Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



АРАПАЙЫМДАР ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР



Токсоплазмоз

Токсоплазмоз- жүре немесе туа пайда болып, ми мен көзді басымырақ зақымдайтын паразиттік ауру; зооноздар тобына жатады. Тума токсоплазмозбен көбінесе жаңа түған және емшектегі сәбилер ауырса, оның жүре болатын нысанымен ересек балалар мен үлкендер сырқаттанады.

Этиологиясыменпатогенезі.Аурутың қоздырушысы - токсоплазма (toxoplasma-грекше: toxson – доға). Ол трипаносомидтерге жататын қарапайым, ені 2-4 мкм, ұзындығы 4-7 мкм, пішіні мандарин бөлікшесі тәрізді. Токсоплазма негізгі иесінің жасушаларында көбейіп, псевдоциста, ал тасымалдаушыда шынайы циста түзеді. Бұл ауру үй және тағы жануарлар мен құстардың біразында байқалады. Адамға көбінесе иттен немесе мысықтан жұғады. Токсоплазма кейде ауру жануарлар және құстармен кәсіби жанасымнан, шала піскен ет немесе шикі жұмыртқа жегенде де жұғады. Несеп, нәжіс, сілекей арқылы, мұрын мен конъюнктивадан бөлінген шырыштан және жануарлардан өндірілген тағам мен өндірістік өнімдер арқылы да жұғуы мүмкін. Плацента арқылы жұғатыны да дәлелденген.

Патогенезі. Тума токсоплазмоздың патогенезі токсоплазманың жұғу көзімен және гематогендік жолмен жайылған мерзімімен тығыз байланысты. Егер токсоплазма эмбрионға жұқса, ауыр ақаулар қалыптасып, ұрық өледі. Токсоплазма фетустық кезеңнің бас кезінде жұқса, мида зақымның ізі қалып, ерте кезеңдік фетопатия орын алады. Инфекция туылу кезінде жұқса, неонатустық кезеңнің ең алғашқы күндерінде-ақ нәресте жалпы инфекциялық ауруға (аурудың жалпы нысанына) ұшырайды.

Токсоплазмоздың көмескі бейнелі немесе жасырын нысанымен ауру, бірақ сырт көзге дені сау сияқты әйелдер өте ауру нәресте тууы мүмкін, сондықтан серологиялық тәсілдермен (токсоплазмамен комплемент байланыстыру, тері сынағын қою; Сейбин-Фельдан бояуын қолдану арқылы) бұл аурудың көмескі бейнелі нысанын дер кезінде анықтаудың маңызы зор. Оның үстіне, кейде жүкті әйелдегі антиденелердің мөлшері эмбрион мен құрсақтағы нәрестені токсоплазмадан қорғап қалу үшін жеткіліксіз болады.

Жүре болатын токсоплазмоз шырышты қабықшалар мен терінің зақымды жері арқылы жұғады. Ас арқылы жұққан цисталар асқорыту жолында еріп, паразит лимфа немесе қан арнасына өтіп, лимфалық түйіндер мен ішкі мүшелерге қоныстап, ол жерлер қабынады, аурудың ағымы латентті болса, паразит тек циста ғана түзеді. Цистатасымалдаушылық көптеген жылдарға созылуы мүмкін.

Патологиялық анатомиясы.Тума токсоплазмозбен ерте кезеңдік фетопатияға ұшырағандардың миында бірқатар тума кемістіктер болады; үлкен ми сыңарлары кішірейіп (микроцнфалия), ми иірімдерінің ұзына бойына ұсақ қуыстар тізбектеледі, ми тінінің зақымды жерлері тығыз (глиоз) және сарғыштау (кальциноз) келеді. Кейде гидроцефалия байқалып, ол тым меңдеп кетсе, қарыншасын лайсаң сұйықтық кернеп, үлкен ми сыңарлары жұқа қабықты қуысқа айналады.

Мидың тінін микроскоппен зерттегенде ішіне жұмыр түйіршіктер жиналған қуыстар байқалады, олардың арасындағы тінде талшықты глия көбейеді, тозаң тәрізді кальцинозды ошақтар қалыптасып, шар тәрізді цисталар болады. Микроцефалия орын алып, көздің бұршағы бұлыңғыр тартады (катаракта), торлы және тамырлы қабықшалардың кей жерлерінде кальциноз дамиды.

