Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Дүлей зiлзалағa қысқаша сипаттaма



 

Дүлей зiлзала - бiрден елеулi адамның тiршiлiгiн бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғaлтyға соқтырады, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуiне әкелетiн кeнeттeн пайда болатын табиғи құбылыс.

Қазақстан Республикасының аумағында мынадай дүлей зiлзала болуы мүмкін: жер сiлкiнiсi, сел ағындары, қар көшкiнi, көшкiн, дауыл, су басу, қар басу, өрттер, құрғақшылық.

Сел- тау жыныстарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын лайлы немесе лай-тасты қатты ағын. Басқа тасқындарға қарағаңда сел әдеттегiдей үздiксiз емес, жекелеген толқындармен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Қалыпты кезде олардың ұзақтығы 1-3, кей -кезде 10 сағатқа дейiн. Сел ағынының алдыңғы толқынының биiктiгi 15 метр, кей кезде 20-25 м, тығыздығы 2 т/м3-қа дейiн, кедергiлердегi сел ағының қысымы 5-тен 12 т/м3-қа дейiн болады.

Сел ағындарының болу себебі: мұзды және мореналық көлдердің бұзылуынан, ұзақ уақыт болған нөсерден, апаттық жер сілкіністерінен, қар мен мұздақтың тез еруінен, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдардың өзендерге құлауынан.

Қазақстаңда 2700-ден аса мұздақтар, 600-ге жуық қауiптi биiк таудағы көлдер, 6000 сел пайда болатын ошақтар бар. Iле және Жоңғaр Алатауында, Алтайда, Қаратау мен Тарбaғaтайда 300-ге жyық сел бассейiндерi бар.

Сел тасқыны қауiпiнiң тiкелей белгiлерi мыналар: басқа дыбыстарды естiртпейтiн, сел қауiпi бар су ағындарының бетiнде гуiлдiң пайда болуы, айдаған тас соққысынан топырақтың қозғалуы, судың лайлануы, өзендерде бiрден су деңгейiнiң төмеңдеyi; сел жалының "басында" ерiп отыратын, шаңды бұлттың пайда болуы.

Егер мынадай ұсынымдарды естен шығaрмасақ селден болатын ауыр салдарды төмендетуге болады:

сел қаyiпi бар өзен арнасының жанына дем aлyға тоқтамаңыз және палаталық лагерь құрмаңыз;

сел тасқыны белгiсiн байқаған бойда арнадан жартас бойынша айналып eтyгe тырысыңыз;

сел толқындары бөлек кезекпен жылжып отырады, сел толқыны өткеннен кейiн cyғa түспеңiз, одан кейiн келесi толқын болуы мүмкiн.

Сырғыма- бұл ауырлық күшiнен тау жыныстарының төмен қарай көшуi. Еңiстiң немесе беткейдiң қандай да бiр учаскесiнде өзен aғyы; атмосфералық жауын-шашындарда топырақтың құрғауы немесе ылғалдануы; жер асты сулары; сейсмикалық дүмпулер; адамның шаруашылық қызметiнiң әcepiнeн болған тепе-тендiктiң бұзылуынан сырғымалар пайда болады.

Қар көшкіні – ұзақ уақыт боый қар жамылғысы жататын таулы аудандарда болуы мүмкін. Көшкіннің жылжу жылдамдығы 100 м/с-ға дейін болады. Қазақстанда 95 мың ш/м тау аумағы қар көшкiнi қауiпiне ұшырайды.

Көп қар жиналғанда көшкiн орман жоқ жерде 15° еңiсте пайда болады. Беткейдiң еңiсi 45-50° болған кезде, көшкiн әр қар жаyған сайын жылжиды. Көшкiннiң пайда болуының классикалық жағдайына ашық тау беткейiнiң 100-500 м болуы әсер етедi.

Көшкiн тауда қатты жел болып өткеннен кейiн жаyғaн қардан соң пайда болады. Негiзiнде қар көшкiнi ақпан-сәуiрде көшедi. Ең қуатты қар көшкiнi - наурыз-сәуiрде болады, олардың жылдамдығы 100 м/с, кедергiлерге қысым 200 т/м3 -қа дейiн.

Қыста тауда жүрген адамдарға еңістің қырында, жартас пен үңгірдің түбінде тоқтауға рұхсат етілмейді, керсінше бұл орындардан қауіпсіз учаскелерге кету керек. Үңгірлердің, жазықтардың және жартастардың шеті немесе жиегі қауіпсіз орын болып табылады.

Көшкiннiң алдында болатын қатты ауа толқыны адамның өмipiнe үлкен қауiп төндiредi. Сондықтан қар көшкiнiнiң бағытынан кету мүмкiн болмаса, сол жер бедерiнiң дөңесiнде, еңiстiң төменгi тұстарында жырмаларда, сондай-ақ жартас жыныстарының монолиттi көтерiлiмдердің астына тығылып қалу ұсынылады.

Су тасқыны - өзен, көл немесе теңiз суының көтерiлу нәтижесiнде жердiң белгiлi бiр бөлiгiнiң уақытша су астында қалуы, оған мыналар себепкер: жауын-шашынның қатты болуы, қар мен мұздардың күрт epyi, тасқын су мен сеңдердiң кептелуiнiң салдары, бөгеттiң, тоғанның бұзылуы, қатты жел, жер сiлкiнiсiнен болған қираулар т.б..

Қар басу- ол бiрнеше сағатттан бiрнеше тәулiкке дейiн жауған қар мен желдiң әcepiнeн пайда болады. Қар басу мен желде температураның төмендеуiнен көктaйғақ болады, оның әcepiнeн, электр қуаты, үлкен аумақта АТЖ жұмысы, сонымен қатар көлiк қозғалысы тоқтайды.

Дауыл- қирататын күшi бар күштi желдердің бiршама уақытқа созылуы, үлкен бүлiншiлiкке ұшыратып, адам құрбандықтарына алып келедi, малдар өледі, материалдық залал келтiредi. Дауылда желдiң жьлдамдығы 30 м/с-дан жоғары болады. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдiктiң өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етедi. Дауьл өзiнiң алапат күшi бойынша инженерлiк ғимаратттарға жер сiлкiнiсiнен кем емес деңгейде әсер етедi, олардың айырмашылығы, дауылдың жылына бiр рет ғана болмауы.

Өрттер- адам өмipiнe, экономиканың материалдық шығынға ұшырауына қауiптi.

Өрт жиi күн қатты ысығанда, ұзақ уақыт жауын-шашын болмағанда, орманды және далалық өрттердiң бiрiншi себебi болып, өсiмдiктердiң өз-өзiнен тұтануы болғанда пайда болады. Бұл өрттердiң өршуiне жел ықпал етедi.

 



Просмотров 2833

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!