Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сайлау және сайлау құқығының түрлері



 

Бәсең сайлау құқығы – Қазақ­стан азаматтарының, оларға қойы­ла­тын талаптарға сәйкес келген жағ­дайда, ҚР Президенті, ҚР Пар­ла­ментінің, мәслихаттарының де­пу­таты немесе жергілікті өзін-өзі бас­қару органдарының мүшесі бо­лып сайлану құқығы.

Тең сайлау құқығы дегеніміз – сай­лаушылардың Президентті, Рес­­публика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сай­лауға тең негізде қатысады жә­не олардың әрқайсысы тиісінше бір сайлау бюллетені бойынша бір да­уысқа ие дегенді білдіреді. Сай­лаушылар жергілікті өзін-өзі бас­қару органдары мүшелерін сай­лауға тең негізде қатысады және олар­дың әрқайсысы тең дауыс са­ны­на ие. Кандидаттар «Қазақстан Республи­касын­дағы сайлау туралы» Кон­сти­туциялық заңмен белгілен­ген шекте сайлауға қатысуға құ­қы­лы.

Төте сайлау құқығы – Прези­дент­­ті, Республика Парламенті Мә­жілісі мен мәслихаттары де­пу­тат­тарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін азамат­тар­дың тікелей сайлауы.

Жанама сайлау құқығы – Пар­ла­мент Сенаты депутаттарын сай­лауға таңдаушылардың – мәс­ли­хат­тар депутаттары болып табы­латын Қазақстан азаматтарының қа­тысуы. Таңдаушылар сайлауға тең негізде қатысады және олардың әр­қайсысы бір дауысқа ие.

Сайлау алдындағы үгіт: Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау кезінде кандидаттың, саяси парияның ар-намысына, қадір – қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болғаны дұрыс. Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды тегін таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу немесе осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу сайлау алдындағы жөнсіз үгіт деп саналады. Сайлау жарияланған кезден бастап, кандидаттарға, саяси партияларға сондай-ақ олардың атынан оларды қолдап жүрген кез-келген жеке тұлғаларға, ойын-сауық және де спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді. Әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына қаражат бөледі.Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға, саяси партияларғашарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге және сөйлеген сөздеріне іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздеріне түсініктеме айтуына тыйым салынады. Кандидаттардың, саяси париялардың өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгітті жүргізетін сенім білдірген адамдары болуына құқылы. Сайлау комиссиясына сенім білдірген адамдар өтініштерін жазып, тіркеледі, одан соң барып оларға тиісті куәлік береді. Сенім білдірген адам Қ.Р. азаматы болуға және де лауазымды адам болуы тиіс.

Қазіргі кезеңде әлемде өкілді органдарды сайлау әдісі кеңінен тараған және түрлері сан алуан. Жалпы, сайлау арқылы әртүрлі билік органдары – парламенттер, мемлекет басшылары, кей жағдайларда үкімет, сот органдары, жергілікті өкілді және атқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрылады.

Заң әдебиеттерінде «сайлау құқығы» екі түрлі – объективтік және субъективтік мағынада қолданылады. Объективтік сайлау құқығы – мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауын өткізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Субъективтік сайлау құқығы - азаматтардың мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына қатысу, оларды сайлау және сайлану құқығының мемлекетпен кепілдендірілген мүмкіншіліктері [1, 355]. Бұл тұрғыда, сайлау құқығын белсенді және бәсең сайлау құқығы деп бөлуге болады.

Белсенді сайлау құқығы азаматтардың билік құрылымдарын құруда және республикалық референдумдарда қатысу құқығы. Ал, бәсең сайлау құқығы азаматтардың мемлекеттік билік органдары мен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлану құқығы.

Қазақстан Республикасының сайлау құқығының өзінің қайнар көздері бар. Оларға сайлауды өткізу тәртібін анықтаушы конституциялық-құқықтық нормаларды қамтитын нормативтік құқықтық актілер жатады.

Сайлау құқығы белгілі қағидаларға негізделеді. «Тең мағыналы түсініктемелер» болып саналатын, сайлау құқықтарының қағидалары немесе сайлау қағидалары дегеніміз, ол – «құқықтық нормалармен бекітілген, сайлау процестерінің демократизмін және мәнін білдіретін, маңызды басшылық бастамалар» [2,58]. Сайлау заңнамасының даму барысында әлемдік қауымдастықта сайлау құқығының негізгі қағидалары бекітіліп, бұлар көптеген мемлекеттер тарапынан мақұлданып, халықаралық әмбебеп және аймақтық құжаттарда, сондай-ақ кейбір мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көрініс тапқан.

