Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 



Көне түркілердің жазуы мен әдебиеті



Түрколог ғалымдар мынаны дәлелдеген:бабаларымыз көне түріктердің жазуы – руникалық эпитафиялар тек ақсүйектерге ғана емес, қалың оқырман қауымға арналған (С.В.Киселев) , тіпті күнделікті тұрмыстық бұйымдардың өзінде жазудың болуы тұрғындардың жоғары сауаттылығын айқындайды. (А.Н.Бернштам).

Бұл ойды сол дәуірдегі құжаттық материалдар да дәлелдей түседі. Мысалы, VI ғасырда өмір сүрген византиялық тарихшы Менандр император Юстиан ІІ –ге Түрік елшілігін басқарып келген соғдылық Маниах өз қағанының атынан скиф жазуымен жазылған жолдау хат тапсырғанын баяндайдаса, ал VII ғасырдың басында тағы бір византиялық автор Феофилакт Симокатта император Маврикийге Түрік қағаны хат жазғанын айтып, одан өз еңбектерінде үзінді келтіреді. Қытай жылнамаларында түріктердің кісі, жылқы және өзге де мал есебін алғанда ағаш тақтайларға жазып отыратындығы айтылады. Жазудың , жазба мәдениеттің көне түріктерге дейін де болғандығын б.з.б. 176 жылы ғұндардың билеушісі Моденің Қытай еліне хат жолдауы жөнінде мәлімдейтін құжаттар мен Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазуларда көрсетіп отыр. Б.з.б ғ Жазылған сақ дәуірінен қалған күміс тостағандағы жазба мұра төңірегінде кезінде көп талас-тартыс жүргені рас. Дегенмен, осы сақ жазуының негізінде, әрі оның көне түріктер руникалық таңбаларына ұқсастығына қарап, белгілі түріктанушы ғалым Алтай Аманжолов төмендегідей қорытынды жасатады.

1.Түрік тілдес тайпалар бұдан 2500 жыл бұрын әліпбиі бар жазуды білген және кеңінен пайдаланған;

2.Көне түрік руникалық жазуы - арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы, яғни б.з.б V ғасырдан X ғасырына дейін қолданған төл жазуы.

Сөйтіп , көне тайпаларында әліпбиі бар жазуы V ғасырда пайда болды деген жылдар бойы қалыптастырылған болжам ескеріп қалды.

Көне түріктер руна жазуын құлпытастарға руникалық ескерткіштер ішіндегі ең көлемдісі, әрі көне түріктердің өздері туралы өздері жазған аса құнды, бірегей жәдігерліктер болып табылады.Күлтегін ескерткішінің негізгі бетінде 40 жол жазу бар ,ол ескерткіштің сол жақ бетінде 13 жол жазу жазудың жалғасы болып есептеледі.Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол жазу үлкен жазу деп, 13 жол жазу - кіші жазу деп аталады.Кіші жазу үлкен жазудың кіріспесі іспетті.Күлтегін жырында түрік халықтарының атa-бабалары туралы, елге ерен істерімен белгілі болған Елтеріс, Қатаған , Білге қаған және қолбасшы Күлтегін жайында , түріктердің жорықтары туралы айтылады. Жыр авторы - Йолыг Тегін жырдың басты идеясы етіп, халық бірлігін алған. Ел бірлігі арқасында бастыларды еңкейтіп , тізелілерді бүктіргендіктерін жазған. Бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге боларлық бұл тарихи жәдігерлік, өкінішке орай, 1960 жылы үстіне жай түсіп, күл талқан болған.Бұл күндері күлтегін ескерткіштің тек орны ғана сақталған. Тоныкөк өзі деген болжам да бар. Бұл жырда түрік халықтарының табғаштарға бағынышты болып қалуы, кейін бас біріктіріп жауға қарсы тұруы, сол кезде қаған сайлауда , жауды жеңуде Тоныкөктің ақыл кеңесі, ерлік істері зор болғандығы баяндалады. Мұнда да ел бірлігі , сол елдің басын қосып, ынтымаққа жеткізуде ақылгөй Тоныкөк секілді қариялардың , ел басшылардың үлкен рөл атқаратындығы дәріптеледі.

