Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Орғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас



Халықты қорғау жөнiндегi шаралардың кешендiлiгi ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдiстерi мен құралдарын тиiмдi пайдалaнyға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түpi мен көлемiне орай туындайды.

Халықты бейбiт yaқыттaғы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғарғы деңгейiне жету үшiн бейбiт уақытта сипаты мен көлемi бойынша әртүрлi инженерлiк, көшiру, радиациядан қopғay, медициналық, өрттен қopғay және өзге шаралардың кешенiн өз yaқытындa жоспарлау iскe асырылуы қажет.

а) Инженерлiк шаралар

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабуылы жағдайына оны қорғаудың ең негiзгi әдiсi болып табылады.

б) Көшiру шаралары

Көшiру шараларын дер кезiнде жүргiзу ТЖ жағдайнда халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкiндiк бередi.

в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бiрыңғай АҚ шараларының кешенi ретiнде қарастырылып, ол мыналарды қамтиды.

v халық пен АҚ құрамаларын қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құлдарымен, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау құралдарымен қамсыздандыру;

v осы құралдарды әзiрлiкте ұстау;

v халыққа радиоактивті, химиялық зақымдану туралы хабарлау;

v азық – түлiктiң, судың, мал мен өсiмдiктiң зақымдануынa жол бермеу және оларды залалсыздандыру;

v радиоактивті және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерiн әзiрлеу;

v халықтың тұрмыстық дозиметрлерiн пайдалану;

v радиоактивті ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.

 

Медициналық шаралар мыналарды қамтиды:

v санитарлық -гигиеналық және caқтaндыpy шараларын жүргiзедi;

v халық пен құрамды зақымданған кезде өз-өзiне және өзара көмек әдiстерiн көрсетуге оқып-үйрету;

v халық пен құрамаларды дәрi-дәрмекпен қамсыздандыру;

v объектiлер радиоактивтiк химиялық заттармен, бактериалдық құралдармен зақымданғанда, зертханалық бақылауды ұйымдстыру;

v санитарлық-ветеринарлық және iндeткe қарсы шараларды жүргізу.

д) Өрттен қоpғау шаралары мыналарды қамтиды:

v ықтимал өрт ахуалын болжау;

v қалалардың, басқа да елдi мекендер мен шаруашьшық объектiлерiнiң өртке қарсы берiктiгiн жоғарлату бойынша инженерлiк-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргiзу;

v өртке қарсы қызмет пен халықтың тиiстi даярлығы;

v өрт ахуалын бағалау және оны бақылау;

v аса қаyiп төнiп тұрғaн өрт ошақтарын, сондай-ақ қаланың құрылыс аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлердi бағалау;

v өрттiң алдын алуды, жайылтпау мен сөндiру.

5. Қорғаныс шараларын жоспарлау және өткiзу, ҚР Қарулы күштер министрлiгiмен, ҚР Iшкi iстep министрлiгiмен тығыз байланыста.

Республика, облыстар, қалалар мен аудандар органдарында әзiрленген өзара ic-әрекет жоспарларының мазмұнында, ҚР IIМ мен ҚМ арасындағы өзара әpeкeттepдiң негiзгi мәселелерi қaмтылғaн:

v хабарлау тәртiбi;

v коменданттық қызметтi ұйымдастыру және әскерлердiң, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшiрудiң негiзгi бағыттарындағы қозғалысты реттеу;

v қауiпсiз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;

v ҚжБЖШ-ны өткiзу мен барлауды ұйымдастыру мәселелерiн келісу;

v радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бiрыңғай жүйесiн белгiлеу;

v көлiк, медицина, инженерлiк материалдық – техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөнiндегi шаралар;

v санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;

v халықты көшiрудi басқару үшiн, байланыс және хабарлау құралдарын бiрлесiп пайдалану.

Халықты бейбiт yaқыттaғы ТЖ-дан және осы заманғы қарудың зақымдауынан қорғау, үш негiзгi қорғау тәсiлi бар, кешендi шараларды өткiзумен iскe асырылады:

v қорғаныс ғимаратына адамдарды жасыру;

v тұрғындарды бытыраңқы орналастыру;

v халықты өз-өзiн қорғау құралдарымен қамтамасыз ету.

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құрлдарынан, әcipece жау шабулы қауiпi жағдайында қорғанудың негiзгi және ең сенiмдi әдiсi.

Халықты қорғаудың ең басты жолы ол қорғаныс ғимараттары, олар әрқашан дайын болып, оларға АҚ дабылы болғаңда халықты тезiрек кipyгe оқыту.

Одан басқа да ТЖ болғанда панаханалар мен РҚО басқару пунктi peтiндe қолданылады.

Халықты көшiру - әcipece бейбiт уақытта болған ТЖ-ға тән, сонымен қатар соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау.

Халықты өзiн-өзi қорғау үшiн қолданатын заттармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтiк улағыш, қатты әсер eтeтiн улы заттармен және бактериалды құралдардың ағзаның iшiне, тepiгe және киiмге түсiп кетпеуiне арналған.

Олар мынадай болып бөлiнедi:

v демалу органдарын қорғау тәсiлдерi (ауаны сүзетiн және ауаны кiргiзбейтiн газқaғарлар, респираторлар, шaңнан қорғaйтын мата маскасы, (ПТМ-I) және мақта-дәке таңғышы);

v тepiнi қорғау тәсiлi (арнайы оқшаулап қорғайтын киiм, тұрғындарды қорғайтын сүзгi және беймiделген киiм).

Өзiн - өзi қорғау заттарын қолдану халықты қорғаудағы басты шаралардың бiрi.

Халықты қорғау республикамыздағы АҚ - ның басты мiндетi, себебi адамдар ең жоғарғы құндылығы болып табылады, сондықтан олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - бейбiт және соғыс уақытындағы ТЖ-ның алдын-алу мен iс-қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жүйесiнiң барлық шараларының басты мақсаты.

 

 



Просмотров 2535

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!