Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Туу кезеңінің жарақаттары



Туу кезеңінің жарақаты деп – тіндер мен мүшелерде туу кезеңінде механикалық күштің әсерінен туындаған әр түрлі зақымдар аталады. Қазіргі акушерлік (кіндік шешелік) көмек жақсы болғандықтан, туу кезеңінің жарақаттары едәуір азайды.

Этиологиясы мен патогенезі. Туу кезеңінің жарақаттары нәрестенің жағдайымен, жүкті ананың жыныс жолының қалпымен және туу әрекетінің барысымен тығыз байланысты. Нәрестенің жағдайымен байланысты себептер мыналар:

1) шарананыњ тіндеріндегі веналарға қан іркілтетін тума кемістіктер – эмбриопатиялар;

2) геморрагиялы синдром байқалатын фетопатиялар;

3) плацентаның жеткіліксіздігінен шарананыњ гепоксияға ұшырауы;

4) шала туғандық пен кешеуіл туғандық.

Шала туған нәрестенің тіндері де шала жетіледі, сондықтан құрамында эластикалық талшықтар өте аз болады да, жыртылуға бейім келеді. Сол себепті, ќан тамырларының өткізгіштігі де өте жоғары. Жаңа туған, әсіресе шала туған нәрестелердің бауыры толық жетілмейді, бұның салдарынан бауырда түзілетін протромбин мен қанды ұйытатын VII, IX және X факторлар кемиді. Бұл заттар витамин К және Р тапшылығынан да азаюы мүмкін. Шала туған нәрестенің бассүйектері жұмсақтау, сондықтан туу әрекетінің әсерінен олар ішке қарай иіліп, мидың тіндеріне қысым туғызады. Нәресте кешеуіл туса, плацента кері дамып, тіндер гипоксияға ұшырап, бұл да тіндердің оңай жарақаттануына себеп болады.

Жүкті ананың жыныс жолының қалпымен байланысты себептер:

1) туу арнасының ригидтілігі (тым тығыздылығы);

2) шарана өткенде туу арнасының керіліп, кеңеюіне кедергі туғызады;

3) жамбас қисық бітіп, көлемінің өзгеруі (тар жамбас, рахиттік жамбас);

4) туу арнасының ісіктері;

5) қағанақ суының аздығы және қабықшаларының ерте жыртылуы; әдетте, қағанақ суы жыныс жолының тіндерін керіп, нәресте басымен дұрыс қыстырылып, жылжып өтуіне себеп болады.

Туу әрекетінің барысымен байланысты себептер:

1) туу әрекетінің тым екпінді болуы;

2) туу кезеңінің ұзаққа созылуы.

Нәрестенің төбе сүйектерінің жігі бітелмеген, сондықтан туу әрекетінің барысы қалыпты болса, төбе сүйектерінің жиегі айқасып, нәрестенің басы конфигурациясын (пішінін) өзгертіп, біртіндеп туу арнасының көлеміне сәйкестенеді. Бастың пішіні өзгерген кезде ми қабықшаларының синустарындағы қанның ағысы баяулап, веналық қан іркіліп, толғақ басылған сәттерде қанның ағысы қайта қалпына келіп отырады. Егер туу әрекеті тым екпінді болса, қанның ағысы қалпына келіп үлгермейді, қан іркіле түсіп, кейде веналар жыртылып, қан кетеді. Нәрестенің басы жатырдың мойын тұсында ұзақ тұрып қалса, жатырдың баспен түйіскен белдеуіндегі бұлшықеттер жиырылып қысып, веналық қан мида ұзақ уақыт іркіледі. Туу әрекеті тым ұзаққа созылса, бұл өзгерістермен қатар, әдетте, жатыр мен плацентаның арасындағы қанайналымы бұзылып, нәресте гипоксияға ұшырайды.

Патогенезі. Туу кезеңіндегі жарақаттың патогенезі үшін шарананыњ құрсақта гипоксия мен аноксияға ұшырауының үлкен єсері бар. Өйткені, бұл ‰дерістердің салдарынан веналық қан іркіліп, тіндер су сіңіп ісініп, кейде жыртылып, қан құйылады. Дегенмен, «құрсақтағы асфиксия» мен «туу кезеңінің жарақаты» деген ұғымдардың мәнін ажырата білген жөн.

Патологиялық анатомиясы. Туу кезеңінің ісігі шарананыњ бұрынырақ туылатын жерлерінде, яғни төбе мен шүйде тұсының, беттің, құйымшақ пен сыртқы жыныс мүшелерінің жұмсақ тіндерінде қалыптасады. Аталған жерлердің жұмсақ тіндері су сіңіп ісініп, ұсақ дақтар мен қанды ошақтар пайда болады. Ісік 1-2 тәуліктен соң жойылады.

Терінің ұсақ зақымды жерлеріне инфекция түсіп, кейде флегмона дамиды.

