![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып: Жарық интерференциясы
Сабақтың мақсаты:интерференция тақырыбы бойынша есептер шығару дағдысын қалыптастыру, білімді бекіту. Төмендегі теориялық сұрақтарды оқып-білу: - когерент толқындар деп қандай тоқындарды айтады? - когерент көздер деген не? - Френель және Юнг тәжрибелерін сипаттаңыздар; - жолың оптикалық ұзындығы деген не? - интерференция мөлдір жұқа пластикада шағылған жарықта бақыланған кезде жарықтың күшею шарты; - интерференция мөлдір жұқа пластикада шағылған жарықта бақыланған кезде жарықтың әлсіреу шарты; - бірдей қалыңдық жолақтары деген не? - Ньютон сақиналары денен не? - Ньютон сақиналарында орталық дақ қай кезде жарық болады? - Интерференция мөлдір жұқа пластикада өткінші жарықта бақыланған кезде жарықтың күшею және әлсіреу шарттары; - бірдей көлбеулік жолақтары деген не? Есептерді шығару жолдарын қарастыру: 16.4; 16.6; 16.8; 16.10; 16.12; 16.14; 16.4; 16.4; 16.4; (Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.) Тақырып: Жарық дифракциясы Сабақтың мақсаты:Френельдің зоналар әдісін дифракцияны есептеуде қолдану дағдысын қалыптастыру, білімді бекіту. Қорытқы амплитуда мәнін графиктік жолмен есептеу. Френель әдісін қарапайым дифракциялық құбылыстарға пайдалану әдістерімен таныстыру. Төмендегі теориялық сұрақтарды оқып-білу: - Гйюгенс–Френель принципін тұжырымдаңыздар; - Френельдің зоналар әдісінің мағнасы неде? - Френель зонасының ауданын есептеу формуласын жаз; - Френель зонасының радиусы есептеу формуласын жаз; - Френель және Фраунгофер дифракциялары деген не? - дифракциялық спектр мен призмалық спекртдің айырмашылықтарын түсіндіріңіздер; - дифракциялық торың дисперсиясы мен ажырату қаблеті деген ен? Есептерді шығару жолдарын қарастыру:№№16.53; 16.54; 16.55; 16.56; 16.57;(Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.) Тақырып: Оптикалық жүйелер Сабақтың мақсаты:студенттерге жарықтың линзада сынуы,жұқа линзадағы кескін алуды, оптикалық жүйелерде жарық шоғын шектеу құбылыстарын есептер шығару жолымен меңгерту. Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау: - жұқа линзалар, оның формуласы, оптикалық күші; - Ньютон формуласы; - Аббе инварианттары деген не? - Лагранж-Гельмгольц теоремасын түсіндір; - Жарықтың сфералық бетте шағылуы мен сынуы; - оптикалық құралдардың сипаттамалары, олардың ажратқыштық қаблеті; Есептерді шығару жолдарын қарастыру:№№16.53; 16.54; 16.55; 16.56; 16.57;(Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.) Тақырып: Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы Сабақтың мақсаты: Екі диэлектрлік ортаны бөлуші шекарада электромагниттік толқынның шағылуы мен сыну құбылыстарын талдау. Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау: - Электромагнитгік толқындардың заттармен әсерлесуі. - Ортаның электрлік және оптикалық қасиеттері. - Электр диполінің жарық шығаруы. Есептерді шығару жолдарын қарастыру:Цедрик М.С. Сборник задач по курсу общей физики. №№ 28.1; 28.12; Тақырып: Жарық поляризациясы Сабақтың мақсаты:Жарық поляризациясы. Поляризаторлар. Электромагнитгік толқынның анизотроптық ортада таралуы. Толқыңдар беті және нормальдар беті. Бір осьті кристалддардың оптикалық қасиеттері сұрақтарын талдап, бекіту. Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау: - табиғи және поляризацияланған жарық деген не? - Малюс заңының өрнегін жазып, оны түсіндір; - анализатордан өткен жарық интенсивтігінің максимал және минимал болу шарттарын көрсет; - кәдімгі және ерекше сәулелер деген не? - Николь призмасындағы сәулелер жолы; Есептерді шығару жолдарын қарастыру:16.58; 16.58; 16.60; 16.62; 16.64; 16.66; (Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.) Тақырып: Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы Сабақтың мақсаты:жарық дисперсиясын бақылау әдістерімен таныстыру. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары тақырыбына есептер шығару. Дисперсия теңдеуі, қалыпты және аномальды дисперсия құбылыстарын , жарықтың жұтылуын сипаттайтын шамаладры талдау. Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау: - спектр деген не? - призмадан өткен жарықтың ауытқуын сипаттайтын шаманың формаласын жаз; - монохромат сәуле деген не? - фазалық және топтық жылдамдықтар деген не? - жұтылу коэффициентінің физикалық мағнасы қандай? - лайқа ортада жарықтың шашарау құбылысының механизмін түсіндір; Есептерді шығару жолдарын қарастыру:Цедрик М.С. Сборник задач по курсу общей физики. №№ 29.12; 29.13; 29.14; 29.15; 29.16;
![]() |