Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Махамбет көтеріліс кезінде



Исатайдың айнымас серігі, "қабағын шытпас ер", "дініне берік" жауынгер де абзал досы, еліне өмірене кызмет етуді бүкіл ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, "қолына коңыраулы найза альш" асқақ әуенімен Исатай басшының

соңынан ерген, ереуіл ақьшы Махамбет болды. Махамбет жалынды жырымен, шешендік үнімен Исатайға дем берді. Соны сезген хан ақынды старшындықтан тайдырды. Исатай мен Махамбетті ұстап алмаққа бекінді. Ел тілегі ерлерде екенін, қара халытың соларға жақтастының сезген хан олардың көзін жойғысы келді. Жаппаған жаласы қалмады. Махамбетті кісі өлтірді деп өтірік жала жауьш, оны үстату үшін қол жасақтап, аттандырады да.

Махамбеттің Исатай атынан шығарған "Өй, Махамбет жолдасым" деген өлеңінде көркемдік көрініс тапқан. "Батыр аңғал дейді" ғой халық. Исатай залым ханның жалған сөзіне сеніп, арбауына түсіп қалады. Орданы

коршап алған кекті жігіттердің сұсынан хан да, оның төңірегіндегілер де катты үрейленеді.

Махамбеттің "соғыс" өлеңі де сол замандағы ұрыс кұралымен каруланған патша үкіметінің Геке баскарған патша әскерімен канды шайкаска түскен шешуші айкасты бейнелейді. Соғыс Бекетай күмында болған. Исатайдың калың колы осы жерде топтаскан. Айбарлы жасак жауына ок болып атылуға әзір. Сол бір сәтті акын:

Әскер жиып аттандық, Ағатай, Беріш ұраным

Бекетай еді тұрағым. Бекетай кұмға ел коньш,

Айқанйлап жауға тигенде. Байбакты Жүніс аттанды,-

деп бейнелейді. Бекетай кұмындағы ұрысты Махамбет барынша реалистікпен көрсеткен. Көз алдында канды майдан, кырғын өлім. Өрттей лаулаған жау. Ол мейірімсіз. Мылтығын кардай боратып, камалды бұзып жауар бұлттай түйіле, найзағайдай атыла сөйлейді, ерлік мінезінен кайтпайды.

Геке баскарған орыс армиясымен соғыста 1838 жылы шілденің 12-сі күні Исатай каза табады. Махамбет бірнеше жолдастарымен әскердің шебін бұзып шығып кұтылады.

Махамбет бұл жолы патша әскерімен табан тіреп соғыса алмайды. Өйткені Гекенің соғыс техникасын жаксы білетін, күшті "қаруланған 500-ден аса әскерімен белдесіп соғысуға тірі калған аз адаммен шамасы келмейді.

Исатай казасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыкка сәл көтеріліс басылғаннан бой алдырады. Жау бейбіт халыкка кысым-киянатын бұрынғыдан да үдетіп, Махамбеттің ізіне шам ала түседі.

Қуғын-сүргінге түсіп, жалғыз калғанын білген сабаз акынның:

Жалғыз калдым...

Адасып қалған үйректей.

Немесе:

Бұл фанидің жүзінде

Махамбеттей зарығып

Мұңды болған кайда бар, ­деуі де содан. Ол тіпті: "каумалаған касымда карындастың кемі үшін",— деп те,

Махамбеттің ойлағаны өз кара басының "тіршілігі емес". Ол елінен кеткенде, олжа іздеп те бара жатқан жоқ, бас сауғалау да еш ойында болған емес. Ол атаңа нөлет Жәңгірдің халықты "қан жылатқан заңынан" кұтқарудың жолын іздейді, қол жинап, "Ана Нарында жатқан, жас баланың қамы үшін" хан сұлтандармен кайтадан айқасып, кек алуды ойлайды.

- Қандай қиын-қыстау күндерді басынан кешірсе де, "Әділ жаннан түңілген" кездерінде де Махамбет күрес жолынан, үстаған бағытынан айныған емес; Бірақ Хиуа сапары сәтсіз аяқталады. Хан әскер бере алмайды. Сонан соң Махамбет елге оралады. Әлім, Шөмен, Адай елдері ішінен жігіт жинап "Дұшпанға қарсы келгенде, дініне берік" ер азаматтарды топтастыра бастайды. Сол елдерде жүргенде жазған хатында Махамбет: "Ардақты ағаларымыз: Бабайға, Надыркүлға, Сөлиге, Жармұғанбет және Жамантайға— барлығына сәлем! Өздерің сықылды достардың дұғасымен, аллаға шүкір, есенмін. Мен Хиуадан аман-есен қайттым. Сіздерді сағындым, осынша-ақ көргім келеді, бірақ қиьшшылыкка түсіп түр.

