Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Курстық жобаны орындау тәртібі мен кестесі



1 Негізгі бөлімге материалдар жинақтау 1-3 апта

2 Технологиялық есептеулерді жүргізу 4-7 апта

3 Қондырғының технологиялық сызбасын орындау 8, 9 апта

4 Аппараттың, тораптары мен бөлшектерінің сызбасын орындау 9-11 апта

5 Курстық жобаны қорғауға рұқсат алу 12 апта

6 Курстық жобаны қорғау 13-14 апта

 

Курстық жобаны қорғау тәртібі және баға қою саясаты

Жобалауға берілген тапсырманы белгіленген көлемде орындаған және нұсқаудың талаптарына сәйкес безендірген студент жобаны қорғауға жіберіледі. Қорғауға жіберілген студенттің курстық жобасының түсіндірме жазбасында және барлық сызбаларында жетекшінің қолы болуы керек.

Курстық жоба емтихан сессиясы басталмас бұрын қорғалауы қажет және сол пәннен емтиханға жіберілуге негіз болады.

Курстық жобаны, құрамында үш адамнан кем емес және жобалау кезінде студентке кеңес берген оқытушының (жетекші) қатысуымен құрылған, комиссия қабылдайды. Қорғауды тыңдауға қалауы бойынша барлық студенттер қатысуға болады.

Студент процесс технологиясын таңдаудың, аппаратураның есептелуі мен құрастырылуының негізгі сұрақтары қамтылған 5-7 минутқа созылатын баяндама жасайды. Баяндама аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері курстық жобаның тақырыбы бойынша студентке сұрақтар қояды.

Курстық жобаны қорғау нәтижелеріне балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Бұл кезде студенттің теориялық және практикалық дайындық деңгейі, түсіндірме жазбаны және технологиялық есептеулерді безендіру сапасы, жобаның графикалық бөлімінің орындалу сапасы, баяндама және қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейі ескеріледі (1-кесте).

Қорғаудан кейін комиссия мүшелері түсіндірме жазбаның титул бетіне бағасын, қорғалған күнін және қолдарын қояды.

Курстық жобаның бағасы пән бойынша жіберілу рейтингісін есептегенде ескеріледі және жеке балдық-рейтингілік жүйемен қойылады (2-кесте).

 

Кесте 1 - Курстық жобаны дайындау және қорғауға баллдың жіктелінуі

 

Компоненттердің баллмен жіктелінуі Баллдар саны
Курстық жобаны жазу (орындау) 30-60
Курстық жобаны қорғау 20-40
Барлығы: 50-100

 

Кесте 2 - Баға қою саясаты

 

Әріп баламасы Сандық бағалау Пайыздық мөлшері, % Мәні
А 4,00 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Студенттің өзіндік жұмысы

 

Тапсырма 1

Нұсқада көрсетілген процестің реакторының (аппаратының) типін негіздеу және таңдау, оның сызбасын келтіру, конструкциясын, дайындау материалын және есептеу әдістемесін сипаттау.

Нұсқаны таңдау оқытушының тапсырмасымен орындалады.

Процесс немесе торап
Изопропилбензол гидрототығының ыдырауы
Ксилолдарды бөлу
Бензолды хлорлау
Этилбензолды дегидрлеу
Изопропилбензолды дегидрлеу
С1 - С6 парафинді көмірсутектерді бөлу
Этиленді жұқа тазалау
Изопреннің бөлінуі
Фенол мен ацетон алу процесінде изопропилбензол гидрототығының ыдырауы
Реактордағы жылуалмасумен қарастырғанда, ванадилі катализатордың бекітілген қабатында ортоксилолдың фтальді ангидридке тотығуы
573 К и 8 МПа жағдайда фосфорқышқылдық катализаторда этиленнің тура гидротациясы
843 К және 0,15 МПа жағдайда қозғалыстағы окисті-металдық катализаторда бутанды бутиленге дегидрлеу
Циклогексанолды цинк-хромды катализаторда дегидрлеу
Бензолды гидрлеу
Бутилендерді дегидрлеу
Циклогександы тотықтыру
Этиленді тотықтыру арқылы ацетальдегидті синтездеу
Пропанды пиролиздеу
н-пентанның изомеризациясы
Бутан-бутиленді фракцияны алкилдеу
Пропан-пропиленді фракцияның полимеризациясы
Этиленді гидрохлорлау
Дизельдік отынды гидротазалау
Бензин фракциясын каталитикалық риформингілеу
Вакуумдық газойльдің каталитикалық крекингі

