Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Спорттық адамдардың лейкограммасын көрсетіңіздер



Спорт (фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

 

 

Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішіндежүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталғанОлимпиада ойындары өтіп тұрған.

Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорткәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.

еке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.

 

К.Маркс тұнғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеген

Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бітімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғырады. К.Маркс тұнғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама-қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.

Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қаумдағы ру бірлігінен ажыратып, коллективтен бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болды. Жеке адамның ең басты белгісі – оның әлеуметтік қызметінде.

«Жеке адамның мәні, - деп жазды К.Маркс, - оның сақалында, қанында, не дерексіз бір физикалық жаратылысында емес, әлеуметтік сапасында».[1] Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Сондықтан да К.Маркс былай деп жазды: «... адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Өзінің шындығына келгенде ол – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».[2] Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелсіз. Бірақ одан жеке адам қоғамдық қатынастардың жай ғана енжар туындысы деген қорытынды жасауға болмайды. Капитализм тұсында жеке адам бір жақты дамуға душар болды. Тек социализм мен коммунизм ғана жеке адамның жетілуіне мүмкіндік туғызады. Өйткені коммунизмнің мақсаты – жеке адамның жан жақты жарасымды дамуын қамтамасыз ету. Коммунистік қоғам жеке адамды әлеуметтік ортаның бүгінгі ықпалына түсіріп, жоқ қылып жіберуді көздемейді, қайта әрбір адамды өзіндік ерекшіліктері мен әлеуметтік қасиеттердің үйлесімді дамуына жағдай жасайды.

 

Қол жуу - жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі.

Жеке адам гигиенасы[өңдеу]

Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымның бір саласы. Мұнда адам қоғамдық және күнделік өмірдегі гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасы дене гигиенасы, киім мен төсек-орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады. Дене шынықтыру – жеке адам гигиенасының негізгі шартының бірі. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру организмдегі зат алмасу процесін жақсартып, денеге жиналған улы заттардың организмнен тез шығуын қамтамасыз етеді. Адам тіршілігінде терінің атқаратын қызметінің маңызы зор. Кір теріге микробтар ұялап, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда жырылған, тесілген, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек. Қолды таза күтіп, түрлі жарақаттан, жарылудан аман сақтау қажет. Қолдың терісі жарылса, немесе жарақаттанса жуып, иод жаққан өте пайдалы. Тері құрғақ, жарылғыш болса, везелин немесе глицерин жағу керек. Сондай-ақ аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау дене гигиенасының басты шарты. Жуынғанда тек беті-қолды жуып қана қоймай, екі иықты және кеудені де жуып құрғата сүрту (әсіресе таңертенгілікте) денені тазартумен бірге организмді шынықтырады. Жатар орын, киім-кешек тазалығын қатал сақтау қажет. Моншадан кейін таза іш киім кию, тырнақ, шашты уақтылы алып отыру – Жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі. Жанұяда бір адам ауырып қалса, оның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің тазалығын сақтау керек.[3]

 



Просмотров 824

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!