ыдырап, остеодентинмен бітеледі [Мигунов Б.И.,1963]. Грануляциялық тін жетіле келе, пульпа шорланады. Онда петрификаттар мен дентиклилер болады.

Фиброзды пульпит ‑ тіс қуысының басым бөлігін лимфоциттер мен плазмоциттер және коллаген талшықты дінекер тін жайлайтын үдеріс. Біртіндеп құрамындағы жасушалар азайып, коллаген талшықтары гиалинге айналады, петрификаттар мен дентиклилер пайда болады.

Пульпиттің асқыну зардаптары мен ақыры кабыну үдерісінің сипаты мен қамтыған көлеміне байланысты. Ұйымалы пульпит ізсіз толық тарап кетуі мүмкін. Пульпит іріңді болса, ұлпа жойылып, көбінесе созылмалы пульпитке айналады. Созылмалы пульпиттіњ задабынан ұлпа семіп, шорланады. («Пульпаның салдарлық өзгерістерін» қара). Пульпит көбіне периодонтитпен асқынады. Сөйтіп, кейде іріңді пульпит одонтогендік инфекцияның басталуына себеп болады.

 

 

Периодонтит

 

Периодонтит‑ париодонттың қабынуы.

Этиологиясы мен патогенезі. Периодонтит инфекцияның, түрлі жарақаттар мен химиялық заттардың (дәрі-дәрмектердің) әсерінен дамиды. Инфекцияның маңызы өте зор, өйткені ол қабыну үдерісін тікелей өзі ғана дамытып қоймай, басқа потологиялық факторларға қосарланып та әсер етеді. Басты рөлді стрептококтар атқарып, ауыздағы басқа микробтардың маңызы ондай бола қоймайды. Микробтар периодонтқа тістің ішінен және тістің сыртынан өтеді. Периодонтит көбіне пульпиттен туындайтындықтан, инфект тістің ішінен (ќ±лдырама жолмен) жиірек жайлайды. Ал, тістің сыртынан ол 2 жолмен жайылуы мүмкін: периодонттың төңірегінен, яғни жанаспа жолмен және сирек те болса, өрлеме жолдармен – лимфогендік және гемотогендік жолмен.

Патологиялық анатомиясы. Дамыған жеріне қарай, периодонтит: апикстік (түбір ұшындаѓы) периодонтитке және маргиналдық (жиектік, қызылиектік) периодонтитке жіктеледі («Ќызылиек пен пародонттың ауруларын» қара). Ағымына қарай, периодонтит жедел, созылмалы және созылмалы қайталамалы нысандарѓа бөлінеді.

Жедел периодонтит ұйымалы және іріңді болады. Оның ұйымалы нысанында тістің ұшы қабынады, толыққанды тіні, су сіңіп ісінеді, бірен-саран нейтрофилдер байқалады. Ұйымалы экссудат тез іріңдейді. Іріңдеген тіндер жидіп, тіс түбірінің төңірегінде жедел абцесс қалыптасады немесе ол жері түгел іріңдеп, кейін ірің тістің ұясына, қызылиекке және жалғамдық бүктесінге (переходная складка) өрістейді. Сөйтіп, беттің зақымдалған тіс пен тұстас жерінің жұмсақ тіні, жалғамдық бүктесіні және таңдай су сіңіп ісініп, перифокалдық ұйымалы қабыну, - флюс (parulis) дамиды. Жедел периодонтит 2-3 тәуліктен 2 аптаға дейін созылады, науқас толық айығады немесе ол созылмалы ағымды нысанѓа айналады.

Созылмалы апикстік периодонтиттің 3 нысаны бар: грануляциялық, гранулемалы және фиброзды.

Грануляциялық периодонтит кезінде тістің түбір тұсында грануляциялық тін қалыптасып, оған шамалы нейтрофилдер шоғыры араласады. Зақымдалған тістің түбірімен тұстас жердегі альвеолалық тығыз тімсемді (пластинка), цементті, кейде дентинді де остеокластылар ерітіп ыдыратады. Қызылиекте жыланкөз қалыптасып, ол арқылы арагідік ірің шығып тұруы мүмкін.

Гранулемалы периодонтит кезінде тіс түбірінің айналасына грануляциялық тін өсіп, фиброзды қабатпен қоршалады. Бұл қабық тіс түбірінің төңірегіндегі тіндермен тығыз бірігіп кетеді. Гранулемалы периодонтиттің бұл варианты жай гранулема деп аталады. Оның құрамында фибробластылар мен макрофагтар басым болады, лимфоциттер, плазмоциттер, ксантомды жасушалар мен холестерин кристалдары мен бөгде денелік алып жасушалар да ұшырасады. Гранулеманың маңындағы альвеолалық өскіннің сүйегі ыдырап, кемиді (резорбция). Қабыну үдерісі асқынса, гранулеманы кейде ірің жайлайды. Гранулемалы периодонтиттің ең жиі варианты – күрделі (эпителийлік) гранулема. Оның ерекшелігі – грануляциялық тіннің арасында көпқабатты жайпақ эпителийлі жолақтар болады. Кейде гранулемадағы эпителий одонтогендік эпителийдің қалдығынан, Малассе ұшыќтарынан да туындайтын сияқты. Гранулемалы периодонтиттің үшінші варианты кисталы гранулема. Ол эпителийлі гранулемадан туындап, эпителий мен астарланған кисталардан құралады. Кисталы гранулема, әдетте, іріңдеп, дистрофия мен некробиоз шарпыған грануляциялық тінде қалыптасады. Оның диаметрі 0,5-0,8 см-дей. Кисталы гранулема біртіндеп дамып, жақсүйегінде радикулалық (түбірлік) кистаға айналады («Жақсүйегінің ауруларын» қара).

Фиброзды периодонтит – грануляциялық периодонтиттің салдары; үдеріс бәсеңдеп, грануляциялық тін жетілген кезде туындайды.

Созылмалы апикстік периодонтиттің қай нысаны болса да, асқынып, іріңдеуі мүмкін.

Асқыну зардаптарыменақыры. Периодонтит тым іріңдесе, үдеріс сүйектің қабығына (периостқа), одан альвеолалық өскіндегі сүйек кемігіне де жайылады. Сөйтіп, периостит немесе тіс ұясында остеомиелит өрістейді. Үдеріс кейде сол аймақтағы лимфалық түйіндерді де қамтиды. Үстінгі жақсүйектің Гаймор қуысымен тұстас премолярлардағы іріңді периодонтит, кейде іріңді гайморитпен асқынады.

 

 



Просмотров 2065

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!