Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Курстық жобаның мазмұны мен құрылысы



«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінен орындалатын курстық жоба келесілерден тұрады:

- түсіндірме жазба

- графикалық бөлім

Курстық жобаның көлемі, ережеге сай, 30-35 бетті құрауы тиіс. Қосымшалар курстық жобаның көрсетілген көлеміне кірмейді.

Курстық жобаның құрылыстық элементтеріне келесілер жатады:

- титул беті

- курстық жобаны орындауға тапсырма

- мазмұны

- кіріспе

- негізгі бөлім

- қорытынды

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі

- қосымшалар

Титул беті курстық жобаның бірінші беті және құжатты іздеуге және өңдеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады.

Титул бетінде келесі мәліметтер келтіріледі:

- курстық жоба орындалған ұйымның атауы

- курстық жоба орындалған кафедраның атауы

- курстық жоба тақырыбы, «тақырыбы: ... » деп көрсетілген

- мамандықтың атауы мен шифры

- сол жақта – «орындаған» деген сөз, оған қарама-қарсы оң жақта студенттің фамилиясы толық, аты мен әкесінің атының бас әріптері

- бір жол тастап «жетекші» деген сөз, оған қарама-қарсы оң жақта жетекшінің фамилиясы толық, аты мен әкесінің атының бас әріптері, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі және т.б. атақтары

- курстық жоба орындалған қала және жылы

Титулдық бетті безендіру мысалы көрсетілген (қосымша А).

Курстық жобаны орындауға берілетін тапсырмада бастапқы шикізаттың, материалдар мен бастапқы көздердің сипаттамалары, студент қарастыруға тиісті сұрақтардың тізімі, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі, графикалық материалдардың тізімі (технологиялық сызба, аппараттар мен құрал-жабдықтар, т.б.) көрсетіледі (қосымша В).

Курстық жобаны орындауға берілетін тапсырманыкафедра меңгерушісі, жұмысты аяқтау уақытын көрсетіп, бекітеді. Курстық жобаны орындауға берілген тапсырма курстық жобаның түсіндірме жазбасына тігіледі. Жұмыс кестесі, жеке бөлімдерді орындау реті көрсетіліп, толық мерзімге құрастырылады және курстық жобаның жетекшісімен келісіледі.

Курстық жобаның мазмұны кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, атаулары келтірілген қосымшалар басталатын беттің нөмірі, реттік сандары мен атауларынан тұрады.

Кіріспеде курстық жоба тақырыбының өзектілігі, практикалық маңызы, жобаланатын процестің жаңа заманғы жағдайына баға беру, сондай-ақ, курстық жобаның мақсаты мен міндеттері көрсетілуі керек.

Кіріспенің мазмұны курстық жобаның тақырыбына сәйкес химиялық өндіріс саласының ағындағы және алға қойылған даму міндеттерімен анықталады. Мұның барлығы, қоршаған ортаны қорғау және бағалы компоненттерді максималды өндіру мақсатында шикізатты комплексті қолданумен байланысты, ауқымды мәселелерді шешумен тіркесу тиіс.

Курстық жобаның негізгі бөлімінде жасалған жұмыстың мәні, мазмұны, әдістемесі және негізгі нәтижелері келтіріледі.

Курстық жобаның негізгі бөлімі, ережеге сай, бөлімдер мен бөлімшелерге (тармақтар мен тармақшаларға) бөлінеді:

- шикізатты өңдеу технологиялық процесінің сипаттамасы (көмірсутекті шикізаттың қысқаша сипаттамасы, оны дайындау немесе өңдеу процесінің маңызы мен мақсаттылығы; процестің физикалық негізі; оны жүзеге асыру тәсілдері);

- қондырғының технологиялық сызбасы және оның сипаттамасы (қондырғының принципиалды сызбасы және позициясы (аппарат нөмірі) көрсетілген оның суреттемесі келтірілуі тиіс).

Сызбада барлық ағындардың бағытын, олардың шығындарының, температурасының және т.б. параметрлерінің мәнін көрсететін бағыттауыштар (стрелка) қойылады:

- негізгі аппарат, оның тораптары мен бөлшектерінің сызбаларының сипаттамалары (технологиялық процестің негізгі және қосымша құрал-жабдықтарының (аппараттарының) орналасу жоспары және оларды таңдау; қондырғының негізгі аппаратының конструкциондық тораптары мен бөлшектері; процесс технологиясына байланысты аппараттың конструкциондық материалын таңдау);

- қондырғының негізгі аппаратының технологиялық есебі (жобаның бұл бөлімшесінің міндеті аппараттың негізгі өлшемдерін (диаметрін, биіктігін және т.б.) есептеу).

Технологиялық есептеулерді жүргізу үшін алдын-ала анықтамалардан өңделетін заттың физика-химиялық қасиеттерін (тығыздық, тұтқырлық және т.б.) табу, материалдық және жылулық баланстар құру қажет.

Содан соң, әдебиет деректерін талдау және есептеуге арналған кепілдемелік құралдар негізінде аппараттардың өлшемдерін есептеу әдістемесі таңдалады.

Бұл бөлімге, сондай-ақ, мақсаты гидравликалық кедергіні анықтау болып табылатын, аппараттардың гидравликалық есебі жатады. Бөлімде, сонымен қатар, аппараттардың жылулық изоляциясының қалыңдығы есептеледі.

Қорытынды курстық жобалаудың нәтижелерінің қысқаша тұжырымдарынан тұруы, қойылған міндеттердің шешімінің толықтығын бағалауы, жобаланған процесс бойынша нақты кепілдемелер беруі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі техникалық құжаттарға қойылатын белгіленгенталаптарға сай безендіріледі.

Түсіндірме жазбаны құрастырғанда пайдаланылған әдебиеткөздері мәтіндегі сілтемелердің жасалу реті бойынша орналасуы керек. Кітаптар туралы мәлімет келесілерден тұруы тиіс: автордың тегі және аты-жөні, кітаптың аты, басылым орны, баспа, басылу жылы, беттер саны.

 

Мысалы:

1 Бишімбаева Г.Қ. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы /Г.Қ.Бишімбаева, А.Е. Букетова – Алматы : Бастау, 2007. – 242 б.

2 Суербаев Х.А. Мұнай мен газды өңдеудің термиялық және каталитикалық процесстері /Х.А.Суербаев – Алматы : ҚазақМУ, 2009. – 170 б.

3 Омаралиев Т.О. Мұнай мен газдан отын өндіру арнайы технологиясы /Т.О.Омаралиев – Астана : Фолиант, 2005. – 360 б.

Мақалалар туралы мәлімет келесілерден тұруы тиіс: автордың тегі және аты-жөні, мақаланың атауы, журналдың аты, сериясы, шыққан жылы, журналдың томы, журналдың нөмірі, беттері.

 

Мысалы:

1 Жумабаев Т. Экологиялық қасиеттері жақсартылған мұнай өнімдерін өндіру /Хабаршы, 2010. - № 6. - С. 391 - 393.

Қосымшалар курстық жобаны орындауға байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіреді.

Негізгі бөлімге енгізілгенде мәтінге тосқауыл болатын қосымша материалдардан тұрады. Оларға: кестелер; аралық математикалық теңдіктер және есептеулер; аппараттар мен құралдардың сипаттамалары: сызбалар, графиктер, диаграммалар; технологиялық сызбалардың және жеке аппараттардың суреттемелері.

 



Просмотров 2318

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!