Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мектеп түлектері ­– қаламгерлер



1. Үмбетбай Уайдин - жазушы, Қазақстан Жазушылар

Одағының мүшесі.

2. Мейірхан Ақдәулетов- ақын, Президент сыйлығының

иегері.

3. Зәкіржан Қалкенбаев –ақын шығармашыл жастардың Республикалық «Жігер» фистивалінің лауреаты.

4. Раманқұл Боранқұлов – жазушы, сықақшы, ҚР

Журналистер Одағының Мүшесі.

5. Мәдіғали Тапақұлы – сықақшы ақын, ҚР

Журналистер Одағының Мүшесі.

Мектепті медальмен бітіргендер.

1. Ықтияров Жанұзақ - 1968 жылы.

2. Зейінов Темірбек - 1968 жылы.

3. Қуанышбаев Серік - 1971 жылы.

4. Мұхаметжанов Бекболат - 1971жылы.

5. Ізтілеуова Ақыл - 1989 жылы.

6. Ізтілеуова Асыл - 1989 жылы.

Мектепті үздік аттестатпен бітіргендер.

1. Қалмағанбетова Нұргүл - 1994 жылы.

2. Үмітаева Айнұр - 1994 жылы.

3. Жақанова Сайран - 1994 жылы.

4. Толжанов Найзабек - 1995 жылы.

5. Қойлыбаева Бибігүл - 1998 жылы.

6. Айтбаева Гүлжан - 1998 жылы.

7. Аралбаева Баянды - 2001 жылы.

8. Зейінов Берік - 2003 жылы.

9. Жакудина Әлия - 2003 жылы.

10. Тойбазар Жалғас - 2011 жылы

 

Ө М І Р Б А Я Н

Қойлыбаев Қали 1926 жылы 12 ақпан айында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Шабаған ауылында дүниеге келген. Өмір жолын соғыс жылдары орталау мектепті бітіргеннен кейін, сол кездегі уақыт талабымен еңбекке ерте араласып, «Шабаған», «Милы», «Жарбұлақ» колхоздарында есепшілік қызмет атқарды. 1945 жылдың басында әскерге алынып, Орынбор қаласында жаттығулар өткізіп, соғысқа кіруге дайындалып, жоғары қолбасшының бұйрығын күтіп жатқанда соғыс аяқталып Қали Қойлыбаев кейін бес жыл Отан алдындағы борышын өтеп қайтты. 2005 жылы 9 майда Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 60 жылдық мерекесі қарсаңында Қойлыбаев Қали сияқты соғыс кезінде әскерге алынып, соғыс жалының көргендерді Үкімет қаулысымен соғыс ардагерлері қатарына жатқызды. Қойлыбаев Қали Отан соғысының ардагері.

Қойлыбаев Қали Шымкент педагогикалық институтын сырттай бітіріп, Темірастау орта мектебінде ұзақ жыл қазақ тілі мен әдебиетінен ұстаздық етті. Көп жыл мектеп жанындағы интернат директорының қызметін қоса атқарды.

Қойлыбаев Қали сауатты, еңбеккор, өз шаруасын ешкімге міндет артпай-ақ үлгертіп, қанағатшыл адам еді.

Ауыл өміріне, қоғамдық жұмысқа араласып, Қызылжар ауылына ардагерлер ұйымының төрағасы болды.

Қойлыбаев Қали 2002 жылы 7 маусымда 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

 

ӨМ І Р Б А Я Н

Қоңқанова Алтынай Сейітқалиқызы 1962 жылы 10 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Құрлыс селосында дүниеге келді.

1970 жылы Темірастау атындағы орта мектебіне қабылданып, 1980 жылы 10 жылдықты аяқтады. Осы жылы, яғни

1980 жылы мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетіне қабылданды. Осы оқу орнын 1984 жылы бітіріп шықты.

Еңбек жолын Ойыл ауданы Құрманов совхозының Амангелді атындағы орта мектебінен бастады. Ол 1984-1994 жыл аралығында Ойылда І –санатты мұғалім. Осы мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1995 жылдан бастап Ырғыз ауданы Құрлыс селосында Б. Алманов атындағы орта мектебінде өмірінің соңына дейін, І-санатты математика пәнінен дәріс беріп әдіскер қызметін қоса атқарып келді

2005 жыл. Мектепішілік «Тәрбие жұмысындағы еңбегі үшін» Алғыс хат.

