Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері



Саяси кеңістік ұғымы халықаралық саяси институттар мен ұйымдар жиынтығын қамтиды. Бұл мағынада саяси кеңістіктің шекарасы жоқ. Халықаралық саяси кеңістік мемлекеттің экономикалық және әскери күшіне байланысты бөлінеді. Экономикалық және әскери күші бар мемлекеттің саяси кеңестігі де кеңірек. Бүл халықаралық істерге зор ықпал етеді әрі оған әлемдегі түрақтылық та тәуелді. Бірақ саяси түрақтылықты қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, жалпы қабылданған қағидаттар негізінде барлық мемлекеттердің халықаралық әлемдік ынтымақтастығының тактикасы мен стратегиясын қалыптастыратын әр түрлі халықаралық саяси институттар мен ұйымдар қызмет жасайды.

Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Саяси партиялар деген не? Партия – латын сөзінен алғанда «бөлік», «бөлісемін» деген мағынада ХІХ ғасырға дейін партия деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуын үш кезеңге бөледі: аристократиялық топ, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш кезеңнен өткен ағылшынның екі партиясы ғана болды: либералдар (вига) және консерваторлар (тори). АҚШ-тағы азаттық күресі мен Ұлы Француз революциясы қоғамдық өмірді жандандырып, саяси күштерді тарихи аренаға шығарды, ішкі ұйымдық заңдары, айқын бағдарламалары бар саяси партиялар пайда болды. Жұмысшы табы мен еңбекші бұқараның саяси күреске араласуы таптардың күресінің авангарды саяси партиялар жүйесін туғызды. Қазіргі партияның анықтамасы екі жүзден асады. Дегенмен партия дегеніміз – белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың үкіметті басқаратын төбе топтың мүддесі үшін күресетін белгілі бір идеологиялық негізде ұйымдасқан, бағдарламасы мен жарғысы бар, айқын мақсатты алға қойған, сол үшін күресетін адамдардың тобы. Кейінгі мәліметтер бойынша бүкіл әлемде әр түрлі саяси бағыт ұстаған 600-дей партия бар. 19 елде партия құруға тиім салынған, 29-ында жалғыз ғана басқарушы, үкіметтік партия, ал 129 елде бірнеше саяси партиялар жұмыс істейді. Өзінің саяси бағдарларына қарай партияларды – солшыл, оңшыл және центристік; іс-қимылының сипатына қарай – реформистік, радикалды және экстремистік; ұйымдық принциптеріне қарай – кадрлық және бұқаралық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік партиялар болып бөлінеді. Бұрынғы Кеңес елінде бірпартиялық монополияның жойылуы, бірорталықтық бюрократтық Одақтың ыдыруы, ұлттар мен ұлыстардың егемендік алуы, саяси, экономикалық және идеялық пікірлер сан алуандығының жариялануы саяси партиялар мен ұйымдардың, бұқаралық қозғалыстардың жаңа толқындарын туғызды. Соның бірі – Қазақстан Республикасы. Мұнда қазір 15-тей саяси партия, 300-ден астам қоғамдық ұйымдар тіркелген. Оның ішінде Социалистік партия, «Азат» республикалық партиясы, «Қазақстан халық бірлігі» одағы, Қазақстан халықтық Конгресс партиясы, т.б. бар. Бұлардың барлығында ортақ мақсат-мұрат: парламенттік партияға айналу, Қазақстанның егемендігін нығайту, еліміздің әлем таныған экономикасы қуатты, мәдениеті гүлденген, терезесі тең елге айналдыру, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін нығайту, шовинизмге де, жершілдік-ұлтшылдық сепаратизмге де жол бермеу, еліміздің территориясының біртұтастығын қорғау, т.б. Сонымен бірге әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар құруға ерік берілген. Конституцияның 10-тарауының 56-бабында «Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруге жәрдемдеседі. Саяси партиялардың құрылуы, тоқтатылуы және қызмет тәртібі заңмен белгіленеді», – делінген. Діни негізде саяси партиялар құруға жол берілмейді. Бірақ дінге сену – әр адамның ұждан бостандығы. Парламенттік партия туралы. Саяси партиялар өздерінің саяси бағдары бойынша – солшыл, оңшыл және центристер, іс-қимылының сипатына қарай – радикалды және экстремистік, жұмысты ұйымдастыру мен әдіс-айлалары бойынша – демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік болып бөлінеді деп жоғарыда жіктеп өттік.

84. Жаһандық проблемаларды шешудегі халқаралық ынтымақтастық

Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

· бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

· ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

· халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

· осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйым

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.

2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.

ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:

· мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;

· саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;

· ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.



Просмотров 6919

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!