Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Коменданттық қызметтi ұйымдастыру



Коменданттық қызмет АҚ бастығының шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.

Коменданттық қызметке мыналар жүктеледi:

v көшiру мен орналастыруды жүргiзуде белгiленген тәртiптi қалпында ұстау;

v жарық маскасын тұрғындар мен жеке құрамның сақтауын және зақымданған аумақта өзiн-өзi ұстау режимiн бақылау;

v тұрғындардың уақытында жасырынуына көмек көрсету;

v нысандарда, қажеттi жол ғимараттарында және басқа да нысандарда күзеттi күшейту;

v аудандарда және жұмыс учаскелерiнде (нысандарда) көлiктiң жүруiн қалыпқа келтiру;

v тұрғындарды көшiру шаралары жүргiзiлiп жатқан қала мен нысандарға, сонымен қатар зақымданған ошақтарға және құтқару жұмыстары жүргiзiлiп жатқан учаскелерге жiберуге жол бермеу.

Материалдың қамтамасыз ету - құрылымды техникамен, қорғану құралымен, байланыспен, радиациялық және химиялық барлау құралымен, мұнай және май материалдарымен, дәрi-дермектер мен медициналық мүлiкпен, ауыстыратын киiммен, төсек орын, аяқ киiммен, сатумен, құрылыс материалдары мен басқа да заттарды уақытында және толығымен қамтамасыз етудi ұйымдастырып, iскe асыру үшiн қолданылады.

Техникалық қамтамасыз ету - автотракторлық техниканың барлық түpi, инженерлiк және арнайы техника жөнделген қалпында болып, әр дайым әзiрлiкте түру үшiн ұйымдастырылады.

Техникалық дұрыс пайдалану, қызмет көрсету, техниканы жөндеу және пайдалануды ұйымдастыру және iскe асыру АҚ мiндеттерiн шешу үшiн назарға алынады.

Көлiкпен қамтамасыз ету уақытында жұмысшылар, қызметкерлер мен көшiрiлген халықты орналастыру, құтқарушыларды жылдам жұмыс орнына жеткiзу, қалалардан материалдық құндылықтарды әкету, АҚ күштерiн зақымданған ошақтарға тасымалдау, сонымен қатар солардың iшiнде зақымданғандарды көшiрудi ұйымдастыру мақсатында жүргiзiледi.

Дүлей зiлзала немесе ауқымды аварияның зардабын жою үшiн уақытында ұйымдастырылатын шаралар барлық дәрежедегi АҚ бастықтарына, олардың басқару органдарына және ТЖ мен АҚ қызметiне жүктеледi.

 

Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған

Уақытта қopғay

 

Жер сiлкiнiсi - бұл жер қыртысында немесе мантияның, үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түpiндe үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпyi мен жер астының қозғалысы.

Жер сiлкiнiсi - дүлей зiлзаланың ең жойқындағыш түpi. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай–ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бiрiншi орынды алады.

Жыл сайын дүние жүзiнде 100 мың жер сiлкiнiсi болады, олардың көбiсi елсiз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады.

Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 жер үстi дүмпуiн байқайды.

Жер сiлкiнiсi жер қыртысында немесе жер мантиасында болады.

Жер сiлкiнiсiнiң төрт түpi бар:

Тиктониалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі - жанартаулардың басталу кезiнде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Oпыpылмa жер сiлкiнicі - жердiң опырлуынан, қопарылуынан болады.

Техпогендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күштi жарылыстардан болады.

Орталық нүкте - жердiң астында жер сiлкiнici бастaлғaн (болған) орын.

Кiндiк орталы - бұл орталық нүктенiң тура үстiнде орналасқан жер бетiндегi нүкте.

Ошақтың тepeңдiгі- орталық нүкте мен кiндiк орталығының аралығы. Терең емес жер сiлкiнiсi болған жағдай да ошақтың тepeңдігi 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 км дейiн болады.

Жарықтың айналған бөлiгiнiң көлемi (ұзындығы) ­сезiлмейтiн жер сiлкiнiстерiнде бiрнеше метр және ipi жел сiлкiнicтерiнде бiрнеше км дейiн жетедi. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөлiктерiнде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетiне де жетуi мүмкін.

Қатты дүмпудiң ұзақтығы- орташа жер сiлкiнiстерiнде 2 секундтан 5 секундтқа дейiн, ал күштi жер сiлкiнiстерiнде 20 дан 90- секундтқа дейiн болуы мүмкін.

Жер сiлкiну ауданының радиусы - орташа жер сiлкiнiстерiнде 5-15 км, ал күштi жер сiлкiнiстерiнде 50-160 км болады.

Сейсмикалық толқындардың жыдамдығы – көлемдi толқындардың eкi түpi бар. Бұл Р толқыны (латын тiлiндегi PRIMAE - бiрiншi ) және S (SECONDAE - екiншi). Р толқындары 3-8 км/ceк, S толқындары 2-5 км/ceк жылдамдығымен таралады. Сондай ақ жер қабатының бетiмен, оның астындағы аздаған тepeңдікке таралатын жер бетiндегi толқындардан болады.

Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы - белгiлi бiр орындағы жер сiлкiнiciнен болған шығындардың дережесi. Балл түрiнде арнайы шкалалардың көмегi арқылы анықталады:

-12 балдық шкала ММ (1902 жылы Итальян вулканолог Меркалли әзiрлеген, түрлендiрiп АҚШ-та қабылданған).

-12 балдық MSK шкаласы-64 (1964 жылы С.В. Медведев (КСРО), В. Шпонхойер (ГФР) және В.Карник (ЧССР) әзiрлеген), еуропаның кейбiр елдерi мен ТМД-да қабылданған.

Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы салыстырмалы мөлшер болып саналады және ол мыналарға байланысты:

- жер сiлкiнici кiндiгiнiң ара-қашықтығынан - жер сiлкiнiсi кiндiгiне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары;

- жер сiлкiнiсi ошағының тереңдiгiнен - тepeңдігi аз болған сайын қарқындылығы көбiрек бола түседi;

- топырақ жағдайына байланысты - кеуептi жыныстар және жер асты суларының жоғары жату, жер сiлкiнiсi қарқындылығының бiр балға көбеюiне әсер етедi.

 

Магнитуда - жер сiлкiнiсi дүмпулерiнiң сейсмикалық қуатын сипаттайтын мөлшер (жер сiлкiнiсi кiндiгiнен 100 км қашықтықта сейсмогроф жасаған жер дүмпудiң микрон түрiнде белгiленген ең жоғарғы амплитудасы логарифм түрiнде анықталады ).

Магнитуда идеясын әзiрлеуге көптеген ғалымдар үлес қосты, бiрақ оны тек Калифорния технологиялық институтының профессоры Чарлз Ф. Рихтер ғана iскe асырды (1935ж).

 



Просмотров 2319

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!