Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы



Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.

Ықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

Азаматтық қоғам.

Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.

Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).

Мемлекеттің белгілері.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

Ықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.

Ықтық қатынастардың құрамы.

Ық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.

Ықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.

Субъективті құқық және заңдық міндет.

Ық бұзушылықтың түрлері.

Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.

Заңдық жауапкершіліктің түрлері.

Азақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.

Азақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.

Азақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері.

Азақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.

Азақстан Республикасының Президенті.

Азақстан Республикасының Парламенті.

Сот билігінің ұғымы.

Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.

Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.

Азақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.

Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.

Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.

Атқарушы биліктің орталық органдары.

Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.

Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.

Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік.

Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.

Кімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Кімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі.

Кімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары.

Кімшілік құқықтың пәні және әдістері.

Кімшілік құқықтың қайнар көздері.

Кімшілік құқықтық қатынастар.

Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.

Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.

Некеге туру шарты және тәртібі.

Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.

Алименттік қатынастар.

Азақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.

Азақстан Республикасының прокуратурасы.

Р Ұлттық қауіпсіздік органдары.

Сот төрелігі және оның қағидалары.

Азақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.

Р ішкі істер органдары.

Аржы полициясы және оның атқару қызметі.

Р адвокатура мен нотариат.

Азақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.

Мемлекеттің қаржылық қызметі.

Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.

Аржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.

Мемлекеттік салық жүйесі.

Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

Еңбек құқығының қағидалары.

Еңбек құқығының қайнар көздері.

Жеке еңбек шарты.

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.

Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.

Азақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.

Сақтандыру құқығының түсінігі.

Ылмыстық құқықтың ұғымы.

Ылмыстық құқықтың қағидалары.

Ылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы.

Ылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.

Ылмыстың құрамы.

Ылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.

Ылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

Азақстан Республикасының экологиялық құқығы.

Оршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.

Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері

Табиғат пайдалану құқығы.

Азақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.

Азақстан Республикасында жер қорының түсінігі.

Жер құқық қатынастарының түсінігі.

Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.

Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.

Ылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.

Ылмыстық процесске қатысушылар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.

 

1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және ара қатынасы.
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.

Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.

Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.

Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.

Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.

Заң ғылымында "құкық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық"- ресми турде танылған жеке және заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құкығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада колданылады.

Субъективтік (тұлғалық) құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқыктық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамнын, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап).

Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.

Субъективтік (тұлғалык) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының занды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканың халықаралық шарттык және өзге де міндеттемелерінін, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (4-бап).

Үшіншіден, "құқық" термині оку пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық кұқық, әкімшілік құқық, еңбек кұқығы, отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Тертіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін окып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі.

Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Әрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқкықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осыңдай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Кұқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Ық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.



Просмотров 2626

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!