Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік



Көмек көрсету

Жарақат

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің - аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтсатығы қызметінің бұзылуы. Әсері механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану - бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану - бұл органдар зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жараққаттарға көптеген кәсіби жараққаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).

Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады.

Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді. Қатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне-кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі, осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды.

Жаралар жарақаттаған заттың түріне байланысты: кесілген, тілінген, түйірілген, сыдыралған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді.

Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде-жұқпалы ауруларды асқындырушы ретінде қызмет етеді.

Алғашқы көмек көрсету: жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңу керек, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі - мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған дұрыс, таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жаранның үстіне жабылатын жастықшаға тиспеңіз, егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Алғашқы көмек көрсету кезінде жараны спиртпен, сумен, йодтың ертіндісімен жууға, ұнтақ дәрілер себуге және май жағуға, жараны мақтамен жабуға, жарадан құм, топырақты сүртуге, басқада заттарды жараны ластайтын жолмен алуға болмайды.

 
 

 

1-сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою

 

Жараға микроб түсіп асқыну салдарынан ауыр инфекциялық аурулар пайда болады (газдан шіру, сіреспе).

Сондықтан жараланған кезде ең бірінші қанды тоқтату және жараны ластанудан сақтау керек.

 

Ан ағу

 

Қанның ағуы жарақаттың ушығуы адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күретамырлық, ұсақ тамырлық және үлпершек болып бөлінеді.

Күре тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде организмнен өте көп қан кетеді. Қан ал қызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.

2-сурет. Қанның күре тамырдан ағуы

 

Көк тамырдан аққан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

 

3-сурет. Қанның көк тамырдан ағуы

 

Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады.

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы медициналық көмектің негізгі міндеттерінің бірі. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі - зақымдалған күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу. Қан тамыры сүйектің жанына немесе үстінен өтетін тұстан жасаған оңай.

 
 

4-сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер

 

Саусақпен қанды тоқтату. Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жұлынынан қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын таңғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканның, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нығыз кесіндісін салып орайды (5а-сурет).

Шықшыт күре тамырын беттегі жарадан қан аққан кезде сұқ саусақпен шықшыттың бұрышына қысады (5б-сурет).

Самай күре тамырын баста қанауға бейім жара болғанда бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан самай сүйегіне қысады. Саусақты одан 1-1,5 см қашықтықта ұстау керек (5в-сурет).

Тақымдық күре тамырды бұғананың астындағы шұңқырда бірінші қабырғаға қысады, бұл қан ағуға бейім жарақат. Иықта, иық буынының маңайында немесе қолтықтың астында болғанда қолданылады (5г-сурет).

Иық күре тамырын, егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бө- лігінде немесе білекте болса, екі басты бұлшық еттің бүйір жағынан ортан жілікке қысады (5д-сурет).

Қолтық күре тамыры иықтың орта және төменгі бөлігінде. Жарадан қан аққан кезде ортан жіліктің шығыңқы басына қысады (иық буынның жоғары жағында сұқ саусақты тіреніш өте отыра қалған саусақпен күре тамырды қысады), (5е-сурет).

Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын орта және төменгі тұтас сан күре тамыры зақымданған кезде түйілген жұдырықпен баса отырып, маңдай сүйегіне қысады (5ж-сурет).

 

 

5-сурет. Күре тамырды саусақпен қысу

 

Кәрі жіліктің күре тамырының ұшы зақымданғанда бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады.

Қанның аққан жері бойынша ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қан ағу аяқ-қол, бастың маңайы жарақаттанғанда жиі кездеседі, ішкі қан ағу, жүрек, өкпе, бауыр, көк бауыр, ішек-қарын тамырлары зақымданғанда пайда болады. Ішкі қан ағу кеуде, іш, бас, куысынан сыртқа ағып шыққанда анық байқалады, ал қан жабық қуыстарға жиналса, көпке дейін білінбейді.

Аяқ- қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату:сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шұңқырындағы күре тамырды қысады, сол үшін үлкен саусақтарды тізе буынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады.

Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш-жігерді қажет етеді және оны күшті жақсы адам жасағанның өзінде 15-20 минуттан артық ұстап тұра алмайды. Сондықтан да тамырды саусақпен бірден басып, мүмкін болатын болса күйдіргі немесе бұрауды жылдам қою қажет.

Тамшылай аққан қанды тоқтату үшін кәдімгі тазартылатын таңғышты, мүмкін болса қысатын таңғышты, қою жеткілікті. Таңғышқа қан көбірек сіңсе, қайтадан орау қажет. Шынтақ буыны төңірегіндегі иық күре тамырын шынтақ буынында қолды ақырына дейін бүгу арқылы жабуға болдаы (6-сурет).

 
 

 

6-сурет. Аяқ- қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату

 

Күйдіргі және бұрау қою арқылы қанды тоқтату. Көк тамырдан және ұсақ тамырлардан қан аққан кезде әдетте қатты тазартылған таңғышты қолданады, зақымдалған жерді қатты байлап тастайды, аяқ-қолды көтеріп қояды.

