![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Модуль. Экскурсиялық нысандардың түрі мен құрамы
Дәріс Тақырыбы: Экскурсиялық нысандардың топонимикасы Мақсаты:Студенттердің осы тақырып бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, оны тәжірибеде қолданудың аясын кеңейту Жоспары: 1. Топонимика, интегральды ғылым. 2. Туристік-экскурсиялық нысандарды оқуда топонимика ролі. Топонимиканың жіктелуі. 1. Топонимика, интегральды ғылым. Топонимика ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» - орын, жер, «онома» - атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз. Атаулардың белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына сол кезеңдегі физикалық-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар себепші болады. Қазіргі Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық шоғырлануына, сол кезеңдегі табиғат жағдайларына қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті түрде нақты деректермен (тарихи-археологиялық, географиялық, лингвистикалық) расталған жағдайда, құндылығы арта түседі. Қазақстанның топонимиялық жүйесі – осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды “жадында” сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист ғалымдар ерекше маңыз берген. Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келб.ін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география “топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды”. Географиялық орнының ерекшеліктеріне орай, республика аумағы тарихи кезеңдерде Сібір – Орал, Қиыр Шығыс - Орталық Азия, Орта Азия, Солтүстік Кавказ және Оңтүстік Орыс жазығы аймағында жүрген саяси, экономикалық оқиғалармен тығыз байланыста болды. Ескеретін мәселе, еліміздің тарихи дамуында Оңтүстік Қазақстан ежелгі отырықшы өркениеттің ошағы болған ұлы өзен Сырдарияның аңғарындағы суармалы егіншілік пен қолөнердің, сауда мен қала мәдениетінің орталығы қызметін атқарды. Сырдария бойында ежелден бері Орталық Қазақстанда тұрған көшпенділердің қыстаулары орналасатын. Сыр бойындағы шұраттар мен қалалар олардың жолдарында ешқашан бөгеп тұрған жоқ, сол себепті көшпенділер мен отырықшы халықтың арасында өзен жағалауындағы жер дауы туындаған жоқ. Далалық аймақтар мен отырықшы егіншілік өркендеген аудандар аралығындағы шаруашылық - мәдени байланыстары жөнінен еліміздің топонимикасы аздаған айырмашылықтарға қарамастан бірін-бірі толықтырып, жалғастырып жатты. Қарастырып отырған мәселенің өзектілігі географиялық атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып-білу, қорыта айтқанда студенттерді, оқушы жастарды еліміздің бай табиғаты мен атаулары туралы мол мәлімет беру.
![]() |