2006 жыл. Мектепішілік «Үлгілі класс тәрбиелегені үшін» Алғыс хаттармен марапатталды.

Көптеген шәкірттері жоғары оқу орына, математика бөліміне грантқа түсті.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Мен, Тулина Шаһмаран 1951 жылы Құрлыс селосында дүниеге келдім. 1957 жылы Темірастау орта мектебінің 1 класына қабылданып, 1967 жылы бітіріп шықтым.Сол жылы Ақтөбе меклекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, оны физика мамандығы бойынша 1971 жылы бітірдім. Сол жылы Темірастау орта мектебіне мұғалім болып орналастым. Көп жылдар химия, д/ш, физика, биология, география пәндерінен сабақ бердім. Қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. 1965 жылы Ленин комсомолы , ал 1979 жылы партия қатарына қабылдандым. Ырғыз аудандық XXV, XXIX комсомол конференциялары, XXVII партия конференциясына делегат болып қатыстым. 1980 жылы аудандық партия комитетінің мүшелігіне кандидат болып сайландым.

2002-2009 оқу жылдарында Алманов атындағы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі қызметін атқардым. 2009 жылы зейнетке шықтым.

Аудандық, облыстық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталдым. Жолдасым совхозда зоотехник, қазір зейнет демалысында. Қызым Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтап мұғалім мамандығын алды. Ақтөбеде қызмет істейді.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Мен Жұмағанбетов Бидағұл 1930 жылы Ырғыз ауданы 19 ауыл Советі Бастепсең ауылының Жамандұз деген жерінде тудым. 1938 жылы осы ауылдың 1 сыныбына оқып, 1945 жылы Қарасай орталау мектебін бітірдім. 1946 жылы Орынбор қаласының имам мешітінде 1946 жылы 4.Ш. бастап 1946 жылы 4.Х. дейін араб графикасын және шариғат саласына оқудан дәріс алдым. 1940 жылдан 1949 жылға дейін теміржол техник школында оқып 1956 жылға дейін теміржолда жұмыс істедім. 1956-1962 жылға дейін тың өлкесінде шофер болып, кейіннен совхозға ауыстым.

1963 жылдан бастап Темірастау орта мектебіне еңбек пәнінің оқытушысы болып орналастым, қызмет істеп жүріп арнаулы оқу орнын бітірдім. Бірнеше мәрте аудан, облыстық жүйеде аттестациядан өттім. 1993 жылы осы мектептен құрметті демалысқа шықтым.

 

Ө М І Р Б А Я Н

Кәдірбаева Бибізада 1929 жылы Ырғыз ауданының №19 Тепсең ауылында туған. Ырғыздағы орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе педагогикалық училищесінде оқып, бастауыш мұғалімі мамандығын алған.

Еңбек жолын 1945-1948 жылдар аралығында Тепсең бастауыш мектебінің оқытушысы болып, қызмет істеуден бастаған. 1948-1949 жылдары Сталин атындағы орта мектепте, 1949-1950 жылдары Калинин атындағы жетіжылдық мектепте, 1950-1952 жылдары Қарасай жетіжылдық мектебінде оқытушы болды. Бұдан кейінгі ұстаздық қызметі 1953-1965 жылдарда Шеңбертал жетіжылдық мектебінде, 1965-1970 жылдарда Коминтерн сегізжылдық мектебінде, 1970-1975 жылдарда Темірастау орта мектебінде бастауыш кластар мұғалімі болып жалғасты.

1975-1979 жылдарда Қалыбай сегізжылдық мектебінде бастауыш оқытушысы болып қызмет істеген. 1980 жылдың 29 сәуірінде ауыр науқастан қайтыс болды.

 

Ө М І Р Б А Я Н

Мен, Іскендірова Айман 1951 жылы 3 қарашада бұрынғы Ырғыз ауданы, Калинин совхозында дүниеге келдім.Темірастау орта мектебіне 1959 жылы 1 класқа қабылдандым. 1969 жылы мектепті бітіріп сол жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім. Жоғары оқу орнын 1973 жылы бітіріп, сол жылы Шымкент облысы, Келес ауданы, Келес совхозында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1 жыл мұғалімдік қызмет атқардым.