Кефалогематома (грекше: kefale – бас) – бассүйегі қабықшасының астына қан құйылуы. Ол көбіне шүйде немесе төбе сүйектерінің сыртқы бетінде қалыптасады; баяу тарап, әдетте беріштеніп, сүйекке айналады (оссификация). Инфекция түсіп, іріңдеген кефалогематомадан кейде іріңді менингит өрістейді.

Ми қабықшаларына қан әр түрлі сипатта құйылады.

Эпидуралық қан кету деп – бассүйектерінің ішкі беті мен мидың қатты қабықшасының арасына қанның жиналуы аталады. Ол бассүйектерінің зақымды жерінде қалыптасып, ауқымды болады, төбе сүйектерінің тұсында сирек байқалады. Оны ішкі кефалогематома деп те атайды.

Субдуралық кеңістікке құйылған қан ми тінінің үстінде жайғасып, көлемді болады; көбіне мишықтың жамылғысы, орақ тәрізді өскін, көлденең және тік синустар, мидың үлкен венасы (Гален венасы) жылтылғанда байқалады.

Лептоменгийлік кеңістікке құйылған қан мидың өрмелі және ќан тамырлы қабықшаларының арасына жиналып, саггитал және көлденең синустарға құйылатын ұсақ веналар жыртылғанда байқалады. Мишықтың жамылғысы жыртылса, қан кейде мидың бағанын түгел қоршайды. Дегенмен, ол әдетте мидың бір жағын ғана зақымдап, асфиксиялық қанды ошақтан көлемдірек болады.

Мишық жамылғысы жыртылса, көбіне өлімге ұшыратады; туу кезеңініњ патологиясы. Бұл патология туу әрекеті қысымынан бастыњ пішіні өзгеріп, мишықтың жамылғы қабаттары біркелкі керілмегендіктен дамиды; қазір сирек байқалатын болды. Мишық жамылғысының кейде бір қабаты, енді бірде, қос қабаты жыртылады, қан мидың шүйде және самай бөлімдеріндегі қатты қабықшаның астына құйылып, ауқымды болады. Нәресте көбіне сопақша миы қысылғандықтан өледі; өйткені, мидағы сұйықтықтың ағысы тежеліп, мидың тіні су сіңіп тым ісінеді.

Бастың сүйектері майысып, жарылып, кейде сынып зақымдалады; акушерлік қысқыш қолданылса, көбіне нәрестенің төбе сүйектері сынады.

Акушерлік көмектің зардабынан омыртқа сүйектері сынса, жұлын жарақаттанады. VI мойын омыртқа бұлшықетпен толық қоршалмаған, сондықтан көбіне жұлынның осы тұсы, кейде басқа да бөлімдері заќымдалады. Қан мидың қатты қабығының астына құйылып, кейін төмен қарай жайылады. Сонымен, бассүйектері мен жұлын жарақаттарының көбі – негізінен акушерлік жарақаттар.

Қаңқа сүйектерінің ішінде жиі сынатыны – бұғана. Әдетте, ол ортаңғы және шеткі үштен бір бөлігінің аралығынан сынады.

Мойын мен иықтағы ж‰йкелік түбірлер жарақаттанған нәрестелердің қолы мен диафрагмасын сал соғады.

Тері шел майының жарақаттары көбіне ірі нәрестелерде байқалады, некрозды ошақтарда липогранулема қалыптасады.

Кеуде-бұғана-үрпі бұлшықеттері үзілсе, нәрестенің мойны қисайып қалады. Микроскоппен зерттегенде бұлшықет шала жетіліп, дәнекер тінді тыртық жайлаған жерлерді көреміз. Бұл зақым пренатустық кезеңде пайда болатын сияқты. Зақымды бұлшықет туу кезеңінде оңай үзіледі.

Құйымшағымен туған нәрестенің кейде сыртқы жыныс мүшелері қанталайды. Ер балалардың өні қанталап, гематоцеле дамиды. Кейде инфекция түсіп, гематоцеле іріңдейді.

Ішкі мүшелердің ішінде ең жиі зақымдалатыны – бауыр мен бүйрекүсті бездері. Бауырдың паренхимасы жыртылып, қабығының астына қан құйылады (субкапсулалық гематома). Гематома жыртылып, іш қуысына қан кетсе, нәресте қансырап өледі. Ұсақтау субкапсулалық гематомалар бауырдың паренхимасы жыртылмай-ақ, нәресте гипоксияға немесе геморрагиялы ауруға шалдыққанда пайда болады. Құйымшағымен келген нәрестені жыныс жолынан суырғанда бауырдың паренхимасы жыртылып, субкапсулалық гематома қалыптасады.

Бүйрекүсті бездері сирек қанталайды. Көбіне бездің сыњары зақымдалады. Қос безге қан, әдетте, туу әрекетінен емес, гипоксиядан кетеді. Бұл зақымның танатогенездік мәні зор. Гематоманың кейбіреуі тым ауқымды болып, безді ауыр зақымдайды. Ізбестеніп, темір тотықты кистаға айналып, беріштенеді; кейде іріңдейді.



Просмотров 3030

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!