Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Факультеттің оқу-әдістемелік



Азақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

 

Экономикалық факультеті

(факультет атауы)

Экономикалық теория кафедрасы

(кафедра атауы)

 

БЕКІТЕМІН

Мақыш С.Б.

Факультетінің деканы

Т.А.Ә.

(қолы)

Ж.

МО

 

 

ETN 1109 Экономикалық теория негіздері

Пәні бойынша

Физика - техникалық факультетінің мамандарына білім алушыларына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

 

 

Астана

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ПОӘК) мазмұны

1.Міндетті компонент пәніне арналған типтік оқу бағдарламасы

2.Пәннің бағдарламасы (Syllabus)

3.Жұмыс (модульдік) оқу бағдарламасы

4.Пән бойынша глоссарий

5.Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері

6.Тәжірибелік/семинар және зертханалық/студялық сабақтарды өткізу жоспары және тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

7.Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

8.Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар

9.Курстық жұмыстар оқу жоспар бойынша қарастырылған жоқ

10.Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі (пәннің мазмұнына байланысты)

 

Құрастырушы ___________ Садықов Тұрдыбек Үмітқанұлы

(қолы) (Т.А.Ә.)

_________________________________ кафедрасының отырысында қарастырылды

хаттама № ______ «______» __________2016ж.

Кафедра меңгерушісі ___________ Бабланов Т.К.

(қолы) (Т.А.Ә.)

Факультеттің оқу-әдістемелік

комиссиясының төрағасы ___________ Жансеитова Г.С.

(қолы) (Т.А.Ә.)

1. Міндетті компонент пәніне арналған типтік оқу бағдарламасы

«Экономикалық теориянегіздері» курсы физика-техникалық факультетінің мамандықтарына оқытылатын негізгі пән болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Пән дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты бағыттарды орындауға мүмкіндік береді.

 

Бөлім – 1. Негізгі бөлім.

1-тақырып. Экономикалық теория негіздерінің пәні және зерттеу әдістері.

Экономикалық теория негіздерінің пәнінің даму кезеңдері және әдіс-тәсілдері, экономикалық заңдар мен категориялар.

Бөлім – 2. 2-тақырып. Қоғамдық өндіріс негіздері.

Адам және экономика, қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері, экономи-калық ресурстар және өндіріс факторлары.

3-тақырып. Меншік қатынастары.

Меншіктің заңдық құқығы, меншік экономикалық катего-рия ретінде, меншік құқығы

4-тақырып. Экономикалық жүйелердің нысандары.

Экономикалық жүйе: мәні, түрлері, құрылымы, аралас экономиканың модельдері, дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршілік экономика, нарықтық экономика.

Бөлім-3. 5-тақырып. Нарық және оны реттеу механизмдері.

Нарықтық шаруа-шылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық. Тауар мәні, қасиеттері, формалары, әртүрлі теориялары. Нарық: мәні, құрылымы, қызметтері, принцип-тері, нарықтық инфрақұрылым

6-тақырып. Бәсеке және монополия. Сұраныс пен ұсыныс.

Жетілген бәсеке және оның шарттары, сұраныс және ұсыныс заңы, икемділік және оның көрсеткіштері, жетілмеген бәсекенің формалары.

7-тақырып. Фирма және кәсіпкерлік теориясы.

Кәсіпкерлік, оның мәні мен қазіргі замандағы рөлі, фирма немесе кәсіпорын, кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық формалары.

8-тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табысы. Капитал айналымы.

Өндіріс шығындарының теориясы, шығындардың түрлері, пайда туралы теориялық көзқарастар, фирманың табыстары мен түрлері.

9-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу.

Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, еңбек нарығы және жалақы, капитал нарығы және пайыз, жер нарығы және рента

Бөлім-4. 10-тақырып. Жүйе ретіндегі ұлттық экономика.

Негізгі макроэконо-микалық көрсеткіштер, ұлттық есеп-шоттар жүйесі, тұтыну, жинақтаулар, инвестициялар, макроэкономикалық тепе-теңдік.

11-тақырып. Экономикалық өсу және нарықтың экономиканың циклдылығы.

Экономикалық өсу түрлері және әсер етуші факторлар, дағдарыс және оның түрлері, экономикалық өсудің модельдері

12-тақырып. Инфляция және жұмыссыздық экономиканың тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

Жұмыссыздық, Оукен заңы, инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, инфляцияға қарсы саясат.

Бөлім-5. 13-тақырып. Ұлттық экономикадағы ақша-несие жүйесі.

Ақшаға сұраныс пен ұсыныс, ақша нарығындағы тепе-теңдік, банк жүйесі және атқаратын қызметтері, орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары.

14-тақырып. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Қаржы. Бюджет-салық саясаты. Әлеүметтік саясаты.

Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы, мем-лекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар, салық салудың принциптері мен түрлері, қаржы жүйесі-нің мәні мен құрылымы

15-тақырып. Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері. Халықаралық экономикалық қатынастар.

Халықаралық сауда және оның түрлері, мемлекеттің сыртқы сауда саясаты, протекционизм және еркін сауда, төлем балансы.

 

2. Пәннің бағдарламасы (Syllabus)

 

1) Садықов Тұрдыбек Үмітқанұлы «Экономикалық теория» кафедрасының э.ғ.д., профессоры, жұмыс телефоны (ішкі 32819), «Экономикалық теория» кафедрасы, 805.