1974 жылы өз аулыма келіп, Темірастау орта мектебінде 40 жылға жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, 2009 жылы зейнеткерлік демалысына шықтым.

Ұстаздық еңбек жолымда аудандық, облыстық, республикалық мадақтамаларға ие болдым. 2002 жылы Ырғыз аудандық білім бөлімінің грамотасымен, 2003-2004 жылы Облыстық Құрмет грамотасымен марапатталып, 2004 жылы ҰБТ-де мектеп бітіруші шәкірттерім жоғары ұпай жинап, «Жыл үздігі» атандым. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаттарымен еңбегім бағаланған болатын.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Қойлыбаева Клара Ағытайқызы 4 тамыз 1949 жылы туған. 11 жылдық мектепті 1967 жылы бітірді. 1967 жылы Шымкент педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиетін 1972 жылы бітіріп шықты. 1972 жылы «Қалыбай» елінде бастауыш мектебінде 9 жылдық мектепте қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ берді.

1975жылы Темірастау орта мектебінде 1982 жылға дейін мұғалім болды. 1982 жылы Құмтоғай елді мекенінде жұмыс жасап, 1995 жылы Мәртөк ауданының Родниковка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Осы мектепті 2010 жылға дейін сабақ беріп, зейнеткерлікке шықты.

Мектепте 13 санаттағы мұғалім болды. Мектепте 9-11 сыныптарды дайындатуда жақсы жақтарынан көрініп жүрді.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Аяпов Төлтай Нұрғалиұлы 5 ақпан 1949 жылы Ырғыз ауданы Темірастау елді мекенінде дүниеге келген. Мектепті 1966 жылы 10 жылдықты бітіріп, 1967 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітіріп шықты.

Осы аталған институттың тарих мамандығы бойынша бітіріп, Темірастау орта мектебіне мұғалім болып жұмыс істеді. 1982 жылы Құмтоғай орта мектебінде тарих сабағынан 1995 жылға дейін сабақ берді. 1995 жылы Мәртөк ауданы Родниковка еліндегі 11 жылдық мектебіне мұғалім болып жұмысқа тұрды. Осы аталған мектепте 13 санаттағы мұғалім болды. Мектепішілік 11 сынып оқушыларын тестілеуге дайындауда, аудан, облыстық жарыстардан орын алып, «Мақтау қағаздарға» ие болды.

2007 жылы кенеттен дүниеден озды.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Шүйінішбаева Шәмбіл Шүйінішбайқызы 1932 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауыл советіне қарасты Ақтүбек деген жерде дүниеге келген.

1949 жылы Ырғыздағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Ақтөбе қаласында алғашқы ашылған педагогикалық қыздар институтының екі жылдық тарих-география факультетіне түсіп 1951 жылы бітірген. 1952 жылы туған жері Құтикөлде мамандығына сай мұғалім 1953 жылы тұрмыс құрып, Темірастау орта мектебіне келген. 1953-1987 жыл аралығында Темірастау орта мектебінде 34 жыл тарих география, конституция пәндерінен дәріс берген.

Осы уақыт аралығында оқушыларға сапалы білім саналы тәрбие бергені үшін мектепішілік, аудандық, облыстық марапаттарға ие болған. Ардақты ана дүниеге 9 қыз 4 ер барлығы 13 бала әкелген. Барлығы жоғары білімді мамандар. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Жолдасы республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Төкешов Мейірхан Төкешұлы дүниеден өткен соң атағы менің атыма ауды. Қазір республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, ардақты анамын. Тылдағы ветеран және еңбек ветеранымын.

 

Ө М І Р Б А Я Н

Сқақова Хамқа Сқаққызы 12.02.1953 ж Ырғыз ауданы, Калинин атындағы совхозда дүниеге келген.

1961-1971 жж Темірастау орта мектебінде оқыған 1971 ж Ақтөбе педагогикалық училищесінің бастауыш кластар бөліміне оқуға түскен.

1974-1996 жылдар аралығында «Темірастау» кейін Б. Алманов атындағы орта мектепте бастауыш класс мұғалімі болдым. 1997 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударуына байланысты қаладағы №36 қазақ орта мектебіне бастауыш класс мұғалімі болып орналастым.

1998-2012 жылға дейін мектепте І санаттағы мұғалім болдым.