Руна жазуының VII – IX ғасырларда қағазға жазылған нұсқаларын Шығыс Түркістанның XX ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археографиялық экспедициялар тапты. Көне түріктер тіліндегі қолжазбалар мен жеке басылымдардың неміс зерттеушілері А.Грюнведель мен А.Лекок тапқан үлкен жинағы Берлинде , Неміс ғылым академиясында В.В.Радлов , С.Е.Малов , А.А.Дьяков т.б. жинаған олжалар Петербордағы азиаттық музейде, сэр А.Стейн тапқан қолжазбалар Лондонда , Британ музейінде, П.Пелью жинастырған қолжазбалар Париж Ұлттық кітапханасында , бірнеше жақсы сақталған парақтар Стокгольм этнографиялық музейінде және Анкарадағы этнографиялық музейде, жапон ғалымы С.Отани басқарған экспедиция олжалары Киотада сақтаулы тұр.

Зерттеушілер қағаз жасап шығаруда көне түріктердің батыс , я шығыс улгісі бойынша өз өндірісі болғандықтан , қағаз көбіне тұт ағашынан, сондай-ақ , сорадан, мақтадан, күріш сабағынан да жазады. Қытай шеберлері VIII ғасырда Самарқанда қағаз өндірісінің негізін салады. Осы жерден қағаз өңдіру тәсілі Жібек жолы арқылы батысқа тарап, онда жазу үшін қолданылып келген пергамент пен папирусты ығыстырып шығарған. Ал Қытайдың өзінде және Шығыс Түркістан жерінде қағаз өндіру б.з дейінгі IV ғасырдан басталған. Түркістан б.з дейінгі II-I ғасырлардың өзінде ақ кітап шығаратын маңызды орталыққа айналып үлгерген. Көне түрік тіліндегі бізге жеткен алғашқы кітап қатарына 583 жылы жазылған Нирванасутра аталады. Дегенмен, С.Е.Малов сияқты ғалымдар түрік тілінде шыққан “ Хуастуанифт ’’V ғасырға жататын кітаптар мен есептейді. Шығыс Түркістан жерінен табылған VII – IX ғасырға жататын кітаптар мен үзінділердің көбі ксилографиялық жолмен жасалған. Ксилография арқылы тексттерді көбейтіп, кітап етіп шығару ісі мынадый жолмен жүрген: алдымен болашақ кітаптың көлеміне сәйкес келетін қатты тегіс тақтай әзірленеді, тура осындай өлшемде жұқа қағазға текст жазылады. Содан соң қағаз тақтайға жапсырылып , әріптер тақтай бетіне ойылып салынады. Әріптері бар тақтай бетіне бояу жағылады да қажетті мөлшерде қағаз бетіне түсіріле беретін болған.Қағазға түсірілген түрік жазба кітабы –‘’Ырық бітік’’ деп аталады. Кітаптың аты жоқ, тек бас жағында Бұл біліктілік кітабы жақсы деп жазылған.

Кітапша бүктелген 29 парақтан құралған. Көлемі13 2 х 8 см, тексі 108 жолдан, 65 бөлімнен тұрады, оның әрқайсысы “ бұл жақсы” немесе “бұлжаман” деген ой қорытумен аяқталып отырады.

В.Томсен Ырық бітік VII-X ғасырларда жазылған деп білген. Көне түрік поэтикалық арнасында дүниеге келген “Ырық бітік” түріктердің мұсылмандықты қабылдағанға дейінгі тұрмыс-тіршілігінің көпшілікке беймәлімдеу тұстары мен наным-сенімдері туралы айтады. [4;4-б]



Просмотров 3980

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!