2) Экономикалық теория негіздері. Коды ETN1109. 2 кредит

Өткізілетін уақыты мен орны: 2-семестр, сабақ кестесіне сәйкес

 

3) Оқу жоспары бойынша сағаттарды үйлестіру

 

Оқу жұмыстарының түрлері   Жалпы сағат саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәрістер - -
Практикалық сабақтар - -   - -
Семинар сабақтары - -
Студиялық сабақтар - -   - -
СӨЖ - -

4) Пререквизиттер:

· Математика;

· Тарих;

· Философия.

Постреквезиттер:

· Экономикалық саясат;

· Микроэкономика;

· Макроэкономика.

5) Оқу пәніне сипаттама:

5.1 Оқу пәнінің бағыты: «Экономикалық теория негіздері» пәні – барлық сала мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандарды даялауда оқылатын міндетті курсын құрайтын пәндердің бірі.

5.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Экономикалық теория негіздері түсіндіру, оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын, ғылыми теориялық ойлау қабілеттерін, әрі нарықтық шаруашылық жүйесінің негізін меңгеру, студенттерге нарықтық пайымдау мен тиімді экономикалық іс - әрекетті қалыптастыру.

5.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

· Экономикалық теория негіздері пәнінің (ілімінің) тарихи даму кезеңдерімен таныстыру.

· Экономиканың және оның қызметі мен реттеуіндегі мәселелерін шешуге қажетті экономикалық теориялық принциптерін , заңдарын және түсініктерін меңгеруді үйрету.

· Болашақ маманның нарықтық ортаға икемделуі және дұрыс экономикалық шешім қабылдауы үшін нарықтық жүйемен оның қызмет ету заңдылықтарын оқу.

· Экономикалық құрылымда тиімді жұмыс істеуге бағыттау.

· Студенттерді игерген экономикалық біліммен келешектегі экономикалық теория мен шаруашылық тәжірибесінде өзіндік және терең зерттеу жүргізуге қолдануды үйрету.

· Мемелекеттің экономикадағы ролін, әсіресе Қазақстан Республикасының негізгі институттарының тиімді даму жолдарын ашып түсіндіру.

· Дүниежүзілік шаруашылық экономикасына арналған бөлімде бар.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны

«Экономикалық теория негіздері» курсы физика-техникалық мамандықтар бағыттарында оқытылатын негізгі пән болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Пән дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты бағыттарды орындауға мүмкіндік береді.

5.5 Оқу пәнін оқытудың жоспары

Апта № Тақырыптың аты Оқуды ұйымдастыру формасы мен сағат саны СӨЖ үшін тапсырмалар және бақылау формасы
Дәріс-тер Семинар (прак) сабақтар Лабор. сабақ-тар Студия-лық сабақтар СӨЖ
1. Бөлім – 1. Негізгі бөлім. 1-тақырып. Экономикалық теория негіздерінің пәні және зерттеу әдістері.       Экономикалық теория негіздерінің пәнінің даму кезеңдері және әдіс-тәсілдері, экономикалық заңдар мен категориялар.
2. Бөлім – 2. Тақырып 2. Қоғамдық өндіріс негіздері.       Адам және экономика, қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері, экономи-калық ресурстар және өндіріс факторлары.
3. 3-тақырып. Меншік қатынастары.       Меншіктің заңдық құқығы, меншік экономикалық катего-рия ретінде, меншік құқығы
4. 4-тақырып. Экономикалық жүйелердің нысандары.       Экономикалық жүйе: мәні, түрлері, құрылымы, аралас экономиканың модельдері, дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршілік экономика, нарықтық экономика.
5. Бөлім-3. Тақырып 5. Нарық және оны реттеу механизмдері.       Нарықтық шаруа-шылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық. Тауар мәні, қасиеттері, формалары, әртүрлі теориялары. Нарық: мәні, құрылымы, қызметтері, принцип-тері, нарықтық инфрақұрылым
6. 6-тақырып. Бәсеке және монополия. Сұраныс пен ұсыныс.       Жетілген бәсеке және оның шарттары, сұраныс және ұсыныс заңы, икемділік және оның көрсеткіштері, жетілмеген бәсекенің формалары.
7. 7-тақырып. Фирма және кәсіпкерлік теориясы.       Кәсіпкерлік, оның мәні мен қазіргі замандағы рөлі, фирма немесе кәсіпорын, кәсіпкер-ліктің ұйымдық -құқықтық формалары.
8. 8-тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табысы. Капитал айналымы.       Өндіріс шығындары-ның теориясы, шығын-дардың түрлері, пайда туралы теориялық көзқарастар, фирма-ның табыстары мен түрлері.
9. 9-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу.       Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, еңбек нарығы және жалақы, капитал нарығы және пайыз, жер нарығы және рента
10. Бөлім-4. Тақырып 10. Жүйе ретіндегі ұлттық экономика.       Негізгі макроэконо-микалық көрсеткіштер, ұлттық есеп-шоттар жүйесі, тұтыну, жинақтаулар, инвестициялар, макроэкономикалық тепе-теңдік.
11. 11-тақырып. Экономикалық өсу және нарықтың экономиканың циклдылығы.       Экономикалық өсу түрлері және әсер етуші факторлар, дағдарыс және оның түрлері, экономикалық өсудің модельдері
12. 12-тақырып. Инфляция және жұмыссыздық экономиканың тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.       Жұмыссыздық, Оукен заңы, инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, инфляцияға қарсы саясат.
13. Бөлім-5. Тақырп 13. Ұлттық экономикадағы ақша-несие жүйесі.       Ақшаға сұраныс пен ұсыныс, ақша нары-ғындағы тепе-теңдік, банк жүйесі және атқаратын қызметтері, орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары.
14. 14-тақырып. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Қаржы, бюджет-салық саясаты және әлеүметтік саясаты.       Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы, мем-лекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар, салық салудың принциптері мен түрлері, қаржы жүйесі-нің мәні мен құрылымы
15. 15-тақырып. Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері. Халықаралық экономикалық қатынастар.     Халықаралық сауда және оның түрлері, мемлекеттің сыртқы сауда саясаты, протекционизм және еркін сауда, төлем балансы.
  Барлығы      

6. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Автор, аты, шыққан жылы   Ақпарат тасушы Қолда бар (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиет
1. Т.У.Садыков, А.Т.Тлеухан. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. баспа ч/з-100
2. А.Н.Доғалов, .С.Досмағанбетов. Экономикалық теория. Оқұлық. Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. 2013. баспа ч/з-300
3. Мұсабеков, С.М. Экономикалық теория: оқу құралы / С.М. Мұсабеков.- Алматы, 2011.-178б. баспа ч/з-8 -
4. Бекмолдин, С.Қ. Экономикалық теория: оқулық / С.Қ. Бекмолдин, С.С. Мәуленова, Е.Қ. Құдайбергенова; жалпы ред. бас. Ә.Ә.Әбішев.- Алматы: Экономика, 2011.- 386 б. баспа ч/з-1 -
5. Крымова, В. Экономикалық теория: кестелі оқу құралы / В. Крымова.- Алматы: Бастау, 2009.- 196 б. баспа у.а-195 ч/з-5 -
6. Есполов, А.Т. Экономикалық теория: оқу құралы / А.Т. Есполов.- Алматы: Қаз ҰАУ, 2008.- 156б. баспа у.а.-1 -
7. Темірбекова, А.Б. Экономикалық теория негіздері: қысқаша лекциялар курсы / А.Б. Темірбекова; Қ.С.Байшоланова, Ж.Ж.Бектұрсынова.- Алматы: Экономика, 2008.- 188 б. баспа у.а.-3 -
Қосымша әдебиет
1. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория Астана 2006 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. баспа -
2.   Женсхан Д. Экономикалық теория Астана 2008 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. баспа у.а.23 ч/з-5 -
3. Жаналинов Б.Н. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2007. -224 бет баспа ч/з-5 -
4. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы/ Е.Б.Жатқанбаев.- Алматы, 2006.- 300б. баспа ч/з -1 -
5. Керімқұлов С. Е Сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе – теңдік. Оқу құралы. Астана - 2005. 172 бет. баспа ч/з-6 -
6. Экономика. Әлемдік классика. Он томдық. Т.5. Экономикалық өсу және бәсеке теориясы / ред.М.Б.Кенжеғозин, Р.Е.Елемесов, Ә.Ә.Әбішев.- Алматы: Таймас, 2005.- 528б.- (Мәдени мұра). баспа р.ф.-1 ч/з-6 -

7) Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

Аудиториялық сабақ барысында ағымдық бақылау, ОӨЖ орындағанының сапасын бақылау; эссе түрінде алынатын екі рубеждік бақылау; аузша емтихан жоспарланады.

Студенттердің білімдері, дағдылары мен іскерліктері келесі жүйе бойынша бағаланады:

Әріптік жүйе бойынша баға Баллдың сандық эквиваленті Проценттік мазмұны Дәстүрлік жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттандырарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттандырарлықсыз

 

8) Оқу пәнінің талаптары

«Экономикалық теория негіздері» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредит құрайды, оның ішінде 15 сағат – дәріс, 15 сағат – практика, 60 сағат –СӨЖ

Пәннің саясаты: аудиториялық сабақтарға міндетті қатысу, сұрақтарды талқылауға белсенді қатысу, оқу-әдістемелік құрал мен негізгі әдебиеттер бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға алдын-ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын уақтылы және сапалы дайындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, СӨЖ бақылау, рубеждік бақылау, қорытынды бақылау).

 

Құрастырушы ___________________ Садықов Т.Ү.

(қолы)

Кафедра отырысында қарастырылды, хаттама № 5 «18» желтоқсан 2015ж.

3.Жұмыс оқу бағдарламасы

 

Бөлім – 1. Негізгі бөлім.

1-тақырып. Экономикалық теория негіздерінің пәні және зерттеу әдістері.

Экономикалық теория негіздерінің пәнінің даму кезеңдері және әдіс-тәсілдері, экономикалық заңдар мен категориялар.

Тестілік тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдаңыз.