2000 жылы Мектепішілік «Сабақ мұғалім шығармашылығы» атты сайыста І орын

«Алғыс хат» марапатталдым.

Мектеп директоры:

2003 жылы Қалалық білім беру ісі жөніндегі басқарма ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы бекіткен «Сабақ үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану жолдары» атты жеке кітапшам шықты.

2003 жылы «Үлгі сабақ жоспарының жиынтығы» атты жеке кітапшам шықты.

2004 жылы Мақтау грамотасы «Жоғары ұстаздық шеберлігі, сапалы білім берудегі жоғары көрсеткіштері және жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткен табыстары үшін ».

Қалалық білім беру ісі жөніндегі

Басқармасының бастығы: М. Мыңжасаров

2004 жылы Мақтау грамотасы

Ақтөбе қалалық туризм және спорт комитетінің төрағасы:

И. Викулов

2004 жылы Мақтау грамотасы.

«Терең білімді интелектуалды деңгейі жоғары оқушы дайындаған елеулі еңбегі үшін»

 

Мектеп әкімшілігі

Кәсіподақ комитеті

2005 жылы Алғыс хат

«Мектептің қоғамдық-саяси шараларында белсенділігі үшін»

Мектеп директоры

2007 жылы Мақтау грамотасы

«Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіндегі жетістіктері мен шығармашылық табыстары үшін»

Мектеп директоры

Кәсіподақ комитеті

2009 жылы Мақтау грамотасы

«Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша өткізілген сабақтарының жетістіктері үшін

Мектеп директоры

2011 жылы Алғыс хат

«Сіздің тәуелсіз елдің болашағы үшін атқарып отырған зор еңбегіңізді, өз ісіңізге деген ұқыптылығыңызды бағалай отыра, шын жүректен алғыс айтамыз »

 

Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ

комитетінің төрайымы: Л. Уралбаева

Жылы Мақтау грамотасы

«Көп жылдық ұстаздық еңбегі, білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық жұмысы және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткен табыстары үшін»

 

Қалалық білім бөлімінің бастығы: Л. А. Уразбаева

 

2012 жыл Алғыс хат

 

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»,-деп ұлы Абай айтқандай, алдында келген шәкірт азаматтық парасаты биік, рухани адамгершілік ұстанымы берік тұлға ретінде қалыптастыруда өз ісінің хас шебері-ұлағатты ұстаз қызметіне баға жетпейді.

Отанымыздың нұрлы ертеңі үшін ұстаздық міндетіңізді абыроймен атқарып, еліміздің болашақ ғылыми элитасын қалыптастыруда, оқушыларды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығынсақтай отырып тәрбиелеудегі қалтықсыз ерен еңбегіңіз елімізге мәлім.

№36 қазақ орта мектебінің ұжымы Сізді зейнеткерлік жасқа шығуыңызбен құттықтай отырып, білім беру саласындағы шығармашылық еңбегіңіз және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстарыңыз үшін алғыс айтады.

Оқу тәрбие жолындағы қиында қызықты атқарған қызметіңізге алғыс айта отырып, айналаңызға мейірім, шаңырағыңызға шаттық, деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзағынан болып, еңбегіңіздің рахатын көре біліңіз.

 

 

№ 36 қазақ орта мектебінің директоры: Г. К. Булатова

 

Ө М І Р Б А Я Н

Мен, Құрамысова Нағима 1946 жылы 1 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында дүниеге келдім. 1965 жылы «Хлебодаровка» мектебіндегі орыс мектебіне қазақ тілінен сабақ бердім. 1966 жылы Оралдың А.С. Пушкин атындағы пединститутына түсіп, 1974 жылы тарих-филология факультетінің қазақ тілі және әдебиет мамандығын бітірдім. 1966 жылдан бастап Темірастау орта мектебінде мұғалім болдым. Бастапқы жылдары бастауыш мектепте сабақ бердім. Талай бүлдіршіндерді тәрбиелеп, аудандық, облыстық алғыс хатқа ие болдым.

1988 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Сынып жетекшісі болдым. 1994 жылы 3 үздік оқушым болды. Қалмағанбетова Нұргүл менің шәкіртім, ол талай олимпиада жүлдегері болды. Ақтөбеден республикалық олимпиадаға жолдама алды. «Жезқазған», «Шымкент» қаласында өткен олимпиадаға қатысып І орын иегері болды.

