Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Түріктердің шығу тарихы, діні



Азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ылыми Реферат

Тақырыбы: Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» еңбегі мен «Еуразияшылдық идеясы»

Орындаған:Баймахан Л.

Ермекбай Т.

Сабыр Ж.

Рсимбет Б.

Елеухан Қ.

Тексерген:Қозыбақова Ф.

Алматы, 2016 ж.

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім :

1.Түріктердің шығу тарихы,діні.

2. Көк түріктер өздері туралы.

3.Көне түріктердің жазуы мен әдебиеті.

4. Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» еңбегімен қатар белгілі өзге тарихшылардың байырғы түркілерді зерттеуге арналған еңбектерін ала отырып,салыстыру.

ІІІ.Қорытынды

Л.Н.Гумилев еңбектері жайлы пікір айтқан ғалымдар сөздері және біздің тұжырымдауларымыз.

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Негізінен «Еуразияшылдық идеяның» негізін салушылардың бірі – Лев Гумилев. Л.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.Савицский Прагадан Гумилевқа былай деп хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя ,сохранять свой быт,свой жизненный уклад, свою самобытность.» Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразиялық идея теория ретінде өткен ғасырда пайда болды, Дегенмен Еуразия идеясы жаңа өмірді ұйымдастырудың тәжірибесі ретінде осы ғасырда іс жүзіне асатынына сенімдімін. Еуразияшылдық – ХХІ ғасырдың басты идеяларының бірі» , деп атап көрсеткен. «Л.Н.Гумилевтің идеясы оны іс жүзінде жаңа деңгейге көтерген Қазақстан Республикасы Президентінің еуразияшылдық тұжырымымен сәйкес келіп тұр. Н.Назарбаевтың «...Еуразияның жүрегі Астана бола алады, ал сол жүректің ең қастерлі орталығы – біздің Еуразия университеті» деуі көп жайды аңғартса керек» деп Сәрсенғали Әбдіманов Еуразиялық форумда айтқан болатын. [1;1-б]

Мақсаты:

1)Көне түркілер тарихын тереңінен зерттеу арқылы, тың деректер табу және оның бүгінгі тарихи кезеңмен ұштастыру, сол арқылы арғы ата-бабаларымыздың, яғни көне көк түріктің тарихын білу;

2) Тамыры тереңде жатқан тарихымызды білу арқылы,болашаққа жол салу,ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін жаңғырту,бүгінгі күнге пайдалану;

3) Көк бөрінің ұрпағы аталатын, көк байрағын желбірететін қазақ деген намысты ел екенін дәлелдеу;

Міндеті:

1)Болашақ жастарды төл тарихын білуде түркі халықтарының тұтас тарихын жеткізу;

2)Көне түркілер тақырыбын жан-жақты ашу, тың деректерді пайдалана білу;

3)Жастардың тарихи санасын қалыптастыруда түркі халықтарының тұтастық тарихын уағыздау және тарихымызды тереңінен ұғыну.

 

Ал Гумилевтің өзі 1992 жылы берген соңғы сұхбатында өзіңің ғылыми биографиясының қорытындысын былайша тұжырымдады : «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Еуразии ,которых я искренно полюбил».Осы пікірінен-ақ Гумилевтің түрік ағайындарға деген көзқарасының түзу болғанын байқай аламыз. Бұл кітапты өзіміздің ағайынымыз Кеңес одағының түрік халықтарына арнаймын дейді Лев Гумилев «Көне түріктер» еңбегінде. 1960 жылы шыққан «Хұндар» еңбегі мен 1967 жылы шыққан «Көне түріктер» еңбектерінде жалпы түрік халқының пайда болуынан бастап, дамуы мен ұлы мемлекетке айналуын,мәдениті мен әдебиеті, діні, салт-санасын түгелімен қамтиды. «Бірақ сонымен қатар оқиғалардың көптігі сондай, оларды көзбен шолу немесе еске алып, жадыңда сақтап қалу мүмкін емес. Әдетте мұндай кезде маманданудың тар жолымен жүру – елдің қысқа бір дәуіріндегі тіршілігін зерттеу әдетке айналған». Гумилевтің еңбектеріндегі түркілер туралы мәліметтер ғылыми тұрғыда дәлелденген және «Көне түріктер» еңбегі кез келген мамандық иелеріне түсінікті тілде жазылғандықтан, бұл еңбектің тарихын молынан зерттей аламыз. Гумилевтің еңбектерін оқу арқылы біз бабаларымыздың тарихын, салт- дәстүрі мен діні жайында да жан-жақты, толыққанды мәліметтер ала аламыз.

 

Негізгі бөлім:

Түріктердің шығу тарихы, діні.

Түріктер – Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі,оның тарихында маңызды роль атқарған және қазірде сол дәстүрді жалғастырып келе жатқан түрік халықтар. Тарихи аренада түркілер кейінгі кезде V-VI ғасырларда пайда болғанымен,түрік этностарының көне екендігін дәлелдейтін қолда бар археологиялық материал толық жеткілікті.