1.Экономика деген ұғымды тұңғыш рет қолданған ежелгі заман оқымыстылары кім?

a) П.Самуэльсон, Д.Хикс

b) А.Смит, Д.Рикардо

c) Ксенофонт, Аристотель

d) Менгер, Бем-Баверк

2. Меркантилизм саясаты кімдердің мүддесін білдіреді?

a) Діни адамдардың

b) Ұсақ қол өнершілердің

c) Сауда буржуазиясының

d) Ірі жер иеленушілердің

3.Физиократтар мектебінің ірі өкілдері кім?

a) К.Маркс

b) Т.Мэн

c) К.Тюрго

d) Ф.Энгельс.

4.Индукция әдісінің мағынасы неде.

a) Нақты фактілерден теорияға жылжу.

b) Теориядан фактілерге жылжу.

c) Бірнеше құрамдас бөлімдерге құрастыру.

d) әрбір құрамдас бөліктерді бөлу қажет.

5. Қандай экономикалық проблемаларды зерттеу үшін қолданылады?

a) Индукция және дедукция.

b) Анализ және синтез.

c) Ғылими-абстракциялық және диалектикалық

d) Барлық жауабы дұрыс.

6. Экономикалық теория нені зерттейді?

a) Адамдардың шаруашылық жөніндегі қатынастары.

b) Адамдардың өндірістік қызметі.

c) Қоғамдағы адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтер

жөніндегі қатынастары.

d) Адамдардың тауарлардың арасындағы қатынастары.

 

Бөлім – 2. 2-тақырып. Қоғамдық өндіріс негіздері.

Адам және экономика, қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері, экономи-калық ресурстар және өндіріс факторлары.

Тестілік тапсырмалар:

1 «Экономикалық ресурс» категориясы деп ненi түсiнемiз:

А) қалыпты ресурстар С) адамдармен жасалған өндiрiс құралдары

В) еңбек ресурстары Д) кәсiпкерлiк қабiлет Е) аталғандардың барлығы

2. Экономикалык игiлiктер – бұл: А) айырбасқа арналған материалды-заттық өнiмдер
В) тұтынуы өндiрiспен сәйкес келетiн материалдық кызмет нәтижесi
С) қажеттiлiктi қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер

Д) өндiрiс факторлары Е) өндiрiс ресурстары

3. Баламалы шығындар ненiң құны болып табылады:

А) жанұяның минималды тұтыну бюджетiнiң В) ақшаға шаққандағы тауарлар мен қызметтердiң С) тұтынушының жасырын шығындарының
Д) кәсiпкердiң шектен тыс пайдасының Е) таңдаудағы колдауға ие болмаған тиiмдi айналымның

4. Бидай (у) мен ракета (х) арасындағы өндiрiстiк мүмкiншiлiк шекарасында орналасу ненi бiлдiредi:

А) зымыранды одан артық өндiруге болмайтындығын В) бидайды одан артық өндiруге болмайтындығын С) жиынтық тепе-теңдiктi Д) зымыранды одан әрi бидай көлемiн қысқартқанда ғана өндiруге болатындығын Е) егер қоғам бидай өнiмдiлiгiн арттыр-са, онда бидайды арттыра аламыз, бiрақ зымыран көлемi өзгермейдi

5. Өндірістің негізгі факторлары

А) еңбек пен капитал В) жер мен еңбек С) капитал мен жер Д) еңбек, жер және капитал, кәсіпкерлік қабілет Е) айырбасталмайтын факторлар

6. Негiзгi экономикалық тандау ненi шешедi:

А) не, қашан және қалай; В) қанша, қандай түсте және қандай көлемде; С) қашан, не және қалай; Д) не, қалай және кiмге; Е) кiмге, қайда және қанша.

7. Егер экономикадағы мәселелер экономикалық механизм арқылы және мемлекеттiң араласуы арқылы шешiлсе, онда бұл экономика:

А) дәстүрлi; В) әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк; С) нарықтық; Д) аралас; Е) натуралдық;

8. Барлық экономикалық жүйелерде кездесетiн мәселе:

А) инвестиция; В) өндiрiс; С) тұтыну; Д) жинақтау; Е) сиректiлiк;

9. Тұтынушы тәуелсіздігі қандай экономикалық жүйеге тән:

А) тұтынушылар өндірушіге қарағанда үкіметке артығырақ ықпал ететін; В) ұлттық ресурсты тұтынушы бөлетін; С) өндірушілер тұтынушы талабына бейімделетін;

Д) тұтынушылар өндіруші талабына бейімделетін; Е) үкімет өндірушіні қорғайтын.

 

3-тақырып. Меншік қатынастары.

Тесттілік тапсырмалар.

1.Төмендегi пiкiрлердiң қайсысы экономикалық емес байлыққа жатады:

a) су асты қайығы; c) жел энергиясы;

b) демалыс және қыдыру; d) бiлiм

2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:

a) жер, еңбек, капитал, жұмыс күшi, басқару; c) ресурстар, технология, кәсiпкерлiк.

b) жер, еңбек, капитал, кәсiпкерлiк, ақпарат; d) жер, еңбек, капитал, технология.

3.Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығының iшiнде орналысқан нүкте:

a) тиiмдi; b) тиiмсiз; c)бiр технология мен ресурстар көлемiнде мүмкiн емес;

d) тиiмдi, бiрақ оптималды емес.

4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:

a) стипендия көлемі; b)мемлекеттің орташа санақтық маманға жұмсайтын шығын;

c) оқуды тастап ,басқа жерде максималды табыс; d) студентті оқытуға жұмсайтын ата-анасының шығыны.