1992-1993-1994 жылдары осындай шәкірттердің арқасында жоғары санатқа ие болдым. Мен Қалмағанбетова Нұргүл, Мұхтарова Ғазиза сияқты шәкірттерімді мақтан тұтамын. 2005 жылы мерекелік белгі Ұлы Жеңіске 60 жыл куәлігіммен марапатталдым.

 

Ө М І Р Б А Я Н

Сарсенбаев Мұқас 1930 жылы 5 қаңтарда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы,Тасөткел ауль советіне карасты Тереңсай колхозында дүниеге келген. 1939 жылы Қарабұтақта оқыды. Ақтөбедегі Педагогикалық училищесін 1956 жылы бітірді. 1949-1950 жылдары Ырғыз Сталин атындағы орта мектепте оқытушы болып істеді.1950-1953 жылдары армия қатарында болды. 1953 жылдың декабрьнде Ырғыз аудандық комсомол комитеті конференциясының сайлауымен комсомол комитетінің ұйымдастыру,нұсқау бөлімінің меңгерушісі болып 1955 жылға дейін жұмыс жасады.

1956 жылы отбасы жағдайымен Киров атындағы колхозға көшуіне байланысты,Қарасай жеті жылдық мектебіне оқытушылыққа ауысты.1955 жылдың август айынан бастап,КПСС мүшесімін 1956 жылы Педучилищені бітірді.1990 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанша Темірастау орта мектебінде оқытушы болып жұмыс жасады.

М.Сарсенбаев 1971,1974 жылдарда Казахстан ЛКСМ аудандық комитет мектеп оқушыларының аудандық VII-спартакиядасының ұйымдасқан түрде өтуіне белсене араласқаны үшін Темірастау орта мектебінің оқытушысы М.Сарсенбаевты осы грамотамен наградтайды. 1985 ж 11 июльде Өскелең ұрпақты оқытуда және коммунистік тәрбие беруде М. Сәрсенбаев ССР оқу-ағарту ісінің министрі К.Сидоров Құрмет грамотасымен марапатталған. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ұлағатты әке, ардақты ұстаз. 2001 жылдың 1 мамырда дүниеден өтті.

 

 

\

 

Ө М І Р Б А Я Н

Отаров-Мұса Тәжіұлы1926 жылы Ырғыз ауданы,Шабаған ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Ақтөбедегі екі жылдық мұғалімдер институтын,1948 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген.Педагогтық еңбек жолын 1946жылы Ырғыз ауданы Қопа сегіз жылдық мектебінде мұғалім болып бастаған.Жабасақ ауылында Молотов атындағы негізгі мектептің,басқа да мектептердің директорлық қызметін 1960 жылға дейін атқарды.1961 жылдан бастап,Темірастау орта мектебінде (қазіргі Б.Алманов) оқу ісінің орынбасары қызметін атқарып,зейнеткерлік демалысқа шыққан. 1991 жылы «Еңбек ардагері»медалімен, 2005 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60жыл»мерекелік медалімен марапатталған.

 

Ө М І Р Б А Я Н

Отаров Мереке Мұсаұлы 1950жылы Ырғыз ауданы,Құрлыс ауылында дүниеге келген.1972 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын физика мамандығы бойынша бітірді.1973жылы Темірастау орта мектебіне жұмысқа орналасып, 1980жылға дейін қызмет атқарды, 1981жылы Қарасай елді мекеніне қарасты орталау мектебінде.1983жылы Темірастау орта мектебінде 1999жылға дейін қызмет жасады.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Мен, Өтебаева Бағдагүл 1953 ж 27.12 Қарабұтақ ауданы Қайрақты ауылында дүниеге келгенмін. 1970 ж Бөгетсай орта мектебін бітіріп, 1970-73 ж мектепте тәрбиеші болып қызмет атқардым. 1973 ж Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы пединституттың тарих және педагогика институтына оқуға түсіп, 1978 ж бітіріп шықтым.

