![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Бала жолдасының жүктілік мерзіміне сәйкес өзгерістері
Бала жолдасы жүктіліктің соңғы кезеңінде, әдетте, түрлі өзгеріске ұшырап, жүктілік өз мерзімінен асып кетсе ғана ауыр зақымдалады. Макробейнесін зерттегенде плацентаның аналық бетінен ақшыл сары түсті некрозды ошақтар мен кальцинозды аймақтарды көреміз. Жүктілік өз мерзімінен асса, аталған ‰дерістер дамып қана қоймай, плацента ағарыңқырап, котиледондары біріге бастайды. Нәрестелік қабық пен кіндік бауына нәрестенің қағы жұғып, сарғаяды, қағанақтағы сұйықтық азайып, ол да сарғыш тартады. Кіндік бауының тіні босаңсып, ирегі кемиді. Микроскоппен зерттегенде байқалатын басты ‰деріс – дистрофия. Ол трофобласт фибриноидтық ісінуге ұшырап, ананың қанынан түкаралық кеңістікке фибрин көп шөксе айқын болады. Дистрофияның салдарынан ананың қаны хорионның түктеріне өтпей қалады. Түк топтары жойылып, плацентада ишемиялық инфаркт қалыптасып, өлексеге кальций тұздары шөгеді. Түктердің стромасында фиброз өрістеп ќан тамырлары шорланады. Ана мен нәресте арасындағы заталмасу ‰дерісін жақсарту үшін компенсациялық мәні бар синцитийлік б‰ршіктер түзіледі. Бұл б‰ршіктер - көбейіп, хорион түктерінің бетіне жайғасқан, ядросы гиперхромды, цитоплазмасы ортақ трофобластылық синцитийлер шоғыры. Түктердің кейбірінде тамыр көбейеді, бұның да компенсациялық мәні бар. Амнионның эпителийін дистрофия шарпып, кейде некрозға ұласады, ал кіндік бауының мукоидты заты азайып, тамыраралық пердесіндегі дәнекер тін қалыңдайды.
Алыптасу кемістіктері Плацентаның қалыптасу кемістіктері бластоциста дұрыс бекімегенде дамып, бластопатияларға жатады. Плацентаның кейде массасы мен көлемі, кескіні дұрыс қалыптаспайды немесе ол жатырдың ќабырѓасынан сыдырылып (бөлініп) қалады. Плацентаның массасы мен көлемдік кемістіктері. Плацента мен нәрестенің қалыпты салмағы белгілі бір шамалыќ ќатнастылыќта болады, ол – плацента-нәрестелік коэффициент деп аталады. Жүктілік қалыпты болса, коэффициент 0,5-0,7 мен 0,1-0,19 аралығынан аспауға тиісті. Сондықтан плацента шала қалыптасса (гипоплазия), нәресте де шала жетіледі. Егіздің сыңары кейде пацентаның оны қоректендіретін бөлімі шала жетілгендіктен өледі. Плацента-нәрестелік коэффициент төмен болса, нәресте, әдетте, гипоксияға ұшырайды. Плацента біркелкі ұлғайса (диффузды гиперплазия), хорионның әр түгінде 4-6 ќан тамырының орнына 25-50, тіпті одан да көп ќан тамыры болады, ангиоматоз байқалып, котиледондар ұлғаяды. Ангиоматоз бен синцитийлік бүршіктер - компенсациялық мәні бар ‰дерістер. Плацентаның массасы өз бөліктері көбейгендіктен ѓана емес, түктері су сіңіп ісініп, стромасында склероз өрістеп, құрамында фибрин көбейгендіктен артады. Бұл ‰дерістер жүкті әйел гемолиздік ауруға, диабетке, жүктілік токсикозына, т.