Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Махамбеттің балалық, жастық шағы



Шаруалар көтерілісінің шыгу себептері

Қазак халкы талай киын кезеңдерді басынан кешірді. Елін, жерін корғап, азаттығы үшін ішкі, сырткы жаулармен де сұралып айкаска түсті. Ерлік, елдік көрсетті. Халык тарихындағы сондай елеулі окиға — XIX ғасырдың бірінші жартысьшдағы Ішкі Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі еді. Шаруалардың көтеріліс жасауьша не себеп болды?

Ханы мен сұлтаны, төресі мен төлеңгіті Еділ мен Жайық арасындағы шаруалардың оза шауып, кең жайлаған" жерін тарылтты. Отаршыл патша өкіметі жерін күшпен тартып алып, сұлтан-билерге таратып берді. Сөйтіп, Ішкі Бөкей Ордасының казаңтарына тиісті жерлер түгелдей дерлік феодалдарға үлестірілді. Оның үстіне шаруаларға алым-салықты да көбейтті. Ел еркінен айрылып, күйзелген үстіне күйзеле берді. Озбырлар, отаршылдар бейбіт шаруаларды жыландай сорып, карапайым халықтың титығына жетті.

Жәңгірлердің арка сүйері — патша үкіметі. Екеуі де халықтық камыс емес, өздерінің күлкьшдарьш ғана ойлады. Өз кара бастарының камы үшін олар елді какпайлап, карумен, күшпен өз дегеніне көндірді, тонап, еңсесін басып, үнін өшіруді ойлады. Екі жалмауыз, жырткыш ауыз жаласып, еңбекші халықты өздеріне жау көрді. Сондықтан олар бірін-бірі колдап, бір-біріне кол үшын бере отырып, бейбіт халыққа ок атып, кылым жұмсап, коркытып, үркітумен болды. Халық екі бірдей қыспакка түсті. Осы екі бірдей торға шырмалып, атамекенінен, құнарлы жерінен, малынан, еркінен айрылған халықтың енді қолға кару алып, қас жауына — хан-сұлтандарға қарсы аттанғаннан басқа лажы калмады. Халық "ереуіл атқа ер салды". Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет баскарды Шаруалардың сол қарулы күресі XIX ғасырдьщ бірінші жартысындағы бүкіл казақ поэзиясының демократтық бағытын белгілеп, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін айқындайды. Махамбет поэзиясы — ереуілге шыққан халыктың құдіретті үні.

Көтерілістің алдына қойған мақсаты да кімге қарсы, кімге дос екендігі де, нені көксеп, не үшін күрескені де Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан мына өлеңінен айқын байқалады:

Өздеріндей хандардың Еңсесі биік ақ орда

Басына кессем деп едім ... Еріксіз кірем деп едім,

Еділдің бойы ен тоғай, Туырлығын кескілеп,

Ел қондырсам деп едім. Тоқым етсем деп едім,

Жағалай жатқан сол елге Керегесін қиратып,

Мал толтырсам деп едім. Отын өтсем деп едім...

 

Исатай мен Махамбет халықты хан-сұлтандарға, карны жуан билерге карсы көтерді. Сол көптің ежелгі кегін алу үшін колдарына кару алды. Сол үшін калың колмен:

Аттаным едім көп үшін,

Көптің жинап мол күшін.

Дұшпанда кеткен сол көптің

Ежелден бергі кегі үшін,—

деп, келекті найза алып, атқа мінді, көтерілді.

"Қара казан, сары бала камы үшін кылыш сермедік" деп ұран көтерген "Таудағы тарлан шұбар" батырлар Исатай мен Махамбет төңірегіне сондыктан мол күш топталады. Олардың ойлағаны өздерінін жеке басының камы емес, көп камы, калың кауым — ел камы. Олар солар үшін "Әділ жаннан түңіліп" күнкешті, канды жорыкка аттанды. Олардың "канды көбе киінген" ерлігі, кара кылды как жарған әділдігі, биік адамгершілігі жайында ел арасында аңыз да аз емес.

