Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптарының мұражайы



1980 жылдан бастап жұмыс жасауда. Қырықтан астам қазақтың музыкалық халық аспаптары қойылған. Олардан домбыра, қобыз, даңғыра, кепшік, сылдырмақ сияқты аспаптар, сонымен қатар орыс, ұйғыр, дүнген және басқа да халықтардың аспаптары Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайларынан әкелінген. Жетіген, адырна, сазген, дудыға, тоқылдақ, асатаяқ, керней, уілдек, ысқырық сияқты аспаптар халық аңыздары мен жазба көздері арқылы жүргізілген ғылыми ізденістер нәтижесінде табылып, О.Бейсенбаев, Д.Шоқпаров, А.Аухадиев және т.б. халық шеберлерінің этнографиялық суреттемелері бойынша жаңадан қалпына келтірілген. Аспаптардың тағы бір бөлігі халықтан жиналған. Мұражайда Абай, Біржан, Құрманғазы, Махамбет, Шашубай, Дина, Қазанғап, Нартай, Кенен, Сейтек, Мұрын-жырау, Қызыл-жырау, Жамбыл, Бөлтірік-жырау, А.Жұбанов, Ә.Қашаубаев, А.Хасенов, А.Мықтыбаев және т.б. әйгілі суырып салма ақындар мен композиторлардың музыкалық аспаптары қойылған.

Мұражай залдарынан қазақ халқының ұзақ тарихи даму процесінде өте бай музыкалық мұрасын қалыптастырып отырғаны байқалады. Көптеген халық орындаушыларының жадында байырғы музыкалық шығармалардың жүздеген үлгілері сақталып, аса бай музыкалық фольклор орындаушыдан орындаушыға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Халық аспаптарын кәсіби үйренуде дәстүрлі аспаптық музыка негіз болды.

Республиканың музыкалық мәдениетін дамытуда Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары Мемлекеттік академиялық оркестрі маңызды роль атқарды.

А.В.Затаевич, академик А.Жұбанов, Л.Хамиди, Н.Тілендиев, Ш.Қажығалиев, Б.Сарыбаев, халық шеберлері К.Қасымов, Э.Б.Романенко және т.б. танымал музыкатанушылар мен композиторлардың халық аспаптарын зерттеу мен жетілдіруде қосқан зор үлестерін мұражай экспозицияларынан көруге болады.

Сонымен қатар мұражайда түркі және әлем халықтарының музыкалық аспаптары қойылған.

Мұражай қызметкерлері экскурсия өткізіп, концерт залында музыкалық аспаптарды дыбыстандырады.

Жұмыс уақыты: 10.00-ден бастап 19.00-ге дейін, демалыс күні - дүйсенбі

Билет құны: балаларға -50тг, студенттерге - 100тг, ересектерге-150тг

Халық музыка аспаптарының мұражайы 1980 жылы ашылды. Тарих ескерткіштері мен өнер туындыларын жинап сақтаумен айналысатын осыған ұқсас мекемелер сияқты, мұражай Алматы қаласының бетке ұстар, мәдени көз тартарлық жерлерінің бірі. Мұражай ғимараты да Қазақстан тарихы мен сәулетінің ескерткіші болып табылады. Әйгілі сәулетші шебер А.П. Зенков 1908 жылы салған ХХ ғасырдың басындағы Верный қаласының қоғамдық құрылысының ағаш өнерінің үлгісі.

2012 жылы Мәдениет жылының аясында Мұражайда кең көлемді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні ғимараттың сыртқы келбеті ғана емес, экспозияциялардың орналасуы, жұмыс тұжырымдасы толығымен өзгертілген. Мұражай жаңғырту жұмыстарынан кейін 2013 жылғы 15 мамырда ашылды. Бүгін «Мәңгілік құндылықтардың жаңа экспозициясы» Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған көне қазақ, ТМД және әлем халықтарының музыкалық аспаптарынан бірегей жиынтығынан (аспаптардың 60-типіне бөлінетін 1000-нан астам сақтау бірлігі) тұрады.

Сонымен бірге жиынтыққа әйгілі қазақ суырып салма ақындары мен композиторларының аспаптары да кіреді.