б. сырқаттарға ұшыраса да дамып, көбіне компенсациялық ‰дерістерге қосарланады. Плацента бітімініњ нәрестеге және жүктілік пен туу кезеңдерінің барысына кеселді кемістіктері. Бұл топқа буылтық жиекті плацента (pl.circumvallata) мен кемерлі (pl. marginata) плацента жатады. Олардың этиологиясы әлі белгісіз. Плацента буылтық жиекті болып, бластоцистаның жарты беті ғана бекігенде қалыптасады; нәрестеге әсері ауыр. Микроскопиялық тәсілмен зерттегенде кемерлі плацентаның нәрестелік бетінің жиегінен ақшыл түсті сақина байқалса, буылтық жиекті сақина жалпақтау болып, нәрестелік бетінің жиегі буылтықтанып, дөңестеу келеді. Нәрестелік қабық кемер мен буылтықтың ішкі бетінен басталады. Микроскоппен зерттегенде буылтықтың құрамынан некрозды түктер мен фибрин сіңіп, гиолинозға ұшыраған децидуалық тінді көреміз. Буылтықты плацентадан жүкті кезде қан кетеді, көбінесе нәресте ерте немесе өлі туады. Плацента бітімініњ нәрестеге және жүктілік пен туу кезеңдерінің барысына кеселсіз кемістіктері. Бұл топқа тесік плацента (pl. fenestrata) мен қосбөлікті плацента (pl .bipartiata), т.с.с. жатады. Орны ауғанплацента. Бұл топқа жатыр мойнының ішкі жиегіне жуық (pl. praevia margnalis) немесе орталығында (pl.previa centtalis) жайғасқан плацента жатады. Бластопатияның бұл түрлері бластоциста жатырдың төменгі сегментіне бекігендіктен дамиды. Бластоцистаның бұлай беку себебі белгісіз; көбіне көпұрықты жүктілік пен көп бала туған әйелдерде байқалады. Плацентаның даму орны дұрыс болмаса, оның кескіні де дұрыс қалыптаспайды, сөйтіп, ол көбінесе тесік, қос- және көпбөлікті, ж.б. бітімді келеді. Микроскоппен зерттегенде плацентаның дұрыс жайғаспаған жерлерінен көбіне некрозды және қабынған ошақтарды көреміз. Туу кезеңінде жатырдың мойны ашылып, плацента одан сыдырылып, қан кетеді. Әсіресе, қан плацента жатыр мойнының ортасында жайғасқанда тым көп кетеді, ананың өміріне қауып төніп, нәресте гипоксиядан өледі. Қатерлі патологияның бұл түрі көбіне операция жасауға мәжбүр етеді. Бластоциста жатыр қуысынан басқа жерге бекісе, жатырдан тыс жүктілік дамиды. Дұрыс сыдырылмайтын плацента. Плацента кейде терең бекіп өседі немес ерте сыдырылады. Терең бекіген плацента (pl. accreta). Бластоциста терең (бетінің жартысынан артығына) бекісе, хорионның түктері эндометрийге, тіпті миометрийге дейін жайылады. Көбіне децидуалық тін дұрыс жетілмей қалады. Бұған эндометрит, жатыр қуысын жиі қыру, т.с.с. факторлар себеп болады. Терең бекіген плацента нәресте туылғаннан кейін дұрыс сыдырылмайды, сондықтан жатырдан қан кетіп, операция жасауға, тіпті жатырды алып тастауға (ампутация) мәжбүр етеді. Ерте сыдырылған плацента – баланың орны нәресте туылмай тұрып жатырдан ажырайды. Бұл кемістіктің себебі де әлі белгісіз, көбіне уытты әсерлі жүктілік кезінде байқалады. Плацентаның орталық бөлігі ерте сыдырылса, аналық беті мен жатыр ќабырѓасыныњ арасында гематома пайда болады, ал оның жиегі ерте сыдырылса, жатырдан қан кетеді. Бала жолдасы ерте сыдырылса, нәресте құрсақта гипоксиядан өледі.
![]() |