Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Күні:09.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келді»

Мақсаты:Нан – өмірдің негізі екені туралы түсініктерін кеңейту; нанның жасалу жолымен және диқаншылардың күзгі еңбегімен таныстыру.

Танымдық құзырлылығын қалыптастыру. Балаларды адам еңбегін құрметтеуге, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:диірмен,комбайн, диқаншы, қырман.

Қажетті құралдар:Компьютер, «Нан дастарқанға қалай келеді» тақырыбы бойынша жасалған слайд.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Тәрбиеші оқу іс-әрекетін «Дәмін тат» ойынымен бастайды. Тәрбиеші ұннан жасалған тағамдарды балаларға дәмін татқызып, заттың атын айтқызады. Содан соң бәрін үстел үстіне қойып, олардың ұннан жасалған тағамдар екенін айтады.   Балалар ұннан жасалған тағамдардың дәмін татып көріп, атын айтып береді.
Ұйымдастыру-іздестіру Нанды көрсетіп «Ас атасы нан, Нан атасы дән» мақалын айтып, «Нан дастарқанға қалай келді» тақырыбы бойынша компьютермен слайд тамашалатып, нанның дастарқанға келу жолын түсіндіреді. Сергіту сәті Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактор мен комбайн Жүргізуге мен дайын. Ойын «Тез жауап бер» Тәрбиешінің сұрағына балалар тез жауап беруі керек. -Нанды қайдан аламыз?   -Наубайханада не пісіреді?   -Диірменде не тартады? -Қырманнан не жинаймыз?   -Бидайды немен орады?     Компьютер арқылы нанның дастарқанға келу жолын тмашалайды.   Өлең жолдарына сай қимыл-қозғалыс жасайды.   Балалар сұрақтарға тез жауап беруге тырысады   -Нанды дүкеннен аламыз. -Найбайханада нан пісіреді. -Диірменде ұн тартады. -Қырманға бидай жинаймыз. -Бидайды комбайнмен орады.
Рефлексивті-түзетушілік Қорытындылау. Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін қуыршақ театры арқылы тамашалату.     Балалар қуыршақ театрын тамашалайды.

 

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

- Нанның жасалу жолын

Нені игереді:

- Диқаншының еңбек әрекеттері мен құрал-саймандары туралы түсінікті

Нені біледі:

- Ауылшаруашылығы халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететінін

 

 

 

 

Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:23.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік»

Мақсаты:балалардың балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру; қауіпті жағдайда өзін-өзі ұстау шараларын білуге үйрету; құтқару қызметі телефондарын қолдана білуге үйрету. Баланың зейінділігін, ептілігін дамыту. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана

білуге үйрету,үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Сөздік жұмыс:электр құралдары,химиялық заттар

Қажетті құралдар:Қауіпсіздік тақырыбында суреттер, ойыншық телефондар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Тәрбиеші оқу іс-әрекетіне «Қауіпсіздік мектебінің» оқушысы Тазша бала (қуыршақ) қонаққа келгенін айтады. Тазша бала балалармен амандасып, өзін таныстырады.   Балалар қуыршаққа қызыға қарап, оынмен амандасып, танысады.
Ұйымдастыру-іздестіру Тазша бала ұстазы Алдар көсе қауіпсіздік туралы көп нәрсе үйреткенін айтады. Балалардан қауіпсіздік туралы не білетіндерін сұрайды? -Бір қарағанда өзің күнде кіріп-шығып жүрген балабақшада және үйде еш қауіп-қатер жоқ сияқты. Бірақ та , мүлдем олай емес.Мен сендерге суреттер көрсете отырып, балабақшадағы және үйдегі қауіпті жерлерді айтып беремін. Ал сендер арасында менің сұрағыма жауап беріп көмектесіп отырыңдар. 1. Балабақшада және үйде қалай ойнау керек? Доппен ойнауға бола ма? 2.Балабақшада және үйде сіріңкемен ойнауға бола ма? 3. Газ плитасын ересектердің көмегінсіз қосуға бола ма? 4.Электр құралдарын пайдаланғанда қандай сақтық ережесін сақтаймыз? 5.Жуынатын бөлмеде өзіңе таныс емес заттарды ұстауға бола ма? 6.Химиялық заттар қандай зиян келтіреді? 7. «Жеті лақ» ертегісіндегі лақтардың орнында болсаң не істер едің?     Балалар өз ойларын айтады.     Балалар тәрбиешінің көмегімен және суреттерге қарай отырып, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Рефлексивті-түзетушілік Қорытындылау. Көмек керек болған жағдайда: -өрт болса, 01-ге -милиция қажет болса, 02-ге -дәрігер қажет болса,03-ке хабарласу керек.Қажетті нөмірге қоңырау шалғаннан кейін өзіңнің аты-жөніңді, мекенжайыңды және не үшін телефон шалғаныңды айтып беруің керек. Ойыншық телефондарды пайдалана отырып, алған білімдерін бекітеді.   Балалар кезекпен телефон шалып, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді немесе милицияны шақырады. Ал Тазша бала шақыруларды қабылдап отырады.

 

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

- Балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік

Нені игереді:

- Құтқару қызметі телефондарына хабарласуды

Нені біледі:

- Қауіпсіздік ережелерін

 

 

 



Просмотров 4045

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!