Сайлау құқықтарының нормаларын бағалау, түсіну және түсінік беру жұмыстары, олардың зор маңыздылығын білдіретін сайлау құқықтары қағидаларының өнбойы арқылы өтеді. Сайлау құқықтары қағидаларын саралаудың яғни классификациялаудың күрделі мәселелері әлі күнге өз шешімін таппай отыр. Көпшілік таныған, мойындаған біртекті классификация жоқ, әрбір автор өз нұсқасын ұсынуда. Мысалы, С. Д. Князев бұл қағидаларды, олардың сайлау құқықтарының ара қатынастарын құқықтық реттеу механизмі арқылы белгілі бір мақсатқа бағытталғанын пайдалана отырып, екі топқа бөледі:

– сайлауды ұйымдастыру мен оны өткізу қағидалары (мезгілділігі мен міндеттілігі, ерік білдіру еркіндігі, баламалығы, сайлауды ұйымдастырушы және жүргізуші ұйымдардың тәуелсіздігі);

– азаматтардың сайлауға қатысу қағидалары (бұқаралық, теңдік, тікелей сайлау құқығы, жасырын дауыс беру, сайлауға қатысу еріктілігі) [3,23].

Сайлау құқығының негізін өте күрделі материалдық-процессуалдық құрылым ретінде қарау - сайлау қағидаларын саралаудың ұтымды негізделген бағыты ретінде ұсынылады. Яғни, бұл дегеніміз сайлау құқығының қағидаларын материалдық-құқықтық және процессуалдық-құқықтық деп саралауға болады. Материалдық-құқықтық қағидалар сайлау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің негізі, бастауы болып табылады. Оларды азаматтардың сайлауға қатысуы қағидасы және сайлауды ұйымдастыру және өткізу қағидасы деп бөлуге болады. Ал, сайлау процесінің қағидаларына – сайлау процесінің заңдылығы, анықтығы, сайлауды ұйымдастыру мен сайлауды өткізуді арнайы құрылған органның жүргізуі жатады.

Халықаралық құқықтық актілерде сайлау қағидалары кешенді түрде қарастырылады. Мысалы, Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының 21-ші бабының 3-ші тармағында және Азаматтық және саяси құқықтардың халықаралық пактісінің 25-бабының в) тармағында - сайлаудың бұқаралығы, теңдігі, сайлаушылардың ерік білдіру еркіндігі және құпия дауыс беру сияқты сайлаудың негізгі қағидалары айқындала түседі. ЕҚЫҰ-ның адамзаттық өлшемдері туралы Конференциясының Копенгагендік мәжілісінің құжатында демократиялық сайлаудың негізгі халықаралық қағидалары анықталған:

«Халықтың еркі үкімет басқаруының негізінде қызмет етуі үшін қатысушы-мемлекеттер:

7.1. Сайлауды заңда бекітілгендей, ақылға сиымды аралықтарда өткізіп тұрады.

7.2. Мандаттардың, тым болмаса ұлттық заңнамалық органның бір палатасында, бүкілхалықтық сайлау кезінде, кандидаттардың еркін атсалысатын нысаны болуына жол береді.

7.3. Кәмелетке толғандардың жалпылама және тең сайлау құқығына кепілдік береді.

7.4. Дауыс берудің құпия өтуін немесе еркін дауыс беру арқылы тең әрекеттердің жүруін, дауысты санау және оны жариялаулардың шынайылығын, сондай-ақ ресми қорытындылардың баспасөзде жариялануын қамтамасыз етеді…

7.6. Жеке тұлғалардың немесе топтардың құқықтарын сыйлайды, оларға толық тәуелсіздік жағдайында өздерінің саяси немесе басқа да партияларын құруға кедергі жасамай және осындай саяси партиялар мен ұйымдарға, бір-бірімен заң және үкімет органдары алдында тең дәрежелілік негізінде, қажетті заңды кепілдемелер ұсынылады» [4].

Осылайша, сайлау өткізудің негізгі қағидалары болып – жариялылық, жалпыға бірдей, теңдік, тікелей дауыс беру, мезгілділігі, саяси және идеологиялық көпжақтылық, ерік білдіру бостандығы, дауыс беру құпиялылығы, сайлау еріктілігі - сайлау өткізудің негізгі қағидалары болып табылады. Осы қағидалар еліміздің Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында тура және жанама түрде анықталып, бекітілген.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы қағидасымемлекет азаматтарына олардың жынысына, ұлтына, нәсіліне және діни көзқарасына, нанымына, әлеуметтік және лауазымдық және мүліктік жағдайына қарамастан сайлау құқығын және сайлау процестеріне қатысу құқығын қамтамасыз етеді. Қазақстанда сайлаушылар шеңбері шектеулі бола алады, егер де сот азаматты әрекет қабілетсіз деп таныған жағдайда және сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан тұлғалар сайлауға қатыса алмайды.