Соңғы кезеңдік фетопатия кезінде мида некрозды және кальцинозды ошақтар қалыптасып, олардың маңынан псевдоцисталар мен жалаң паразиттер ұшырасыды. Мидың қыртысы, оның асты мен ми бағаны поролиферациялы қабынып, тіні толық зақымдалады, миненгит, эпендиматит дамып, едәуір көлемді гидроцефалия жиі байқалады, кейде көлемі үлкен қанды ошақтар болады. Көздің торлы және тамырлы қабықшалары да тап ми тінінендей өзгеріп, псевдоцисталар түзіледі, пролиферациялы-некрозды ретинит пен увеит дамиды.

Жаңа туған нәрестелер мен емшектегі сәбилер токсоплазмоздың жалпы нысанымен сырқаттанса, ми зақымдалып, гепатомегалия мен спленомегалия дамып, дене сарғаяды, ішекте ойық жаралар қалыптасып, миокардит пен интерстицийлік пневмония өрістейді. Микроскоппен зерттегенде бауыр мен талақта миелоэритробласттық жауап өрістегені байқалады. Бауырда, миокардта, бүйрек пен ішкі секреция бездерінде некроз бен кальциноз дамып, лимфоциттер мен гистиоциттер, эозинофилдер және псевдоцисталар шашырай немесе шектеле жайғасады. Бауырда холестаз да көрініс береді. Токсоплазмоздың жалпы (висцералдық) нысанымен сырқаттардың кейбіреуінің миы зақымдалмайды.

Жүре болған токсоплазмозбен сыраттардың организмінде токсоплазманың кірген жері зақымдалмайды. Паразит лимфагендік жолмен жайылса, аурудың жеңілдеу нысаны дамып, көбіне шүйде мен мойындағы лимфалық түйіндер зақымдалады. Егер ол гематогендік жолмен жайылса, ауыр әсерлі жалпы немесе летентті токсоплазмоз дамиды. Жалпы токсоплазмозбен сырқаттардың миы мен ішкі мүшелері зақымдалып, денесі бөртеді. Паразит құрсақтағы нәрестеге көбіне латентті токсоплазмозбен сырқаттардан жұғады, сондықтан аурудың бұл нысанынің жұғу көзі ретіндегі маңызы зор.

Лимфалық түйіндердің биоптаттарынан диффузды гиперплазия байқалып, гистиоциттер мен плазмоциттерден және бірен-саран эозинофилдер мен көпядролы алып макрофагтардан гранулемалар қалыптасады; некрозды ошақтар аз болады. Диагноз қою үшін лимфалық түйіндерден токсоплазма табылуы шарт.

Ішкі мүшелерс мен мида кариорексисті ұсақ некроз ошақтары, пролиферациялы васкулит, интерстицийлік пневмония орын алады. Менингэнцефалит еш уақытта тума токсоплазмоздағыдай ауыр әсерлі болмайды. Жаңа зақымдалған жерлерде псевдоцистаға айналған бұлшықет, бауыр және жүйке жасушалары мен басқа да жасушалар, жалаң паразиттер болады. Аурудың латентті нысанында тіндерде паразитке қарсы жауап өрістемейді, мүшелерден тек қана цисталар табылады.

Асқыну зардаптары.Тума токсоплазмоз ми мен көзді зақымдайды, сондықтан науқас қатты жүдеп, сал ауруына ұшырайды, ой-өрісі кеміс болып, көзі көрмей қалады. Басқа инфекция қосылса, іріңді менингэнцефалит пен пиоцефалия дамиды.

Науқас, әдетте, миындағы зақым меңдегендіктен өледі. Жүре болған токсоплазмоздың жалпы нысаны да кейде өлімге ұшыратады.

 

 

БАЛАЛАР ІСІКТЕРІ

Ісіктердің өсуіне адамның жас шамасының да әсері бар, сондықтан балалар ісіктерін үлкендердің ісіктерімен салыстырсақ бірқатар ерекшеліктер байқалады.

Бірінші ерекшелігі - олар көбінесе эмбрионның құрсақта даму кезеңінде дұрыс қалыптаспаған мүшелері мен тіндерінен туындайды. Басқаша айтсақ, балалар ісіктерінің басым көпшілігі даму барысы ұрықтық деңгейде тоқтап, өз орнында жайғаспай қалған, яғни дистопиялы тіндерден өрбиді. Эмбриондық тіндерден дамыған ісіктер - дизонтогенездік (тератоидтық) ісіктер деп аталады.

