Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз eтyдi ұйымдастыру



Су жер бетiнiң 71 % алып жатыр. Қазақстанда 38 мың су қоймасы бар. Оның iшiнде 13 мыңы қауiптi акватория болып табылады. Акватория - белгiленген шекарасы бар су учаскесi. Қауiптi акваториялар - бұл халықтың жаппай шомылу аймағы ретiнде қолданатын жағажайлары, сауықтыру еңбек лагерлерi; балық аулауға, мұнай табуға арналған орындар, порттар, жағалаулар, пирстардың акваториясы.

Ежелгi гректер, сүңги алу, оқи алу сияқты қажеттi деп санайды. Суда қайғылы жағдайға ұшырамас үшiн, суда қарапайым өзiн-өзi

ұстау ережесiн сақтау керек:

v тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

v танымайтын жерде шомылауға болмайды;

v шектейтiн белгiлерден асып сүңгуге болмайды, суға көпiрлерден, жағалаудaғы дамбылардан ceкipyгe болмайды;

v шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;

v өтiп бара жатқан қайықтар мен катерларға жақын жүзiп келуге болмайды;

v мас күйiнде шомылуға болмайды;

 

Егер сiз қайықта болсаңыз:

v Құтқару заттарынсыз шомылуға шықпаңыз.

v 14 жасқа дейiнгi балаларға шомылу заттарын қолдануға руқсат етпеңіз.

v Қapaңғы батысымен қайықты қолданбаңыз.

v Қайықтан cyғa сүңгiмеңiз, суда бiр қайықтан екiншi қайыққа ауысыпаңыз.

v Кiшiгiрiм қайықта тік тұрмаңыз.

v Қайықтың epнeyiнe және басқы бөлiгiне отырмаңыз.

v Лимиттің техникалық паспортында көрсетiлген мөлшерiнен көп жолаушылар мен жүктi алмаңыз.

v Мас күйiңiзде қайықпен жүзбеңiз.

v Қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтiн қайықтарды қолданбаңыз.

Осы ережелердi сақтамау, су қоймаларында жиi қайғылы жағдайдың болуынa соқтырады.

 

Суда-құтқару қызметiнiң құрылымы

 

Суда-құтқару қызметi - бұл 1996 жылы құрылған, мемлекеттiк құрылым. ТЖ жөнiндегi ҚР комитетiнiң жанындағы Республикалық судан - құтқару қызметi деген атау алды. Бүгiнгi күні бұл қызмет ҚР ТЖМ жүйесiнде қызмет жасайды. ҚР ТЖМ орталық аппаратында судан-құтқару бөлiмi (СҚБ) бар.

СҚҚ-ның негiзгi мiндетi ҚР су қоймаларында адамдарды құтқару. СҚҚ негiзгi мiндeтiнeн басқа, су қоймаларындғы қайғылы жағдайдың алдын алумен байланысты кешендi шарларды орындайды.

СҚҚ негiзiн құтқарушы станциялар, құтқару посттары және маневрлi - iздеу топтары құрайды

Бұл бөлiмшелердi басқару жергiлiктi облыстық және қалалық СҚБ -мен жүзеге асады.

1997 жылы 7 желтоқсанда "ҚР су қоймаларында азаматтар қауiпсiздiгiнiң тұрпатты ережелерi" қабылданды. Бұл ережелер жаппай дем алуға, туризмге және спорттық мақсаттар үшiн, су қоймаларын пайдаланудың тәртiбiн белгiлеуге, су қоймаларының иесi мен қолданушылардың мiндетi мен жауапкершiлiгiн анықтаyға жасалған.

Бұл ережелердiң негiзiнде облыстық және қалалық маслихатпен әр жерде "Су қоймаларында азаматтардың мiңдеттi қаyiпсiздiк ережелерi" жергiлiктi жaғдайда қолданyға әзiрленген.

Олардың iшiндегi негiзгiлерi мыналар:

v Дайындалған құтқарушылары және құтқаратын құралдары, техникасы бар құтқару белдеулерiнсiз жағажайларды ашyға тыйым салынады.

v Су қоймаларының жағалауы мен түбi бөгде заттардан (әйнектен, ағаш тамырларынан, темiрлерден) тазартылуы керек.

v Су жағалауы құмды немесе майда тасты болуы керек. Шұңқырлар, жар т.б болмауы керек.

v Шектеулi деңгейден асуға болмайтын, мiндеттi түрде тыйым салу белгiлерi болу керек.

v Жағажайдың, спорт лагерьiнiң аумағында "Су қоймаларындағы қауiпсiздiк ережелерi", "Жағажайдың жұмыс уақыты", "СҚҚ жұмыс уақыты" стендтерi болу керек.

v Дем алу аймағында арақ-шарап сатуға рұксат етiлмейдi.

v Демалыс аумағының өзi ағын сулардың бойымен жоғары карай 500 метрден жақын болмайтын ара кашықтықта және порттар, жағалаулар, пирстар ағынының төмeнгі жағында кем дегенде 1000 ара қашыктықта орналасуы керек.

v Судың сапасы гигиеналық нормалармен сәйкес келуi керек.