5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:

a) басқа бір өнімді өндірудің төмендеуімен; b) басқа бір өнімді өндірудің өсуімен;

c) басқа бір өнімнің тұрақты көлемімен; d) айтылғандардың кез келгенімен.

 

4-тақырып. Экономикалық жүйелердің нысандары.

Экономикалық жүйе: мәні, түрлері, құрылымы, аралас экономиканың модельдері, дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршілік экономика, нарықтық экономика.

Тест

1 Эконоикалық жүйе шешетін мәселелер

а) нені, қалай, кім үшін

б) қалай, кім үшін, өсу қарқыны қандай

в) қашан, неге, қайда және кім

г) жұмыссыздық

д) инфляция

2. Әкімшіл-әміршіл экономианың сипаты

а) ресурстар мен капитал салымдарын жоспарлы үйлестіру

б) меншік формаларының көптүрлілігі

в) нарықтық реттеуіштер қызметі

г) бәсекелестік

д) жеке меншіктің басым болуы

3. Экономикалық мәселелерді жартылай нарық, жартылау үкімет шешкен кезде, экономика

а)басқарушылық

б) нарықтық

в) аралас

г) дәстүрлі

д) әкімшілік

4.Аралас экономикаға жатпайды

а) меншіктің көп түрлілігі

б) орталықтандырылған жоспарлау

в) меншіктің реттеуші ролі

г) кәсіпкерліктің кең дамуы

д) барлық жауап дұрыс

5. Экономикалық жүйе ол

а) саясат пен экономиканың бірлігі

б) экономиканы ұйымдастыру тәсілі

в) экономиканың қозғалысын реттеу

г) саяси процестердің жиынтығы

д) барлық жауап дұрыс

 

Бөлім-3. 5-тақырып. Нарық және оны реттеу механизмдері.

Нарықтық шаруа-шылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық. Тауар мәні, қасиеттері, формалары, әртүрлі теориялары. Нарық: мәні, құрылымы, қызметтері, принцип-тері, нарықтық инфрақұрылым

Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Ақшаның толық анықтамасын таңдаңыз:

А) адамдар арасындағы келiсiм өнiмi; В) тауар айырбасына түсетiнiң барлығы;
С) ликвидтiлiкке ие тауарлардың барлығы; Д) жалпы эквиваленттiлiк пен абсолютты ликвидтiлiкке ие ерекше тауар; Е) сатып алу.

2. Тауарды қолма-қол сатып алуда ақша қандай қызметтi атқарады:

А) айналыс құралы; В) құн өлшемi; С) қор жинау құралы; Д) әлемдiк ақша; Е) төлем құралы;

3. Ненi, қалай, кiмге өндiру мәселелерi тө-мендегiлердiң қайсысына қатысты:

А) тек әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк жүйеге; В) тек нарықтық экономикаға; С) тек артта қалған экономика; Д) кез-келген экономикалық жүйеге; Е) ақиқат жауап жоқ.

4. Тауардың қандай қасиеттері бар?

А) құны; В) бағасы; С) тұтыну құны мен айырбас құны; Д) бағасы мен тұтыну құны;
Е) құны мен бағасы

Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:

1. Натуралды шаруашылық экономиканы ұйымдастырудың алғашқы

тарихи формасы ретінде.

2. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері мен даму өзгерістері.

3. Айырбас қатынастарының дамуы.

4. Ақшаның пайда болуы, атқаратын қызметтері.

5. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайы.

6. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу белгілері.

7. Тауар және оның қасиеттері.

8. Нарық түрлері.

9. Нарық инфрақұрылымы.

10. Ақшаның ерекше қасиеттері

 

6-тақырып. Бәсеке және монополия. Сұраныс пен ұсыныс.

Жетілген бәсеке және оның шарттары, сұраныс және ұсыныс заңы, икемділік және оның көрсеткіштері, жетілмеген бәсекенің формалары.

1. Тестік тапсырмаларға жауап беріңіз:

1. Қандай жағдай жетiлген бәсекеге тән болады?

А) нарықта көп мөлшерде фирмалар қызмет етсе;

Ә) нақты тауардың баламалары жоқ болғанда;

С) нарық тосқауылдарымен қорғалса;

Д) өнiмге сұраныс қисығы терiс бағытталса;

Е) альтернативтi тауарлар мол болса.

2. Төмендегiлердiң қайсысы жетiлген бәсекеге тән емес?

А) фирма өнiмiне сұраныс қисығы горизанталь;

Ә) өндiрушiлердiң көп мөлшерi;

С) бағаға зор бақылау;

Д) бағалық емес бәсекенiң болмауы;

Е) нарықта жалғыз өндiрушiнiң болуы.

3. "Нағыз бәсекелес фирма" деген ұғым мыналарды білдіреді:

А) рынок бағасының қалыптасуына ешқандай ықпал етпсйтін фирма;

Ә) бәсекелестік күресте көздеген бағасын қойғызуға қол жеткізeтін фирма;

С) рынокты жаулап алу үшін бәсекелестіктің кез келген әдісін қолданатын фирма;

Д) нарықтық бағаның қалыптасуына ықпал ететін фирма.

Е) барлық жауаптар дұрыс емес.

