![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Ақуыз – пептидті құрылымды гормондар
1.Гипофиз гормондарының препараттары(кортикотропин, соматотропин, окситоцин, питуитрин). Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының ішкі секреция бездерінің қызметіне әсері. Гонадотропты және лактогенді гормондар препараттары. Қолданылу көрсетімдері. 2.Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының антагонисттері. Бромокриптин, оның пролактин мен соматотропиннің түзілуіне әсері. Қолданылуы. Жанама әсерлері. 3.Интермедин, оның тор қабықтың сезімтал жасушаларына әсері. Қолданылуы. 4.Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Окситоциннің миометрийдің тонусына әсері. Вазопрессиннің антидиуретикалық қасиеттері, ішектер мен тамырлардың тонусына әсері. Питутрин мен адиурекриннің әсер ету ерекшеліктері, қолданылуы. 5.Қалқанша безі гормондарының препараттары және антитиреоидты заттар (тироксин (Т4), лиотиронин (Т3), тиреокомб, метимазол (мерказолил)). 6.Тироксин мен трийодтирониннің зат алмасуына әсері, қолданылуы. Кальцитониннің физиологиялық маңызы және қолданылуы. Кальцитрин, оның клиникалық тәжірибеде қолданылуы. 7.Антитиреоидты заттар. Мерказолилдің фармакодинамикасы, қолданылу көрсетімдері. Калий перхлоратының, йод препараттарының антитиреоидты әсерінің механизмі.Тиреоидты және антитиреоидты заттардың жанама әсерлері.Балаларды емдеуде қолданылу ерекшеліктері.
5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: · оқытылатын препараттарға рецепттер жазу · Қалқанша безінің қызметі жоғарылауын және төмендеуін тиімді емдеу жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу · дискуссия ־ ауызша талдау · тест тапсырмаларын орындау · кіші топтарда жұмыс істеу · РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау · Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру:
Тироксиннің әсер ету механизмі Кесте 1
Мерказолилдің әсер ету механизмі Кесте 2
6.Әдебиет: Негізгі: 1.Харкевич Д.А. Фармакология: ОқулықАлматы. «Эверо». 2009.- 605 бет. 2.С.Б. Сламжанова «Жалпы рецептура» : - Алматы. «Эверо». 2009.- 112 бет. Қосымша: 1.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2010- 486с. 2.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008. -591 с. 3.Аляутдин Р.Н. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2009- 391с. 4.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 2007, т. 1 . 5.Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: медицина, 2009, 528с. 6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2011.-1206 с. 7. БАҚЫЛАУ: І. Білімнің бастапқы деңгейін Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтыңМАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекітубөлімін қараңыз). Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар: І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ: 1.Тироксиннің солдық изомері. 2.Қалқанша безінің табиғи гормонының синтетикалық баламасы. 3.Қалқанша безінің қызметі бұзылғанда қолданылатын үйлесімді препарат. 4.Синтетикалық антитиреоидты зат. II. СИПАТТАУ: 1.Мерказолилдің әсер ету механизмі. 2.Тироксиннің әсер ету механизмі.
ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ Кафедра: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ІІІ курсы Тақырып: «Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларын микробтарға қарсы емдеу»
Құрастырушы: Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті, м.ғ.к., __________________Сеилханов С.К.
Қазақ тіліне аударған: Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.
Семей – 2009 ж.
1.ТАҚЫРЫП:«Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларын микробтарға қарсы емдеу» 2.МАҚСАТЫ: Үйрету: · тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу · тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда · оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау. · оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау · сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау · патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру 3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Студент білуі тиіс: · оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары · оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі · оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері · оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою Студент істей алуы тиіс: · оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу: бензилпенициллин, амидинопенициллиндер, цефотаксим, эритромицин, азитромицин, офлоксацин, ципрофлоксацин, налидикс қышқылы, нитроксолин, уросульфан, этазол, бисептол. · дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу · оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу · оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау · оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу · жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру · ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру · алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану
4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ: 1.Зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың жіктелуі. 2.Бета-лактамды антибиотиктер, олардың зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде артықшылықтары мен кемшіліктері. Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері. 3.Макролидті антибиотиктер, олардың зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде артықшылықтары мен кемшіліктері. Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері. 4.Сульфаниламидтер, олардың зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде артықшылықтары мен кемшіліктері. Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері. 5.Хинолин мен хинолон туындылары, олардың зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде артықшылықтары мен кемшіліктері. Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері. 6.Фторхинолондар, олардың зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде артықшылықтары мен кемшіліктері. Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері.
5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: · зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларын микробтарға қарсы емдеуде қолданылатын препараттарға рецептер жазу · зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларын микробтарға қарсы тиімді емдеу жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу · дискуссия ־ ауызша талдау · тест тапсырмаларын орындау · кіші топтарда жұмыс істеу · РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау · Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру:
![]() |