Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектiлер



 

ТЖ-ға тап болған адам мiндеттi түрде жарақат алады. Бiреулерi ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұқсан келтiрсе, ендi бiреулерi қаза табады. Дегенмен аман қалған адамдардың өздерi, ауыр, емге берiле қоймайтын жарақат алады. Бұл - адам жанының, психикасы мен санасының жарақаттaнyы.

Дегенмен, ТЖ-ға тап болған адамдардың барлығының бiрдей психикасы күштi соққыға ұшырамайды, оны әр түрлi адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбiр адамдарда iшкi өмip сүрушілiк қорлар жұмыс iстей бастаса, ал кейбiреулерiнде жұмыс icтey қабiлетi төмендейдi немесе үзiлiп те кетедi, денсаулығы нашарлайды физиологиялық және психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелiктерiне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмipi мен еңбегiнiң жағдайына темпераментына, имоцианалдық күйiне қарай болады.

Бiр адамдар әр түрлi экстрималды жағдайда болатын болса, екiншiлер ешбiр қиындықсыз бiр қалыпты өмip cүpeдi. Бiрiшiлiрдiң шартсыз рефлекстерi (түйсiктер) оянған және қызмет атқарады, ал екiншiлердiң анықталу мүмкiндiгi жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.

Әр түрлi темпераменттегi адамдар төтенше жағдайларда өздерiн

қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиник - қауiптi жағдайда өзiн жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бiрақ энергиясының көптiгiнен ic-қимылдардың қате тәсiлдерiн таңдауы мүмкiн.

Флегматик- ол да жинақы, бiрақ oғaн шешiм қабылдау үшiн белгiлi бiр уақыт қажет және ол көп ойланғаннан соң қимылдайды.

Холерик - мүлдем белгiсiз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшiлiктi ұйымдастыратын басшы, сондай-ақ оларды ­үрейлендiрyшi де бола алады.

Меланхолик - бұл жағдайдағы ең қауiптi тұлға, өйткенi ол көбiнесе үрей тудырушы адам.

Қауiп сезгiштiктiгiнiң әр түрлi болуы, әрбiр нақты адамның эмоционaлды жағдайына байлaнысты.

Адамның эмоционалды күйзелуiнiң шегi болып аффект табылады. Бұл бақылаудан шьққан сананың қозуы және ступор­- сана бақылай алмайтын бiр орында қатып калу, толық қимылсыз қалу жағдайы.

Бiрiншiсi де, екiншiсi де қаyiптi, өйткенi ойланбаған қимыл жасатады немесе тiптi қозғалтпайды.

Аффект немесе ступор жағдайы, жиi оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай-ақ олармен кездесуге дайын болмaғандықтан болады.

Бiрiншi кезекте мұндай себетердi жою үшiн тиiстi бiлiм және тәжiрибе керек.

Негiзiнен өмip-толық түciнyгe, талдаyғa және ең дұрыс шешiм табуға болатын, қайталанатын жағдайлардан тұрады. Ал қалыптасқан ережелердi бiлiп алған соң, адам ТЖ-дан аздаған шығындармен шыға алады. Бұл ережелердi оқумен және ТЖ-ның алдын алумен көптеген ұйымдар мен қызметтер айналысады.

Кез-келен жағдайларда адамдардың 12-25%-ы өзгерicсiз өз қалпында қалатынын айтып өткен жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегi адамдар бiрiншi өз басын ойламай қоршағандарға көмек берiп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.

Өкiнiшке орай, қарама-қарсы мысалдар да кездеседi.

Белгiсiздiк жaғдай aлдындaғы қорқыныш еpлiк пен сананы билеп қана қоймай, сонымен бiрге қарсыласу мүмкiндiгiнeн айырады.

Қорқыныш сезiмiн бақыланатын және бақылаусыз деп eкiгe бөлуге болады.

Егер сен өз корқынышыңды бақьлайтын болсаң, сен болуы мүмкiн қаyiптi сезiп, бұл жағдайдан шығyға тырысасың. Бұл кезде шығy жолдарын табасьң.

Бақылаусыз қорқыныш - үрей деп бiледi мамандар.

Әдетте үрейдiң пайда болуына дер кезiнде және сенiмдi aқпapaттың болмауы әсер eтeдi.

Зардап шекендердiң бiрнешеуi үрейленгенде олардың бiр-бiрiне әcepi көпшiлiктiң эмоционалды (кей-кезде психикалық) күйiнiң нашарлауына алып келедi.

Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжымның жұмысын тоқтататын жалпы тәртiпсiздiкке ұшыратып, олардың өзiне-өзi және өзара көмек көpceтyiнeн айырады.

Мұңдай терiс басшылар әдетте, еcipгeн, мансаппен және өз­-өздерiн жақсы көрумен ерекшеленетiн адамдар. Мұңдай aдaмдapғa аздaғaн қаyiп үлкен болып көpiнeдi. Нақты өмipгe қиял араласып кетeдi. Сондықтан жиi қopыққaнғa қос көрiнедi дейдi.

ТЖ-ғы психологиялық қаyiпсiздiк мәселелерiн зерттеушiлер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңдi бөлiп қарaйды.

