![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Менингококтық инфекция
Менингококтықинфекция- жедел ағымды инфекциялық үдерісс, үш негізгі нысаны бар. Назофарингит, іріңді менингит және менингококкемия, оқтын-оқтын (әр 25-30 жылда) оның эпидемиясы байқалады. Көбіне 5 жастан аспаған балалар, кейде жас шамасы әр түрлі адамдар ауырады. Этиологиясыменпатогенезі. Бұл ауруды менингококк (Neisseria meningitidis) қоздырады. Оныњ пішіні кофенің дәні тәрізді; жасушаның ішінде немесе сыртында жайғасып, кеңсірік-жұтқыншақ аймағынан алынған жұғындыдан және ми сұйықтығынан табылады. Сыртқы ортаның әсеріне (температураның, рН пен ылғалдылықтың өзгеруіне) өте сезімтал, организмнен басќа жерде және мәйітте жылдам өледі. Менингококк ауа-тамшы арқылы науқастан немесе тасымалдаушыдан жұғады. Кеңсірік-жұтқыншақ аймағының шырышты қабықшасына менингококк түскендердің 10-30%-ында ғана менингококтық назофарингит өрбиді. Баланың 5 жасќа толғанша ќан-миаралаќ бөген толық жетілмейтіні белгілі. Сондықтан кейбір балалардағы менингококк гематогендік жолмен жайылып, ќан-миаралаќ бөгеннен өтіп, мидың жұмсақ қабықшасына қоныстанып, іріңді менингит туындатады. Организмнің иммундық жағдайы менингококтың әсеріне қолайлы болса, кейде өте жедел ағымды сепсис - менингококкемия дамиды. Менингококкемия кезінде фагоцитозға ұшыраған бактериялар өте қарқынды ыдырап, эндотоксинді кµп бөледі, сондықтан бактериялық шок дамып, ќан тамырлары ауыр зақымдалады. Ұсақ ќан тамырларында парез байқалып, стаз бен тромбоз дамиды, төңірегі қанталап, мүшелерді некроз шарпиды. Патологиялық анатомиясы.Менингококктық назофарингит кезінде жұтқыншақтың артқы қабырғасындегі шырышты қабықшаның ќан тамырларын қан кернеп, тіні ісініп, катарлы қабынады. Ондағы лимфалық фолликулдар ұлғаяды. Менингококтық назофарингитті дер кезінде анықтау қиын, сондықтан оның эпидемиологиялық маңызы зор. Менингококктық менингит шарпыған мидың жұмсақ қабықшасын қан кернеп, тініне лайсаңдау ұйымалы экссудат сіңіп, алғашқы тәулікте–ақ катарлы қабыну үдерісі өрістейді. Екінші тәуліктің соңы үшінші тәуліктің басы кезінде экссудат біртіндеп, қойылып, жасылдау сары түсті іріңге айналады. Бесінші-алтыншы тәулікте фибрин араласып, ол тығыздала түседі. Үдерісс мидың астыңғы жағынан басталып, веналардың төңірегіндегі кеңістікті қуалап, үлкен ми сыңарларының алдыңғы жағына басымырақ жайылып, миды жапқан «тақия» немесе «телпекке» айналады. Іріңді үдерісс жұлынның қабықшаларына да жайлады, бірақ ұзақ уақыт сұйық күйінде қалып, қойылмайды. Мидың ќан тамырларына қан толып, тіні ісінеді. Үдерісс ми қарыншаларының эпендимасы мен тамырлық өрмесін де қамтып, іріңді эпендиматит пен пиоэнцефалия өрбиді; олар 2-3 жастағы балаларда жиірек байқалады. Микроскоппен зерттегенде жұмсақ қабықшалардың ќан тамырларын қан кернеп, торлы қабықшаның астындағы кеңістік кеңіп, оған лейкоциттер мен фибрин жіпшелері жиналғаны байқалады. Үдерісс кейде тамырлы қабықшадан мидың тініне өрістеп, менингэнцефалия дамиды. Үшінші аптада экссудат тарай бастайды. Оның құрамында фибрин тым көп болса, ІV қарыншаның ортаңғы және бүйірлік тесіктері мен торлы қабықшаның астындағы кеңістік беріштеніп, бітеліп, мида сұйықтық айналымы бұзылады. Соның салдарынан тез арада гидроцефалия дамып, мидың заты да тез семеді. Өлімнің себептері.Аурудың жедел ағымды кезеңінде науқас адам миы ісініп, мишықтың бадамшасы шүйдедегі үлкен тесікке тығындалып, сопақша ми қысылғандықтан немесе аурудың басқа кезеңдерінің біріндегі менингэнцефалиттен, іріңді эпендиматиттен, аурудың соңғы кезеңінде үлкен ми сыңарлары семіп, гидроцефалия дамығандықтан және милық жалпы кахексиядан өледі. Қазір антибиотиктер кењ қолданыс тапты, сондықтан экссудат толық тарап, науқас ауруынан айығып кетеді. Менингококемия бүкіл микроциркуляциялық арна мен буындарды, көздің тамырлы қабықшасын, бүйрек пен бүйрек үсті бездерін зақымдайды, тері бөртеді. Сірі қабықшалар да (әсіресе перикард) зақымдалады. Алғашқы 24-48 сағаттың ішінде өлгендерде менингит байқалмайды. Терідегі бөртпелер жұлдызша пішінді, қанды дақтардан құрылып, құйымшақ тұсы мен аяқта, қабақ пен көздің склерасында пайда болады. Бөртпенің орталығында везикула немесе көмескі тартқан, құрғақтау некрозды ошақ түзіледі. Ұсақ буындарды іріңді артрит шарпиды. Іріңді иридоциклит пен увеит және перикардит байқалады. Бүйрекүсті бездерінде некрозды және қанды ошақтар пайда болады, кейде бұл бездің екеуі де қанталап, бүйрекүсті бездерінің жедел ағымды жеткіліксіздігі, яғни Уотерхаус-Фридериксен синдромы дамиды. Бүйрек өзекшелерінің нефротелийін некроз шарпиды (некрозды нефроз). Микроциркуляциялық арна зақымдалып, васкулит өрістеп, экстравазаттар түзіледі, некрозды ошақтар қалыптасады. Науқас өлгеннен кейінгі 10-18 сағат аралыѓында мүшелерден алынған жұғындыдан (мазок) кейде миенингококктар табылады. Өлімнің себептері.Өте жедел ағымды менингококкемиямен сырќаттар бактериялық шоктан, кейде бүйректің жедел жеткіліксіздігінен (ересектер) өледі. Бүйрекүсті безі қанталаса, шоктың әсері ауырлай түседі. Ауру ұзаққа созылса, өлімге септикопиемия немесе іріңді менингит себеп болады.
![]() |