Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Б. Алманов атындағы орта мектебінің тарихы



Қазіргі Б. Алманов атындағы орта мектебі орналасқан Құрлыс селосының іргесі 1930-1931 жылдары қаланған. Осы селодағы ірге тасын «Қызылқабақ» қыратынан арбамен тасып әкеліп, қабырғасын ішкі кірпіштен қаланған, төбесін тал – шіліктен тоқып жапқан едені жоқ үйде «Қопа» орталау/ жеті жылдық/ мектебі болды. Мектеп жанында интернат жұмыс жасаған. 1938 жылы мектеп директоры Есназаров Елеусіз, кейін Сұлтан Әжімағанбетов болды. Әмір Тұңғашин, Үкібасов, Мақашев, Есмағанбетов, Бейсенова т.б мұғалімдер дәріс берген. Мектеп үйі 1948 жылға дейін пайдаланылды. 1940 жылы осы орталау мектепте «Тепсең», «Қалыбай», «Қарасай», «Шеңбертал», «Жаңақұрлыс» елді мекендерінің бастауыш кластан жоғары оқитын балалар оқыды. Жоғарғы класта оқитындар қазіргідей емес, өте ересек балалар болатын. Мысалы, Тәжімағанбет Ақдәулетов, Қылышбай Қыдыров, Сейтқали Байқазақов, С. Суханов, Р. Асқаров, Қ. Тұрмаханов, Т. Байбақтин, Д. Суханберлин т.б азаматтар осында білім алды.Мектеп жанындағы интернатта асхана, құрлыс шағын болса да ыстық суы, буы бар монша болды. Денеңді, кір-қоңыңды тазартып, сергітуге қызмет етті. Мектеп жанында қосалқы шаруашылық ұйымдастырылып, интернат үшін қой, сиыр бағылды. Азық- түлік, керек- жарақ көлікпен Шалқардан тасылды. Дәрігерлік пункт- емхана болмады. 1939 жылы қызылша ауруынан біраз бала өмірмен ерте қоштасты. Тамақ түрлері аз, жеміс жидектер мүлде болған жоқ. Ағзаға қажетті дәрумендер (витаминдер) жетімсіз болды. Ұзақбай Құлымбетов т.б қоғам қайраткерлерінің суреті мектеп қабырғаларына жапсырылып, «Бұлар –халық жаулары» деген жазулар ілулі тұрды. 1942 жылдың көктемінде ішінде мектеп мұғалімдері бар, ер- азаматтар осы жерден майданға аттанды. Армиядағыларға жылы киімдер (қолғап, шұлық т,б) беруге шақырған жиналыстар осы мектепте өткізілді. Соғыс жылдары халыққа ауыр болды. Балаларды торғай шырылдағаннан тұрғызып, тары егілген мөлшерлі жерін бітіруге асықтырды. Мектепте оқу тоқтамады десе де, сапа жағы айтарлықтай болған жоқ. Педагог кадрлар да, оқу жазу құралдары да жоққа тән. Қолдан сия жасап, кітап беттеріне жазу жазды.Сол жылдары көшірілген (эквакуацияланған) адамдар арасында мұғалімдер де болды.
Елуінші жылдардың алғашқы жартысында ұсақ колхоздар ірілендірілді. Сол кездегі аудан басшысы Н. Бердіқұлов халық үрдісіндегі үлгіні пайдаланып, колхоз орталықтарынан биік қабырғалы, асты-үсті тақтайланған төбесі қаңылтырлаған мектептер салдырды. Сол мектептердің бірі 1952 жылы ашылған Калинин орталау мектебі болды. Сол кезде мектеп директоры Жанпейісова Ақұлыш деген кісі еді. Бұл мектепте М. Рамазанова, М. Мырзағалиева, Т. Бөлеков, Н. Ырғызбаев, Е. Жақсылықов, М. Төлегенов, С. Асылбеков, Ж. Өтемісов, Т. Қожахметов т.б мұғалімдер қызмет етті. 1950 жылдардың аяғында жалпыға бірдей, орта білім алу міндеті қойылып, уақыт өзгерістеріне байланысты бұл мектеп 1954 жылы Темірастау орта мектебі деп аталды. Ірілендірілген колхоздағы мектептердің сегізінші класын бітіргендер осы мектепке келіп оқыды. Кластар тарлық етті. Түстен кейін оқитындарға соңғы сабақта оқу оңай болмады. Май шамның жарығы барлығына бірдей жеткен жоқ. Интернат жатаханалары да асханасы да қиын жағдайда жұмыс жасады.
1957 жылы Киров атындағы, Қазақстанның 30 жылдығы атындағы, Калинин атындағы, «Жаңақұрлыс» колхоздары біріктіріліп Калинин атындағы савхоз құрылды. Савхозды кейін «Мал шаруашылығының шебері» , «Қазақстанның халық ағарту ісінің озаты» атақтарын алған Қияс Сәрсанбаев басқарды.
1964 жылы Темірастау мектебінің жаңа үйінің ірге тасы қаланды. Тас фундаментті, төбесі шиферланған, едені тақтайланған, оқу талаптарына сай кобинеттері бар метеп 1987 жылға дейін көптеген түлектердің білім ордасы болды. Осы мектепте әр жылдары, атап айтқанда 1954-1955 жылдары Ержан Жақсылықов, 1955-1956 жылдары Картам Қонабаев, 1956-1961 Мейірхан Хусайынов, 1961-1963 жылдары Итемген Көшкенбаев, 1963-1965 жылдары Кәрім Әмірханов, 1965-1968 жылдары Ақберген Жұбанов, 1968-1971 жылдары Молдабай Жақанов, 1971-1975 жылдары Мейірхан Жүсіпов, 1975-1979 Сағидолла Үмітаев, 1979-1986 жылдары Мейірхан Төкешов, 1986-1987 жылдары Жайылхан Ізтілеуов болды. Елуге тарта педагогтар қызмет етті. Оқушылар саны 600- асты. Жергілікті материалдан интернат үйлері, монша салынды. Осылайша білім беру ісі уақыт талабына сай ілгеріліп, дами түсті. Қазіргі типтік жобада салынған мектеп үйі 1987 жылы пайдалануға берілді. Мектеп жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін 1987-1991 жылдары Сәбит Галиллулин,

