![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы , Тараз қаласында 1931 ж. ашылған. 1978 ж. қаланың орталық алаңындағы жаңа ғимаратқа көшірілді. Мұражай залдарының жалпы аумағы 1492 м2. Ондағы экспонаттар тірі және өлі табиғат, тарих және археология, этнография, тарихи оқиғалар залдарына жүйеленіп қойылған. Мұражай қоры 30 мыңнан аса экспонаттан тұрады. Олардың бірқатары Италия, Астана, Алматы қалаларында болған көрмелерде көрсетілді. Мұражай қызметкерлері 1991 — 2001 ж. Археология институтының археологтерімен біріге отырып, облыс территориясындағы көне тарихи орындарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 1994 — 97 ж. көне Тараз орнынан қаланың б.з. 1 ғ-ында болғандығын дәлелдейтін көптеген заттар: үйлердің қабырғалары және кейінгі дәуірлерге қатысты теңгелер (20 дана), тереңд. 6 м құдық, пеш және су құбырлары, ыдыс-аяқ, шырақтар, ұршық бастар, Тараздың қола теңгелері (8 дана), оның ішінде 7 — 8 ғ-ларға жататын ортасында төртбұрышты саңылауы бар соғды теңгелері табылды. Мұражайға “балбал тастар” деп аталатын тас мүсіндердің бірегей тобы қойылған. Олардың жалпы саны 70-тен астам. Мұражайдағы өте сирек кездесетін экспонаттың бірі — сақ жауынгерлерінің дулығасы. Ол қоладан жасалынған, б.з.б. 6 — 5 ғ-ларға жатады. Сақ заманынан сақталған биік тұғырлы қола қазандар да назар аудартады. 1972 ж. Тараз қ-ндағы Орт. базар аумағын қазу жұмыстарының барысында ер адамның қола мүсіні табылды. 1976 ж. Орталық спорт алаңын салу үшін жүргізілген құрылыс жұмыстарының кезінде табылған қоладан жасалған үнді бишісінің мүсіні де осы мұражайда тұр. 1995 — 96 ж. мұражай директоры К.Байбосыновтың жетекшілігімен ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың орындарына және сақ, үйсін қорғандарына қазба жұмыстары жүргізілді. Қорғандардан тас, қола моншақ, жебенің ұшы, ілгіштер табылды. Төменгі Барысхан қалашығының орнынан бөлме, зал сылақтарының оюлы, әшекейлі сынықтары кездесті. Шахристаннан әр түрлі пішінді ас пісіретін қазандар, шыны бұйымдар, түрлі түсті моншақтар мен сырға, түркі теңгесінің табылуы үлкен олжа болды. 8 ғ-ға жататын Ақыртасты қазу жұмыстары 1996 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1998 жылғы зерттеуде ұз. 16 м, ені 6 м, 6 бөлмеден тұратын керуен сарайдың орны, бір бөлмесінен сырға, ыдыс сынықтары және өлшемі 25х25 см күйдірілген кірпіш, су құбырлары табылды. Мұражай қоры, негізінен, қазба жұмыстарынан табылған заттармен толығып отыр. Мұражай қорында Тараз қ-на жер аударылып келген неміс халқының көрнекті суретшісі Л.В. Брюммердің сыйға тартқан үлкенді-кішілі 1000-ға тарта жұмыстары да сақтаулы. Мұражайға, сондай-ақ, қазақ халқының көне саз аспаптары (сазсырнай, шаңқобыз) мен ер-тұрман әбзелдері, қолөнер туындылары қойылған. Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1890 – 1895 жылдары салынған ерекше сәулет кешенінде, бұрынғы орыс православиелік шіркеуі ғимаратында 1939 жылы ашылған. 1980 жылы облыстық Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен мұражайға ХХ ғасырдың 50 – жылдарындағы сәулет ескерткіші, екі қабатты ғимарат бөлінген. 1980 – 1985 жылдар арасында мұражай күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңа экспозицияның құрылысына жабылған. 1985 жылы 7 мамырда мұражай есігін ашты. 2001 – 2004 жылдарда мұражайға реэкспозиция жасалған. 2011 жылдың қыркүйек – қазан айларында облыстық мұражайдың алдыңғы жағы мен шатырына қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалған. Мұражай экспозициясының аумағы – 1078,9 м.