Тератома (грекше: teratos - кемтар) - эмбрионның жетілмеген жасушаларынан туындайтын ісік. Бұл ісік жыныс бездері құрсақта түзілген кезде қалыпты орнынан тайған (миграциясы бұзылған) жыныстық жасушалардан дамиды. Морфогенезі ұрықтың қай даму кезеңінде бұзылса да, тіндік бастама төңірегіндегі өскелең тіндермен байланысын жоғалтып, қалыпты жағдайда тіндердің үйлесімді әрі бір қалыпты өсуін реттейтін гуморальдық және рефлекторлық механизмдердің әсерінен айрылады. Сөйтіп, орнынан тайған тіндік бастама реттегіш әсерден шеттеліп, едәуір дербестік байқалтады. Бұл шынайы ісіктің қалыптаса бастауына негіз болатын сияқты.

Тератоидтық дизонтогенездік ісіктер үлкендерде сирек кездесіп, балалар ісіктерінің басым көбін құрайды.

Екінші ерекшелігі - қатерсіз ісіктер балаларда ересектерден жиірек, ал ересектерде қатерлі ісіктер жиі байқалатыны белгілі.

Қатерлі ісіктерден балаларда ең жиісі - терінің ісіктері, әсіресе, ангиомалар мен невустар.

Үшінші ерекшелігі - балаларда қатерлі ісіктер тобынан саркома жиі, ал карцинома (рак) өте сирек; ересектерде, керісінше, рак өте жиі дамиды.

Балалық шақтағы саркомалардың ішінде лимфо- және остеосаркосмалардың үлесі басым. Балалардың карциномасы көбіне сыртқы ортамен шектеспейтін мүшелер мен қалқанша без, бүйрекүсті және жыныс бездері сияқты эндокриндік бездерде дамиды. Асқазан карциномасы жасы 10-11-лер шамасындағы балаларда ғана және өте сирек ұшырасады. Бұл жағдайды пайымдайтын пікір бойынша, плацентадан қан ағысына өткен канцерогенді заттар ең алдымен мезенхимадан өрбитін тіндерге, яғни мүшелердің тамырлары мен стромасына және эндокриндік бездерге, миға, ішкі мүшелерге әсер етеді.

Төртінші ерекшелігі - балалардың қатерлі ісіктерінің даму барысы, ересектердіњ қатерлі ісіктеріне қарағанда өзгешелеу. Балалардың ішкі мүшелеріндегі қатерлі ісіктер (эмбриондық нефрома мен гепатома) қатерсіз ісік сияқты ұзақ уақыт экспансивті өсіп, көпке дейін метастаз жаймайды. Ал, балалардың ангиома сияқты, кейбір қатерсіз ісіктері инфильтрациялы өседі. Үлкендерде еш уақытты байқалмайтын, балаларға ғана тән ғажайып құбылыс - қатерлі ісіктің (мысалы, нейробластоманың) қатерсіз ісікке (ганглионевромаға) айналуы; бұл құбылыс ісіктің реверсиясы (кері дамуы) деп аталады. Қатерлі ісіктердің көбі 6 жасқа дейін байқалады. Әсіресе, 3-5 жастағыларда жиірек дамиды, бұл канцерогендердің құрсақтағы нәрестеге әсерінің дәлелі.

Классификациясы.Балалар ісіктерінің басым көбі дизонтогенездік сипатта дамтындықтан, оларды жіктеу қиын. Оның үстіне, баладағы ісіктің белгілі бір нысанының құрамында гистогенезі әр түрлі тіндер болады және ісіктің эмбриондық сипаты, оның қай тіннен өрбігенін анықтауды қиындата түседі. Сондықтан балалар ісіктерінің барлығын үлкендердің ісіктеріндей гистогенездік тұрғыдван жіктеу мүмкін емес. Дегенмен, онтогенездік тұрғыдан, балалар ісіктерін 3 негізгі типке жіктеуге болады.

