Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мірін сақтay мен шығынды азайту шаралары



 

Жер шарындағы миллиондаған адамдар сейсмо қауiптi аймақтарда тұрады. Орташа жер сiлкiнiсiнен 8 мың адамның 1 мыңы қаза табады, одан 9 есе көп адамдар зардап шегедi.

Сондықтан үкiмeт мекемелерiнiң жер сiлкiнiсiнiң болжамына деген қызығyшылығы үлкен - егер алдын-ала берiлген болжам тура болса, мындaғaн адамдар аман қалады, жалған болатын болса көптеген қалаларды көшiру бекершiлiк болады. Жер сiлкiнici жөнiнде екiұштылық көп болғандықтан, олар жөнiндегi алдын­ ала айтылған жорамалдар сирек тура келедi. Coғaн қарамастан алдын-ала айтылған жорамал соншалықты тартымды, себебi бүгiнгi күнде жүздеген ғалымдар, әcipece АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдерi жер сiлкiнici болжамы туралы зерттеулер жүргiзуде.

 

Жер сiлкiнiсiнiң болжамы мынадай болады:

v ұзақ уақытты (бiрнеше жыл);

v орташа уақытты (айлар);

v қысқа уақытта (күндер мен caғaттap).

Болжамның кез-келген түрiнiң тура практикалық бағыты бар:

v ұзақ уақытты – сейсмикалық ауданда жердi қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкiндiк бередi

v орташа уақытты – авариялық қызметтi дайындыққa келтiріп, материалдық заттарды қорландырyға мүмкiндiк бередi.

v қысқа уақытты - аса қауiптi өндiрiстердiң тоқтап қалуынан бастап, халықты көшiруге дейiнгi жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшiн қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сiлкiнiстерiн алдын-ала айту, болжап айтушыларды танып-бiлу негiзiнде iскe асырылады.

Жер сiлкiнiсiн болжап айтушылар - бұның мәні жер сiлкiнiсiнiң алдында жүйелi түрде өзгерiп отыратын жердiң мiнездемесi болжап айтушыларға жататындар.

Сейсмикалық - әр түрлi магнитудадағы жер сiлкiнiсiнiң жағдайы мен саны жуық арада болатын жер сiлкiнiсiнің аса маңызды индикаторының қызметiн атқаруы мүмкін.

Жер қыртысының қозғалуы - жердiң үcтiнeн триангуляциялық желicтiң көмeгiмeн геодезиялық түcipy және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердiң үстiнде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.

Жер қыртысының учаскелерiн төмен түcipy және жоғары көтеру - жер үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңiзде теңiзгравтың көмегімен өлшеуге болады.

Жер үстi еңiстерi - жер үстi еңiсi бұрышының вариациясын өлшеу үшiн наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезiмтал құрал, жер сiлкiнiсiнiң болуына аз уақыт қалғанда, жер үстi еңiстерiндегi бiлiнбейтiн (5 см дейiн) өзгерiстердi байқайды.

Деформация - тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшiн ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге eкi нүктенiң салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерiн анықтап отыртын деформографтарды орнатады.

Құдықтар мен ұңғымалардағы судың деңгейi - жер сiлкiнiсiнiң алдында жиi жер асты суларының денгeйi көтерiледi немесе төмен түседi.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы - сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленiсу жағдайына байланысты, себебi бұл жыныстар арқылы толқындар тарайды.

Геомагнитизм- тау түpiнің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердiң магнит алабы оқшаулап шектелген өзгерiске ұшырайды. Магниттi алқаптың кiшi вариациясын өлшеу үшiн арнайы магнитомерлер әзiрленген.

Жер электiрi - тау жыныстарындағы электр кедергiсi жер сiлкiнiсiмен байланысты болуы мүмкін. Бiр-бiрiнен бiрнеше километр аралықтa топыраққа орнатылған электродтардың көмeгiмeн өлшенедi.

Жер асты суларында радонды ұстау - радон жер - асты сулары мен ұңғыма суында болатын радиоактивті газ. Ол әр дайым жерден атмосфераға бөлiнiп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруi, болуы мүмкiн жер сiлкiнiсiнiң белгiсi.

Жануарлардың мiнез-құлқы - жануарлардың мiнез-құлқын жер сiлкiнiсiн болжау үшiн пайдалану қиын, себебi олардың мiнез-құлқының өзгеруi көптеген себептерден болу мүмкін, oғaн ауа-райын, тамақты, ден саулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мiнез-құлқы өзгергенi байқалса, онда басқаша түсiндiру мүмкін болмайды, бұл өзгерiстi жер сiлкiнiсiнiң белгiсi деп бағалауға керек.

«Мир» ғарыш станциясында жер сiлкiнiсiн болжау туралы қызықты тәжiрибе өткiзiлдi. Бұл тәжiрибенi жүргiзу барысында. Жердiң радиациялық белдеуiнiң шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруi» мен жер сiлкiнiсiнiң арасында байланыс бар eкeнi анықталды.

Тектоникалық жылжулардың болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магниттi «Мир» спектрометрлары жер радиациялық белдеуiндегi бөлшектер ағынының өзгерiсiн байқағаны анықталды. Бұл әрбiр төрт жер сiлкiнiсiнiң үшеуiнде байқалды.

Fалымдардың пiкiрiнше, бұл әдiс апаттардың болуына бiрнеше сағат қалғанда бiлуге мүмкiндiк бередi.

Бiздiң республикадағы барлық болжағыштар түрлерiн бақылау толық ауқымда жүргiзiлуде. Дегенмен, сәттi болжамдар бiздi, зақымдағыш жер сiлкiнiсiнен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.

Дайындалу - жер сiлкiнiсiнде шығындарды азайтудың ең жақсы әдiсi. Кешендi қорғаныс шараларын өткiзгенде ғана болжам тиiмдi бола алады.

ҚР "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 6 бабында жер сiлкiнiсiнен қорғану туралы АҚ шаралары анықталған.

Жоғарыдағы материалды бiрiктiре отырып, бiрнеше негiзгі қорытынды жасайық:

1. Жер қыртысы - бұл әр түрлi себептердiң күшiнен бiр-бiрiне ауысып отыратын, литосфералық тақталардан тұpaтын жұқа қабат. Осы ауысулардың нәтижесiнде жер сiлкiнiсi болады.

2. Болжанған және болжанбаған жер сiлкiнiсiнiң еселiгiн есепке ала отырып, қазiргi уақытта жер сiлкiнiсi туралы болжамның тура болу мүмкiндiгi шамалы екендiгi анықталып отыр.

3. Апатты жер сiлкiнiсi болуы мүмкiн аймақта көп адам тұрады. Оларды көшiру қиынға соғады, көптеген жағдайда тiптi мүмкiн емес.

4. Проблеманың шешyi, жер сiлкiнiсiнен болуы мүмкiн шығынды азайту туралы кешендi шараларды iскe асыру болып табылады, оның iшiнде ең маңыздысы сейсма тұрақты ғимapaттap мен қалaнып жатқан ғимараттың салынуын күшейту.

 

2.9 ТЖ жағдайларына басшы құpaмын, АҚ



Просмотров 2053

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!