1991-1994 жылдары Ілияс Тәңірбергенов, 1994-1999 жылдары Мирболат Сәрсенбаев,

1999-2010 жылдары осы мектеп тің түлегі Қозы Бөлек, 2010 жылдан бері қарай Қасымхан Әбенов директор болып қызмет істеп келеді. Типтік жобадағы мектепте оқу кабинеттерін жабдықтау қолға алынып, техникалық оқу құралдары, станоктар, тәгән машиналар, мұздатқыштар мен кептіргіштер, оқу тракторы (МТЗ- 80) т.б әкелінді. Әр жылдары мектептің жұмысын жақсарту оқу мен тәрбие беру ісін өмір талабына сай ұйымдастыруда мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары болып істеген Сисенов Зібітай 1963 жылы, Отаров Муса(1963-1986ж.ж), Тапақұлы Мәдіғали (1987-1988ж.ж), Ырғызбаева Нұрсұлу (1988-1991ж.ж), Ешімов Кәріш (1991-1992ж.ж), Әбдіреев Әбілқайыр (1994-1998ж.ж), Қымбатова Гүлжанат ( 1998-2001ж.ж), Толжанова Гүлнар (2001-2002ж.ж), Тулина Шаһмаран (2002-2010) қазіргі уақытта осы қызметті атқарып жүрген 2010 жылдан бері Қалмағанбетова Нұргул сияқты ұстаздардың үлесі мол.

Заман талабы , қоғамдық- саяси өзгерістер мектеп атауына да өз іздерін қалдырды. Мектепке 1993 жылы алаш ардақтысы, қоғам қайраткері Бәймен Алмановтың есімі берілді. Ұрпаққа білім нұрын шашуда абыройлы еңбек етіп,, сый құрметке бөленген аға буын өкілдері Әмір Тұңғашин, Тахауи Боранқұлов, Төлеп Баудияров, Өсер Бердияров, Сәрсенбі Жолдыбаев, Сейіт Бөлеков, Сердалы Ерубаев, Қали Қойлыбаев есімдері ұрпақ жадында. Мектепте директор және мұғалім болып қызмет еткен Мейірхан Төкешов «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағына ие болса, «Қазақстанның оқу ісінің үздігі» атағын алғандар Әлібаева Айнагүл, Сүйінтаева Сәнім, Мырзағалиева Мүслима, Бегдарова Сара, Бөлекова Рәшила, Өтепов Еділхан, Бөлебаева Несібелі, Сәбитова Даража өз өмірбаяндарын осы мектеппен байланыстырған ұстаздар. Б. Алманов атындағы орта мектептің қастерлі тарихын өз қабырғасынан түлеп ұшып, еліне кірпіш болып қаланған түлектерінсіз елестету мүмкін болмас еді. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Үмбетбай Уайдин ақындар Мейірхан Ақдәулетов, Зәкіржан Кәлкенбаев, ғылым кандидаттары Байжан Белесов, Қаракөл Ізтілеуов, Жақсылық Қодаров, Байдәулет Отаралин, Қаз ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болған, ауыл шаруашылығының шебер ұйымдастырушысы Әліби Қойлыбаев Ырғыз ауданының тұңғыш әкімі болған Лайық Шоқпаров т.б азаматтарды мектеп ұжымы орынды мақтан етеді. Сол сияқты мектепті жақсы бітіріп әртүрлі мамандықтар игеріп, облыс, аудан көлемінде басшылық қызметтер атқарып жүрген түлектер Бимұратов Амантай, Анапин Сейтжан, Төлеуов Фазылбек, Іскендіров Асылбек, Шаяпов Ералы, Өтеуов Хамит, Бимаханов Жәңгір, Дербісалина Райса, Бәйімбетов Тыныштық, Досекешов Амантай, Өмірбеков Арыстанғали, Сәрсенбаев Хамидолла, Қаракенов Тәңірберген, Еңсегенов Ермек, Шайманов Бекболат, Сақтағанов Қырым, Бөлеков Қорлан, Сәрсенбаев Мұрат т.б азаматтар мектеп атын аспандатып келеді.Кезінде мектепте жақсы оқып, алтын, күміс медальдармен үздік аттестатпен бітірген Жанұзақ Ықтияров, Темірбек Зейінов, Серік Қуанышбаев, Бекболат Мұханбетжанов, Асыл, Ақыл, Гүлжанат Ізтілеуовалар, Найзабек Толжанов, Гүлжан Айтбаева, Бибігүл Қойлыбаева, Баянды Аралбаевалардың өнегесі әркез жас ұрпақты білімге үндеп тұрады. Мектептің өз түлегі ұзақ уақыт математика пәнінен дәріс берген Айғанша Сәдірханова институтты қызыл дипломмен бітірген ұстаз. Аудандық олимпиадаларда топ жарған Ә. Жакудина, Б. Зейінов ,