Мұражай экспозициясына ақын, жырау және композиторлар - Абай, Жамбыл, Махамбет, Әміре Қашаубаев, Дина Нүрпейісова, Нұрғиса Тілендиев және мемлекетіміздің музыкалық мұрасының басқа да белгілі қайраткерлерінің жеке домбыралары қойылған.

Жетіген, адырна, сазген, дудыға, тоқылдақ сияқты сирек кездесетін аспаптар халық аңыздары мен жазба көздері арқылы жүргізілген ғылыми ізденістер нәтижесінде табылып, халық шеберлерінің этнографиялық суреттемелері бойынша жаңадан қалпына келтірілген.

Бүгін Халық музыка аспаптарының мұражайы – беделді ғылыми орталық. Оның қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізеді, белгісіз, ұмыт болған музыкалық атаулар мен атрибутталмаған (көшірмелері сақталмаған) шығармаларды іздеумен, оларды ғылыми және мәдени қолданысқа енгізумен айналысады.

Келушілер үшін 7 экспозициялық зал ашылған: археология, ұрмалы-шулы және үрлемелі аспаптар, мемориалды музыкалық аспаптар, домбыра және қобыз - ішекті аспаптар, әлем халықтарының аспаптары залдары, уақытша көрмелер мен тұсаукесер залы және концерт залы.

Мұражайдың барлық қонақтары үшін қазақ халқының салты, әдет-ғұрпы, тұрмысы туралы танымдық ақпарат алуға болатын интерактивті мультимедиалық жүйе Media table бар. Сондай-ақ Мұражайда ұлттық аспаптарды жасау технологиясын көрнекі түрде көруге болатын Қолөнершінің шеберханасы жұмыс жасайды. Жәдігерлік дүкендегі ұлттық жәдігерлік өнімдер ерекше сұранысқа ие. Әркім өз оркестрінің дирижері бола алатын Киннект ойын бөлмесі шынайы қызығушылықты тудырады. Келем деушілерге Концерт залы мен қазіргі заман экспозизиялар залы ашық. Сонымен бірге Мұражай корпоративті концерттер, семинарлар, тренингтер мен шеберлік-класстарын өткізу үшін орын-жайларды ұсынады.

 

 

55.Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы 1979 жылы Абай қалалық атқару комитеті мәдениет бөлімінің бастамасымен қоғамдық негізде ашылды. 1980 жылғы мамыр айында мұражай ашылды. Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 25/10 «Мәдениет және өнер мемлекеттік ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Абай ауданы әкімдігі Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы» ҚМҚК Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы» КҚМК болып қайта құрылды.

Мұражайдың жалпы көлемі – 240 ш.м., экспозициялық — 210, қор сақтау — 15. Экспозициялар:

вводный залзал1зал2зал4

1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі 2. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы 3. Абай және қазіргі кезең 4. Шерубай-Нұра – Абай қаласының алғы тарихы

«Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі» залының экспозициясы Семей қаласының республикалық музейінен әкелінген Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық – саяси қызметі туралы, туған-туысқандарының материалдары, Абайдың ізбасарларының шығармалары фотосурет пен фотоматериалдар бойынша хронологиялық ретпен әңгімеленіп және суретшілердің картиналары қойылған. Бірінші залда «Қазақы кигіз үйі» экспозициясында қазақ халқының қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары қойылған. «Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы» залының экспозициясы ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы туралы әңгімелейді. Витриналарға қойылған Абай Құнанбаевтың 1933 жылы Қызылордада араб тілінде шыққан, ақынның шығармаларының интернационалдық маңызын насихаттау үшін әртүрлі халықтың тілінде шыққан «Қара сөзі», 1945 жылы Алматыда қазақ тілінде баспадан шыққан өлеңдер кітабы мен шығармалар жинағы. «Абайды әлем оқиды» атты тұрақты экспозиция өзінің мән-мағынасын жоғалтпай келушілерді қызықтыруда. Экспозицияда ұлы ақын-сазгердің жекелеген әндері жазылған күйтабақтар және ақынның сазгерлік шығармашылығын насихаттаған достарының фотосурет көшірмелері бар. «Абай және қазіргі кезең» залында Абайдың бейнелеу өнеріндегі, кино, театр, әдебиеттегі бейнесін сомдаған шығармалар қойылған. «Шерубай-Нұра – Абай қаласының алғы тарихы» залы Абай қаласының тарихы туралы әңгімелейді. Шерубай – Нұра кентінің өткен тарихы туралы хронологиялық деректер береді.Экспозицияға құжаттар, суреттер, жеке заттар, фотосуреттер қойылған. Бұл зал 1959–1960 жылдардағы даму кезеңінің материалдарымен аяқталады.