кв. және 14 залдарда орын тепкен: өлке табиғаты – 2, археология мен этнография – 4, қазіргі қоғамның дамуы – 8. Мұражайдың екі филиалы бар: Қорқыт ата ескерткіші жанындағы мұражай және «Ақмешіт» Қызылорда қаласы тарихының мұражайы. Облыстық тарихи – өлкетану мұражайының қорында 51.239 көрме қойылымдары бар, олардың ішінде 28.923 – негізгі қорда. Көрме қойылымдарында археология мен этнография, нумизматика, мүсін, қолданбалы өнер бұйымдары, фотосуреттер мен құжаттар, сирек кездесетін кітаптар топтамалары, өлкенің өсімдікті және жануар әлемі заттары бар. Мұражай қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік әшекей бұйымдары, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай. Мұражайдың археологиялық топтамалары 1980 жылы қалыптаса бастады. Оған облыс аумақтарына жүргізілген археологиялық – қазба экспедициялары жұмыстары кезінде табылған 2915 экспонат кіреді. Олардың көбісі баға жетпес заттар болып табылады және олар тас, қола, орта ғасырларына жатады. Облыс территориясында ежелгі Сырдария өзені сағасының Сақсауыл станциясы аймағындағы неолиттік ескерткіштердің үлкен топтары анықталған. Арасында балшық ыдыстар өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Оның беті күрделі геометриялық бедерлермен безендірілген. Үлкен қызығушылықты үш аяқты қола қазандары – оғыз тайпасы мемлекетінен қалдырылған айғақтар тудырады. Сақ тайпаларының материалды мәдениетінің тарихы бойынша маңызды көздердің бірі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мыс және қола заттар болып табылады. Бұл заттар осы халықтың дамуының жоғары деңгейде болғандығын айғақтайды. Ерекше орынды тас мүсіндер алады. Бұл – адам мүсінін бейнелеудегі алғашқы қадамдар. Оларды суреттің, рельефтің және көлемді мүсіннің контурлы қашап жасау техникасын пайдалану арқылы арнайы сұрыпталған тастардан жасаған. Жуырда Қызылорда облыстық мұражайының археологиялық топтамасы Кердері кесенесі орнында табылған керамикалық қыш тақшалар, диірмен, балшық ыдыспен толықтырылды. Этнографиялық зал орталығында интерьері мен ішкі жабдықтарымен қоса алты қанатты киіз үй көрсетілімі жасалған. Аса қызығушылықты ағаштан жасалған бұйымдар тартады: рельефтік безендірулері мен түс үндестігін үйлестірген келісушілігімен адам көзін жаулайтын адалбақан, төсек ағаш, кебежені көре аламыз. Соңғы кезеңдерде мұражай топтамаларды жинақтағанда, ғылыми зерттеулерді жүргізгенде жазба мәдениет, ағарту мен білім беруді дамыту тақырыптарына көп көңіл бөлініп келеді. Мұражайлық жинақтардың мақтанышын 1729 – 1920 жылдары Санкт – Петербург, Мәскеу және Ташкент қалаларында ежелгі түрік, парсы және араб тілдерінде басып шығарылған бірегей кітап үлгілері құрайды. Мұражайға Қорқыт ата туралы «Китаби деде Коркыт» («Қорқыт ата кітабы») кітабының (түркі халықтарының жазба эпикалық ескерткіштері, Ватикан мен Дрезден қолжазбалары түпнұсқаларының түркі тілінен аудармасы) көшірмесі алынған. Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы қорында сақталатын ұлттық зергерлік әшекей бұйымдары дәстүрлі формалардың байлығымен, ою – өрнектік сарындарының алуан түрлілігімен сипатталады. Олар күмістен, қымбат бағалы маржан, гауһартас, көгілдір ақық тастарынан жасалған. Көрме бұйымдарының ішінен шолпы, шашбау, білезіктер, сырға, қапсырма, тырсылдақ түйме, түйреуіш сынды бұйымдарды көре аламыз. Келушілердің қызығушылығын КСРО халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Бағланова мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваға арналған экспозициясы ерекше тартады.
![]() |