Тапсырма 2

Мұнай химия синтезінің келесі процестерінің бірінің материалдық балансын (берілген технологиялық көрсеткіштер бойынша) немесе технологиялық көрсеткіштерін (конверсия, өнімнің шығымы, өнімнің берілген құрамы бойынша талғағыштық (селективтілік)) есептеу:

Процесс немесе торап
1 т фенолды өндіру үшін, егер бензолдан теориялықтан 90%, ал фенолдан 93% изопропилбензол шығарылса, крекинг газдарының бензол және пропан-пропиленді фракциясының (30% көлемдік пропилен, 70% көлемдік пропан) шығымын есептеу. Молекулалық масса: бензол – 78, пропилен – 42, пропан – 44, фенол - 94
Этиленді тотықтыру синтезінің реакторы арқылы 1000 кг этиленді ауаның көп мөлшерлі қоспасымен өткізгенде реакция өнімдерінде 377 кг этилен оксиді және 503 кг көміртегінің қос тотығы болады. Этиленнің консерсиясын, этилен оксидінің шығымын және процестің талғағыштығын (селективтілігін) анықтау
Процестің теңдеуі төмендегідей болғанда, реагенттердің конверсия дәрежесін анықтау: 25СН2=СН2 + 16Н2О → С2Н5ОН + 24СН2=СН2 + 15Н2О
Пиролизге 1500 м3 метанды ұшыратқан. Метанның конверсия дәрежесі 60%, пиролиз өнімдеріндегі ацетиленнің массасы 400 кг құрайды. Процестің селективтілігін анықтау
Этиленді гидрохлорлау арқылы алынған этилхлоридтің шығымы теориялықтан 90% құрайды. Егер ондағы этиленнің көлемдік мөлшері 90% болса, 810 кг этилхлоридті алуға қажетті этилен фракциясының көлемін анықтау
Егер пропанның конверсия дәрежесі 80%, ал этилен бойынша талғағыштық (селективтілік) 42% құраса, 3400 м3 пропанның пиролизінде пайда болатын этиленнің массасын анықтау
Бензолды алкилирлеу үшін, пропиленнің көлемдік мөлшері 0,56 тең, пропан-пропиленді фракцияны қолданады. Егер изопропилбензол бойынша талғағыштық (селективтілік) 90% құраса, 2000 кг изопропилбензолды алуға қажетті пропан-пропиленді фракцияның көлемін анықтау
Изомеризациялау процесінде изопентанның берілген н-пентанға есептегендегі шығымы 40% тең, ал сутегі мен н-пентанның мольдік қатынасы 2:1. 6 т изопентан алуға қажетті н-пентанның массасын және сутегінің көлемін анықтау
5600 кг изопентанды дегидрлегенде 1700 кг изоамилендер алынған. Егер дегидрлеу (изомиленмен) өнімдерінің талғағыштығы (селективтілігі) 68% құраса, изопентанның конверсия дәрежесін анықтау
18 т бензолды хлорлағанда, хлорбензол массасы 4 т құрайтын, реакциондық қоспа алынған. Егер хлорбензол бойынша талғағыштық (селективтілік) 94% құраса, бензолдың конверсиялану дәрежесін анықтау

Тапсырма 3

Жылуы қайнатылған сумен шығарылатын, экзотермиялық реакция үшін контакталы құбырлы аппаратты есептеу. Бастапқы қоспа G кг/с мөлшерде беріледі, соның ішінде бастапқы компоненттің α кмоль/с . Реактордағы басқы температура t0 , ақырғы - tк , реакцияның жылулық эффектісі Q кДж/моль. Қоспаның физикалық қасиеттері: жылу сыйымдылығы Ср = 9,55 кДж/кг ОС; динамикалық тұтқырлығы μ = 1*10-5 Нс2. Катализатор түйірінің орташа өлшемі dз = 7 мм. Реакция көлемнің өзгеру коэффициенті β = 0 болғандағы бірінші реттік кинетикалық теңдеумен жүреді. Реакцияның жылдамдық константасы t0 = К0; tк = Кк. Ақырғы конверсия – Х. Катализатордың мөлшерін, катализатор қабатының биіктігін, аппараттан шыққандағы температурасын анықтау. Реакторды есептеуге қажет бастапқы мәліметтер кестеде келтірілген.