4. Жетілген және мoнonoлиcтiк бәсекедегі рыноктар қандай ортақ белгіге ие:

А) бөлшектерге бөлінген тауарларды шығарады;

Ә) рынокта кептеген сатып алушылар мен сатушылар әрекет етеді;

С) бipтeкri тауарлар шығарады;

Д) әр фирманың нарықтық әрекеті оның бәсекелестерінің реакциясына байланысты болады;

Е) мақсат - өсу.

5. Трестке қарсы заңның тұңғыш авторы:

А) Дж.М.Кейнс;

Ә) А. Смит;

С) Д. Рикардо;

Д) Шерман;

Е) Дж. Милль.

6. Таза монополия:

А) жалғыз сатушы;

Ә) монополияның өнімі өте сирек кездеседі, оған ұқсас жоқ;

С) таза монополист бағаны өзі белгілейді;

Д) салаға енуге жол жоқ;

Е) жоғарыда аталғандардын бәpi дұрыс.

7. Олигополия ... бар нарықтық құрылым.

А) бiр ғана сатып алушысы;

Ә) бiр тектi өнiм өндiретiн бәсекелес фирмалары;

С) сараланған өнiм өндiретiн көп фирмалары;

Д) азғантай ғана бәсекелес фирмалары;

Е) бiрнеше сатып алушысы.

8. Квазимонополияға қандай белгi тән:

А) квазимонополия – сұраныс жағындағы монополия;

Ә) бiрнеше iрi кәсiпорындар мен шағын фирмалары;

С) бiр ғана өндiрушi мен бiр сатып алушының болуы;

Д) А) және Ә) жауаптары.

 

7-тақырып. Фирма және кәсіпкерлік теориясы.

Кәсіпкерлік, оның мәні мен қазіргі замандағы рөлі, фирма немесе кәсіпорын, кәсіпкерліктің ұйымдық -құқықтық формалары.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Тұтынушылар өз қаржысын алдымен қай нарықта жұмсайды:

А)еңбек; В) жер; С)капитал; Д) тауарлар; Е) ақиқат жауап жоқ

2. Негізгі капитал түсінігі нені қамтиды?

А) Машиналар мен құрал-жабдықтарды; В) Дайын өнімді; С) Жұмыс ақысын; Д) Жерді;

Е) Шикізаттар мен материалдарды.

3. Ескірген құралдарды аудару – бұл:

А) Таза инвестиция; В) Шетелдік таза инвестиция; С) Амортизация; Д) Қолдануға болмайтын қорлары; Е) Тұтынушыларды қанағаттандыру заттары.

4. Алыпсатарлардын қызметi:

А) заңды кәсiпкерлiк тәуекелiн арттырады; В) пайда әкеледi;
С) экономикалық жарылыс пен құлдырау орын алады; Д) баға тұрақсыздығын арттырады;
Е) қоғамның жағдайын көтередi

5. Акционерлік қоғамының бас органы қайсы:

А) директорлар кеңесi; В) өкiлеттiлер жиналысы; С) акционерлердiң жалпы жиналысы;
Д) айрықша акция ұстаушылардың жиналысы; Е) қарапайым акция ұстаушылардың кеңесi

6. Корпорация салығының артуы неге әкеледi:

А) сұраныс қисығын оңға жылжытады; В) ұсыныс қисығын оңға жылжытады;
С) ұсыныс қисығы өзгермейдi; Д) сұраныс қисығын солға жылжытады
Е) ұсыныс қисығын солға жылжытады

 

8-тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табысы. Капитал айналымы.

Өндіріс шығындарының теориясы, шығындардың түрлері, пайда туралы теориялық көзқарастар, фирманың табыстары мен түрлері.

Сипаттамасын анықтаңыз: Қысқа мерзім кезеңіндегі орташа тұрақты шығындарды, орташа жалпы шығындарды, шекті шығындарды анықтаңыз.

 

9-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу.

Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, еңбек нарығы және жалақы, капитал нарығы және пайыз, жер нарығы және рента

Тест сұрақтарына жауап берініз

1. Аталған жауаптардың қайсысы «еңбек» санатын сипаттайды?

а) адамның табиғатпен өзара әрекеттестік процесі

б) аралардың немесе аңдардың жұмысы

в) еңбек заттары мен еңбек құралдарын адамның пайдалануы

г) еңбек қаруын адамның пайдалануы

д) адамдардың саналы, мақсатқа лайықты қызметтері, солардың көмектерімен олар сыртқы табиғаттағы заттардың түрлерін өзгертеді, оларды өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін икемдейді.

2. Фирманың еңбек ұсынысы қисығы:

а) еңбек сұранысы қисығымен қиылыспайды; б) оң бағытталған; в) ұсыныстың абсолютты икемсіздігін көрсетеді; г) ұсыныстың икемділігін көрсетеді.

3. Еңбек ақыға шекті шығын:

а) өндірілетін өнім бірлігі артқанда айнымалы шығынның артуын

көрсетеді;

б) өндірілетін өнім бірлігі артқанда тұрақты шығынның артуын

көрсетеді;

в) монополист үшін икемді емес;

г) қосымша жұмысшы жалдағандағы жалпы еңбек шығынының

артуын көрсетеді.

