Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Террористiк акт қаyiпiнде халықтың және лауазымды тұлғалардың ic-әрекетi



Cоңғы жылдары құқықтық органдардың жұмыс бағытының бiрi, iшкi және халықаралық терроризм болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу.

Терроризм латынның "terra" деген сөзiнен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресi ұшу деген мағынаны бередi. Расында, оның кез­ келген бағыты, бастапқыда қорқыту, содан кейiн өзiнiң қылмыскерлiк мақсаттарына жету.

1996 жылдың 13 шiлдедесiндегi Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы күрес туралы" Заңы бiздiң республикамыздағы терроризммен күрестiң құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, меншiк түpiнe қарамастан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ терроризммен күpecтi жүзеге асыруға байланысты азаматтардың мiндеттерi мен кепiлдiктерiн анықтайды.

Терроризм - мемлекеттің қауiпсiздiгiн бұзу үшiн, мемлекетгiк органдардың қабылдайтыи шешiмдерiне әсер ету үшiн және басқа да террориcтiк мақсаттарға жeтy үшiн жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Террориcтiк акт - адамның өмipiнe қаyiп тудыратын қастандық, жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да iс-қимылдарды жасау, маңызды мүлiктiк шығындарға ұшырату немесе басқа да кoғaмғa қаyiптi салдардың пайда болуы, егер бұл әрекеттер терроризмнің мақсатына жету үшiн, сондай-ақ белгiленген iс-әрекеттердiң сол мақсатта жасалу қаyiпi болса террориcтiк акт болып саналады.

Әсер ету масштабына қарай терроризм iшкi (субьектiлер-сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актiлердiң зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бiр мемлекеттiң шекарасынан шығып кeтeтiн террористiк қимыл) болып бөлiнедi.

Өзiнің табиғатына қарай терроризмің көздерi саяси, дiни (соның iшiнде сектанттық), қылмыстық және жеке тұлғалық сипатында болады.

Терроризм - өзiнiң бiрбеткейлiк құлшынысында кейбiр заттарға келiспей, күштiлердi және ұлыларды төмендетiп, түбегейлi арандатып кек алу түрi. Ал ол қандай киiмде болады:

Қарапайым әскери әдiстермен халықаралық терроризмдi жеңе алмаймыз, себебi террорды бастап отырған адам әрдайым өзiнiң қатарына қарапайым адамдарды алады.

Террорды басқарып отырған адам "кiшкентай " адамның мiнез-құлқын жақсы бiледi. Олар оның барлық санасын шындыққа және соған ұқсас нәрсенiң күpecкepi сияқты керемет бiр оймен толтырып қояды, қолына қapy-жарақ, жарылғыш зат, пышақ берiп, "Боингкке" отырғызып, өзi сияқтылардың өмipiн қиюға жiбередi. АҚШ -тың бүкiл дүние жүзiлiк сауда орталығы мұнарасында ақ, қара, сары, христиан, мұсылман, иудеи – көптеген рассалар мен халықтардың өкiлдерi қаза тапты.

Тарихқа терең үңiлетiн болсақ ежелден адамзат арасында, билiк адам баласына материалдық игiлiктер алып келiп, моральдық, адамгершiлiк түciнiгi жоқ кейбiр адамдар кек ала бастаған кезден-ақ терроризм бар.

ХХ ғасырда ол шегi жоқ апатқа айналды, оған дүние жүзiндегi ғылыми-техникалық прогресс пен кейбiр дiни экстрималдық ағымдардың билiкке таласуы әсер еттi. Көлiк және халықаралық қатынас құралдарының дамуы, бiрден террористiк iспен айналысатындардың жұмыс жүргiзуiн өсiрiп жiбердi. Кез-келген мемлекеттiң астанасына таймеры бар жарылғышты қойып, террорист қауiптi жерден жүз тiптi мың шақырым жерде болады.

Бiздiң заманымыздағы терроризмге ең жоғарғы техникалық деңгеймен қамтамасыз етiлiп, дайын тұрған барлық күштер тән. Террористер өздерiнiң кылмыстық мақсаттарында жаңа ғылыми-техникалық жетістектерді қолдануға тырысады. Жаппай зақымдау құралдарын қолдану мүмкiндiгi, ерекше қауiп туғызады. Бүгiнгi күнде ядролық, химиялық, радиоактивті, электромагниттi, биологиялық және басқа да қару түрлерiнiң құрауыштарына қол жеткiзу қиын емес. Террористiк актiлердiң зардабы тек бөлек жарылыстар мен авариялар ғана емес, ipi масштабты апаттар болуы мүмкін.

11.09.2001 жылы Америкада болған, Ресейде сескендiретiн кезеңдiлiгiмен болып жатқан жағдай, бiзде болуы да мүмкін едi. 2000 жылы қазан айында жоспарланған Алматы қаласындағы террористiк актiнің нәтижесiнде ҚПБ әкiмшiлiк ғимараты жарылатын едi. УҚК полиция, қатардағы азаматтардың күш салуының арқасында бұл қайғылы жағдайдан аман қалдық. Габдулла Полад атты, Алматы қаласында уақытша тұратын Австралия азаматы Ауғанстандағы анықталмаған абонентке телефон арқылы ҚР құқық қорғау органдарының Шығыс - Tүpкicтaн Ислам партиясының (ШТИП) төрт мүшесiн жою туралы хабарлаған. Бұл 2000 жылғы 23 тамызда төлқұжаттарды тексеру барысында Әуезов П БАБ-ның қызметкерлерi полиция капитаны А.Сагеев және М.Юсуповты мерт қылған қылмысты топ туралы әңгiме едi. Қылмыскерлер қыркүйектiң 27 - нен 28 -не қараған түні ҚПБ қызметкерлерi ұстау барысында олар қарулы қарсылас көрсеткендiктен мерт болды. Полад шет елден Қазақстан полициясынан өш алу aктін дайындауға және оны жүзеге асыруға нұсқау алды. Полад және оның сыбайластары С. Ахмеджан және Г. Жүрсiнбай жалдап тұрған пәтерден қару-­жарақтар мен оқ-дәрiлер табылды, сондай-ақ Алматы аэропортындғгы ұшақты басып алу жоспары көрсетiлген сызба, Қазақстан мен ҚХР мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту жолдары белгiленген шет елде жасалған жағрафиялық карта болды.