 

 

G, кг/с α, кмоль/с конверсия, Х t 0 t к К 0 К к Q, кДж/кг
0,333 1,405 0,84 0,87 2,15
0,416 1,755 0,82 2,00
0,472 1,991 0,72 0,87 2,13
0,555 2,342 0,62 2,40
0,579 2,443 0,79 0,67 2,00
0,615 2,595 0,69 1,07 2,40
0,625 2,637 0,75 1,27 2,15
0,645 2,721 0,76 1,27 2,15
0,609 2,569 0,81 0,87 2,40
0,725 3,059 0,77 0,67 2,00

 

12 Курстық жобалардың тақырыптарының тізімі (мысалға алған)

1.Өнімділігі …млн. т/жыл. мұнайды отындық нұсқамен өңдеудің технологиялық қондырғысын жобалау. Қондырғының атмосфералық ректификациялық бағанасын есептеу

2.Өнімділігі …млн. т/жыл. мұнайды электротұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғысын жобалау. Электродегидраторды есептеу

3.Өнімділігі …млн. т/жыл. мұнайды (көмірсутекті шикізатты) атмосфералық (АТ) өңдеу қондырғысын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

4.Өнімділігі …млн. т/жыл. мазутты (қалдық) вакуумдық (ВТ) өңдеу қондырғысын жобалау. Қондырғының вакуумдық бағанасын есептеу

5.Өнімділігі …млн. т/жыл. мұнайды атмосфера - вакуумдық (АВТ) өңдеу қондырғысын жобалау. Ашық мұнай фракциялары алынатын ректификациондық бағананы есептеу

6.Өнімділігі …млн. т/жыл. ЭЛОУ-AT қондырғысын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

7.Өнімділігі …млн. т/жыл. ЭЛОУ-AВT қондырғысын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

8.Газ бойынша өнімділігі …м3/сағ. көмірсутек газдарын қышқыл компоненттерден МЭА ерітіндісімен тазалау қондырғысын жобалау. Абсорберді есептеу

9.Газ бойынша өнімділігі …м3/сағ. көмірсутекті газды қоспаны диэтиленгликоль ерітіндісімен кептіру қондырғысын жобалау. Абсорберді есептеу

10.Газдыфракциялау қондырғысын жобалау. Шикізат бойынша өнімділігі …м3/сағ. бутан бағанасын – тұрақтандырғышты есептеу

11.Өнімділігі …млн. т/жыл. көмірсутекті конденсатты төментемпературалы ректификациялау қондырғысын жобалау. Этан бағанасын есептеу

12.Өнімділігі …м3/жыл. газдыфракциялау қондырғысын (ГФУ) жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

13.Өнімділігі …м3/жыл. абсорбционды газдыфракциялау қондырғысын (АГФУ) жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

14.Өнімділігі …млн. т/жыл. сутектің жоғары парциалды қысымында төменоктанды бензиндерді өңдейтін каталитикалық риформинг қондырғысын жобалау. Каталитикалық риформинг қондырғысының реакторын есептеу

15.Өнімділігі …млн. т/жыл. алюмосиликатты катализаторлы каталитикалық крекинг қондырғысын жобалау. Катализатордың қайнау қабатында жүретін процестің реакторын есептеу

16.Өнімділігі …млн. т/жыл. тауарлы бензиннің жоғары сапалы компоненттерін алу үшін парафин көмірсутектерін каталитикалық изомерлеу қондырғысын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

17.Өнімділігі …млн. т/жыл. кокстеу бензинін каталитикалық риформинг шикізатына қосымша ретінде қолдану үшін баяу кокстеу (БК) қондырғысын жобалау. БК (УЗК) жылытылмайтын кокстеу камерасын есептеу

18.Өнімділігі …млн. т/жыл. вакуумдық газойльді висбрекингтеу (жеңіл термиялық крекингтеу) қондырғысын жобалау. Висбрекинг реакторын есептеу

19.Өнімділігі …млн. т/жыл. көмірсутектерді пиролиздеу қондырғысын жобалау. Қондырғының пешін есептеу

20.Өнімділігі …млн. т/жыл. дизельдік отынды (тура айдалған бензинді) гидротазалау қондырғысын жобалау. Қондырғының реакторын есептеу

21.Өнімділігі …млн. т/жыл. вакуумдық газойльді (қалдықты) гидрокрекингтеу қондырғысын жобалау. Қондырғының реакторын есептеу

22.Өнімділігі …млн. т/жыл. мұнай қалдықтарын (мазуттар мен гудрондарды) гидрокүкіртсіздендіру қондырғысын жобалау. Қондырғының реакторын есептеу

23.Өнімділігі …млн. т/жыл. жеңіл алкилат алу мақсатында бутан-бутилен фракциясын алкилдеу қондырғысын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

24.Өнімділігі …млн. т/жыл. полимер-бензин алу мақсатында пропан-пропилен фракциясын полимерлеу қондырғысын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

25.Өнімділігі …млн. т/жыл. газдыконденсатты шикізаттан дизельдік отынды өндіру технологиясын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

26.Өнімділігі …млн. т/жыл. полистиролдан бұйымдарды қысыммен құю арқылы өндіру процесінің технологиясын жобалау