Сайлау құқығының теңдік қағидасы - барлық сайлаушылар сайлауға теңдік негізінде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір бюллетеніне тиісінше бір даусы болады. Бұдан басқа, бұл қағиданы сақтау үшін, барлық дауыстардың теңдігі мен дауыс беру нәтижесіне тең ықпал етуі маңызды шарты болып саналады. Сондай-ақ, бұл қағиданың сақталуы шарттары бүкіл дауыстар салмағының тең болуы және олардың сайлау нәтижесіне тең ықпал етуі болып табылады. Бұл біріңғай өкілдік нормасымен қамтамасыз етіледі, яғни сайлау округтерінде тең сайлаушылар саны бойынша құру арқылы әрбір депутатқа дауыс беру.

Төте сайлау құқығыҚазақстан Республикасының Президенті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде қарастырылған [5].Әрбір сайлаушы Президент, Парламент Мәжілісі және маслихаттар депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүшелігінде болуын қалайтын үміткерге тікелей өз даусын береді. Ұлттық заң шығарушы органның бір палатасының депутаттарын тікелей дауыс беру арқылы сайлау демократиялық сайлаудың шарттарының бірі болып табылады. Сонымен бірге жанама дауыс беруді халықтың еркін білдірудің демократиялық емес нысаны деп есептеуге де болмайды. Өйткені көптеген мемлекеттерде соның ішінде демократиялық мемлекеттерде мемлекеттің жоғарғы органдары мен лауазымды тұлғалары жанама сайлау арқылы сайланады. (АҚШ, ФРГ – президенттері, Францияда – Сенат және т.б.)

Қазақстанда Парламент Сенатының депутаттарын жанама түрде сайлау республикалық деңгейде әр түрлі аймақтағы адамдардың өкілдігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жанама сайлауда таңдаушылар олардың аздығынан алдын-ала келісімдерге келе алады, яғни Сенат депутатына сайланатын кандидаттарды алдын-ала бағалап, Сенатқа білікті, барынша кәсіби, іскер кандидаттардың сайлануын қамтамасыз етеді [2,72].

Жасырын дауыс беру қағида ретінде сайлаушының сыртынан бақылау және ерік білдіруін қадағалау мүмкіншілігінен алшақтатады және бұл ерік білдірудің толық бостандығына кепіл беруге бағытталған. Құпиялықты қамтамасыз ету мақсатында дауыс берілетін орындарда сайлаушылар өз бюллетеньдерін толтыру үшін сырт көзден тасалайтын, жабық арнайы кабинкалармен жабдықталады. Жабық дауыс беруде сайлау бюллетеньдері нөмірленбейді немесе ешқандай белгі қойылмайды, сөйтіп дауыс берушінің жеке басын анықтауға жол берілмейді. Дауыс берудің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға заңи жауапкепшілік белгіленген.

Сайлау еркіндігі дегеніміз - әрбір азамат сайлауға қатысуды немесе қатыспауды өзі шешеді дегенді білдіреді. Азаматтарды ешкім де еріксіз сайлауға қатыстыра алмайды, немесе сайлауға қатысу құқығынан айыра алмайды. Әрбір азамат сайлауға қатысу немесе қатыспау туралы шешімін саналы түрде шешуі қажет. Өткен Президент сайлауы кезінде сайлаушылар электораты жоғарғы белсенділік танытты, бұл халықтың саяси мәдениетінің көтерілу көрсеткіші болып табылады.

Ерік білдіру бостандығы қағидасы қазақстандық заңнамада сайлаудың еркіндігі қағидасының жалғасы ретінде көрсетілген. Яғни, ешкім де азаматты сайлауға қатысуын немесе қатыспауын мәжбүрлей алмайды, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге жол берілмейді. [5]. Азаматтарға өз еркін білдіруде толық бостандық кепілдендірілген және кез-келген қысым жасауға тыйым салынады. Э. Мұхамеджанов сайлау заңнамасындағы барлық кандидаттарға қарсы дауыс беру немесе барлық саяси партияларға қарсы дауыс беру жағдайын алып тастауды теріс бағалайды [6,54]. Егер де, азамат өз бюллетенін бос қалдырса, онда бұл сайлау нәтижесін бұрмалауға алып келеді. Заңнамадағы мұндай өзгеріс сайлаушылардың саналы түрде барлық кандидаттарға және саяси партияға қарсы дауыс беруі есепке енгізілмейді және бұл сайлау құқығының бұзылуына сілтейді.

Сайлау процесін ұйымдастырудың конституциялық қағидалары, оның ішінде заң негізінде сайлауды өткізудің міндеттілігі және мерзімділігі қағидалары еркін сайлау өткізу және заңның үстемділігіне негізделген демократиялық азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға жағдай жасайды.

Сайлау мезгілділігі қағидасы – Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңында бекітіліп және сонда белгіленген мерзімге сай сайлаулар уақытылы өткізіліп тұруын қадағалайды. Мәселен, Президент сайлауы бес жылда бір рет өткізіліп тұрады, ал Сенат депутаттарының өкілеттілігі – алты жыл, Мәжіліс депутатарының өкілеттігі – бес жыл

 



Просмотров 4798

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!