Террористiк актiлердiң салдарын жою мәселесi Республикамыздағы ТЖМ -ға да қатысты. Әрине бұл мәселенi шешу үшiн жою жұмыстарына қатыстырылатын күштердiң ­атқаратын iс-қимылдар жоспарын әзiрлеу бойынша жалпы бағыттарды келiсiп алу керек, олар үшiн дайындықтың және атқарылатын қимылдардың тәртiбiнiң бiрегей дәрежесiн орнату керек.

Дегенмен IIМ мен УҚК-нiң күшiне сене беруге болмайды. Қауiпсiздiк көп жағдайда өзiмiзге байланысты. Полиция көмектесе алады, алдын алуға бiрлесiп қолұшын бередi, бiрақ әр қайсысымыздың жанымызда жүре алмайды.

Бiздiң сергектiлiгiмiздiң нашарлауы - терористердiң басты арманы.

 

Жарылғыш қондырғысына ұқcac зат табылған кездегi ic­ әрекет:

v Жақындама, қолыңмен ұстама, орнынан қозғалтпа.

v Радиобайланыс құралдарын қолданбаған жөн.

v Қондырғы тапқан орны мен уақытын белгiлеу.

v Құқық қорғау органдарына, ТЖ органдарына бiрден тапқаныңыз жөнiнде хабарлаңыз.

v Мамандар келгенше сезiктi құралды бақылауға алып, қауiптi аймақты күзетудi қамтамасыз ету.

v Бұдан әpi құқық қорғау органдары өкiлдерiнiң нұсқауы бойынша әрекет ету.

v Қауiптi аймаққа кipeтiн aумaқтaғы адамдарды көшiруге көмектесу.

v Сезiктi құралдың жатқан жердi, уақытын және қандай жағдайда табылғанын көрсету.

v Нысан қызметкерлерiне бөгде адамдардан қандайда бiр зат пен бұйымды сақтау үшiн қабылдауға тыйым салынғандығы туралы ескертiп отыру.

Телефон бойынша қayiп төнген кездегі ic-әрекет:

 

v әрбiр түскен телефон қоңырауына мұқият болу;

v түскен телефон қоңырауы туралы құқық қорғау органына және ұйымның басшысына хабарлау;

v қажеттi жағдайда адамдарды көшiру жоспарына сәйкес көшiру;

v жедел тергеу тобының, кинологтардың және т.б. кедергiсiз

жұмысын қамтамасыз ету.

Егер кепiлге алса

v болған оқиға туралы телефонмен тиiстi жерге немесе ұйым басшысына бiрден хабарлау;

v өз ықтиярыңызбен террористермен келiссөз жасамау;

v қажеттi жағдайда, егер бұл адамдардың өмipi мен денсаулығына залал келтiрмейтiн, террористерге қайшы келмейтiн болса, олардың талаптарын орындау, жеке және қасындағы адамдардың өмірін қатерге тiкпеу;

v террористердiң қару қолдануына апарып соқтыратын ic­-әрекеттердi жасамау;

v оқиға орнына күштеу құрылымдарының тиiстi органдары қызметкерлерiнiң кедергiсiз өтуін қамтамасыз ету;

v ҰҚК мен IIМ арнайы бөлiмшелерi жауынгерлерi келiсiмiмен олардың командирлерiнiң сұрақтарына толық жауап беру және олардың жұмысын қамтамасыз ету.

 

Террористер ұшақты кепiлге алғандағы ic-әрекет:

 

v Террориспен қалыпты дауыспен әңгiмелесiңiз.

v Террористiң көзiне тік қарамаңыз.

v Өз мiнезiңiзбен террористердiң, назарына түспеңiз.

v Террористерге қарсылығыңызды көрсетпеңiз.

v Егер адамдардың, өмipi мен денсаулығына қауiпi жоқ болса,

олардың нұсқауларын орындаңыз.

v Жан-жағыңызда болып жатқан нәрселер мен террористердiң

ic- қимылын есiңiзде сақтап қалыңыз.

v Арнайы бөлiмшелермен ұшаққа шабул жасалғанда, етбетiңiзбен жатып, қолыңызды желкеңiзге қойыңыз.

 

Почта жолдамаларында күдiктi заттар табылған кезде:

 

v Конверттi, пакеттi т.б. өз бетiнше ашyға әректтенбеу.

v Күдiктi хатты (бандерольды) мүмкiндiгiнше қолмен ұстамау.

v Осы деректер туралы ТЖ және СЭС аумақтық органдарына

хабарлау.

v Белгiсiз заттың ғимараттың желдеткiш жүйесiне түcipмey.

v Мамаңдар келгенше күдiктi затты қымталған ыдысқа қою.

v Күдiктi затпен байланыста болған барлық адамдардың тiзiмiн

жасау.

v Kүдiктi затты ұстаған адамдар жеке гигиена ережесiн ұстасын.

 



Просмотров 4692

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!