4. Нақтылы еңбекақының деңгейі мыналарға байланысты:

а) тауарлар мен қызметтердің баға деңгейлеріне; б) пайда нормасына; в) салық салу ставкасына; г) жұмыс уақыты ұзақтығына; д) жауаптардың дұрысы жоқ

5. Жалақы - ол:

а) табыстан түсетін капиталдың шекті өнімі,

б) мөлшерлеме және сапалы еңбекке алатын жұмысшының табысы;

в) еңбектің шекті өнімінен табыс; г) еңбекке төленетін ақы.

6. Төмендегілердің қайсысы еңбекке сұранысқа әсер етпейді:

а) соңғы өнімге сұраныс; б) еңбектің шекті өнімділігінің өзге ресурстардың шекті өніміне қатынасы; в) өндіріс технологиясы; г) инфляциялық құбылыс негізінде пайда болған атаулы жалақыдағы өзгерістер.

7. Рента деп …. түсіну керек:

а) жылжымайтын мүлікті пайдаланудан түскен табысты;

б) табиғи ресурсты пайдаланудан түскен табысты;

в) көлемі шектеулі табиғи ресурстарды және жерді пайдаланғаны үшін төленген бағаны;

г) уақытша пайдаланғаны үшін жалдаушының жер иесіне төлейтін бағасы.

 

Бөлім-4. 10-тақырып. Жүйе ретіндегі ұлттық экономика.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, ұлттық есеп-шоттар жүйесі, тұтыну, жинақтаулар, инвестициялар, макроэкономикалық тепе-теңдік.

Тестілік тапсырмалар.

1.Жеке табыс бұл:

a) бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер жиынтығы.

b) үй шаруашылығының бір жылда тапқан табысы.

c) салықтарды төлегеннен кейінгі жекеқажеттіліктерге жұмсалатын қаржы.

d) ЖҰӨ-нен амартизацияны шегергенде табылады.

2.Өндіріс құрал-жабдықтарын пайдаланғанға жұмсалатын қаржы,бұл:

a) таза инвестиция.

b) жалпы инвестиция.

c) амортизация.

d) тұтыну тауарларын алуға болмайтын қаржы

3.Төмендегшілердің қайсысы ЖҰӨ құрамына кіреді:

a) үй шаруашылығындағы әйелдің қызметі.

b) көршіден сатып алған ескі машина

c) брокерден жаңа акциялар сатып алу

d) дүкеннен жаңа кітап сатып алу.

4.ТҰӨ қалай есептеледі?

a) ЖҰӨ-нен жанама салықтарды шегереміз.

b) ҰТ-*ға амортизацияны қосамыз.

c) ЖҰӨ-нен негізгі қордың ескіру құнын шегереміз.

d) ЖҰӨ-нен инвестицияны шегереміз.

5.Жалпы инвестиция:

a) табыс бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде ескеріледі.

b) шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде ескеріледі.

c) ТҰӨ-ді шығындар бойынша есептегенде ескеріледі.

d) ҰТ-ты есептегенде ескеріледі.

 

11-тақырып. Экономикалық өсу және нарықтың экономиканың циклдылығы.

Экономикалық өсу түрлері және әсер етуші факторлар, дағдарыс және оның түрлері, экономикалық өсудің модельдері

Тесттерге жауап беру керек

1. Экономикалық өсуді төменгі тұжырымдардың қайсысы көрсетеді:

А) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисық солға қарай қозғалады; В) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисық оңға қарай қозғалады; С) Белгілі бір нүкте өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисықтың бойымен жылжиды; Д) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисықтың ішінде бір нүктеден екінші нүктеге қозғалысты көрсетеді.

2. Экономикалық өсудің негізгі факторларына қайсыларын жатқызуға болады:

А ) көне замаңда; В) орта ғасырларда; С) жаңа тарихта; Д) индустриалдық және постиндустриалдық қоғамда.

3. Экономикалық өсудің экстесивті факторы:

А) Жұмысшы санының өсуі; В) Өндірісті басқару немесе ұйымдастыру; С) Білімді және білікті маман; Д) Ғылыми-техникалық прогресс.

4. Төмендегі құбылыстардың қайсысы экономикалық өсуге сай келмейді:

A) нақты капитал өсімі; B) пайыздық мөлшерлеме өсімі; C) салықтық түсімнің қысқаруы; D) жұмыссыздыққа жәрдемақы көлемінің азаюы; E) несиеге сұраныстың артуы.

 

12-тақырып. Инфляция және жұмыссыздық экономиканың тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

Жұмыссыздық, Оукен заңы, инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, инфляцияға қарсы саясат.

Тест сұрақтары.

1.Инфляция кезiнде, баска факторлар тұрақты болганда не өседi?

a) Нақты таза ұлттык өнiм;

b) Номиналды таза ұлттык өнiм;

c) Халыктын толык жұмыспен қамтылуы кезiндегi таза ұлттық өнiм;

д) Жеке табыс.

2.Инфляция түрлерi:

a) Баяу, қарқынды;

b) Накты, номиналды;

c) Артық, реттеулi;

d) қалыпты, артық.

3.Инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне байланысты:

a) Иә;

b) Жок;

c) Инфляциянын бағамен байланысы жоқ;

d) Тапшы тауарлар бағасынын өсуiне;

e) Өндiрiстiң көтерiлу кезiнде ғана.