1978-1985 ж аралығында Бөгетсай орта мектебінде мұғалім, завуч болып қызмет атқардым. 1985 жылдан Б. Алманов атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып, 2011 жылы зейнеткерлікке шықтым. 2011 ж Ырғыз ауданының «Жыл адамы» атандым. 1994,2006,2010 ж Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталдым.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Жүсіпов Мейірхан 1926 жылы 16 наурызда Ырғыз ауданында туған. 1944-46 жылдары Н. Байғанин атындағы Ақтөбе оқытушылар институтының қазақ тілі және әдебиет курсын бітіріп, сол жылдың тамызынан 1948 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе педагогикалық училищесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1948 жылы Калинин жетіжылдық мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, ал 1950 жылы Қарасай жетіжылдық мектебінің директоры болып тағайындалды. Сол кезде М. Жүсіповтің өмірінің аяғына дейінгі ұзақ жылдарға созылған директорлық қызметі басталды. 1953-56 жылдары Шеңбертал жетіжылдық, 1956-65 жылдары Қызылпартизан жетіжылдық , 1965-70 жылдар арасында Коминтерн сегізжылдық, 1970-75 жылдар Темірастау орта, 1975-80 жылдары Қалыбай сегізжылдық, 1980 жылдың қыркүйегінен Қызылпартизан сегізжылдық мектептерінің директоры болды.

1955 жылдан бастап әр жылдары Ақши, Арал, Коминтерн, Калинин селолық советтерінің депутаттары болып 8 рет сайланды. Партиялық оқу жүйесінің насихатшылары даярлайтын «Марксизм ленинизм университетін бітірді». Педагогикалық және насихатшылық еңбектері республика Білім министрлігінің, облыс, аудан партия ұйымдарының диплом, грамоталарымен аталып өтілді. 1965 жылы «Қазақ ССр халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болды.

Мейірхан Жүсіпов 1981 жылы 2 қазанда ауыр науқастан қайтыс болды.

 

Ө М І Р Б А Я Н

Мен, Кенжеғалиева Жаңыл 1941 жылы желтоқсан айының 7-ші жұлдызында Индир ауданы, Атырау облысында дүниеге келдім. 1950-60 жылдары өндірісте жұмыс істедім. 1960-61 жылдары Педагогикалық училищесін бітіріп, Махат ауданында 1960-61 жылдары бастауыш сыныптарға сабақ бердім. 1963 жылы А. С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтының математика факультетін бітірдім. 1967 жылдан бастап Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, «Калинин» совхозында Темірастау орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеп, еңбек жолын бастадым. 1978, 1983 жылдары Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталдым. Қазір зейнеткер жастамын. 8 баланың анасымын, 23 немерем бар.

 

 

Ө М І Р Б Я Н

Мен, Ешімов Карл Дүйсенбіұлы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Шабаған колхозының жайлауы «Бұлақтысорда» 1935 жылы (құжат бойынша 1936 ж) 15-ші қыркүйекте дүниеге келіппін. 1943 жылы Ауыл мектебінің 1 класына қабылдандым. Ауыл мұғалімі Төкешов Мейірхан ағайдан дәріс алдым.1949 жылы 7 класты бітіріп, Ырғыздың Сталин атындағы қазақ орта мектебіне қабылдандым. 1953 жылы орта мектепті бітіріп, туысқан ағайым Ермекбаев Байзақтың жәрдемімен Шымкент қаласының мұғалімдер институтының 1-ші курсына қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне қабылдандым. 1955 жылы институтты бітіріп, жолдама бойынша Қызылорда облысының Арал қаласындағы №2 орта мектепке мұғалім болып тағайындалдым. 1956 жылы Шымкенттің педагогикалық университеттің филология факультетінің орыс тілі және орыс әдебиеті пәні бойынша курсына қабылдандым. 1961 жылы институтты бітіргеннен кейін Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының Қызылту 8 жылдық мектебіне мұғалім болып тағайындалдым. 1963 жылы туған ауылыма оралып Ырғыз ауданы Б.Алманов атындағы орта мектебіне орыс тілі және әдебиет пәні бойынша мұғалім болып тағайындалдым. Осы мектепте табан аудармастан шәкірттерге дәріс беріп, 1997 жылы құрметті демалыс зейнеткерлікке шықтым. Мектепте жұмыс істеген жылдары Білім беру бөлімінен алған алғыс хаттар, мақтау грамоталарым болды.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

 

Дабылова Бағдагүл 1935 жылы Қарабұтақ ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң 1952 жылы Ақтөбеде алғашқы құрылған Ы.Алтынсарин атындағы қыздар педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны үздік аяқтады. Алғашқы еңбек жолын 1954 жылы Ырғыз поселкесіндегі мектеп мұғалімі болудан бастады.

