Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып 5. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері



Сұрақнама:

1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

2. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

3. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Тапсырмалар:

1. Бастауыш мектеп, жасөспірімдер мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларына бір-бірден мысал келтіру керек

2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында Қазақстан Республикасының тиісті кодекстері мен заңдарын қарастыруы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтпен күрес деңгейлеріне қатысты ерекшеліктерді ажыратып түсіну үшін сәйке педагогикалық, психологиялық және құқықтық әдебиеттерді зерделеп оқу керек.

Тақырып 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері

Сұрақнама:

1. ҚР этникалық мәдениеттеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік

2. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ҚР ұлттық қауіпсіздігінің факторы ретінде

Тапсырмалар:

1. Қазақ хандығы мен тәуелсіз мемлекетімізге дейінгі кезеңдердегі жемқорлыққа қарсы күреске байланысты қабылданған нормативтік актілермен, әдет-ғұрып, салт-сана ережелерімен таныстыратын арнайы әдебиеттерді оқу керек.

2. Жемқорлыққа қатысты ұлттық менталитеттің анықтаушы факторлері болып табылатын ұлттық мәдениет пен болмыстың қағидаттарын іріктеп көрсете білу.

3. Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес тарихының даму деңгейлеріне сай тақырыптардағы жазбаша жұмыстар тапсыру.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында Қазақстанның мемлекет және құқық тарихындағы сәйкес құқықтық ережелер, мақал-мәтелдер мен ғұрып, салт ережелері қарастырылуы керек.Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен деңгейлеріне қатысты бұрынғы және қазіргі кездердегі түсініктердің айырмашылығына назар аударылу тиіс.

Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік

Сұрақнама:

1. Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері

2. Әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері

3. Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері

Тапсырмалар:

1. Әрбір сұрақтың аумағында бір-бірден мысал келтіріп, оның сейкес заңның бабы бойынша сараптау керек

2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында Қазақстан Республикасының тиісті кодекстері мен заңдарын қарастыруы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен деңгейлеріне және олар үшін жауаптылыққа қатысты ерекшеліктерді ажыратып түсіну үшін сәйке заңдық әдебиеттерді зерделеп оқу керек.

Тақырып 8. Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік

Сұрақнама:

1. Қоғамдағы моральдық-этикалық жауапкершілік

2. Жанұядағы моральдық этикалық жауапкершілік

3. Еңбек ұжымындағы моральдық-этикалық жауапкершілік

Тапсырмалар:

1. Моральдық-этикалық жауапкершіліктің түрлеріне қатысты заңнамадағы және қоғамдық түсініктегі мысалдарды қарастырып, конспект жазу немесе жүйеленген схема жасау

2. Қоғамның әртүрлі аумағындағы моральдық-этикалық жауапкершіліктердің бір-бірімен байланысы мен салдарлылығы туралы пікір білдіріп, эссе жазу.

3. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиеттерден тыс басқа да материалдарды қарастыру ұсынылады. Әдебиеттер әртүрлі уақыттардағы және елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты адамдардың түсінігін ашып көрсететін деректерден болуы шарт. Сонымен қатар қазақ тарихындағы осымәселенің орын алуын зерттеу міндетті.

 

Тақырып 9. Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде

Сұрақнама: Сыбайлас жемқорлық үшін әртүрлі діндердегі жауапкершілік

Тапсырмалар: Төмендегі тақырыптар аясында жан-жақты зерттеу жасап, нәтижелерін жазбаша түрде тапсыру:

1. Ислам ережелері мен құндылықтарының қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде

2. Христиан және иудаизм діндеріндегі сыбайлас жемқорлық мәселесінің шешілуі

3. Буддизм мен конфуциандықтың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасы

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында мұсылмандық, христиандық және өзге де діни-дәстүрлік құқықтық жүйелердің құқықтық әрі моральдық-этикалық нормаларына тереңірек тоқталу қажет. Олардың арасындағы сыбайлас жемқолық мәселесінің шешілуі, онымен күрес және ол үшін жауапкершілік сұрақтарындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарға назар аудару керек.

 

8. Лабораториялық сабақтар жоспары(лабораториялық сабақтар қарастырылмаған)



Просмотров 5586

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!