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағынан қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтататын күйдіргіні, басқа қатты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқтататуға болады.

Қан тоқтататын күйдіргі ені (1,5-2 см) жалпақ, иілмелі резина кесіндісі. Оның бір шетіне ілгек, екінші шетіне ілмегі бар жүзікше бекітілген (7-сурет).

 
 

7-сурет. Күре тамырдан аққан қанды күйдіргі қойып тоқтату

 

Қан тоқтататын күйдіргі және бұрау қою тәртібі›

1. Күйдіргі аяқ-қолдың кез-келген жеріне қойылуы мүмкін.

2. Күйдіргі қоярдан бұрын оның астына жаралының киімін төсейді немесе бинттің бірнеше қабатын орайды.

3. Күйдіргіні салар алдында тартады, сонан кейін тартуды әлсіретпей аяқ-қолға салады, бұл жағдайда күйдіргі қабатының әрбір орамын алдын ала салады.

4. Қысудың жеткіліктілігін бақылау күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғысының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. "лсіз қойылған күйдіргі қан ағуын күшейту мүмкін, ал қатты тартылған күйдіргі жүйкені зақымдау мүмкін.

5. Күйдіргі жазда 2 сағаттан артық, ал суық уақытта 0,5-1 сағаттан артық қоймайды, әйтпесе күйдіргі қойылған жердің жоғары жағындағы аяқ-қолдың жансыздануы мүмкін.

6. Суық уақытта күйдіргі қойылған аяқ-қол жылытылуға тиіс (мақта, жылытқы қойылады).

7. Күйдіргі қою уақыты қағаз парағында көрсетілуге тиіс, ал қағазддың өзі күйдіргінің астына қойылуы немесе аурудың киіміндегі көрмек жерлері түйруеішпен бекітілуі қажет. Күйдіргі қойған жаралы төтенше жағдай аймағынан бірінші кезекте әкетілуі тиіс.

Күйдіргі қою кезіндегі қателер: айғақтың жоқтығы, яғни оны көк тамыр мен ұсақ тамырлардан қан аққан кезде қою, жарадан ашық дененің ашық жеріне қою, әлсіз немесе шеттен тыс қатты тарту, күйдіргінің ұшын бос бекіту.

Күйдіргінің үстіне таңғыш, орамал қоюға болмайды. Күйдіргі көзге түсетіндей болып жатуға тиіс.

 
 

Күйдіргі ретінде шалбар белбеуін де пайдалануға болады, оны қос ілмек түрінде аяқ-қолға кигізіп тартады.

Күйдіргі болмаған жағдайда тамырдан қанның ағуын бұрау қою арқылы немесе аяқ-қолды қатты бүгіп, осы күйде ұстай тұру жолымен тоқтатуға болады. Бұрау үшін арқан, ширатылған орамал, мата кесіндісі пайдаланылуы мүмкін (8-сурет).

8сурет. Күре тамырдан аққан қанды бұрау қойып тоқтату

 

Дөрекі қатты заттар жүйені тез зақымдауы мүмкін. Бұрау үшін қолданылған затты қажетті деңгейінде байлайды. Жасалынған ілмекке таяқ өткізеді және оны айналдыра отыра ілмекті қан толық тоқтағанға дейін бұрайды, одан соң таяқты аяқ-қолға мықтап байлап тастайды (9-сурет).

 

9-сурет. Қолға бұрау қойып қанды тоқтату реті

 

Бұрау қою сай-сүйекті сырқырататын рәсім, сондықтан түйіннің астына қандай болсын бір зат қою керек. Күйдіргі қою кезінде байқалатын барлық қателер, қауіп пен асқыну бұрауға қатысты.

 

3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу

 

Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқын-шақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады (10-сурет).

 

10-сурет. а-қолдың жабық сынығы,

б-аяқтың ашық және жабық сынығы

 

Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сынықтарға жұқпалы аурулар тез таралады және іріңдеу-қабыну процессінің дамуымен ушыға түседі.

Сүйектің сыну белгілері:

Жабық сынған кезінде:

- сүйек сынған жердің сырқырауы;

- аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

- сүйек сынған жердің қанталауы мен домығуы;

- аяқ-қол қызметінің бұзылуы;

- буындар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.

Ашық сынық кезінде:

- аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

- жарада сүйек жарқыншақтарының болуы;

- жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;

- аяқ-қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.

Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады, сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды.

Сүйектің таюын болдырмау үшін жарақатқа таңғыш қою мақсатында киім мен аяқ киімді шешуге, олдарды кесуге және сынған жерді босатуға болмайды. Егер ашық сынық кезінде қан ақса, оны тоқтатқаннан кейін, жараға тазартылған таңғыш қою қажет. Ашық және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрі-дәрмек беріліп, бұдан кейін қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізу қажет.

Сырқатқа қарсы дәрі-дәрмекті егу жеке қобдишадағы немесе үй қобдишасындағы анальгетиктердің, шприц-түтіктерді (анальгин, пенталгин, трепан, баралгин және т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.



Просмотров 24262

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!