1955 жылы Бимаханов Қырымкерейге тұрмысқа шығып, отбасын құрды. Алты бала дүниеге әкелді.

1956-1966 жылдары Темірастау орта мектебінде мұғалім.

1966-1970 жылдары отбасының жұмыс бабымен Комсомол ауданының Северный және Псков кеңшарларының білім ошақтарында дәріс берді.

1970 жылдан өмірінің соңына дейін Темірастау орта мектебінде әртүрлі пәндерден сабақ берді. Жұмысында өз ісін жетік меңгерген, білімді және ізденгіш маман ретінде көзге түсті. Қарапайымдылық және адамгершіліктің туын жоғары көтере білді. Бірнеше мәрте аудандық және облыстық атқарушы органдардың мақтау қағаздары мен алғыс хаттарына ие болды.

1974 жылдың 22 сәуірі күні айықпас дерттің кеселінен дүниеден озды.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Сатеров Аманбай 1935 жылы Жаңақұрлыс колхозында дүниеге келген. Әкесі Сәтер, шешесі Балыш сол кісілердің тәрбиесінде болған. 1942 жылы Жаңақұрлыс 7 кластық мектебінде оқып, әрі қарай Ырғызда Сталин атындағы мектебінде 10-шы класты бітірді. Қызылорда ауыл шаруашылық училищесін бітірген. Содан кейін Отан алдындағы борышын өткеріп келгеннен кейін, Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1971 жылдан бастап Темірастау орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Мектепте жұмыс жасай жүріп, қоғамдық жұмыстарға қатыса жүріп, саяси идеялық білім көтеру методикалық жұмыстарға қатысты. Құрметті атақтары, наградалары бар. Семьяда жұбайы Күнзада екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Өмірінің соңғы жылына дейін Б. Алманов атындағы орта мектебінде мұғалім болды.

 

 

Ө М І Р Б А Я Н

Раманқұл Боранқұлұлы 1929 жылы

Шабаған колхозында дүниеге келген.
Н.В.Гоголь атындағы пединститутты 1953

жылы бітіріп, зейнеткерлікке шыққанға

дейін Б.Алманов атындағы орта мектепте

қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
Сатирик ақын. “Көгілдір жұмыртқа”, “Мен

айтты деме”,“Ағай айтса болды”

кітаптарының авторы.

 

Балалық шағы соғыс жылдарына қиын тура келіп, әкеден жастай қалып қиындықпен ер жетті. Қайсар да қажырлы жан өз бетінше еңбек етіп, Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы пединститутта білім алды. 1953 жылы институт бітіріп Өзбек Республикасына Бұқарда екі жыл қызмет жасап, елге оралды. Шеңбертал жеті жылдық мектебіне оқытушы болды. .Ол мектепте екі жыл істегеннен кейін 1957 жылдан Бәймен Алманов атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі етіп тұрақты тағайындады.Сол мектептен 1989 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін бір орнында ұзақ жыл еңбек етті.Еңбек ете жүріп қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Өмірден көрген-түйгендерін қағазға түсірді.

2001 жылы «Көгілдір жұмыртқа», 2002 жылы «Мен айтты деме», 2003 жылы «Шоқ, шоқ»,2007 жылы «Сатираға саяхат», 2010 жылы «Аңай айтса болды» деп аталатын жинақтар шығарды.

 

 



 

ӨМІРБАЯН


 

 

Мен, Байымбетов Рахмет 1950 жылы 2 желтоқсанда Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы «Псков» совхозында дүниеге келдім. 1957 жылы

Темірастау орта мектебінің 1 класына қабылданып, 1967 жылы орта

мектепті бітірдім. Ақтөбе қаласындағы көркем сурет училищесін бітірдім.

1969 жылы Темірастау жерінде почтальон болып қызмет атқардым. 1970

жылы Коминтерн орта мектебінде сурет пәнінің мұғалімі болып жұмыс

жасадым. 1972 жылдан бастап Темірастау орта мектебіне мұғалім болып

қабылдандым. 1990 жылға дейін Темірастау орта мектебінде қызмет

атқардым.

 

 



Просмотров 1786

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!