27.Өнімділігі …млн. т/жыл. полиэтиленнен құбырларды экструзиондық әдіспен өндіру процесінің технологиясын жобалау

28.Өнімділігі …млн. т/жыл. пластмасса өндіру процесінің технологиясын жобалау

29.Өнімділігі …млн. т/жыл. резинатехникалық бұйымдарды пресстеу процесінің технологиясын жобалау Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

30.Өнімділігі …млн. т/жыл. резинатехникалық бұйымдарды вальцтеу процесінің технологиясын жобалау Қондырғының негізгі аппаратын есептеу

Сынылатын әдебиеттер

(курстық жобаны орындау үшін)

1 Бишімбаева Г.Қ., Букетова А.Е. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. – Алматы : Бастау, 2007. – 242 б.

2 Омаралиев Т.О. Мұнай мен газдан отын өндіру арнайы технологиясы. – Астана : Фолиант, 2005. – 360 б.

3 Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химясы және технологиясы. I бөлім. Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері. – Алматы : Білім, 2001. - 399 б.

4 Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. II бөлім. Құрылымды өзгертіп өңдеу процестері. – Алматы : Білім, 2001. – 278 б.

5Суербаев Х.А. Мұнай мен газды өңдеудің термиялық және каталитикалық процесстері. – Алматы : Қазақ университеті, 2009. – 170 б.

6 Айтымбетов Н.Ш. Отындар мен көмірсутекті материалдардың химиясы және физикасы. – Шымкент : 2002. – 117 б.

7 Тасанбаева Н.Е., Сакыбаева С.А. Полимерлердің химиясы мен физикасы. – Шымкент : ОКМУ, 2005. – 208 б.

8 Құрманалиев Р.М. Жоғары молекулалық қосылыстар. – Алматы : Санат, 1993. – 132 б.

9 Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа. – М. : Химия, 2001. – 568 с.

10 Омаралиев Т.О. Специальная технология производства топлив из нефти и газа. – Астана: Фолиант, 2004. – 296 с.

11 Соколов Р.С. Практические работы по химической технологии. – М. : ВЛАДОС, 2004. – 271 с.

12 Мановян А.К. Технология переработки природных энерго носителей. – М. : КолосС, 2004. – 456 с.

13 Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти игаза: Учебное пособие для вузов. – Уфа: Гилем, 2002. – 672 с.

14 Вержичинская Н.В., Дигуров Н.Г. Химия и технология нефти и газа. – М. : 2007. – 400 с., 2009. – 400 с.

15 Капустин В.М. Технология переработки нефти. Деструктивные процессы. – М. : КолосС, 2008. – 334 с.

16 Бардик Д.Л. Нефтехимия. – М. : ЗАО "Олимп-Бизнес", 2001. – 410 с., 2007. – 496 с.

17 Основы технологии переработки пластмасс /Под ред. С.В. Власова и др. – М. : Мир, 2006. – 600 с.

18 Шварц О. Переработка пластмасс. – С-П. : Профессия, 2008. – 320 с.

19 Шеин В.С., Шутилин Ю.Ф., Гриб А.П. Основные процессы резинового производства. – Л. : Химия, 1988. – 160 с.

20 Москвичев Ю.А. Теоретические основы химической технологии. – М. : Академия, 2005. – 272 с.

21 Сериков Т.П. Технологические схемы переработки нефти и газа в Казахстане /Под ред. З.И.Сюняева – Алматы: 1993. – 116 с. – М. : 1994.

22 Альбом технологических схем процессов переработки нефти и газа /Под ред. Б.И. Бондаренко. – М. : Химия, 1983. – 128 с.

23 Эмирджанов Р.Т., Лемберанский Р.А. Основы технологических расчетов в нефтепереработке и нефтехимии. – М. : Химия, 1989. – 192 с.

24 Скобло А.И., Молоканов Ю.К., Владимиров А.И. Про­цессы и аппараты нефтегазопереработки и нефтехимии. – М. : ООО «Недра-Бизнесцентр», 2000. – 677 с.

25 Александров А.И. Перегонка и ректификация в нефтепереработке. – М. : Химия, 1981. – 352 с.

26 Печуро Н.С., Капкин В.Д. Химия и технология синтетического жидкого топлива и газа. – М. : Химия, 1986. – 330 с.

27 Алмагамбетова М.Ж., Нуртаева Ж.Т. Методические указания к выполнению курсовых проектов по дисциплинам ХТНППНС и ПАХТ для студентов специальности ХТН, НХ, ХТОВ, ХТНВ. – Уральск: ЗКАТУ, 2005. – 41 с.

 



Просмотров 1654

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!