Ісіктердің І типіне тератомалар, яғни тератоидтық дизонтогенездік ісіктер жатады. Қазір тератомалардың даму себебі урогениталдық жотаның құйрық жақтағы ұшы қалыптасқан кезде ұрықтағы жыныстық жасушалар қалыпты орнынан таюымен байланысты деп пайымдалады. Тератома осы жотаның құйрық жақтағы ұшынан жетілмей бөлініп, ұзақ сақталған (персистенциялы) жыныстық жасушалардан туындайды.

Гистологиялық құрылысы тұрғысынан, тератомалар гистиоидтық, органоидтық және орнанизмоидтық түрлерге жіктеледі («Ісікті» қара). Олар және эмбриобластылық элементтерден енетін - эмбриондық тератомаға, трофобластылық элементтерден енетін-экстарэмбриондық тератомаға бөлінеді.

Эмбриондық және экстраэмбриондық тератомалардың жетілген және жетілмеген -тератобластома деп аталатын түрлері болады.

Жетілген тератомалардың тіні оның иесінің тінімен синхронды (бір мезгілде) жетіледі. Мысалы, нәрестенің тератомасындағы тіндердің жетілу деңгейі оның құрсақта даму мерзіміне сәйкес болады да, нәресте туар кезде толық жетіліп үлгереді. Сондықтан жетілген тератомада толық дербестік байқалмайды және олар өршіп дами қоймайды. Бұл - жетілген тератомалардың шынайы қатерлі ісктерден айырмашылығы. Ал тератобластомалардың құрамында жетілмеген, көбіне экстраэмбриондық тіндер болады, сондықтан олар өрши дамып, метастаз жаяды - шынайы қатерлі ісіктер.

Гистиоидтық тератома гамартома деп те аталып, қатерлі болса, гамартобластома деп аталады. Гамартома (грекше: hamarta – қате ) - эмбриондық тіндерден өрбитін ісік; ол иесінің тініндей жіктеле жетіліп үлгермей, тоқтап қалып, біркелкі өспей, тым артық өнген тіндер кешенінен (мысалы, артық өнген қан тамырларынан) дамиды. Балалар гамартомаларына ангиомалар, невустар, ішкі мүшелердің эмбриондық ісіктері, мезодермалық және мезенхималық тіндердің қатерсіз және қатерлі ісіктері жатады. Гамартомалар тобы сондай-ақ дер кезінде кері дамымай қалып қойған эмбриондық кезеңдегі мүшелердің (мысалы, жоталық хорданың, желбезектік доғаның, гипофиз жолының, т.б.) қалдығынан - прогономалардан –туындайтын ісіктерді де қамтиды.

Ісіктердің ІІ типіне қалыпты даму барысында ОЖЖ-де, симпатикалық ганглийлерде және бүйрекүсті бездерінде қалып қойған эмбриондық тіндердің камбийінен дамитын ісіктер жатады. Мысалы, жетілмеген осындай камбийлық бастама мидағы эпендиманың астында 1 жасқа толмаған сәбиде сақталып, ол 1-ге толғанша біртіндеп жойылады. Өсіп, жетілу мүмкіндігі мол эмбриондық жасушалар симпатогонийлер түзіп, бүйрекүсті безінің милық қабатында 10-11 жасқа дейін сақталады. ІІ типке жататын ісіктердің бір ерекшелігі - олар, әдетте, белгілі бір жас шамасындағы балаларда байқалады. Әйтсе де, бұл ісіктерді гамартомалардан толық ажыратып алу мүмкін емес, сондықтан ісіктердің бұл типін жеке топқа жіктеудің өзі де едәуір шартты. Дегенмен, ісіктердің ІІ типіне медуллобластоманы, рентинобластоманы, нейробластоманы жатқызуға болады.

Ісіктердің ІІІ типіне ересектер ісіктері типтес ісіктер жатады. Бұл ісктердің көбі мезенхимадан өнетіндіктен, балаларда көбінесе гемобластоздар, остеогендік және жұмсақ тіндердің мезенхималық ісіктері кездеседі. Эпителийдің қатерсіз ісіктері - папиломалар мен полиптер балаларда сиректеу ұшырасады. Балаларда эпителийлік қатерлі ісік (рак - карцинома) сирек дамып, әдетте, ішкі секреция бездері мен жыныс мүшелерінде ғана байқалады.

 

 

ДИЗОНТОГЕНЕЗДІК ІСІКТЕР



Просмотров 1678

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!