Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Инфекциялық мононуклеоз



Инфекциялықмононуклеоз (Филатов ауруы) – герпестік вирус қоздыратын жедел инфекциялық ауру; негізінен лимфоцит-гистиоцитті мүшелер мен тіндер зақымдалады.

Этиологиясы мен патогенезі.Бұл ауруды зерттегендердің көбі оны Эпштейн–Бар вирусы қоздырады деп есептейді; ол вирус герпестің вирусы тәрізді. Дегенмен, инфекциялық мононуклеоздың этиологиясы толық анықталды деуге болмайды. Көбіне жасы 2 мен 10-ның арасындағы балалар ауырады (Кисляк Н.С., Ленская Р.В., 1979).

Вирус ауру адамнан немесе тасымалдаушыдан жұғады. Ол ауа-тамшы арқылы, кейде жанаспа және алиментарлық жолдармен де ж±ѓады. Бұл аурудың эпидемиясы кейде балалардың арасында қаулап кетуі мүмкін. Плацента арқылы жұғатыны жайлы деректер де бар; онда жаңа туған нәрестенің денесі сарғаяды.

Вирус жұтқыншақтың ауыз қуысы тұсындағы және тыныс жолының жоғарғы бөліміндегі шырышты қабықшаға кіріп, катарлы қабынуды өрістетіп, қосымша инфекцияға қолайлы жағдай туғызатындықтан, вирус-бактериялық ангина дамиды. Ол жерден вирус лимфа арнасы арқылы лимфалық түйіндерге жетіп, одан гематогендік жолмен бауырға, сүйек кемігіне, талаққа жайылып, гистиоциттер мен монциттерді және лимфоциттерді көбейтеді. Ақырында бұл жасушалар қан арнасына шығып, қанда жалпақ протоплазмалы лимфоциттер деп аталатын атипиялы лимфоциттер мен мононуклеарлар пайда болады.

Атипиялы «жалпақ цитоплазмалы лимфоциттер» - өзгерген Т-лимфоциттер дейтін жорамал бар. Кейбір науқастардағы атипиялы мононуклеарлар қойдың эритроциттерімен әрекеттескенде Т-лимфоциттерге тән розеткалар түзеді және олардың беткейінде иммунды глобулиндер болмайды. Бұл да Т-лимфоцитердің популяциясына тән қасиет.

Инфекциялық мононуклеоздың қалыпты және атипиялы нысандары бар. Олар өз ретінде жеңіл, орташа және ауыр әсерлі болады. Емшектегі балаларда бұл ауру көбіне ауыр әсерлі болып, гепатоспленомегалия, нейтропения, тромбоцитопения байқалады, ОЖЖ зақымдалады. Тонзиллофарингит пен тыныс жолдарында обструкциялы синдром жиі дамиды. Аурудың атипиялы нысанында осы ауруға тән симптомдар – ангина, дене қызуының көтерілуі, бөртпелер болмайды. Инфекциялық мононуклеоздың атипиялы нысандары ішкі мүшелер басым зақымдалатын және ОЖЖ басым зақымдалатын нысандарѓа жіктеледі.

Патологиялық анатомиясы.Науқастар инфекциялық мононуклеоздан сирек өледі, сондықтан оның патоморфологиялық бейнесі операция жасап алынған бадамша бездер мен оның биопатын зерттеу арқылы пайымдалған.

Макробейнесін зерттегенде бүкіл лимфалық түйіндер мен талақ және бауырдың ұлғайғаны байқалады, жұтқыншақ сақинасының тіні су сіңіп ісіініп, ісініп, ангина дамиды, кейде геморрагиялы диатез орын алады. Лимфалық түйіндер жұмсақ әрі серпімді болып, кескенде тіні сарғыштау немесе бозғылт қызыл реңді келеді, кейбір жерлерінен ақшылдау сарғыш некрозды ошақтар байқалады. Бадамша мен жұтқыншақ сақинасының тіні су сіңіп ісініп, қан толып, ұлғаяды, кейде фибринді қабыршық басып, некроз шарпиды немесе ойық жаралар пайда болады. Талақ ұлғайып, қабығы керіледі, тіні қоңыр-қызғыл түсті болып, пуьпасынан мол қырынды алынады. Бауыр тініне қан толып, ұлғаяды, кейде сарғыш тартады, бөлікшелерінің бейнесі айқындала түседі. Тері үнемі бөрте қоймайды; бөртсе, скарлатинадағыдай немесе қызылшадағыдай, немесе геморрагиялы бөртпелер қалыптасады. Лимфалаық түйіндердің микроқұрылымы µзгереді. Түйіннің тінін макрофагтар мен атипиялы лимфоциттер жайлайды. Кейде көпядролы алып жасушалар ұшырасады. Мононуклеарлар лимфалық түйіндердің қабығы мен төңірегіндегі клетчаткаға да жайылады. Некрозды ошақтар ұшырасады.

Бадамша бездер мен талақ та тап осылай өзгереді.

Басқа инфекция қосылса, бадамша безді некроз шарпып, эпителийі сыдырылып, ойық жаралар пайда болады, лейкоциттер жайлайды. Осы бездің төңірегінде, сілекей бездердің интерстицийінде, жұтқыншақтың сақинасы мен қабырғасына да мононуклеарлар жиналады.

Талақтың тіні су сіңіп ісінеді, қабығын мононуклеарлар жайлап, кейде жыртып жіберіп, құрсақ қуысына қан кетіп, науқас өлімге ұшырайды.

Сүйек кемігінен көбейген лимфоциттер мен моноциттер шоғырын көреміз.

Инфекциялық мононуклеозға тән өзгерістер, әсіресе, бауырда өрістейді. Лимфоциттер мен плазмоциттер, ірі мононуклеарлар қақпалық жолда, бауыр бөлікшелерінің ішінде көлемі үлкендеу инфильтраттар түзеді, бірақ бөлікшелердің қалыпты құрылысын бүлдірмейді. Гепатоциттер шамалап дистрофияға ұшырап, кейде холестаз дамиды, некрозды ошақтар сирек байқалады. Бұл өзгерістер бірен-саран жағдайда ғана бауыр циррозына ұласады. Мононуклеарлар кейде өкпені, эндокард пен перикардты, миокардтың интерстицийін, бүйректі, ұйқы безін, асқрыту жолының шырышты қабықшасын, көлденең жолақты бұлшықеттер мен теріні де, эндокриндік бездерді де жайлайды.

Жүйке жүйесінде менингэнцефалит пен полирадикулиневрит дамиды. Менингэнцефалит дамыса, мидағы тамырлардың төңірегіндегі тін мен мидың жұмсақ қабықшалары қан кернеп, су сіңіп ісінеді, онда лимфоциттер мен гистиоциттер және мононуклеарлар көбейеді, тамырлардың төңірегінде қанды дақтар пайда болады.

Өлімнің себептері.Инфекциялық мононуклеозбен сырќаттар көбіне талағы жыртылып немесе полирадикулиттен өршіген салданудың зардабынан перифериялық тынысалу әрекеті тоқтап, немесе геморрагиялы диатез бен қосымша инфекциядан өледі.



Просмотров 1959

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!