Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда



Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

 

Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы

Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы(.

Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. )атты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

 

Талықсу

Талықсуадам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылу.

Талықсу көбінесе психиклық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айырылған бойда сырқат құлайды.

Талықсу кезіндегі алғашқы көмек. Сырқатты оның басын денесінен

төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себеді. әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.

Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин еңгізеді.

Коллапс

Коллапс - өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының әлсіреуі. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауыруы, қауіпті панкриотит және тағаммнан шыққан аурулар) кезде болады. Дене қызуы 34-35о шамасында болғанда артериалдық қысым сынап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер тез арада шара қолданабаса адам қаза болады.

Коллапс кезіндегі дәргерге дейінгі көмек көрсету.Талықсыған кездеқан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, екбетінен жатқызады. Таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін искетеді. Ауру қалпына түскенде ыстық сусын ішкізген дұрыс.

Тамырлардың соғысын артыру үшін теріге 1% -1 мл мезатон, 25% - 2 мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1% - 1 мл адреналин, 10% - 1 мл кофеин енгізеді. Осы шаралардан бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты тарылған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға жеткізеді.

Коллапс салдарынан туынданған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды және ауыздан-ауызға‚ жасанды тәсілмен тыныс аладырады.

Естен тану

Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.

Естен тану - орталық нерв жүйесі қызыметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.

Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.

Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады: сүйектің зақымдануынан болған жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе қан көп кеткен, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі кездеседі.

Естен тану екі кезеңнен тұрады:

1. Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.

2. Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреуі басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, демалысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

Бұл кезең клиникалық көріністердің ауырлығы бойынша үш түрге бөлінеді.

I дәреже - жәй естен тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді, алайда әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады. Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмен- дейді. Көздің қарашығы үлкеймейді, жарықтан тітіркемейді.

Тамырдың соғысы бір қалыпты, жиілігі минутына 100-110 соққы. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм.

II дәреже - қатты естен тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ. Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді. Көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түрге еніп бозарып ақшылданады, ұстаған кезде салқын, дене температурасы тө- мендейді.Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 70/40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.

III дәреже - өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ. Тері бозарады, суық, салқын тері шып - шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді. Күре тамырлық қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бір қалыпты емес. Дененің құрсуы мүмкін.

Естен тануға қарсы шаралар.Есінен айырылған адамдар алағашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі-дәрмек: промедол, морфин, аналгин 5… - 2 мл ерітінді, егер олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінде жарақат жоқ болса, оған ыстық шай ішкізеді.

Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей емдеу мекемесіне жеткізеді.

 



Просмотров 5596

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!