Әскер шығардың алдында ханға (Хиуа ханы) тағы бір жолығып шығам. Әрілегенде әскер осы алдымыздағы жазда шығады. Егер жағдай көтерсе, қалайда старшын Сәлиді жіберіңдер, ол жаққа (Хиуаға), барардың алдында мен сіздердің қандай халде екендіктеріңді білуім керек қой"— деп жазады. Осы хат ақынның қас жауларының қолына түседі. Олар: "Махамбет елдің тынышын алуда, дегенмен ел әлі күнге оны үстап бермей жүр",— деп, оның үстінен шекара комиссиясына шағым түсіреді.

Махамбет тағы қуғын-сүргінге үшырайды. Жөңгір де, Орынбор генерал-губернаторы да оның соңынан қуғыншылар жібереді. Ақыры, үйінде қаннен-қаперсіз отырған ақынды ойда жоқта патша жендеттері қамап алады. Махамбет жалғыз екен. Сонда да өліспей беріспеске бел байлады. Тек, әттең, ататын қаруы болмаған, қолында тек канжары ғана. Батыр үйге кіріп келген солдаттардың біреуін ғана жарақаттай алған. Жендеттер жабыла бас салып, оның қол-аяғьш байлап алады да, Орынбор түрмесіне айдайды. Сондағы жолдау қағазда "Жасы 37-де, бойы екі аршын және 5 вершок, шашы, қасы мұрты, сақалы қара, бетінде дағы жок, қара торы, қой көзді",— деп сипаттайды ақынның түр-түрпатын. Махамбетті түрмеге қамайды, тергеуге алады. Ақын ағайын-туғандарын, үй ішін сағынады. Соларды бір көруге зар болады. Тұтқын азабын, ауыртпалығын тартқан қапастағы ақын:

Кеше біз зынданда жатып кұбылдык?

Камалаған көп дұшпанға кор болдык.

Терезеден телміріп,

Ағайын мен туғанды

Бір көруге зар болдык,—

деп, іштей сағынышын, қайғы-капасын өлеңмен сыртқа шығарады. Махамбеттің ісі әскери сотка беріледі. Бірақ мұнан да ақталып шығады. Оған негізгі себеп — 1837 жылы соғыс кезінде Исатайдың үй іші патша әскерінің колына түседі. Тап сол кезде патша офицері Шустиков өзінің солдаттарымен батыр Есет Көтібаровтың қолында екен. Осы екі арадағы келіссөзге Махамбет араласьш, патша әкімдерін босатуға кызмет көрсетсе керек. Махамбет сотта соны тілге тиек еткен. Сондыктан Орынбордың генерал-губернаторы: "Орал сыртындағы Ордада болған кезде, үкіметке жаксылык еткенін ескеріп, сотка тартылған Махамбет Өтемісұлы жазадан кұткарылып, шекарадан өткізіп салынсын, бірақ оның бұдан былай шекараға жакындауына тьйым жасалсын, егер де бұл тыйымды бұзса немесе Ішкі Ордаға өтсе, ол катал жазаға тартылсын",— деп үкім шығарады.

Шекара комиссиясы бүйрығымен Махамбетті Кіші жүздің сұлтаны Арыстан Жаңтөриннің карауына, бакылауына жібереді.

Жауыз Жөңгір Махамбеттің кыр соңынан калмайды. Көзін кұрткысы келеді. Генерал-губернаторға да арыз-шағым жасайды, соттатпак та болады, талай айлашарғы жасап көреді. Бірак "атадан туған аруакты ерді" елім деп еңіреген ерін, жалынды акынын халкы жауға ұстап бермейді, ол ел ішінде бой тасалап жүреді. Сонда да, сондай жағдайда да ханға, төрелерге, сұлтандарға патша әкімдеріне карсылығын қоймайды.

Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстап бермек боп, талай топ құрады, алдап та, арбап та көреді. Шақырта кісі де жібереді. Бірақ Баймағамбет сияқты ата жауларының сырына қанық Махамбет оның алдауына түсе қоймайды. Сөйтіп жүрген шақтарының бірінде ақын ойламаған жерден Баймағамбетпен ұшырасып қалады. Ақынның өмірін білетін ескі көздер бұл кездесудің қалай болғанын былай деп баяндайды: "Махамбет бір күні өзінің көбірек түсетін ауылына барса, Баймағамоеттің үстінен шығады. Баймағамбет бір жұмыспен осы ауылға келген екен. Қасында жасағы жоқ, бірнеше билері, жақын төре-төлеңгіттері ғана болса керек. Қару-жарақ асынған Махамбет келіп қалды дегенді естиді де, Баймағамбет өзін қолпаштаушы ауыл байлары мен билеріне: "Мұнда алып келіңдер, сөйлесейік, бірақ оғаш сөз сөйлемеңдер, не десе, көне беріңдер, біз бұл ауылға қонақпыз, жай отырғанда бізге тиісе алмайды. Ал шалыс келсек, қару-жарағы бар, өлтіріп кетуі мүмкін, дегенмен сактанып отырыңдар"— дейді.

Әрі арыстан жүректі батыр, әрі жалынды ақын Махамбет үйге кіріп келгенде, сұлтан да, оның нөкерлері де сескеніп қалады, бірақ сыр білдірмеуге тырысады. Ал Махамбет Баймағамбетке де, оның маңындағыларға да амандаспай отыра кетеді. Екі жағы да сақ, арбасып отыр. Әңгіме үстінде Баймағамбет: "Исатай екеуің не істемекші едіңдер, соны айтшы?" — дейді. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны дейтін әйгілі өлеңі табан астында, осы арада шығарылған екен. Төрелер бірдеме дегісі келіп, бұған Баймағамбет қалай қарар екен деп жарамсақтана оған қарайды. Бірак Баймағамбеттің батылы бармайды. Біреу бірдеңе десе, қан төгіс боларын сезеді де: "Бұлай айтпаса, ол Махамбет бола ма, ондай сөзді көтермесем, мен хан боламын ба?"— деп көлгірсіп, жалтақтай сөйлейді.

Ақын Баймағамбетпен оңашада кездеспегеніне өкінеді, сыйлас досьшың үйінде кездескеніне "әттең-ай" деп қала береді. Махамбет ауылдан кетіп, Баймағамбеттердің жолын тосады, әккі залым сұлтан мұны сезіп, басқа жолмен кетеді. Махамбет кездеспей қалғанына өкінеді. Баймағамбет сұлтан мұнан кейін бұрынғысынан да ызалана кектенеді. Махамбетті ұстап берген жанға 1000 сом беремін деп жар салады. Хальщ хан баласьша адал үлын сатпаған. Дүние боқтығына қызықпағаң, еріне опасыздық жасауға елі бармаған. "Жер ала, бұлт шола" дегендейін, "күн ашықта мойнында, күн жауғанда койнында" деп Абай айткандайын, тек опасыз, сатылған, екі жүзді жандар ғана асыл ерді қапыда өлтіруге барған. Ол ақынның алыс туысы әрі "досы" боп жүрген Ықылас деген опасыз, қанішер. Ғазиз ақын, айбарлы, каһарлы батыр, елінің ары, қорғаны ардагер акының ол түлкіленіп, жылмаңдап келіп, зұлымдыкпен өлтірген. Ашық айқаста емес, адал дастарқаны үстінде дәм-тұзын таып отырған шақта, жалған досы Ықылас сырт жағынан кеп, басын шауып алады. Дүние құлы болған жендеттер шауып алған ақын басын Баймағамбетке тартуға әкетеді. Өксіп жылап, қан жұтып батырдың асыл жары, аяулы перзенттері қалады. "Қорлықта жүрген халқына бостандық алып берем" деп, дұшпанымен кескілесе жауласқан абзал ер азамат осылайша жау колынан қапыда қаза табады. Сөйтіп ардагер акын 1846 жылы 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысы, Махамбет ауылынындағы Қарой деген жерде.

Қазір ол жер "Махамбет ойы делінеді. Махамбет зираты сол Қаройда. Сол жердегі колхоз Махамбет атымен аталады.



Просмотров 3035

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!