Түрік халқының тарихта қашан және қай жерде пайда болғандығы туралы мәселе бүгінге дейін шешімін таппаған мәселелердің бірі болып табылады. Түркі халықтарының ата-бабаларының б.з.д. 1700-1200 жылдары Жайық пен Балқаш көлінің,сондай-ақ Ертіс өзенінің жағасында және Обь өзенінің бас жағында,сондай-ақ Оңтүстік Сібір менг Алтай аймақтарына тарағанан Қарасұқ мәдениеті де түріктердің ата-бабаларымен байланысты болып көрінеді.

Түрік атауы алғаш рет б.з. I ғасырының ортасында тарихи деректерде жазылған деген ой-пікірлеро кездеседі. Латын тарихшысы Помпониус Мела Азак теңізінің солтүстігіндегі орманды жерде өмір сүрген халықтардың тізімін жасағанда Турсае жайлы дерек келтірген. Басқа бір латын тарихшысы Ұлы Плиниус өзінің «Табиғат тарихы» атты еңбегінде бұл аймақты Турсае деп атаған. Б.з.д. дәуірлер туралы жазылған кейбір қытай деректерінде де түркі атауының кездесетіндігі жайлы ой-пікірлер бар. Бірақ, қытай жазуы алфавитке сүйенбейтіндіктен бұл туралы нақты дәлелдер келтірілмеген. Түріктер туралы тағы бір дерек, IX ғасырда өмір сүрген Тарабидің «Тарих» атты еңбегінде кездеседі. Оның пікірінше, Сасанидтердің патшасы V Бехрамның билік құрған тұсында түріктердің қағаны 250.500 адамнан құралған әскермен Парсы империясына қарсы соғысып, бірақ жеңе алмаған. Өзі соғыста өлген. Таурат мәтіндері сияқты басқа да кітаптарда түрік атауының жазылғандығы туралы пікірлер айтылған.

Түрік атауының этимологиясы жайлы ғалымдардың ортақ пікірі жоқ. Көне кітаптарда бұл мәселе жайлы көптеген пікірлер кездеседі. Бүгінгі күнде бұл атаудың етістіктен шыққан есім сөз екендігі және бұл сөздің уақыт өте «күшті, қуатты» деген мағынада саяси атауға айналып түріктер тарапынан қолданылғандығы жайлы пікірлер айтылып жүр. Сондай-ақ, бұл сөздің төре сөзімен байланысты екендігі және төре атауының жүйелі, өз жолын дұрыс білетін қауымға берілгендігі туралы пікірлер шындыққа жанасуы мүмкін. Түрік атауының этникалық мағынасының болуы шамалы. Ислам діні тараған кезеңдердегі деректер бірінде түрік деген атаудың Нұқ пайғамбардың ұлы Яфестің баласының аты болғандығы және түріктердің содан тарағандығы айтылған.

Турколог, академик А.Н.Кононов пікірінше, «ту-кюз» тұлғасындағы терминді қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз «туркуг» немесе «туркләр» болуы мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді,басқа көршілес елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кию деген лагерь жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан оны киген тайпасы да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы және монғол тілінің маманы Шмидт «Ту-кюэ» монғол сөзі дейді. Себебі монғол тіліндегі «дудулға» сөзі «шлем» деген мағынаны білдіреді. «Шахнама» дастанының дүние жүзіне танулы бұл «Тұран» сөзінің «Тұр» есімімен пайда болғанын, яғни Феридумның аты «Тұр» сөзі, «Түрік» сөзімен байланысты екенін дәлелдейді.

Ал, түрік халықтарында бұл туралы аңыздар көп . Мәселен, біз М.Қашқаридің еңбегінен хадистерде жазылған құдайдың сөзі туралы мәліметтерді келтірсек,онда былай көрсетілген «Бізді жаратушы құдай: «менде күшті әскер бар, мен оларға турк деген ат бердім және оларды шығысқа жайластырдым. Мен қай кезде ,қандай да бір халыққа қаһарлансам сол халыққа «турк» деген қолданысты беремін деген екен». Осылайша, Махмұд Қашқари түріктерге бұл атаудың Тәңір тарапынан берілгендігін жазып кеткен. [2;5-7 б] Түрік халықтарының бастау тарихынан хабарсыз зерттеушілер халықтық атаудың төркінін сөздің жаратылысын,түп мағынасын зерделемей, оның кейінгі замандарда өзгеріске түскен ауыспалы мәніне, содан туындаған, кейіннен құрастырылған сөздіктерде бар сөздердің ұқсастығына алданып, солар арқылы ой түйіндеуге мәжбүр. Ондайлар және баршылық. Олардың, мысалы, бір түрік сөзінің мағынасын «жасаушы адам», «тастау, жайына қалдыру», «күш,қуат» және осы тәріздес әр түрлі ұғымдарға апарып телуі - осының айғағы. Бір ғажабы, түрік сөзінің мағынасын әрқайсысы осылайша әр қилы түсіндіргенімен, олардың бірде-біреуі әлгі өз дері айтқан ұғымдағы сөздердің қандай заңдылық бойынша тілдес,тектес бірнеше халықтың ортақ атауына айналғанын айтпайды, ойларын дәлелдеп тарихи айғақ келтірмейді, нақты дерек бермейді. Осыдан келіп,көшкінші халықтардың тарихи болмысымен қиыспайтын,тек сөздіктерде бар ұқсас сөздердің әр кезеңде қалыптасқан мағынасына негізделген әр түрлі болжамдар саны көбейе береді.