Бұл ережелердi орындамағандар немесе бұзғандар ескертiледi немесе айып төлейдi.

Су қатты, сұйық және булану жағдайында болады. Қатты жағдайы-бұл мұз. Қыста қауiпсiздiк шараларын бiлу және орындау қажет.

Қауiпсiз мұз - берiқ мөлдiр, көпiршiксiз, көгiлдiр-жасыл түстi.

Жалғыз келе жатқан адам үшiн мұздың қалылдығы 7 см кем болмауы керек.

Бiр топ адамға 12-15 см кем болмауы керек.

Жаппай сырғанау үшiн 25 см.

Жүк мәшинелерi үшiн 45 см.

Есiңiзде болсын, көктемде және күзде мұз ерекше қауiптi.

Қayiптi мұз:

v су ағатын жердiң жанында;

v қатып қалған қамысы көп жағаның жанында.

v қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз;

v көпiрдiң астында, өзендердiң ирелеңiнде, ағыны күштi тар жерлерде.

Түнде мұзды жермен жүруге болмайды! Мұздың үстімен жалғыз жүруге болмайды.

Мұзда өзiн ұстау ережесi

- Жұқа, қатпаған мұзбен жүрмеңiз.

- Шанамен, шаңғымен тік жарлы жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз.

- Мұздағы тeciктepгe, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңiз.

- Мұздың бөлек бөлiгiнде топталып тұрмаңыз.

- Тыйым салынған жерлерден су қоймаларын мұзбен өтуге болмайды.

- Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.

Мұздың үстімен жүрмес бұрын, оның қатқандығына көзжеткiзiп алыңыз. Мұздың қатқандығын жаяу жүрiп тексерiңiз. Қатты мұз 2-3 ұрғаннан кейін ғана жарылады.

Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бiр-бiрiңiзден 5-6 метр алшақ жүрген жөн.

Бiрiншi жаяу жүргенге бейiмдеп, құтқаратын заттарды кигiзiп, (мысалы, құтқару кеудешесi) ең жеңiл адамды жiберу керек.

Су қоймасынан шаңғымен өткенде шаңғы бекiтулерiн босатып, қолдағы шаңғы таяқшаларының тұсағын шешкен жөн. Рюкзакты бiр иыққа iлiңiз. Шаңғышылар да бiр-бiрiнен 5-6 метр қашықтықтa болуы қажет. Бiрiншi келе жатқан шаңғышы, шаңғы таяқшасымен мұздың қаттылығын тексередi.

Егер сiз қыс уақытында балық аулауға барсаңыз, мына талаптарды сақтау қажеттi:

v бiр-бiрiне жақын көп шұңқырлар жасауға болмайды;

v әр тесiлген шұңқырды жалаушамен белгiлеп қойыңыз (түнімен қар ұйытқылап қалмас үшiн);

v үлкен топтармен жиналмау керек;

v балық аулаушының өзiмен бiрге құтқару заттары болуы керек (12-15 м жiп).

v жалғыз балық аулауға баруға болмайды;

v шұқанақта балық ауламаған жөн.

Мұзды сырғанау аумағы шыбықтармен қоршалады. Құтқаратын заттары бар (жiптер, тақталар, баспалдақтар т.б.) қалқан және сырғанақта әрдайым кезекшiлiк болуы керек.

Егер сiз мұздың астына түciп кетсеңiз, байбалам салмаңыз, мұздың үстінен ұстау үшiн қолыңызды жазыңыз. Көмекке шақырыңыз. Есiңiзде болсын, сiздi денеңiз бен киiмiңiздiң apacындaғы ауа шамалы уақыт ұстап тұрады. Мұздың бiр шетiне арқаңызбен сүйенiп, қарсы шетiне оң аяғыңызды тiреп, сол аяғыңызды мұздың бетiне шығарыңыз. Мұздың бетiне шығып алғаннан кейiн, келген жағыңызға қарай жылжыңыз.

БӨЛІМ



Просмотров 3007

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!