Исатай мен Махамбетке халык ықыласы, сүйіспеншілігі шексіз. Халыктың батырларға, ел басшыларьша деген сол ыстык сезімі мен сенімі көтерілісшілердің ханға жазған арызшағымынан да көрінеді. Сол арызда олар өздерінің әр түрлі тілектерін айта келіп: "Бәріміз, Исатай мен Махамбеттің амандығын тілейміз. Исатай мен Махамбеттің амандығы халықтың пайдасы. Олар аман болса, біздің тілегіміз кабыл болғаны",— дейді.

Демек, көтерілістің шығу себебі: біріншіден, шаруалардың шұрайлы конысынан, жер-суынан, өркінен айрылуы болса, екіншіден, хан-сұлтандар мен патша үкіметінің өзгісіне, кыспағына түсіп күйзелуі болды. Езілуші еңбекші халык пен олардың мұңын жоктаушы халык батырларының тілек-мүдделері осы жерде кеп үштасты.

Махамбеттің балалық, жастық шағы

Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында, Нарындағы Бөкетай кұмында туған. Өтемістің он баласы болған; солардың ең үлкені Бекмағамбеттен кейінгісі Махамбет екен.

Акьш "Менің атым Махамбет" деген өлеңінде: "Өтемістен туған он едік, онымыз атка мінгенде, жер кайыскан кол едік",— дейді, Өтемістің үлкен баласы Бекмағамбеттен баскалары көтеріліс кезінде түгелдей халық жағында болып, оған белсене катыскан.

Махамбет жас кезінде хан ордасында болады. Арабша да, орысша да хат білген. Оның ордада, Орынборда болуы туралы Жәңгір хан өзінің губернаторға жазған хатында: "Исатайдың ең жакын досы, ең бірінші кеңесшісі, ол сойканның ең бірінші жәрдемшісі болған Махамбет Өтемісұы деген киргиз (казак) менің Зұқайнарнайын атты ұлымның жас кезінде Орынборда касында болды, бірак ол мүлде бұзылған адам болғандыктан, мен оны куып жібердім"',— деп сипаттады.

Махамбеттің жас кезінде хан ордасында болуына екі түрлі себеп бар. Бірінші Махамбеттің ағасы Бекмағамбет — Жәңгірдің 12 биінің бірі. Сондыктан Махамбет балалык шағын ағасының колында, Ордада өткізуі мүмкін. Екінші, ол кезде хан сұлтандар ескі дестүр бойынша, колдарына өзін мактап өлең айтатын акындар ұстаған. Байток, Жанүзак — Жәңгірдің белгілі сарай акыны атанған адамдар.

Жасынан-ак шешендігімен, акындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне баулып, әлгілер тәрізді өзінің сөзін сөйлеп, сойылып соғатын, ханды мадактап, даңқын жайып, беделін көтеретін сарай акыны өтуді ойлаған. Бірак Махамбет Жәңгірдің бұл ойынан шықпайды. Халыктың болашак жалынды акыны өмір шындығын суреттеуге жасынан-ак бет түзейді. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздыкты өз көзімен көргеннен кейін, ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастайды.

Хан емессің, қысқарсың, Хан емессің, ылаңсың,

Қасталбасты басқырсын, Қара шұбар жылансың

Достардың келіп табалап, Хан емессің, аярсың,

Дұшпанның сені басқа ұрсын! Айыр кұйрык шаянсьш!...—

деп шындыкты бетке айтады сөзі осы оқиғаны меңзейді. Ханмен ат кұйрығын кесісіп, Махамбет түгелдей халық жағына шығады да, онымен ашык күреске бел буып, серт байлайды, Ханның кара халыкты езіп отырғанын, халықтың басында ерік, билік жоғьш түсіндіріп, ел арасьшда да ханға қарсы үгіт жүргізіп, өзінің жалынды жырьш осы жолға жұмсайды.



Просмотров 3427

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!