Главная
Обратная связь
Дисциплины:
Архитектура (936) Биология (6393) География (744) История (25) Компьютеры (1497) Кулинария (2184) Культура (3938) Литература (5778) Математика (5918) Медицина (9278) Механика (2776) Образование (13883) Политика (26404) Правоведение (321) Психология (56518) Религия (1833) Социология (23400) Спорт (2350) Строительство (17942) Технология (5741) Транспорт (14634) Физика (1043) Философия (440) Финансы (17336) Химия (4931) Экология (6055) Экономика (9200) Электроника (7621)
|
Google, Yandex, Rambler ақпараттық-іздеу порталдары
Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Бұндай жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық-іздеу порталдары көмекке келеді. Ақпараттық-іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфигурациялар кездесетін қор көздерінің мекен жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпаратты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, валюта бағамдарын, сілтемелерді және т.б. таба аласыз.
Internet-те алуан түрлі ақпараттық-іздеу порталдары бар. Недәуір кең тарағандары: Google (www.google.com және www.google.kz), Yandex (www.yandex.ru), Rambler (www.rambler.ru).Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, Жаңалықтар таспасы, Тақырыптар бойынша сайттар каталогы, Іздеу қызметі болады.
Әдетте ақпараттық-іздеу порталдарының бәрі ұқсас сұлба бойына жұмыс істейді. Енгізу өрісіне кілттік сөздерді жазып, Іздеу батырмасын басамыз. Осыдан кейін сайттар тізімі іріктеліп, бейне бетке шығарылады Енгізу өрісінің астыңғы жағында беттерді іздеу нәтижесі көрінеді. Ол бейне бетке бөлшектеп шығарылады. Одан ары қарай өту үшін Келесі батырмасын басамыз.
Чаттар, форумдар, ICQ
Чат (IRC -Internet Real Chat) -Интернеттіњ таѓы да бір ќосымшасы,желіде наќтылы уаќытта интерaктивті с±хбаттасу. Єњгімeлесушілер бір-бірімен µз компьютерлeріндегі клавиатурадa сµздерді теріп жібереді жєне ол сµздер бірнеше секундтардан кейін с±хбаттасушыларѓа монитордан кµрінеді, осындай тєсілмен єњгімелесулеріне болады.
ICQ қызметі – бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады. ICQ бейнеконференциялар ұйымдастыру, интернет-телефония, файлдарды жеткізу, SMS-хабарламаларды жөнелту, поштаны тексеру сияқты тағы басқа да көптеген тапсырмаларды орындай алады. ICQ мүмкіндіктерінің тізімін жеке көшіріліп, тура бағдарламаның өзінен орнатылатын қосымша модульдер есебінен енңейтуге болады. Өзіңізде ICQ нұсқаларының бірін орнатып алып (олардың кейбіреулері орыс тіліне аударылған), желінің басқа клиенттерімен сөйлесіп, хабарлама алмаса аласыздар. Бағдарламаңызды тіркеген кезде ICQ серверінде өз жеке байланыс орталығыңызды (Personal Communication Center) ала аласыз. Ол жерде сіз туралы басқа тұтынушылар қол жеткізе алатындай етіп өзіңіз берген ақпарат орналасады. Байланыс орталығындағы пейджер арқылы ICQ жоқ адамдар Сізбен байланыса алады. Сонымен қатар пайдаланушылар Сізге арнап ICQ-ға 450 таңбадан аспайтын хат жіберуіне де болады.
Интернет қызметтер.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді. WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Wid деп те айта береді. Мәліметтер блоктары (Wid-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді. WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers («browse» - қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді броузерлер жиі қолданылады. E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол – желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады. Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар –тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы – мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымда, өнерде, спортта, т.с.с.) арналады және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді - өте ауқымды тақырыптан (бір сұрақтың барлық жағы) тек бір ғана сұраққа дейін (мысалы, филателия) қамтылады. ISO (I seek you – мен сені іздеймін) – желі тұтынушыларына нақты уақыт кезіңінде (масштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірден чат (сһаt - әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.
|