Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы:Қалдық материалдардан. Көңілді адамдар (сымтемірден

құастыру)

Мақсаты: Балаларды жез сымтемірдің сапасымен таныстыру. Сымтемірлердің, жіңішке, иілгіш келетінін олардың қайшымен қиюға болатынын түсіндіру. сымтемірді таяқшаға орап, спиральдар дайындау. Спиральдан адамның дене бөліктерін құрастыра білуге үйрету, қол шеберліктерін, қиялын дамыту. Көркем безендіру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: жылтыр жұмсақ сымтемірлер жинақтау.

Сөздік жұмыс: сымтемір, спираль, иілгіш, жез.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
    Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші оқу іс-әрекетін Ә.Табылдиевтің «Сенім» өлеңін оқып береді: Еңбек етсем, ертеңгі Бақытыма сенемін! Мақсатыма жеткізер Уақытыма сенемін! Арым – таза, ақ көңіл Адалдыққа сенемін! Абыройлы, ақ ниет Адамдыққа сенемін!   Тәрбиешемін өлең жолдарын қайталап іс-қимылдар жасау.
  Іздену- ұйымдастырушы 1.Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде өздерің қолданып көрмеген заттармен жұмыс жасаймыз. Тәрбиеші сымтемірлерді көрсетіп, сапасымен, ерекшелігімен таныстырып өтеді. Ол сымтемірлерді орауға, бүктеуге, қайшымен қиюға болатынын айтады. Келесі кезекте сурет бойынша сымтемірлерден жасалған ойын түрлерін көрсетеді. Үлгі ойыншықтар көрсетіп, талдап олардың денелері спираль сымтемірден, ал бастары қағаз картоннан жасалғанын түсіндіреді. 2.Жаңа тақырып. Балаларға сымтемірден көңілді адам жасайтындарын айытып, әдісін түсіндіреді: қолдарына қарындаш алып, сымтемірді қарындашқа айналдырып ораймыз. Қарындашты сол қолға ұстап, сымтемірдің бір ұшын сұқ саусақпен басып ұстап, оң қолмен сымтемірді қарындашқа орау қажеттігін көрсетіп түсіндіреді. Оралаудың тегіс, біркелкі болуын қадағалау, оралған сымтемірді сәл қысып, спиральды дұрыстап алған соң қарындаштан сыпырып, шығарып алады. Бұл спиральдан алдымен қуыршақтың қолы мен аяғын ұзындау, ал денесін қысқа етіп қайшымен қиып алады. Қайшымен ұқыпты жұмыс істеу ескертіледі. 3.Қиылған дене бөліктерін бір-біріне біріктіруді, аяқ-қолдарын жоғары көтеріп немесе төмен түсіріп тұрғанын балалар қалауы бойынша бейнелейді. Кейбір балаларға сымтемірді бұрау, біріктіріп бекітуде көмек көрсетіледі. Іс-әрекеттің шығармашылық сипат алуына бағыт беріледі. 4.Көңілді адамдарды безендіру. Олардың басын екі дөңгелек картонды бір-біріне желімдеу, арқылы жасайды, бет әлпетінің суретін фломастермен салып, сымтемірдің дене бөлігіндегі жоғарғы ұшына бекітеді. (Балалар жұмыс уақыты) 5.Сергіту сәті   Балалар қызыға тыңдап, тамашалайды.     Балалар тәрбиешімен бірге алдарындағы сымтемірмен жұмыс жасауға кіріседі.     Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
  Рефлексивті коррекциялаушы 6.Жасалған жұмыстарын талдау. Әдемі көңілді адамдар туралы ауызша әңгіме құрастырту. Қортындылау. Өз жұмыстарын және достарының жұмыстарын талдайды, қысқаша әңгіме құрастырады.

 

Күтілетін нәтиже: Сымтемір туралы түсінктерін қалыптастыру.

Не білуі керек: Сымтемірдің илетінін, жұмсақ, қайшымен қиюға болатынын

Нені игереді: Қарандашқа сымтемірді бірқалыпты орауды.

Не үйренді: сымтемірден спираль арқылы адам жасауды.

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Технологиялық картасы

Күні:24.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы:Құрылыс матераилы, «Лего» құрастырғыш.

«Өз ойынан құрастыру»

Мақсаты: Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, олардың

шығармашылықпен құрастыру ынтасын арттыру. Ойдан

шығаруды, қиялын, ойлап табудағы шығармашылық қабілетін

дамыту.Өз жұмысын тиянықты орындауда шыдамдылыққа

тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: түскі уақытта балалармен «лего» ойынмен құрастыру

жұмыстарын жүргізу.