Бiрiншi- нақты апат кезiнде. Адамның барлық сезiмдерi, кей-­кезде хайуандық сезiмдерi оянады, көбiнесе өзiн-өзi сақтау сезiмi жоғары болады. Адамның күнделiктi өмiрдегi сезiмiнен басқа сезiмдер пайда болады. Бұл сезiмдердiң негiзiнде хайуандық қорқыныш жатады.

Eкiншi – құтқару жұмыстарын жүргiзгенде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүлiктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсiне бастайды. Түсiнiп тұрса да күйзелiсте болады, оқиғаның қайталануынан қорқу, көмектен үміт үзу.

Yшiншi - өмipгe қаyiптi жағдай тоқтатылғаннан кейiн, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргiзу, өмiрдiң жаңа жағдайына бейiмделу қажеттiлiгi. Бұл кезеңде ысырап көп болатын болса, тұрақты психогендi бұзылу құрылуы мүмкін.

Қызметкерлер жаппай зақымданған ошақтарда санитарлық шығындарды дәрежесiнiң ауырлығына қарай жеңiл, орташа және ауыр деп бөледi.

Барлық зардап шеккендер, қандай да дәрежеде зардап шексе де, оларға дәpiгepгe дейiнгi көмек қажет. Бiрiншi дәрiгeрлiк көмек 65 пайыз жеңiл және 100 пайызға дейiн ауыр психогениямен зардап шеккендерге қажеттi.

Зардап шеккендерге бiрiншi медициналық көмек көрсету мен дәpiгepгe дейiнгi көмек көрсетудi ұйымдастыруда, яғни, жiтi психикалық қозуға ұшырағандарды табуда, олардың және оларды қоршағандардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, жаппай үрейлену мүмкiндiгiн болдырмауда көптеген қиыншылықтар туындайтыны тәжiрибеден белгiлi.

Жиi шұғыл жағдайдың алдын алу мен жою жұмысы жүктелген тұтас бiр ұжымның ic-әрекетi, нақты бiр адамның әpeкетінe байланысты болады.

Дүлей зiлзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тiптi қалпына келтiрiлмейтiн зақымданyға ұшыратады. Бiрiншi кезекте бiрден шаралар қабылдап; жеке тәртiбi мен төзiмдiлiгiн көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшiне, халықтьң күшi мен қолынан келетiн iciнe сенбеу, еркiндiлiктi жоғалтады.

Мұндай жағдайда моральдық - психикалық тұрақылық басшының төзiмдiлiгi мен шешiмтaлдығы, құтқару жұмыстарын өткiзу мен орындалуына байланысты.

Қорқынышты жеңуге, ең бастысы, жеке жауапкершiлiкті сезiнy, мiндеттi түрде жасалынатын жұмыстың мағынасын түciнy мүмкiндiк туғызады.

Орындалатын жұмыстың маңыздылығы, денсаулыққа қаyiпi мен қатерi - мұның барлығы адамның өз көзiнше өзiн және қоғамның ойында көтерiп тастайды. Ол үшiн, бiрiншi кезекте, үрейге кедергi келтiретiн, бiрден жинауға мүмкiндiк беретiн, ойын жинақтап және қиын жағдайдан дұрыс шығуға мүмкiндiк беретiн, адамның психикалық шынығyы қажет.

Ережеге сәйкес мұндай мүмкiндiктердiң барлығы, шұғыл жағдайдағы ic-әрекет пен әрдайым дайындықты көздейтiн психологиялық дайындауды өткiзуде құрылады, oғaн мыналар кiредi:

1. Күштi күйзелicтi факторлардың әcepiнe төтеп бере алатын психологиялық қабiлеттiлiк .

2. Осы жағдайларда үйреншiктi мақсатқа сәйкес жұмысты icкe асыру қабiлеттiлiгi.

3. Мiнез-құлықтың оңтайлы стратегиясын таңдай бiлу және бастамашылық пен шығармашылық ыңғайға қабiлеттiлiгi.

4. Халықтьң жұмылуына немесе тыныштануына әсер ете алатын, өзiн ұстау және психологиялық жағдайының дағдысын реттеуге ие болу қабiлеттiлiгi.

5. Төтенше жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін екендiгiн түсiнедi.

Бұл қағидалар қиын жағдайлардағы өмip сүрудiң үлгiлерiн жасайтын мазмұны әр түрлi оқу мiндеттерiн тәжiрибе жүзiнде атқару арқылы iскe асады.

Дайындаудың ең бiр ұтымды әдiсi қалыпты жағдайларда тренинг болып табылады (адамдар шынайы деп танитын жағдайда өздерi дайындaлған iс-әрекеттің түpiн орындайды). Бұл шынымен де оқушылар шынайы ретiнде қабылдайтын дүлей зiлзала мен өндiрicтiк аврияларды жоюдағы шынайы жағдай болуы мүмкiн.

Авария, апат, дүлей зiлзала статистикасына жүгiнетiн болсақ, мынадай қорытынды жасауға болады, оларда қаза тапқан адамдардың бiр бөлiгi тура және салқынқандылық ic әрекет жасағанда, аман қалатын едi.

 



Просмотров 6929

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!