А. Әбішева сол сияқты оқу озаттары М. Әбдібаева, Т. Қалмағанбетов мемлекеттік грант иегерлері атанды. А. Оразбаев , А. Жұмабекова сынды шәкірттер облыстық сайыста білім сынасты. Мектептің үздік оқушысы Ж. Орынбаев 2001 жылы Қарағанды қаласындағы Президент шыршасына қатысып қайтты. Мектеп түлегі Мұқағали Назарұлының да табыстары толымды. Ол Астана қаласында еркін күрестен В. Ковалев атындағы халықаралық жарыстың, 2003 жылы Орал қаласында болған Қазақстан біріншілігінің чемпионы. Дарынды оқушы аудандық Абай, Махамбет оқуларының жеңімпазы Бағдат Мәдіғалиұлы облыстық сайыста бақ сынаса, жас биші Гүлсезім Бидағұлова аудандық сайыстарда сан рет бас жүлдені иеленді. Термешілер Д. Тақашев, Ж. Бақбергенов Ақтөбе қаласының сахынасында әуелете ән салды.
Мектептің жүрегі – мұғалім десек, мектепте қызмет істеп жүрген мұғалімдердің көбісі мектептің өз түлектері, өз ісінің шеберлері.
Қазақстан Республикасы егемендігінің 10 жылдығы қарсаңында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәрсенғалиева Жанна Қ.Р Президентінің Алғыс хатымен, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60 жылдығына орай мектеп директоры Қозы Бөлек, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нағима Құрамысова мерекелік медальмен марапатталды. Оқыған шәкірттер Ә. Жакудина мен М.Әбдібаева мемлекеттік грант иегерлері болған химия пәнінің мұғалімі Сәулетай Мырзажанова аудан көлеміндегі үздік мұғалімдер қатарында болса, ҰБТ сынағында шәкірті А. Әбішева 30 сұраққа жауап берген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айман Іскендірова жыл үздігі атанды. Мұғалімдік қызметін әдеби-көркем шығармашылықпен байланыстыра білген ұстаздар Раманқұл Боранқұловтың және Қ.Р Журналистер Одағының мүшесі Мәдіғали Тапақұлының әр жылдары сатиралық кітаптары жарық көрді

Мектеп ҰБТ нәтижелері бойынша 2003-2004 оқу жылында аудан көлемінде 2 орынды , 2004-2005 оқу жылында 2- орынды, 2006-2007 оқу жылында 1-орынды иеленді.


Мектептің алға қойған мақсаты да « Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру».

Мектеп директорлары

1. Есназаров Елеусиз 1939-1942 ж

2. Ажмағанбетов Сұлтан 1942-1945ж.ж

3. Жанпейісова Акұлыш 1952-1953ж.ж

4. Жақсылықов Ержан 1954-1955ж.ж

5. Қонабаев Қартбай 1955-1956ж.ж

6. Кұсайынов Мейірхан 1956-1961ж.ж

7. Көшкінбаев Итемген 1961-1963ж.ж

8. Әмірханов Кәрім 1963-1965ж.ж

9. Жұбанов Ақберген 1965-1968ж.ж

10. Жақанов Молдабай 1968-1971 ж.ж

11. Жүсіпов Мейірхан 1971-1975 ж.ж

12. Үмітаев Сағидолла 1975-1979 ж.ж

13. Төкешов Мейірхан 1979-1985 ж.ж

14. Ізтілеуов Жайылхан 1985-1987 ж.ж

15. Галиуллин Сәбит 1987-1991 ж.ж

16. Тәңірбергенов Ілияс 1991-1994 ж.ж

17. Сәрсенбаев Мирболат 1994-1999 ж.ж

18. Бөлеков Қозы 1999-2010 ж.ж

19. Әбенов Қасымхан 2010-........ж.ж

Мектеп тарихы



Просмотров 1370

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!