Түріктердің діні.

Түріктердің қадым заманындағы діні туралы бізге жеткен негізгі мәліметтер қытайдың «Вэйшу» және «Суйшу» атты шежірелерінде жазылған. Ол мәліметтер мейлінше қарама-қайшы және тым шолақ болғандықтан да түсінуге қиын.

«Вэйшу» түркіт дінінің төмендегідей салтын атап өтеді:1. Күн шығыс елін қастерлейтін болғаны үшін де хан ордасына шығыстан кіреді.2. жылма –жыл күллі бекзаттармен бірге ат-бабалар үңгіріне барып,құрбан шалады. 3. Бесінші айдың ортаңғы онкүндігінде қара халықты жинап,өзен бойында көк аруағына бағыштап құрбан шалады. 4. Дугиннің батыс жағында 500 ли жерде биік бір тау бар,оның басына өсімдік те,ағаш та шықпайды,ол Бодын-інлі деп аталады, оны аударсақ: елдің қамқоршы аруағы деген сөз».

Бұдан 50 жыл кейін құрастырылған «Суйшу» жоғарыдағы мәліметтерді келтірмейді,мұның орнына онда: «Шайтандар мен аруақтарды құрметтейді және дуақанттарға сенеді» - деп айтылған.

Осынау біріне –бірі мүлде кереғар екі версияны қалай жақындастыруға болады және бұлардың біріншісі іштей қарама-қайшылыққа толып тұр ғой. Онда күнге табыну,ата-бабалар аруағына табыну көк тәңірісіне табыну, бұның ата-бабалар аруағына табынудан бір өзгешелігі:ол бекзаттар емес,халықтың игілігі және тауға табыну. Қытай бастаухатының мәселесі шешпейтінін айту керек.

Түркіттердің ертедегі сенім –нанымдары жөнінен айтқанда,мен оларды алғашқы қауымдық сенім деп айтудан аулақпын. Түркіттердің өзі әртүрлі тайпалардан тек V-VI ғ.ғ ғана құралған,сол себепті де олардың өз дәуіріне жататын сенім-нанымы, сол уақыттың өзге де діни жүйелері сияқты дамып,жетілген болатын.

Түркіттердің құрамы аса күрделі халық болған. Ашинның «500 үй-орманы»,болашақ бекзаттар V ғ. Ордостан шығып,Алтайдың түскей жоталарына ,түрік халық мекендеген жерге келіп, қоныс тебеді. Екі этникалық бөлшек ұласып бірігіп кетеді,бірақ олардың арасында айырмашылық- ақсүйек, қарасүйек болып қалуы, «текті-дегдар» қыздардың қарапайым халықтан шыққан жігітпен тұрмыс құруына тиым салу - міне осының айғағы.

Көк тәңірісіне табыну сол сияқты Орхон жазуларында да бәдізделген: «Биікте көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда,екеуінің арасында адам баласы жаралған». Көк Тәңірі – ол кәдуілгі көзге көрінетін аспанға қарама-қарсы қойылатын заттық аспан емес. «Аспан аруағын» қытайлар тек қана Көк Тәңірі деп түсінген болатын. Аспанға құрбандық шалу салты тіпті XIX ғ.аяқ кезінде кашындар арасында болғаны байқалған. Ол Тығыр Тайық деп аталған, бұл әдет бойынша күллі қауым тәңірге жалбарынып, оның құрметіне қойды құрбандыққа шалды, қымыз, айран, сүт, сорпа судай ағылады. Мейрамға жақын ауылдардан еркектер жиналады, әйелдер мен бақсы-балгерлер оған жіберілмейді. Сонда олар «көк пен күнге» табынады. Әсілі, бұл әлгі «Вэйшуде» сипатталған әдет-ғұрып болса керек. Бұндағы екі жәйтті айрықша атап өткен жөн: біріншіден- бақсы бұл мейрамға жіберілмейтін болған және екіншіден құрбандық шалудың мақсаты- «жарықтың» шапағат – мейіріміне ие болу. Осынау екі жайттың екуі де маңызды. Бақсыны жолатпауына қарағанда, бұл табыну өлілер аруағына немесе хротикалық «байырғы аруақтарға» бағышталмайды, басқа жүйедегі құдыретке арналатын сияқты: «Жатжерліктердің айтуына жүгінсек, Тайыққа тап болған бақсы есінен танып, қол-аяғы тартылып, талып қалатын көрінеді». [3;73-75-б ]

 



Просмотров 7898

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!