4.Стагфляция- бұл:

a) Инфляция өсіп, жұмыссыздық төмендейді;

b) Жұмыссыздық өсіп, инфляция төмендейді;

c) Инфляция да жұмыссыздық та өседі;

d) Инфляция да жұмыссыздық, та төмендейді

5. Жұмыссыздық түрлері:

a) Монополистік және олигополистік;

b) Фрикциондық, құрылымдық және циклдік;

c) Тауарлы, валюталық

д) Қарама-қайшылық және икемді

 

Бөлім-5. 13-тақырып. Ұлттық экономикадағы ақша-несие жүйесі.

Ақшаға сұраныс пен ұсыныс, ақша нары-ғындағы тепе-теңдік, банк жүйесі және атқаратын қызметтері, орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары.

Тестілік тапсырмалар:

1.Ақша нарығында тепе-теңдiк процент ставкасы өседi, егер:

a) ақша ұсынысы көбейсе.

b) ақша ұсынымы азайса.

c) өндiрiс деңгейi өте жоғары болса.

d) ақшаға сұраным азайса.

2.Несие ақшасы , бұл:

a) айырбас монетасы.

b) қағаз, ақша.

c) вексель

d) алтын және асыл металдар.

3.Ақша мультипликаттары мынаған жағдай жасайды:

a) процент ставкасын өзгерту.

b) құнды қағаздарды сату және сатып алу.

c) ақша ұсынымын реттеу.

d) әлеуметтiк әдiлдiктi орнату.

4.Егер ЖҰӨ көлемi өссе. Онда ақша жалпы сұраным графигi:

a) оңға жылжиды

b) солға жылжиды

c) өзгермей қалады

d) дұрыс жауабы жоқ.

5.Ақша-несие саясатына мыналардың қайсы кiрмейдi:

a) несиенi басқару

b) халықтың өмiр сүру деңгейiн көтеру

c) ақша мөлшерiн реттеу.

d) проценттi реттеу.

 

14-тақырып. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Қаржы, бюджет-салық саясаты және әлеүметтік саясаты.

Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы, мем-лекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар, салық салудың принциптері мен түрлері, қаржы жүйесі-нің мәні мен құрылымы

Тестілік тапсырмалар:

1.Егер үкімет нақты ТҰӨ деңгейін жоғарлатса, онда ол ......

а) салықты төмендетеді.

б) мемлекеттік тауарлар сатып алуды төмендетсе.

с) трансферттік төлемдерді төмендетсе.

д) бюджеттік тапшылық деңгейін төмендетсе.

2. Үкіметтік саясат шығындар мен салық салу облысында былай аталады:

а) ақшаның сандық теориясына арналған саясат.

б ) монетарлық саясат.

с) фискальдық саясат.

д) табыстарды бөлу саясаты.

3.Антиинфляциялық фискальдық саясат, мынаны болжайды:

а)салық салу деңгейін көтеру және мемлекеттік шығындарды

қысқарту.

в) салық салуды да,мемлекеттік шығындарды да қысқарту.

с) салықтың өсуі және мемлекеттік шығындардың жоғарылауы.

д) салықтың төмендеуі және мемлекеттік шығындардың жоғарылауы.

4.Егер экономика тепе-теңдік жағдайда болса, онда

а) тұтынушы шығындары инвестицияға тең болуы тиіс.

в) кәсіпкерлердің табысы жалпы инвестицияларға тең болуы тиіс.

с) тұтынушы шығындарын өсіру инфляциялық үзіліске әкеліп соғады.

д) барлық бюджеттің деңгейі балансталған болу тиіс.

 

15-тақырып. Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері. Халықаралық экономикалық қатынастар.

Халықаралық сауда және оның түрлері, мемлекеттің сыртқы сауда саясаты, протекционизм және еркін сауда, төлем балансы.

Тестілік тапсырмалар:

1. Дүниежүзілік сауда ұйымына мемлекеттің кіруіндегі кемшілігі төмендегілердің қайсысы:

A экономикалық қауіпсіздік

B сыртқы сауда көлемінің өсуі

C төлем балансының құрылымының жақсаруы

D әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігі бар тауарлардың сапасын көтеру

E ауылшаруашылығының мүмкін дағдарысы

2. Әлемдік экономиканың негізгі сферасына төмендегілердің қайсысы кірмейді

A сыртқы сауда

B валюталы несиелі операциялар

C өндірістік кооперация

D ғылыми-техникалық одақтастық

E ішкі цехтық мамандану

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу идеясын кім ұсынды?

A) Дж. М. Кейнс

B) А. Смит

C) К. Маркс

D) Д. Рикардо

E) М. Фридмен

 

 

Пән бойынша глоссарий

Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын рентасы (табысы).

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы

Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

Құнды қағаздар – иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар (акциялар, облигациялар, вексельдер, депозиттік және инвестициялық сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).

Баға индексі -тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

Банк пайызы - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

(проценті)

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және валюталық қолма-қол ақша, акциялар, т.б. көрсетіледі.

Бәсеке- өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың табыстан артып кетуі.

Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

Вексель – төлем және несие құралы; кәсіпкердің несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

Венчур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.

Дебитор – кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.

Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.

Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

Депозит – белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

Дивиденд –акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.

Диверсификация -бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы ассортиментінің ұлғайып отыруы.

Дифференциалды рента І-ші - жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен ж



Просмотров 3358

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!