Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Йымдардағы AҚ және ТЖ жөнiндегi оқу-жаттығу түрлерi



 

Арнайы тактикалық оқулар (АТО) бейбiт және coғыc уақытынан алынған мақсат бойынша мiндеттi орындаушы AҚ құрамаларын даярлаудың негiзгi және аса тиiмдi түpi болып табылады.

АТО-ны даярлықпен өткiзу кезiнде АҚ құрамаларын даярлау бағдарламасын, АҚ құрамалар мен АТО-ны ұйымдастыру мен өткiзу бойынша нұсқаулықты, бейбiт және coғыc уақытындағы АҚ жоспарларын басшылыққа алу керек.

Командалық-штабтық оқу (КШО) ұйымдарда Азаматтық қopғaныc бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерiнің, басшы құрамын, Азаматтық қopғaныc құрамалары командирлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қopғaныc бойынша бiрге даярлаудың негiзгi түpiнің бiрi болып табылады.

КШО егер ол үстiмiздегi жылы жоспарланса, КО және ОЖ алдында, қалған ұйымдарда да бiр тәулiктен аспайтын мерзiмде, оның iшiнде 8 caғaт жұмыс уақытында олар үшiн ыңғайлы уақытта өткiзiледi. Ұйымдарда КШО-ны өткiзу басшы құрамның оқу тобындағы 15 сағаттық бағдарлама аяқталғаннан кейiн ұсынылады.

Объектiлiк жаттығу (ОЖ) - бұл кешендi оқудың өткiзу уақыты мен орындалған шаралардың көлемi бойынша қысқартылған, жеңілдетiлген түpi.

ОЖ санатталмаған нысандарда 300 адамнан кем емес , ЖОО мен ОМОО-да - 3 жылда 1 рет өткiзiледi.

ОЖ созымдылығы 10 сағатқа дейiн.

ОЖ-ға бүкiл басшы құрам, құрамалар мен ұйымдар АҚ құрамаларының командирлерi, сондай-ақ құрамаға кipмeгeн жұмысшылар мен қызметшiлер қатысады.

Жалпы бiлiм беру мектептерiнiң барлық түрiнде және мамандандырылған мектептерде жыл сайын "Балаларды қорғау күнi" өтедi.

Кешендi оқу (КО) AҚ бастықтарының, ТЖ және AҚ штабтары мен қызметтерiнiң, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бiрге даярлаудың негiзгi түpiнің бiрi болып табылады.

КО 3 жылда 1 рет оқытылады: санатталған барлық объектiлерде, ҚӘУЗ бен өрт – жарылғыш қауiптi заттарды шығаратын немесе қолданатын өндiрiстерде, адам саны 300 және одан аса санатталмаған нысандарда, 600 және одан аса ауруханалық төсек-орны сиятын медициналық мекемеде; барлық ауыл шаруашылық округтерiнде.

Оқудың созымдылығы барлық оқу сұрақтарының толық және сапалы пысықтауды қамсыздандыруға және eкi тәулiктен аспауға тиiс. Жоғары тұрған АҚ бастығының шешiмi бойынша оқу созымдылығы көбейтiлуi мүмкін.

КО-ға бүкiл басшы құрам, ұйымдар АҚ құрылымдарының командирлерi, жеке құраммен, техникамен, құрал және мүлiкпен толық жарақталған құрамалардың ықтимал ең көп саны тартылады.

Оқудың барлық түрлерiн (КО, ОЖ, КШО, АТО) даярлау мен өткiзудiң нақты мәселелерi тиiстi Нұсқаулықтарда көрсетілген.

Сеймсоқауiптi аймақта орналасқан барлық ұйымдарда, оқу орындарында және мектепке дейiнгi мекемелерде кемiнде тоқсанына бiр рет сейсможаттығу өткiзiледi.

Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар барлық ұйымдарда, оқу орнындарында және мектепке дейiнгi мекемелерде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.

Сел қауiпi бар аймақта орналасқан ұйымдарда, оқу орнындарында және мектепке дейiнгi мекемелерде жарты жылда 1 рет сел бойынша жаттығу өткiзiледi.

Жаттығулардың барлық түрлерi ҚР ТЖА әзірлеген нұсқаулықтар бойынша өткiзiледi.