 

Мұражай педагогикасы және маркетинг

«Абай Құнанбаев – ұлы ақын-ағартушы», «Ұлы ақынның әдеби мұрасы», «Қазақ халқының қолданбалы қолөнері», «Абайдың қоғамдық іс-әрекеті», «Қазақ халқының ою өнері», «Абай және қазіргі кезең», «Шерубай-Нұра — Абай қаласының алғы тарихы» атты экскурсия – сабақтар, шолу экскурсиялар, театрландырылған экскурсиялар, тақырыптық және шолу экскурсиялары, экскурсия-сабақтар, экскурсия-лекциялар, көрме-экскурсиялар, көрме-лекциялар өткізіледі.

Шолу экскурсиялар: «Абай еліне саяхат», «Өткенге саяхат», «Жәдігерлер сөйлейді»- мектепке дейінгі балабақша балаларына

Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары

«Абай өңірі тарихынан» атты ғылыми-зерттеу жұмысы Шерубай-Нұра кентінің 60 жылдығына байланысты қаланың негізін қалаушылар мен қаланың өркендеуіне атсалысқан байырғы тұрғындардың материалдарымен толықтырылды. Осы тақырып барысында қаланың кәсіпорындары, шағын және орта кәсіпкерлер, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, демография салалары, қоғамдық-саяси жағдайлар туралы жаңа мағлұматтар зерттеліп жиналды. «Абай ауданының ауыл шаруашылығын дамыту» ғылыми-зерттеу жұмысы ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жергілікті басшылардың, инвесторлар мен Үкімет тарапынан ауыл еңбеккерлеріне көмек көрсетудің нәтижесі екендігі жөнінде жаңа мәліметтермен толықтырылды Жалпы есеп беру кезеңінде ғылыми-зерттеу жұмысы аудандық экономика бөлімінің, статистика басқармасының, күнделікті баспасөздің материалдарымен толықтырылды. Жыл бойы жинау жұмысының мақсаты мен бағыты дұрыс жолға қойылғандықтан қорды толықтыру жақсы қөрсеткіштерге жетті. Жыл бойы жинау жұмысының нәтижесінде қорға Абай қаласының негізін қалаушылар Г. Г. Матвиец, М. П. Подобо, М. В. Блинцова, Н. Г. Хайдарованың және Абай қаласының тарихы туралы қаланың байырғы тұрғындары Н. Г. Лепетухина мен И. Н. Шамилиналар берген құнды материалдар қордың «Абай қаласының негізін қалаушылар», «Абай қаласының тарихы» бөлімдерін толықтырды. Көксу ауылының клуб меңгерушісі Л. Г. Блажиевская сыйға тартқан украин халқының жүн иіретін ұршығы, Абай қаласының тұрғыны С. И. Домоевский мен Агрогородок ауылының клуб меңгерушісі Л. В. Шишикинаның тапсырған жәдігерлер «Қазақстан халқының тұрмыс-салты мен этнографиясы» атты бөлімді толықтырды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қанзада Қазыбаева мұражайға сыйға тартқан 19- ғасырдың аяғы 20- ғасырдың басында сол жердің нақышымен жасалған сақина «Қазақ халқының зергерлік бұйымдары» атты бөлімді толықтырды. Сонымен қатар Түркістанда өткен «Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары да қорға алынды. Мұражай қоры — 3977 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: 3003 — негізгі қор, 974- қосымша қор. Мұражай жөнінде ақпарат

Жұмыс кестесі: Мұражайға келушілерге 900-1800

Экскурсия және кіру билеті:

* ересектер үшін −30 теңге

* студенттер үшін-20 теңге

* жоғарғы сынып оқушылары үшін-20 теңге

Көрермендерге көрсетілетін жеңілдіктер: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және мүгедектерге жеңілдік.

Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері: көне мұраларды, заттарды, деректерді, тарихты жинақтау, сақтау, халыққа көрсетіп насихаттау Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 32 Директоры: Рақым Аққайша

Мұқан Төлебаевтың мемориалды мұражайы (Алматы облысы)

Мұқан Төлебаевтың мемориалды мұражайы

Қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық сазгерлеріміздің бірі – Мұқан Төлебаев. М.Төлебаев КСРО-ның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының классигі, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны авторларының бірі. М.Төлебаев 1913 жылдың 13 наурызында қарт Балқаштың жағалауындағы Қарашыған атты ауылда, Бөрлітөбе ауданына (қазіргі Сарқан ауданы) қарасты «Үлгі» колхозында дүниеге келген. Композитордың әкесі - Төлебай Үйсінбайұлы революцияға дейін мал бағу, егін салуды кәсіп еткен, «Үлгі» колхозын ұйымдастыруға ат салып қатысқандардың бірі болған, анасы – Тәжібала Ақшалқызы бетіне ешкімді келтірмеген адуынды, бірбеткей кісі болыпты. Сондықтан да ол ескі әдет-ғұрыптың шеңберіне сыймай, өнер жолына өз тірлігімен, өз талабымен мүмкіндік алған дарынды ана. Қай адамның болмасын қалыптасуына, азаматтық қасиеттерінің айқындалуына оның айналасы әсер етпей қоймайды. Бұл ретте Мұқанның бала жастан бастап ауыз әдебиетінің бай үлгілерінен сусындайтынын атай өткеніміз орынды. Көкірегі ояу айтыскер ретінде танылған өз анасы Тәжібала мен сүйегіне сөз сіңген әкесінің інісі Апырбайдан талай жыр-хиссаларды, есімі елге белгілі салқам сері Құл ақынның өлеңдерін ұзақ түнге тыңдап өскен. Жас Мұқанның өнерге деген құштарлығын ұштауына, кейіннен ұлы композитор болып қалыптасуына осы адамдардың ықпалы тигені сөзсіз.

Мұражайдың құрылуы

Осындай дарынды, ұлы композитордың құрметіне ашылған мұражай ғимаратының іргетасы 1941 жылы қаланды. Сол кезден бастап 1983 жылға дейін тұрмыстық комбинат мекемесі ретінде қолданыста болды. Кейіннен 1983-1993 жылдар аралығында ғимарат әскери комиссариаттың қолданысына берілді. Ал 1993 жылдан бастап М.Төлебаевтың мемориалды мұражайы ретінде қызмет атқара бастады. Мұражай даңқты композитордың 80 жылдық мерейтойына орай ашылған. Мұражайдың ашылуына композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Е.Рахмадиев, сол кездердегі Талдықорған облысының әкімі С.Ақымбеков, Бөрлітөбе ауданының әкімі А.Тұрғанбеков, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Р.Есдәулетов, М.Тынышпаев тарихи-өлкетану мұражайының директоры К.Нұртаев және мұражайдың алғашқы директорлары болған Г.Төлеубаева, Мұқан Төлебаевтың немере інісі, марқұм Қ. Дүйсембековтер зор үлес қосты. Ал 1994 жылы мұражайдың алдына аса көрнекті композитор Мұқан Төлебаевты мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш қойылды. Мыстан құйылған мүсіннің авторы Едіге Рахмадиев.

Мұражайда музейлік маңызы бар материалдар саны - 1422 болса, оның 673-і негізгі қорды, 749-ы көмекші қорды құрайды. М.Төлебаев аз ғана ғұмырында өнер көгінде өшпес ізін салып үлгерген құйрықты жұлдыз іспетті. Кең құлашты, мол тынысты, шалқар шабытты образға беріле отырып, өнер әлеміне көптеген классикалық шығармалар әкелді. Соның бірі әлемдік деңгейде жазылған «Біржан-Сара» операсы. Ол саз мектебінің алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі болып тарихқа енген. Мұражайда М.Төлебаевтың 500-ден аса құжаттары мен пайдаланған заттары бар. Киген киімдері, ғылыми құндылығы жоғары еңбектері «Біржан-Сара» операсының, «Кестелі орамал», «Тос, мені тос», «Жеңіске» әндерінің түпнұсқасы, өз қолымен жазған классикалық, симфониялық шығармалары, әндері мен романстары, қолтаңбасын қалдырған музыкалық аспаптары, т.б. заттары аса ұқыптылықпен сақталған.



Просмотров 2664

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!