Сөздік жұмыс: блоктар, түстер.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
  Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші балаларды ортаға шақырып жылық шеңберімен бір-біріне тілектер айтқызады. Балалар өздерінің жеке тілектерін білдіреді.
  Іздену- ұйымдастырушы Тәрбиеші балаларға «Лего» құрастырушы ойыны арқылы құрастырған ойыншықтар туралы суреттер көрсетеді. Балалардан олардың қалай құрастылғаны, қолданылған түстері туралы сұрақтар қояды. Дидактикалық ойын: «Ойлан тап» Балаларға суреттер таратылады, олар алған суреттеріндегі ойыншықтарға қарап, олардың атын және ерекшелігін атайды. Келесі кезекте тәрбиеші балаларға алдарындағы «Лего» құрастырушы ойынан өз ойларынан өздеріне ұнайтын затты құрастыруға тапсырма береді. Сергіту сәті Доп, доп добым домалақ, Қайда кеттің домалап? Секең-секең етесің, Суға түсіп кетесің. (балалардың жұмыс уақыты) Балалардың құрастырған ойыншықтарын өздеріне таладау жасату. -Балалар суреттерді тамашалайды.     Ойында қызығушылықпен қатысады.   Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.   Балалар өздеріне ұнаған бейнені құрастырады.
  Рефлексивті коррекциялаушы -Балалардан өздерінің не құрастырғанын, онда қанадай түстері болғанын сұрау. Олардың жұмыстарын марапаттау.  

 

Күтілетін нәтиже: «Лего» құрастырушы құралын еркін игеру

Не білуі керек: бір-бірімен біріктіріп әр түрлі бейнелер құрастыра білу

Нені игереді: өз ойларынан құрастыруды игеру.

Не үйренді: өз жұмыстарын баға беріп, ойларынша еркін тақырыпта құрастырып.

 

Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:01.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: 1 саны мен цифры.

Мақсаты: 1 саны мен цифрымен таныстыру; 1-дің пайда болу негізін ұғындыру. Сан ұғымына заттарды салыстыра отырып келу; ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар: «Күз сыйы» сюжетті сурет; алма, алмұрт, 1 цифры, жинақ полотносы.

Үлестірме құралдар:әр балаға екі жолақты карточка, алма, алмұрт.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық-қозғаушы Тәрбиеші балаларға жылы лебіздер айта отырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Күз падишасы хат жолдап, суреттер жібергенін айтады. Хатта: көкөністер мен жемістер араласып кеткенін, оларды балалардың екі себетке бөліп жинап беруін өтінеді. Балалар бір-біріне жылы лебіздер айтады.     Балалар қызығушылық танытады.
    Ұйымдастыру-іздестіру Жинап болған соң тәрбиеші балалардың зейінін себеттерге аударып, сұрақ-жауап арқылы көп – аз ұғымына тоқталады. «Күз сыйы» сюжетті сурет көрсетіліп, 1 санының пайда болу жолдарымен; цифрымен таныстырады. Үлестірме құралдармен жұмыс: балалар екі жолақты карточкаға тәрбиешінің тапсырмасы бойынша оң қолмен солдан оңға қарай алма, алмұрт орналастырады, сұраққа жауап береді.     Сергіту Отырыңдар, тұрыңдар, Маған мойын бұрыңдар Бұрылайық оңға бір, Бұрылайық солға бір Иіліп алдыға Енді түзу тұрайық Қолымызды созайық Шапалақтап ұрайық.   Дәптермен жұмыс Балаларда 1 цифрын баспа түрінде қарындашпен жазуын қалыптастырады. Қайсы себетте көп, қайсы себетте аз екенін көрсетіп айтады.   Суретте не бейнеленгенін айтады.     Үлестірме құралдармен тәрбиешінің нұсқауы бойынша жұмыс жасайды.     Балалар өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.     Балалар қарындашпен өз беттерінше жазуға тырысады.
Рефлексивті-түзетушілік «Көп-аз» ойыны арқылы 1 саны мен цифры туралы білімдерін бекітеді. -1 саны неге ұқсайды?   Мені келсе білгің Мен таяқша бірмін. Ата-әжеме жол бастап, Оң қолында жүрмін.     1 саны туралы өлең жолдарын қайталайды.

 

 

Күтілетін нәтиже

 

Нені білу керек:

- 1 саны мен цифрын, қатардағы орнын.

Нені игереді:

- Дәптермен жұмыс барысында қарындашты, қолды дұрыс ұстау ережесін.

Нені біледі:

- Заттарды ортақ белгісіне сай топтастыруды.

 

 



Просмотров 2671

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!