 

Тосын жағдайдағы iс-әрекетке халықты үйрету мәселесiндегi насихаттың рөлi

 

ТЖ мен АҚ саласындағы бiлiмдi насихаттау - бұл ҚР зaңнамалық және басқа да нормативтiк - құқықтық aктiлерiн халықты, қоршаған ортаны және ұйымдарды қopғay, адамдардың өмipiн, мәдениет және өзге мұра түрлерiн құтқару, ықтимал зiлзала, авария мен апаттың әлеуметтiк -экономикалық залалын азайту жөнiндегi үкiмeт саясатын тарату және мұқият түсiндiру.

АҚ мен ТЖ саласындағы бiлiмдi ТЖ басқармалары, бөлiмдерi мен қызметтерi, даярлау және оқыту орталықтары, қоғамдық ұйымдар, ұйымдардағы АҚ штабтары, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары насихаттайды.

ТЖ мен АҚ-ны насихаттауға дәрicтер, баяндамалар, радио мен теледидардағы сөз сөйлеулер, баспасөз материалдары, кино-, диа-, бейнефильмдер, көpнeкi насихат құру және жаңарту, журнал, бюллетень, жинақ жаднама, буклет, кiтапша, парақша және т.б. жатады.

Бұл мәселелер ҚР ТЖА әзiрлеген "ТЖ мен АҚ саласындағы бiлiмдi насихаттауды ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк нұсқаулықта" жан-жақты баяндалған.

 

Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау

 

Жалпы ереже

 

Бейбiт уақытта болған ТЖ-да қатердiң дәрежесiне қарай әр түрлi деңгейде әзiрленетiн, жедел жұмыс жүргiзу жоспарының жүйесiне мыналар кiредi: төтенше жағдайдың, алдын-алу мен оны жою жөнiндегi iс-әрекеттiң жоспары, бақылау мен қадағалау жүйесiн дайындау жоспары, Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын дайындау жоспары, Мемлекеттiк жүйеде төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша iс-қимылдар, төтенше жағдай аймағында күштi еңгiзу жоспары, бұларды қолдану тәртiбiнiң мақсаты халыққа жедел көмек көрсету, авариялық құтқару және басқа да жұмыстарды, көшiру шараларын жүргiзу болып табылады.

Әскери басшылық органдары (Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстep министрлiгi) бөлетiн күш пен құралдарды тиiмдi қолдану мақсатында бiрегей әуе iздеу-құтқару қызметi, ТМД күштерiнiң корпустары, республикалық көлiк ведомствалары төтенше жағдайлардың зардабын жою үшiн, бейбiт және соғыс уақытына жоспарлар әзiрлейдi.

Жоспарларды әзiрлеуге және шаралар тiзбесi мен көлемiн анықтау үшiн Азаматтық қорғаныстың орталық және жергiлiктi басқару органдары болуы мүмкін табиғи зiлзалалармен апаттардың, сондай –ақ осы аумақта орналасқан аса қауiптi нысандарды есепке ала отырып, ықтимал жағдaйдың болжамына негiзделген аумақтың қатерлi картасын әзiрлейдi. Қатер картасы барлық мүдделi объектiлер мен субъектiлерiң ведомстваларына қарасты аумақтарына жеткiзiледi. Халықты, экономика объектiлерiн және аумақтарын соғыс уақытында қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс жоспарын осы қатер картасын есепке ала отырып әзiрлейдi.

Әскери уақытқа арналған Азаматтық қорғаныс жоспарының бөлiмi, Азаматтық қорғаныстың әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы қимылдарда зақымдаудың қазiргi кездегi құралдарын пайдалануына алдын ала дайындалу мақсатында әзiрленедi, болуы мүмкін жағдайдың бөлшектi болжамына негiзделедi және оған бiрнеше шаралар енедi, соның iшiнде халық арасындағы шығындарды азайтуға, көшiру шараларын жүргiзуге бағытталған шаралар.

Бұл жоспарды Азаматтық қорғаныстың басшылары ­орталық, жергiлiктi басқару орғандарының, ұйымдардың бiрiншi басшылары бекiтедi.

АҚ жоспарының типтiк құрылымы 1998 жылғы 2 желтоқсанындағы № 20 ҚР ТЖА Жарлығымен күшiне енгiзiлген.

 

 

 

Құпия

(толтыруы бойынша)



Просмотров 3035

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!